IT bilim
2.25K subscribers
568 photos
42 videos
13 files
577 links
Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал

✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру

👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad
Download Telegram
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Жасанды интеллекті қарапайым түсіндіру инста-сабақтарын бастадым.

Әр сабақ 1-1.5 минуттық қысқа видеолардан болады.

1-сабақ. NLP, LLM, GPT дегендер не?
2-сабақ. Трансформер моделі қалай жасалады?

Осы сабақтарды @yergali.expert инстаграмға жүктеп қойдым.

Ұнады ма? Жалғассын ба?
🔥9
inVision U by inDrive өтінімдерді қабылдауды бастады!

inVision U by inDrive университеті, Satbayev University серіктестігімен бірге, ауылдық және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан Қазақстандық оқушылар үшін Foundation 2025–2026 бағдарламасына өтінімдерді қабылдауды ашты.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – оқушыларды 4 жылдық бакалавриат бағдарламасына дайындау, оның үлкен бөлігі ағылшын тілінде оқытылады.

ЕНТ талап етілмейді.
Өтінім беру мерзімі – 2025 жылдың 30 маусымына дейін ресми сайтта.

Бағдарламада:
• Тегін оқу
• Тегін тұру және тамақтану
• Қазақстан ішіндегі Алматыға жол шығынын өтеу
• Ай сайынғы шәкіртақы

Дайындық жылынан кейін қатысушылар inVision U бакалавриатына түседі, мұндағы оқу ақысы inDrive компаниясы мен менің жеке қолдауыммен толықтай жабылады.

inVision U мақсаты – әлемдік деңгейдегі тегін, пәнаралық білім беруді әртүрлі аймақтар мен әлеуметтік топтардан шыққан студенттерге қолжетімді ету.
Университет болашақ жас көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған, олар өз қауымдастығын дамытуға және басқаларға шабыт беруге дайын болады.
Оқу барысында студенттер әлемге ауқымды оң өзгеріс әкелуге қажетті білім мен дағдыларды меңгереді.

Толық ақпарат пен өтінім беру: www.invisionu.education
❤5🔥2
Beetech Conf 2025 – Технология төрінде, сен де бол!

Неге бару керек?

1.
Бүгінгі болашақ
Жасанды интеллект, LLM, deepfake, киберқауіпсіздік, қазақстандық ІТ өнімдерін экспорттау – осы және басқа да маңызды тақырыптар.
Сахнада – Apple, Yandex Qazaqstan, QazCode, Beeline секілді компаниялардың мықты мамандары. Олар нақты жобалармен бөліседі.

2. Бұрын-соңды болмаған форматтар
📌 Квартирник – ашық пікірталас
📌 Speed-менторинг – қысқа жеке кеңес
📌 Воркшоп – бірден іс жүзінде үйрену

3. Барша ІТ мамандарына пайдалы
Тек бағдарламашылар емес, продакт, аналитик, QA, скрам-мастер, agile-коучтарға да арналған.

4. Таныстық пен шабыт
Жүздеген қатысушы, жаңа байланыс, идеялар мен даму мүмкіндіктері.

📍 Алматы, NARXOZ
🕘 Тіркеу 9:00
🎟 beetech.kz сайтында
🔥5
Sell Then Build. A Founderʼs Guide.pdf
1.9 MB
🔥🔥🔥

Жігіттер, кім стартап бастағысы кеп жүр?

Кәдімгідей қиылып, өтініп, соңғы сөзімді айтып жалынып сұраймын. Мына гайдты оқыңыздаршы.

Стартап бастауда көп жылдық тәжірибесі бар, 2 жылда 0-ден $2 млн долларға стартап жасаған жігіттің фаундерлерге арналған нұсқаулығы.

Мұны интернеттің бір жерінен қазып алып, өзім оқып, осыған дейін стартаптар туралы оқыған миллион кітаптан да пайдалы нұсқаулық екенін сезініп жіберіп отырған мен үшін оқи салыңыздар.

Бұл нұсқаулық сіздердің кемінде 10 жыл өміріңізді, 20 жылдық жүйкеңізді, миллиондаған теңге қаражатыңызды сақтайды. Сақтап қана қоймайды, миллиондаған доллар табуға көмектеседі.

Мысалы, осында жазылған сөздерді осыдан 10 жыл бұрын оқығанымда, көп дүниеден кешігіп қалмас едім.
❤‍🔥9
📢 Google I/O 2025: Жасанды интеллект пен кеңейтілген шындықтың жаңа дәуірі!

📅 20 мамырда Mountain View қаласында өткен Google I/O 2025 конференциясында Google компаниясы жасанды интеллект (AI) және кеңейтілген шындық (XR) салаларындағы соңғы жетістіктерін таныстырды.

