IT bilim
2.24K subscribers
569 photos
42 videos
13 files
578 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

Естеріңізде болса, өткенде өзіңізге берген сертке берік болуға көмектесетін кеңестер жариялаған едік. Осы тақырыптың дәл қазір қызып тұрғаны белгілі. Сондықтан ізін суытпай, жалғасын жариялағанды жөн көріп отырмыз 💡

Әдетте біз мақсатты қалай қоямыз? Өзіңіз ойланып көріңізші. «Машина алу керек еді» немесе «ағылшын тілін меңгеру керек еді» деген сыңайда болады. Солай ма? Неліктен осылай қойылған мақсат көбіне соңына жетпейді? Өйткені жүйесі дұрыс құрылмаған. Бүгінгі постта осыған тоқталамыз 📝

⏺Жұртқа ермеңіз. Жүрек қалауыңызға қарай алға жылжыған дұрыс

❌Бәрі IT-ге кетіп жатыр. Соған қарағанда ақша көп шығар. Мен де айтишник болайын.
✅Маған уеб-дизайн ұнайды. Биыл мен UI, UIX курстарына қатысам.

⏺Нақтылық, нақтылық, нақтылық

❌Жақсы жұмыс істеймін.
✅Айлығымды екі есе көбейтетіндей жұмыс істеймін.

⏺Қиындатпаңыз

❌Джуниордан үлкен басшыға дейін өсемін.
✅Келесі деңгейге өтіп, мидл боламын.

⏺Бір үлкен мақсатты бірнеше ұсақ бөлікке бөліңіз

❌Meta-ға жұмысқа тұрамын
✅CV дайындаймын
✅Портфолиомды жаңа жобалармен толықтырамын
✅Жаңа машық үйреніп, курстар оқимын.

⏺Б жоспары міндетті түрде болуы керек

❌Өз компанияңыздың ішінде ғана өсуді ойламаңыз
✅Одан бөлек, 2-3 альтернатив жоспар болсын

⏺Демалыс пен үзіліс жайлы ұмытып кетпеңіз

❌24/7 жұмыс істеймін
✅Уақытылы еңбек демалысына шығамын

⏺Мықты қабілетіңізді жасырып қоймай, жарыққа шығарыңыз

❌Қолымнан түк келмейді
✅Мына машықты тағы қай жерде қолдансам болады?

⏺Нәтижені ойлай бермей, процеске де көңіл бөліп қойыңыз

✅Бағдарламалаушы болу үшін тиісті саланы үйрену
✅Өзіңізге ұнайтындықтан, дамығыңыз келгендіктен бағдарламалауды үйрену

#tech_career
#saveit
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24🔥2⚡1
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем, комьюнити 🫶

🫣Мақтаншақ көрініп қалмас үшін кей адамдар бұға береді. Өзіне сенімсіз, дірдектеп тұратын адамның керемет карьера жасауы қиын. Мұндайда не істемек керек?

💫Жұмыста құныңызды қалай көрсеткен жөн? Сізге мұның төрт жолын ұсынамыз. Мархабат!

1️⃣Басшыңызбен one-to-one сессия жасаңыз

Бір жақсысы мұндай жүздесу кезінде алдағы уақытқа жоспар құрып, нәтижелерді бөлісуге болады. Жеке кездесуде басшыңыз фидбэкті жақсырақ береді. Әрі сіздің құлшынысыңызды байқайды. Ортақ жиналыстан басты айырмасы сол.

2️⃣Жобалар туралы айтып отыру керек

Жұмыс чатына жақсы жаңалық не нәтижені қуана бөлісіңіз. Не нәрсені жақсы жасайтыныңызды білген соң, алдағы уақытта сізге сол бағытта жұмыс беретін болады. Өзіңіздің ғана емес, команданың да жетістіктерін айтыңыз. Ол командалық рухқа жағымды әсер етеді.

3️⃣Иығыңызға арта алатын жауапкершілікті алудан қорықпаңыз

Алпауыт жобаның аспаннан топ етіп түсе қалуы неғайбыл. Сондықтан біртіндеп өзіңізді түрлі бағытта сынап көре беріңіз. Белгілі бір тапсырмаларды қосылып, айтарыңыз болса — айтыңыз. Команда ішінде бір кемшілік байқасаңыз, реттеуді қолға алып көріңіз.

4️⃣Білгеніңізді бөлісуге асығыңыз

Жаңа курс оқыдыңыз ба — басқаларға үйретіңіз. Болмаса, сол туралы пікіріңізді ортақ чатқа жазып, сілтеңіз. Жиналыста сөйлесеңіз болады. Солай ету арқылы спикер болуға машықтанасыз.

#tech_career
#career
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13