Software Company Roles 101
Танымдық сипатта бірнеше мақала болады. Оқырмандарда IT туралы толық түсінік қалыптасады деген ниетті жаза бастадым.
Бағдарламалық жасақтама әзірлеу екіге бөлінеді. Сервер және клиент боп.
Клиент жағынан бастайық:
1. Frontend Developer
Не жасайды?
Сайт, лендинг, веб-қосымша, SPA, PWA және тағы басқа заттарды әзірлейді.
Не қолданады?
• Javascript және оған түрленетін: Typescript, Reason, Purescript, Elm, Clojurescript және қалғандары.
Сондай-ақ төмендегілер арқылы көп затты кодсызда жасауға болады:
• webflow
• bubble
• adalo
• squarespace
• tilda и т.д.
👆🏻Бұл құрал-жабдықтар low-code/no-code деп аталады, конструктор десекте болады. Ол не және қашан қолданған жөн.
Жалақысы қандай?
• 🌎 → 4,143$
• 🇰🇿 → 804$
2. Mobile Developer
Не жасайды?
Мобильді қосымша, (кейде) wearables-қа (ақылды киілетін құрылғыларға) қосымша жасайды.
Қай тілде жазады?
• Android-қа — Kotlin, Java, Android SDK, Jetpack Compose, AndroidX
• iOS-ға — Swift, Objective-c, UIKit, SwiftUI
• Екеуінеде — React-Native, Flutter, KMM, Ionic & Capacitor, Apache Cordova
Жалақысы қандай?
• 🌎 → 3,466$
• 🇰🇿 → 1,033$
3. Desktop Applications Developer
Не жасайды?
Desktop/enterprise қосымша жасайды.
Қай тілде жазады?
• Windows-қа — .NET WPF, .NET MAUI (beta)
• Linux-қа — qt, C++ gtk+
• macOS-қа — Swift, Objective-C, macOS SDK, Cocoa, SwiftUI
• Барлық платформаға — Electron, Flutter, qt
Жалақысы қандай?
• 🌎 → 4,886$
• 🇰🇿 → мәлімет жоқ
P/S
Жалақылары жайлы ақпарат алынған дерек көзі:
• 🌎 Stackoverflow Survey
• 🇰🇿 Kolesa Zerttey
Жазған: @aidarblog
Аударған: @it_bilimkz

👍10🤩4🔥3😱1😢1
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
• кросс-платформалық → кодты бір рет жазып, нәтижесінде бірнеше платформаға арналған өнім шығаруға болады.
Мысалы: React Native
• мульти-платформалық → әртүрлі платформаларда орындала алатын код.
Мысалы: Kotlin Multiplatform
• нативті (туа біткен:)) → әр платформаның өзіндік туа бітті бір болып кеткен жеке тілдері(технологиялары) бар.
мысалы: UIKit, SwiftUI (iOS)
• гибрид → көп жағдайда мобильдік қосымшаларды құрғанда қолданылады. Нативті орта + web технологиялар.
мысалы: Ionic + Capacitor
Авторы: https://t.me/aidarblog

🔥8🤩2❤1👍1🎉1
Forwarded from Kazakh in Cardiff (I was)
Қазақша wordle!
Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.
Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.
Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.
wordle.kz
Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады 😊

👍10🤩1
Әлемде қазақ білу керек 3 тіл бар:
1) қазақ тілі 🇰🇿 🌝
2) программалау тілі 👩🏻💻 😄
3) ағылшын тілі 🌎 ✅
Ағылшын тілін меңгергісі келетін жандарға пайдалы сілтемелермен бөлісуді жөн көрдік 🤗
Кездейсоқ адамдармен дауыстық/мәтінмен/бейнемен сөйлесуге арналған сайттар:
speaking24.com — әңгіме соққыңыз келсе скайпыңызды жазып қойсаңыз болады немесе желідегілерге қоңырау шала аласыз
talkwithstranger.com — ағылшын тіліндегі тегін чат, әр түрлі тақырыпқа бөлінген бөлмелер бар
tohla.com — тегін (дауыстық/мәтін/бейне) чат
omegle.com — тегін (мәтін/бейне) чат
free4talk.com — әртүрлі тілдегі тегін бейне чаттар,hangouts, 2-10 адамдық топтар бар
strangermeetup.com — Stranger Meetup
italki.com — ақылы мұғалімдер (ақылары сағатына 3 доллардан жоғары), бірақ қауымдастық арқылы мәтін, эссе тегін тексертіп алса болады және таныс таба аласыз
@it_bilimkz
Жалғасы 👈

