IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
2022 жылдың қорытындысы
(Телеграм статистикасы)

Алдағы жылға қандай мақсат қойып жатырсыздар?)

- Сабақты жақсы оқимын 😅
- Питон тілін үйренемін 🐍
- Сайт жасауды үйренемін 🕸
- Стажировка өтемін 📇
- 30 кітапты оқумен қоса тоқимын 👨‍🏫
- 10 шет елге саяхат ✈️
- Литкодта 1000 есеп шығарамын 📙
- Гугл, Фейсбук, Амазонға жұмысқа тұрамын 👨🏻‍💻

Тағы қандай көп кездесетін варианттар бар? 😄

Алдағы жылымыз берекелі болсын!
🔥26👍8❤3💯2❤‍🔥1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз 💡

Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз 📝

⏺Жұртқа ермеңіз. Жүрек қалауыңызға қарай алға жылжыған дұрыс

❌Бәрі IT-ге кетіп жатыр. Соған қарағанда ақша көп шығар. Мен де айтишник болайын.
✅Маған уеб-дизайн ұнайды. Биыл мен UI, UIX курстарына қатысам.

⏺Нақтылық, нақтылық, нақтылық

❌Жақсы жұмыс істеймін.
✅Айлығымды екі есе көбейтетіндей жұмыс істеймін.

⏺Қиындатпаңыз

❌Джуниордан үлкен басшыға дейін өсемін.
✅Келесі деңгейге өтіп, мидл боламын.

⏺Бір үлкен мақсатты бірнеше ұсақ бөлікке бөліңіз

❌Meta-ға жұмысқа тұрамын
✅CV дайындаймын
✅Портфолиомды жаңа жобалармен толықтырамын
✅Жаңа машық үйреніп, курстар оқимын.

⏺Б жоспары міндетті түрде болуы керек

❌Өз компанияңыздың ішінде ғана өсуді ойламаңыз
✅Одан бөлек, 2-3 альтернатив жоспар болсын

⏺Демалыс пен үзіліс жайлы ұмытып кетпеңіз

❌24/7 жұмыс істеймін
✅Уақытылы еңбек демалысына шығамын

⏺Мықты қабілетіңізді жасырып қоймай, жарыққа шығарыңыз

❌Қолымнан түк келмейді
✅Мына машықты тағы қай жерде қолдансам болады?

⏺Нәтижені ойлай бермей, процеске де көңіл бөліп қойыңыз

✅Бағдарламалаушы болу үшін тиісті саланы үйрену
✅Өзіңізге ұнайтындықтан, дамығыңыз келгендіктен бағдарламалауды үйрену

#tech_career
#saveit
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24🔥2⚡1
Forwarded from Codeforces KZ
Аудандық олимпиадаға дайындықтарыңыз қалай?!

Сіздерге олимпиадалық атмосфераны сезіндіру мақсатында IOI форматында 1-аптаға күн сайын контест әзірлеп қойдық.

“Виртуальное участие” басу арқылы 3-сағатқа 5 есеп (орысша) беріледі.

Ескерту!
Виртуальное участие басар алдында өзіңіздің 3-сағат уақытты арнайы бөліп алыңыздар! Яғни бір кіріп, бір шығып уақыттарыңызды өткізіп алмаңыздар!

Дайындық контесттер:
Day 1 - https://codeforces.com/contestInvitation/27d11a1ab4ec1890345fa7f62f4655d2cc5e0ae5
Day 2 - https://codeforces.com/contestInvitation/68c3a94510fa3526242bf09278545f909efdf500
Day 3 -

PS. Шамамен аудандық кезеңнен өту үшін кемі 2-есепті өз күштерімен толық шығаруға талпыныңыздар!

PSS.
https://t.me/codeforces_kz группада күнделікті контест қосылып отырады, әзірше қол жетімді 2-еу тұр.
🔥5🏆1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

🫣Мақтаншақ көрініп қалмас үшін кей адамдар бұға береді. Өзіне сенімсіз, дірдектеп тұратын адамның керемет карьера жасауы қиын. Мұндайда не істемек керек?

