IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Құрметті талапкер-2023, егер сіз ҰБТ-да таңдау пәніне информатиканы тапсыратын болсаңыз, “ҰБТ-ға өзіміз қалай дайындаламыз?” тақырыбындағы вебинарды өткізіп алмаңыз.

Вебинар кезінде:
🔸ҰБТ форматымен толық танысасыз;
🔸Өздігінен дайындық жоспарына ие боласыз;
🔸Дайындық материалдарына қол жеткізесіз;
🔸ҰБТ бойынша мазалап жүрген сұрақтарыңыздың жауабын аласыз.

Уақыты:
🗓️ 2-Қараша (Сәрсенбі)
🕑 14:00 (Астана уақыты)

Өтетін орны:
🎤 t.me/cs_ent телеграм каналы (видеочат)

Вебинар жайлы достарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар 🗣️
👍10
Forwarded from Codeforces KZ
Сонымен “Қазан айының 31-күндік контестін” қорытындылап, жоғарыдай нәтижені берді!
👍7🔥2
Forwarded from Codeforces KZ
Осы айдың жеңімпазы - Құдайберді Зайниев
(9-сынып) 30-күнге толықтай қатысып, жалпы есептер саны 52 болды!

Ұтысыңызды қабыл алыңыз!
Көп ұзамай өзіңізге де жетеді!

PS. Тек көп есеп шығарудан бөлек күнделікті тұрақты түрде есеп шығаруы маңызды!
👍13🔥2🥰1
Codeforces KZ
Осы айдың жеңімпазы - Құдайберді Зайниев (9-сынып) 30-күнге толықтай қатысып, жалпы есептер саны 52 болды! Ұтысыңызды қабыл алыңыз! Көп ұзамай өзіңізге де жетеді! PS. Тек көп есеп шығарудан бөлек күнделікті тұрақты түрде есеп шығаруы маңызды!
Өткен айда көптеп контесттерге қатысып, тұрақты түрде есеп шығаруға дағдылану үшін арнайы екі түрлі конкурс жариялағанбыз!

Біріншісі ең көп контестке қатысып есеп шығару болса, екіншісі шығарған есепті талдау жасап ютубқа салу болатын. Өкінішке орай екіншісі бойынша ешкім ютубқа видео салмады. Сол үшін тек бірінші конкурс бойынша жеңімпазды анықтадық.

Контесттер нәтижесі -> сілтеме

Жеңімпазымыз Жетісайда 9-сынып оқитын оқушы - Құдайберді.
Бас жүлде - "Самғар күнделігі" кітабы.

Құдайберді 31 күннің 30-ына қатысып 52 есеп шығарыпты. Әрине одан бөлек кодфорсестің ресми контесттерінде есептер шығарып жүр.

Осы Қараша айына жарыс бүгін басталып кетті. Толығырақ @codeforces_kz арнасынан көре аласыздар.

P.S Осы жобада демеуші болам десеңіздер чатқа немесе жекеге шықсаңыздар болады🙂


@it_bilimkz
@uzdik_bilim
👍8🔥2😁1🏆1
Барлықтарыңызға сәлем👋
NU ACM студенттік клубы ТАМАША хабармен оралып отыр!

Сіздерге NU OPEN бұрынғыдан да қызығырақ және үлкен мүмкіндіктерге толы іс-шара ретінде қайта оралуын хабарлауға қуаныштымыз. NU ACM SC барлықтарыңызды қатысуға және өзіңізді сынап көруге шақырады!

NU OPEN – бұл программалау дағдыларын жетілдіру мен сынап көруге арналған Республикалық Программалау Сайысы. Сіз жеке немесе 3 адамнан тұратын команда жинап қатыса аласыз 🤩

Неліктен қатысу керек 🤔?
🤯 Бұл программалау дағдыларын қолдану, көрсету және жетілдірудің таптырмас мүмкіндігі;
🤯 Өнімді жұмыс атмосферасы мен басқа да талапты қатысушылармен байланысу мүмкіндігі;
🤯 Байқау Zapis және Umag сияқты демеушілердің қолдауымен өткізіліп жатыр;
🤯 Керемет сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігі!*

Дайынсыз ба?
Ендеше open.nuacm.kz сайтында тіркеліңіз!

💥 Өтетін күні: 12 қараша
💥 Тіркелудің соңғы күні: 7 қараша
💥 Өтетін орны: Назарбаев Университеті
*Жүлдені ұтып алу мүмкіндігі тек офлайн және бакалаврда оқитын қатысушыларда ғана бар
👍9
Forwarded from TECHOZIMIZ
💻Junior-бағдарламалаушыға 5️⃣ кеңес

1️⃣Миды жаттықтыру
Алғашқы жылдары ақпарат шамадан тыс жүктеледі және ол аязады деп ойламаңыз. Тек тәжірибе мен жұмысқа үйреніскеннен кейін оны басқару оңайырақ болмақ. Сондықтан бастапқы кезеңде жаңа жұмыспен қатар келетін басқа өмірлік өзгерістер де аздап ауыр тиюі мүмкін — жаңа орта, жаңа әріптестер, жұмыс процестері, тіпті жаңа кофе машина. Бұлардың сіздің эмоционалды күйіңізге қатты әсер етпеуін қадағалаңыз. Тіпті, алдын ала өзіңізді дайындаңыз.