🔥13👍7❤3🤩2
Басы 👈
Сөйлесіп тіл үйренуге арналған әлеужелілер:
paltalk.com
lang-8.com
ppi.searchy.net
interpals.net
epals.com
easylanguageexchange.com
conversationexchange.com
languageforexchange.com
englishbaby.com
Уақыт шақтары, граммар, тағы басқа тақырыптарға тегін сындар:
englisch-hilfen.de
ego4u.com
esl-lounge.com
manythings.org
correctenglish.ru
examenglish.com — TOEFL reading test
lengish.com
Ойнап үйренуге арналған сайттар:
duolingo.com
lingualeo.com
puzzle-english.com
Аудио кітаптар:
loyalbooks.com — Audiobooks eBooks
Za4itaika.ru — Free Public Domain Audiobooks
Бейне, тесттер:
voanews.com — Voice of America Learning English
bbc.co.uk — BBC Learning English
perfect-english-grammar.com
ted.com — TED Talks
Аудармашылар, пайдалы заттар:
englishconversationquestions.com — әңгімелесу үшін кездейсоқ сұрақтар
forvo.com — сөз, сөз тіркестерінің айтылым базасы
cambridge.org — Cambridge Dictionary
multitran.com — multitran аудармашы
grammarly.com — граммар тексеру
context.reverso.net/translation — контекст бойынша аудару, көп жағдайда гугл аудармашыға қарағанда пайдалы
fluent.express — мәтінді шынай адамдар (кәсіби едиторлар) тексереді, ақылы
playphrase.me — фраза жазасың, ал сервис фраза айтылған фильмдердің үзінділерін көрсетеді

Telegram
IT bilim
Әлемде қазақ білу керек 3 тіл бар:
1) қазақ тілі 🇰🇿 🌝
2) программалау тілі 👩🏻💻 😄
3) ағылшын тілі 🌎 ✅
Ағылшын тілін меңгергісі келетін жандарға пайдалы сілтемелермен бөлісуді жөн көрдік 🤗
Кездейсоқ адамдармен дауыстық/мәтінмен/бейнемен сөйлесуге арналған…

🔥17👍8❤4🤩3
Құрметті IT мамандықтарында оқып жүрген бірінші курс студенттері!
Сіздерді «Университетке дейінгі тәжірибе және бағдарламалау дағдылары университеттегі IT мамандықтары бойынша оқу үлгеріміне қалай әсер ететіндігі» туралы зерттеуге қатысуға шақырамыз.
Бар болғаны 10 минут уақытты алады.
Сауалнаманы толтыру арқылы сіз IT мамандығына түскелі отырған мектеп түлектеріне университеттің академиялық бағдарламасына тиімдірек дайындалуға көмектесесіз. Сондай-ақ, осы зерттеудің көмегімен қай студенттер жақсырақ бейімделуі мүмкін екендігі туралы университеттерге белгілі болады.
Сауалнаманы үш тілде толтыруға болады: қазақ, орыс және ағылшын.
Сауалнамаға сілтеме: https://nukz.qualtrics.com/jfe/form/SV_3z0NSmAORT3Z9ye
Осы жобаға қатысты сұрақтарыңыз немесе пікірлеріңіз болса, бізбен байланыса аласыз:
Доктор Мэттью Кортни (бас зерттеуші) matthew.courtney@nu.edu.kz
Айша Орымбаева (студент-зерттеуші) aisha.orymbayeva@nu.edu.kz
Басқа сұрақтарды немесе ескертулерді «Назарбаев Университетіндегі» Ғылыми зерттеулердің институционалдық әдеп комитетіне resethics@nu.edu.kz жолдауға болады.