💫Жұмыста құныңызды қалай көрсеткен жөн? Сізге мұның төрт жолын ұсынамыз. Мархабат!

1️⃣Басшыңызбен one-to-one сессия жасаңыз

Бір жақсысы мұндай жүздесу кезінде алдағы уақытқа жоспар құрып, нәтижелерді бөлісуге болады. Жеке кездесуде басшыңыз фидбэкті жақсырақ береді. Әрі сіздің құлшынысыңызды байқайды. Ортақ жиналыстан басты айырмасы сол.

2️⃣Жобалар туралы айтып отыру керек

Жұмыс чатына жақсы жаңалық не нәтижені қуана бөлісіңіз. Не нәрсені жақсы жасайтыныңызды білген соң, алдағы уақытта сізге сол бағытта жұмыс беретін болады. Өзіңіздің ғана емес, команданың да жетістіктерін айтыңыз. Ол командалық рухқа жағымды әсер етеді.

3️⃣Иығыңызға арта алатын жауапкершілікті алудан қорықпаңыз

Алпауыт жобаның аспаннан топ етіп түсе қалуы неғайбыл. Сондықтан біртіндеп өзіңізді түрлі бағытта сынап көре беріңіз. Белгілі бір тапсырмаларды қосылып, айтарыңыз болса — айтыңыз. Команда ішінде бір кемшілік байқасаңыз, реттеуді қолға алып көріңіз.

4️⃣Білгеніңізді бөлісуге асығыңыз

Жаңа курс оқыдыңыз ба — басқаларға үйретіңіз. Болмаса, сол туралы пікіріңізді ортақ чатқа жазып, сілтеңіз. Жиналыста сөйлесеңіз болады. Солай ету арқылы спикер болуға машықтанасыз.

#tech_career
#career
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Сіздермен мына тамаша жаңалықпен бөліскім келуде!

Мен үшін осы жылдың - ең ТОП жаңалық!

Енді Үздік Білім жай ғана ютуб/телеграм арна ғана болмай, ресми халықаралық деңгейдегі IT курстарды өткізе алатын, және халықаралық сертификаттарды ұсына алатын білім орталығына айналуда. ☺️

Мәселен сондай халықаралық ұйымдардың бірі - Python Institute мен Cisco Academy курстары мен сертификаттары)))

Бір сөзбен айтқанда енді мен әлем таныған курстарды өткізіп, кейін сертификат алу үшін ресми емтихандарды да жүргізе аламын.

https://openedg.org
👍43🔥7❤‍🔥2🥰2
Forwarded from AI trends kz (Ержан Домақов)
https://youtu.be/6qQ0ggH87aE

Жасөспірімдер олимпиадасы 7 сынып есептерін талдап қойдық
🔥6
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бәріне сәлем!

3-тоқсан басталысымен көп ұстаздар жекеге шығып жатыр, әлбетте сұрайтыны питон курс, мүмкіндігінше 0-ден басталатын курсты сұрауды.

Негізінен бәрі де ашық, әрі тегін ютуб-арнада бүкіл сабақтар бар ғой десем де, жеке оқуды, себебі туындаған сұраққа бірден жауап алуға бола алатындай курс сұрағандықтан, тек ҰСТАЗДАР үшін деп питон 0-ден бастайтын курс бастағалы жатырмын.

Тіркелу үшін:
https://forms.gle/YovW2dowwyKh56zb9

PS. Курс соңында сертификат берілмейді, және олимпиадаға дайындамайды
👍13🔥3👏1🎉1🏆1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Фильмді басқа тілде дыбыстау барысында қиындықтар көп. Мысалы, аударманың ұзындығы оригиналмен бірдей болу керек. Әйтпесе, актердің еріндері дыбыстауға сәйкес келмей қалады. Hello дегенді сәлеметсіздерме деп аударуға болмайды, ең болмаса сәлемге қысқарту керек, әйтпесе тым ұзын. Осыны "укладка" деп атайды.