🔹 Gemini 2.5 Pro – жаңа буын AI моделі, енді “Deep Think” режимімен күрделі тапсырмаларды тиімді орындайды. Сонымен қатар, 24 тілде табиғи дыбыстық жауаптар беру мүмкіндігі қосылды.

🔹 AI Mode – Google Search енді чат-бот тәрізді жауап беріп, терең іздеу және виртуалды сатып алу мүмкіндіктерін ұсынады.

🔹 Gemini Live – камера, микрофон және экранмен өзара әрекеттесіп, нақты уақытта тапсырмаларды орындайтын AI көмекші.

🔹 Android XR – Samsung және Xreal серіктестігімен жасалған жаңа буын смарт көзілдіріктер, нақты уақытта навигация, аударма және камера ағынын қамтамасыз етеді.

🔹 Veo 3 және Imagen 4 – AI көмегімен бейне және сурет генерациялау құралдары, креативті жобалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

🔹 Google Beam – бұрынғы Project Starline, енді 3D бейнеқоңырауларды қолдайтын платформа ретінде қайта таныстырылды.

🔹 AI Ultra – айына $250 тұратын премиум жазылым, Gemini 2.5 Pro Deep Think режимі және Flow бейнеөңдеу құралына қол жеткізу мүмкіндігін береді.

📺 Толық негізгі баяндаманы мына сілтеме арқылы көре аласыз: YouTube-тегі тікелей эфир

#GoogleIO2025 #Gemini #AndroidXR #AI #GoogleBeam
🆒3🔥1
🎉DataBoom Туған күні — талдау және IT саласындағы барлығына арналған басты оқиға!

28 маусымда Алматыда DataBoom Туған күні өтеді — 500-ден астам қатысушыларды біріктіретін ауқымды іс-шара: талдаушылар, әзірлеушілер, дерек мамандары және IT саласындағы мансабын енді бастағандар.

Сізді күтеді:
— Kolesa Group, Kaspi, Freedom, PS Cloud және т.б. сарапшылармен конференция.
— Қазақстанның жетекші компанияларының бос жұмыс орындар жәрмеңкесі: Kolesa Group, Head Hunter, Freedom, Kcell және т.б.
— Сала өкілдерімен байланыс орнату
— Сыйлықтар, іс-шаралар және сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес атмосфера

⏳Қашан: 28 маусым, 13:00-19:00
📍Мекенжайы: Алматы, Қазақстан қонақ үйі
🎟️ Билет сатып алу үшін: https://rekhert.com/databoom_bday/

💥Біздің тіркелушілерге арналған промокод: itbilim — 15% ЖЕҢІЛДІК
❤4👏1
IT bilim pinned a photo
Servercore Қазақстанда: клиенттердің стандарттан тыс сұраныстарын қалай шешеміз

26 маусым күні, сағат 19:00-де Астанада IT-инфрақұрылым провайдері @servercorenews ұйымдастырған, жабық бизнес-кешкі асы өтеді. Кеш барысында, компания сарапшылары Servercore бұлтты платформасы және клиенттік кейстер туралы айтып береді. Сіздерді сарапшылармен пайдалы, әрі бейресми кездесу күтеді.

Тегін тіркелу сілтемесі: https://srv.cr/cj59y

Servercore — Алматы, Ташкент және Найробиде қолжетімділік аймақтары бар халықаралық IT-инфрақұрылым провайдері. Компания бизнеске арналған IT-инфрақұрылымды — бұлтты шешімдер мен жалға берілетін физикалық серверлерді ұсынады.

#серіктес_материал
Қазақстанда IT-инфрақұрылымды көшіруге арналған 1 млн теңге көлемінде грант

2025 жылғы 16 маусым мен 15 тамыз аралығында Қазақстан компаниялары Servercore бұлтты платформасына көшу үшін 1 млн теңге көлемінде грант ала алады. Қаражатты провайдердің барлық сервистеріне екі ай бойы пайдалануға болады.

🔹 Грантты қалай алуға болады? Сілтеме бойынша сайтқа өтіп, өтінім қалдырыңыз. Servercore инженерлері жобаны бағалап, көшіру процесін толық жүзеге асырады — жоспарлаудан бастап іске қосуға дейін.
🔹 Кімдер қатыса алады? Бұған дейін Servercore-мен жұмыс істемеген, Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар.
🔹 Грант не үшін беріледі? Бұлтты және арнайы серверлер, басқарылатын Kubernetes, бұлтты дерекқорлар, резервтік көшіру және басқа да провайдер сервистері үшін.

Неліктен клиенттер Servercore-ды таңдайды:

— Provizor: Servercore инфрақұрылымына көшкеннен кейін бизнес-процестер 1,5 есе жеделдеді
— OZPLANET: Өзбекстан банктерінің 50%-ы пайдаланатын платформаның тұрақты жұмысы
— Global Solutions: Миграциядан кейін Delivery-процесі 3 есе жылдамдады
❤5
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)