👍9🔥1🎉1🤩1
IT bilim
Weekly Contest 277 Өткен жексенбі таңертең 8:30 да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер. 📝 Есептер қазақ тіліне аударылған. 📕 Шешімін ютуб стримда көрсетеміз. 🧮 Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз. 📅 Интернет тұрақты болған…
Өткен жексенбі таңертең 8:30 - да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер.
Есептердің шешімін ютуб арнамыздан сағат 17:30 - да көре аласыздар.
Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз.
https://youtu.be/Ks5wHHYmF0k

YouTube
Weekly Leetcode Contest 277 есептерінің шешімін түсіндіру

💳 Каналды қолдағыңыз келсе👇🏻
Kaspi Gold: 4400 4301 1620 9583
Kaspi нөмірі: 87025975778 (Едіге Р.)
"Алгоритмді есептерді талқылау" сериясы.
Келесі видеоларға тікелей эфирде қатысқыңыз келсе, http…

🔥2🎉2🤩1
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
Software Company Roles 101 – II бөлім
түпнұсқасы мында - https://t.me/aidarblog/20.
Алдыңғы бөлігінде сәл бояуы аз болған сыңайлы. Басқаша жолмен жүріп көрейік бұл жолы.
Фейнман әдісі бойынша backend және devOps инженер жайлы сұрақтарға жауап берейік ал. Бірақ сұрақты бес жасар бала емес, өзіміздің хабары жоқ құрдасымыз қойып жатыр деп қарастырайық.
Backend Developer
- Немен айналысады?
- бэкенд жасайды👍🏻.
- Ал бэкенд деген не сонда?
- Серверде орындалып тұрған қосымша(application).
- Қосымша деген телефонға орнатылатындар емес пе еді?
- Қосымша деп әйтеуір бір нақты функционалы бар бағдарламаны айтамыз. Ол бағдарламамен интерфейс арқылы жұмыс жасаймыз. Қосымша дегенде жалпы оған барлығы кіре береді. Жаңағы сіз айтқан телефондағылары бар, web сайттар, серверлер, т/б кете береді.
- Бэкендтің интерфейсі қандай? Онымен қалай "сөйлесеміз" ?
- Қараңыз енді. Мысалы, телефондағы қосымшалардың өзінің GUI (қолданушының графикалық интерфейсі) бар, иә ? Сол интерфейстегі батырмаларды немесе басқа да элементтерді түрту, сырғыту арқылы қосымшаны қолданамыз.
Дәл сондай интерфейс бэкендте де бар. Оны API дейді. Бірақ оны қолмен ұстап, тіспен тістеп көре алмаймыз. API-ді қолдану үшін әртүрлі жүйелік сұраулар(http request, ajax) жасаймыз.
- Сервер мен бэкендті бір деп жүрсем.
- Иә, көбіне осы екі ұғым бірге жүреді. Дегенмен, бэкенд деген нақты қосымшаның өзі, ол орындалып тұрған бағдарлама. Ал сервер дегеніміз сол бағдарлама орындалып тұрған компьютер.
Сервердің негізгі сипаты - сырттан request күту, келген кезде бірдеңе деп жауап беру. Әдетте серверлер бұлтта болады(cloud, облако).
- Бұлт деген не сонда?
- Сол серверлер ғой. Тек арнайы үлкен дата-центрлерде жатады тобырымен. Біреудің үйіндегі бір штук комп емес )
- Дата-центрді де айта өтсеңіз?
- Сондай бір үлкен ғимарат қой. Серверлерді жақсылап күту керек. Электр қуатымен, мықты интернетпен, вентиляциямен қамтамасыз ету керек. Осындай қызметтерді көрсету мақсатында құрылған нәрсе.
- Былай сәл түсініктірек болған сияқты. Енді бізге ең қызық жері ақшасы ғой, айлықтары қанша шамамен ? )
- Орта есеппен 🌎 ~ 4726$
DevOps Engineer
- Қазір хайптың бәрі devOps-та деп жатыр ғой. Ақшаны күректеп табады дейді. Не істейді олар сонда? Не үшін трендке шығып кетті?
- Бір ауыз сөз ғой қарасаңыз devOps деген. Бірақ оның ішіне көп нәрсе кіріп кетеді. IT компанияның "бойына қан жүргізеді", әртүрлі қауымдардың басын құрап, жасап жатқан жұмыстарын бір арнаға салып береді.
Әртүрлі практикалық, философиялық аспектілер мен сан алуан құрал-сайман, технологияларды қамтиды. Әртүрлі "қауым" дегенде разработчиктер(development), техникалық қолдау бөлімі(operations), сапа бақылауы(QA) мен қауіпсіздік бөлімін(security) айтамын.
- Бұрын аз түсінетін ем. Қазір одан да аз болып барады түсінігім ) DevOps Engineer деген адам ба сонда әлде философия ма?
- Сол философ десе де болады. Философияны енгізуші хипстер десе болады(әзіл*). Сисадминдер 80 level-ге жеткенде devOps болады))
- Жалпы мақсаты қандай сонда оның?
- Компанияға сапалы өнімдерді жоғары жылдамдықпен шығаруға көмектесу.
- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (1)
- Инфрақұрылымды құрып береді. Сол құрылымның арқасында барлық іс дұрыс жолмен және жоғары жылдамдықпен жүре бастайды.
Мысалы, ол жоқта сайтты айына бір рет қана жаңартып жүрген болсаңыз, ол барда керек босла сағатына 10 рет жаңарта бересіз еш қиындықсыз.