Сол мәселені шешіп беретін Flawless AI деген компанияның демосын қараңыз. Text to audio, audio to text деген конвертацияларды білеміз, енді міне text to video шығып жатыр
👍12
inf9-11.pdf
1.1 MB
Республикалық Олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңінің тапсырмалары
🔥6❤3👍3❤‍🔥1👏1
"Үздіктер” жобасы

Біз тіркеуді бастаймыз!

Бұл жобаның негізі мақсаттары:
1) Информатика пәні мен спорттық программалауды дәріптеу;
2) Ұстаздар мен оқушыларға олимпиадалық есептерді шығаруды үйрету, менторлық жасап, жақсы шәкірттерді көптеп дайындау!
3) Қазақ тілді аудиторияның IT біліктілігін арттыру, еліміздің ілгері дамуына ат салысып, қазағымның білімін көтеру! Әр қазақ - жалғызым!!!

Былтырғы "Үздіктер" жобамызға түрлі өңірлерден 75-тен аса оқушы қатысып, олардың әр қайсымен менторлық жұмыс жасап, көмектесіп отырдық. Дегенмен, іріктеу кезеңнен тек 10 алғыр оқушы сүрінбей өтті. Енді солар кешегі республикалық (2-кезең) аудандық олимпиададан өз ауданында көш бастап, келесі 3-кезеңге (облыстық олимпиада) жолдама алып отыр. Әрине, өз оқушыларымыздың жетістіктерін көріп қуанудамыз.

Дегенмен, кешегі олимпиадада кейбір аудандарда (әсіресе қазақи/не шалғай аудандарда), көрсеткіштері өте төмен болып, тіпті бүкіл бір ауданның орта баллы 0 балл болғанын көріп, жанымыз қатты ашыды. Себебі ол жерде мүмкін дарынды оқушылар бар да шығар, бірақ ол өңірлерде соларды дайындайдын ұстаздардың болмауы деп пайымдадық.

Сол үшін де биыл оқушыларға да, ұстаздарға да жобаны жалғастыруды жөн көрдік:
- “Үздіктер 2.0” - (6-12 сынып оқушылар үшін)
- “Үздік ұстаздар” - (жалпы мектеп мұғалімдері үшін)

Биылға жобаның кезеңдері:
1) Тіркелу кезеңі (1-ай бойы - ақпан);
2) Іріктеу кезеңі (3-ай бойы - наурыз-мамыр);
3) Сұқпаттасу кезеңі (1-ай бойы - маусым);
4) Негізгі кезең (жыл бойы).

Әр кезеңді ашып айтар болсақ:
- Тіркелу кезеңде, осы "тіркелу гугл-форманы" толық толтырып, аз да болсын python базасын біліп алу, яғни print-input, if-else, int-string, div-mod, for-while секілді элементарный терминдерді түсініп, шамалы болса да соларда код жаза алу деңгейге жетіп алу! (Әрине ол міндетті емес, бірақ іріктеу кезеңде қиналып қалмас үшін).

- Іріктелу кезеңде, алдын өтілген “Олимпиада 0-ден бастау” (20-сабақ) мен “Алгоритмдер” (20-сабақ)" деген ақылы болған курстарға тегін доступ беріліп, яғни әр апта сайын 2-3 сабақтан ашылып, соларда көрсетілген тапсырмаларды өз уақытында шығарып отыру. Себебі апта сайынғы минималды есептер саны (аптасына 7-10 есеп) шығарылмаған жағдайда, жобадан іріктеліп, шығарылып отырады.

- Сұқпаттасу кезеңде, толықтай 3-айдан шалынбай, іріктелген үміткерлермен жеке-жеке сұқпаттар болады. Алдыңғы сабақтардан, не ұқсас 3-4 есептер беріліп, 1-2 сағатта тапсырманы шығарып беру керек болады.