Төменде мына кеңестерді басшылыққа ала жүріңіз:

▪️Уорд файл ашып, онда қажетті ақпаратты сақтаңыз.
▪️Senior-бағдарламалаушыдан немесе тәлімгерден қай жерге, қай ақпаратқа назар аударған абзал деп сұраңыз. Мұнымен сіз ақпараттың көп болғанын аңғартасыз, көмек керегін көрсетесіз. Тәжірибелі бағдарламалаушы сіздің жағдайды түсініп, әдетте бағыт-бағдар беруге тырысады.

2️⃣Командамен қарым-қатынас орнату
Ең асылы - адамдармен жақсы қарым-қатынас орнату. Junior бағдарламалаушы үшін коммуникациялық дағдылар техникалық дағдылардан кем емес. Айталық, бір нәрсені білмесеңіз немесе түсінбесеңіз ол шешімге жетуде кедергі келтіреді. Мұндай жайтты жасырудың қажеті жоқ. Қалай болғанда да тәжірибелі мамандардан ұялмай, қысылмай көмек сұраған жөн.

3️⃣Ынта таныту
Junior маман жұмыс тәжірибем өте аз, сондықтан барынша білім алып, даму керек деп ойлайды. Бұл дұрыс ой. Дегенмен жұмысты орындау кезінде өнімді боламын деп өзіңізге тым қысым жасамасаңыз. Бастысы, ынта танытыңыз.

Ынтаны келесі мысалдармен сипаттауға болады:
▪️жайлы жағдайдан (зона комфорта) шығуға дайын болу;
▪️жаңа тілдер мен технологияларды үйренуге құлшыныс көрсету;
▪️әрдайым көмек қолын созуға дайын болу.

4️⃣Дұрыс сұрақтар қою
Сұрақ қоя білу шеберлік. Жақсы сұрақ қоя білу junior маманға өте маңызды. Кей сұрақтар ақымақтау болып көрінсе де, оны қоюдан қысылмаңыз.

5️⃣Тәлімгер табу
Бағыңызға орай сізге жаңа жұмыста тәлімгер бекітуі мүмкін. Тәлімгер, әдетте сіздің жолды жүріп өткен, компанияға қатысты көптеген ақпаратты біледі. Ол жұмысқа бейімделуге, жұмысты сәтті әрі ыңғайлы бастауға көмектеседі. Сондықтан, жаңа жұмыс орнында тәлімгер табуға кеңес береміз. Қандай да сұрақтар мазаласа жаныңызда тәлімгердің болғаны абзал.

Егер тағайындалған тәлімгер болмаса, ешнәрсе етпейді. Оны тәжірибелі бағдарламалаушылардың арасынан іздеңіз. Өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, олармен тығыз жұмыс жасау арқылы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.

#career
👍17🤩1
Forwarded from KazTech
Python тілінде болатын 5 ең жиі қателер және оларды шешу жолы 🔥

Сіздерге топ-5 Python тіліндегі жиі қателерді және оларды шешу жолдарын ұсынамыз.

Әр қатенің неліктен пайда болуы мүмкін екені де туралы жазып кеттік.

#python / #exceptions / #қателер / #новичектарға
———
@kz_tech
@kztech_chat
❤9❤‍🔥1⚡1👍1🤯1🕊1🐳1👨‍💻1
IT Bilim Webinar - Parallel & Distributed computing 🪄

Гуглда аға-инженер бағдарламашы боп қызмет атқаратын Жасан ағамыз Параллель және үлестіріп есептеу тақырыбында вебинар жүргізеді. Үлкен процесстерді қалай бөлшектеп басқару жайында әңгіме болады. Бұл тақырыптың өзектілігі соншалық барлық бағдарламаның тез/баяу жұмыс істеуі осы заттарға тікелей байланысты.

Вебинарда төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Параллель есептеу
- Компьютермен параллель есептеу
- Үрдістер және Тредтер (а.к.а Processes and Threads)
- Қосалқы тредтер
- Ядро деген не?
- Жалғыз ядро (жасыл тред) vs Көп ядро (ОС)
- Сервер, Нода, Процесс, Тред
- Шардалар (Shards)

🕰 Уақыты: 19-Қараша 21:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.me/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар IT Bilim телеграм арнасында (видео чат) болады.

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
🔥14👍7❤‍🔥1
Forwarded from Alina's place
❤‍🔥4👍1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Барлықтарыңызға сәлем!

Бүгін Қарағанды Мемлекеттік университеті - өз студенттеріне, өзінің әріптестеріне арнайы “Python көмегімен деректерді талдау” курсты ұйымдастырып жатыр.

Кереметі сол, курс соңында КарГУ өз қатысушыларына арнайы курсты аяқтады деген өз сертификатын береді.

Жалпы курс 2-бөліктен (Python негіздері мен Деректер талдау бөлімдерден) тұрады.

Бұл курс аптасына 3-рет теориялық сабақ (әр дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері), және аптасына 3-рет практикалық сабақтардан тұрады.

Ал мен ол курста лекторлық қызметін атқарып, сабақ беремін.

Сіздерге де мүмкін болсын деп, көпшілікпен сол курсты басынан-аяқ бөлісіп отаратын боламын.

1-сабаққа сілтеме: https://youtu.be/zrkKXrbUrZ0

PS. Рахметті - Қарағанды Мемлекеттік университетіне, және де Райхан Мұратхан мырзаға айтып қойсаңыздар болады)))
🔥11👍8