- Осы кезеңдерден өткен ұстаздардан/оқушылардан 1-минуттық өзін таныстыру видеосы сұралып, көпшілікпен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерге ілінетін болады.
Содан кейін негізгі топта олармен тығыз жұмыстар басталады, яғни әрдайым олимпиадалық есептерді талдап отыру, жаңа тақырыптар өту, жаңа контесттер жазып отыру.

Қарап отырсаңыздар, батсапқыда (осы 3-4 ай бойы) тек өздеріңіз жұмыс жасайсыздар, сабақтар көру, есептер шығару!
Әрине, сол аралықта біздер әрдайым жандарыңыздан табылып, сұрақтарыңызға бірден жауап беріп, демеп отырамыз, менторларға да табыстайтын боламыз.

Менторлықты - оқушыларға биылғы үздіктерден, ал ұстаздарға біздің алдын курста оқыған мықты ұстаздар менторлық жасайтын болады (яғни қазіргі таңда өздері де олимпиадчиктер дайындап жүрген ұстаздар).

Бұл жобының құны - 0 теңге! Бәрі тегін!
(Бірақ, оның қымбаттылығы сол сіздерден уақыт, еңбек, және алдағы олимпиададан жүлделі орын алуға мақсат қана керек.)

Жоба тілі - қазақша, программалау тілі - python, ал тексеру платформамыз - acmp.ru.

Жоба жетекшілері:
Ерғали ағай (Үздік Білім) мен Едіге ағай (IT Білім)

"Өз елімізді өзіміз көтермесек, бізге басқаның жаны ашуы екі талай!
Сол үшін қарапайым мектептен бастауды жөн көрдік, яғни оқушылар мен ұстаздардың білімін артыруды қолға алайық дедік!

Ал іске сәт! Алла жобамызды ұзағынан қылсын! Әмин! "


Тіркелу гугл-формасы:
https://forms.gle/VDD7YFuXqgBAFY626

Дайындалуға сабақтар:
1) https://tiny.cc/daindalu
2) https://tiny.cc/daindalu2

Статистика:
1) https://tiny.cc/ustaz_okushy (Қай жобаға үміткерсіз)
2) https://tiny.cc/oblystar (Қай облыстан?)
👍26⚡3❤2🔥2❤‍🔥1🤩1
Forwarded from Codeforces KZ
Бүгін Див-4 ресми контесттен қалып қоймаңыздар!
Басталу уақыты 20:35-те!

https://codeforces.com/contests/1791
Машинаны үйрету

Кітап жайлы: Бұл кiтаптың басты мақсаты — машинаны үйрету саласын оқырмандарға таныстыра келіп нөлдiк деңгейден халықаралық дәрежедегi Junior Machine Learning Engineer деңгейiне дейiнгі бiлiм беруді іске асыру. Өз тарапымыздан Junior Machine Learning Engineer деңгейін көздейтін тақырыптарды қарастырып, оларға толықтай түсінік беруге тырыстық.

Авторы: Мағжан ҚАЙРАНБАЙ

Кітаптың қысқа нұсқасы: https://www.itboo.kz/short_version.pdf

Толығырақ: https://www.itboo.kz/
👍14
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!

Менторлыққа сұраныс артқандықдан, барлығына бірдей Олимпиадаға дайындық курсын өткізбекшімін. Бұйырса 7 ақпаннан бастап облыстық олимпиада басталғанға дейін өтіп тастауды жоспарлап жатырмын.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Негізінен мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналады (бірақ ешкімді шектемеймін);
- Аудандық/облыстық олимпиада есептерін шығаратын деңгейге жеткісі келетін ұстаздар үшін;
- Codeforces контестінде div2-нің алғашқы есептерін оңай шығаратын деңгейге жеткісі келетіндер үшін.

КУРСТЫ ӨТКІЗЕТІН ҰСТАЗ:
- Едіге ағай ("IT Білім" каналы)

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Ақпан айы;
- Әр 3 күнде лекция + контест + талдау зум арқылы кешкі уақытта болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат.
- Жалпы курста 20 шақты сабақ (лекция+контест+талдау) болады деп жоспарлануда.

Тіркелу: tiny.cc/olympkurs
👍7🔥2❤‍🔥1
IT bilim
БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ! Менторлыққа сұраныс артқандықдан, барлығына бірдей Олимпиадаға дайындық курсын өткізбекшімін. Бұйырса 7 ақпаннан бастап облыстық олимпиада басталғанға дейін өтіп тастауды жоспарлап жатырмын. КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН: - Негізінен мектеп оқушылары…
Қайырлы күн!

Олимпиадаға дайындық курсының алғашқы контесті мен сабағы ашық болады. Контест жазам десеңіздер бүгін кешкі 17:00-ден бастап ашық болады. Уақыты: 4 сағат
Ал алғашқы сабағымыз ертең кешкі 20:00-де. Сабақта бүгінгі контестті талқылаймыз және сол есептер бойынша тақырыптар өтеміз.

Контестке сілтеме: https://contest.yandex.ru/contest/46069/enter

Ертеңгі сабаққа сілтеме: https://us05web.zoom.us/j/87588174262?pwd=QmV2SGJFZk1sbVlieW94c2tiT3pLUT09
🔥6❤2❤‍🔥1
"Олимпиадаға дайындық" курсының алғашқы сабағын ұсынамыз.

Сабақта болған талқылаулар:

1. Аудан/облыс/республикалық олимпиада есептерін шығаруға арналған кодфорсес группалар.
2. Математикалық формулалар, Арифметика, Паскаль үшбұрышы
3. Питон/С++ кодтарын жылдамдататын функциялар.
4. Контест есептерін есептерін C++ пен Питонда шығару.

Сабақта айтылған сілтемелер видеоның астында.

https://www.youtube.com/watch?v=tRb0jGUKdEc&ab_channel=ITbilim

Олимпиадаға дайындық курсы [Контест-0]:
https://contest.yandex.ru/contest/46069/enter
🔥8👍2
Мектепте бір баланы озам деп Google-ға жұмысқа тұрып кеткен Асқардан сұқбат

Жақында Ерсін деген программист жігіт қазақша IT бойынша ютуб арна ашыпты. Бұйырса алдағы уақытта IT әлеміндегі дарындармен сұхбаттар алмақшы. Одан бөлек литкод контест есептерін (@leetcode_kz арнасында) талқылап салып тұрады. Қысқасы, ютуб арнасына жазылып кетіңіздер!
Басқа да сұрақтар/идеялар болса, төменге жазыңыз.

Видеода не айтылды?
- Таныстыру.
- Программист карьерасын қалай бастадың?
- Олимпиада жолы.
- Ағылшын тілін қалай үйрендің?
- Google-ға тапсыруы.
- Америкаға google ішінде ауысуы жайлы.
- Google-да жұмыс жасаған қалай?
- Қазақстандық мекемелердің жұмысқа алу талаптары.
- Инвестор Асқар.
- Осы жетістіктерге ненің арқасында жеттің?
- Шабыт берер орта жайлы

Қазақша IT контентті өзіміз қолдамасақ, кім қолдайды?)

https://www.youtube.com/watch?v=D-iDDklT6rs&ab_channel=YersinMukay
👍17🔥2❤1❤‍🔥1
Контест құру [Яндекс контестті қалай құрып өткізуге болады?]

Видеода "Олимпиадаға дайындық" курсының екінші контестін құруды көрсетемін.
Видео ұнап жатса, лайк басып пікір қалдырыңыздар!

Алдағы видео үшін сұрақтар/идеялар болса жаза кетіңіздер!

https://www.youtube.com/watch?v=PCAHqkuH02Q&ab_channel=ITbilim
👍5
Сілтеме👇🏼
instagram.com/p/CoZSvsKNS4-

instagram аккаунт:
instagram.com/mukhammedali_muratkhan
👍6🔥2❤‍🔥1💯1