👍15❤2🤩1
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (2)
- Ақпараттық жүйеңіздің релизін шығару үшін "қораздар шақырмайтын" уақытта(түннің ең тәтті бөлігі) екі разраб жұмыс істеуі керек болса қазір қалаған уақытта кнопканы шертіп жіберетін бір адам табылса жеткілікті.
Бұрын "бойда" бірдеңені қиратып алмайық деп уайымдайтын болсаңыз, қазір "час пик" болып жатса да еш уайымсыз релиз шығара бересіз.
- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (3)
- Ол жоқта жүйенің қирағанын жұрттан естисіз ғой) Қылғынып тұрып қоңырау шалып жатқан клиент пен "Мырқымбай, ана жақта тағы не қирады қарашы" деп жатқан бастықтан)
Ал devOps инженер бар болса жүйенің құлағанын тура сол құлаған сәтінде бір секундта ақ біле аласыз. Ол былай тұрсын, тіпті құламай жатып-ақ, алдын-ала болжап, біраз "қырғынның" алдын алуға болады.
- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (4)
- DevOps жоқта разработчиктер (development) мен техқолдау (operations) бір-бірімен дұшпан болса, ол келген соң жаңағылардың ауылы аралас, қойы қоралас болады.
Бір-бірін шайға шақырып, бір дастарханнан ас ішіп, үлкені сөйлеп жатқанда кішісі тыңдап... жарайды, жарайды, бұл жерім әзіл. Нағыз қазақтар онсыз да бірге шай ішеді)
Қорытындысы, devOps келгенде шынымен де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге бастайды компания.
- Ана жағы қалай?
- Айлығы ма ? )
- Иә)
- Орташа 🌎 5855$
- Мәссаған.
P.S. Егер сізден біреу қызығып бэкенд пен девопс жайлы сұрап жатса, осы постты жібере салыңыз.
түпнұсқасы мында - https://t.me/aidarblog/20

👍11❤3🔥1🤩1
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
Айдардың айтары бар GitHub жайлы:
Соңғы JS фреймворк жазылғалы бері 0 күн ғана уақыт өтті.
Кім пруф талап етсе мына жерден қарасын :)
https://dayssincelastjavascriptframework.com
Бұл технология әлемінің, бағдарламалау тілдерінің, фреймворктар мен кітапханалардың тоқтаусыз дамып жатқанының тағы бір дәлелі.
Девелопмент әлемінің толқынында бір орында қалу үшін де жүгіріп отыру керек.
Міне үш жылдай болып қалды, бұрыннан бері қалыптасып қалған бір әдетім бар.
Осы әдетімнің арқасында IT әлемі қайда жылжып жатқанын барлап отырамын.
Күнделікті ноутымды қосқаннан кейін бірінші кезекте мына екі парақшаны шолып шығамын:
* github.com/trending – бүгінгі күннің GitHub трендтері
* github.com – жаңалықтар легі (feed)
Бұл маған не береді?
* Трендтер парақшасын технологияларды шолушы радарымды жаңартып, жалпы танымымды кеңейту үшін қолданамын. Сонымен қатар, соңғы трендтер жайлы хабардар болып жүрген де өте пайдалы ғой өз алдында. Менің гипотезам бойынша, Github-тағы трендтер парақшасы разработка әлеміндегі трендтер жайын дәлме-дәл суреттеп береді.
* Біршама разработчиктердің GitHub парақшасына жазылып қойғанмын. Солардың іс-әрекеттері арқылы көз-қарастарын, бара жатқан бағыттарын бақылап жүремін. Кім біледі, бәлкім, кейбір тұста ойларымыз бір жерден шығып, бірге үлкен жоба бастап кетуіміз де мүмкін ғой.
* Қатты ұнаған репозиторилерді бірден шұқылап, зерттеп кетемін. Болмаса, "жұлдызымды" қойып кетемін де кейін қайтып кеп оқимын.
Қысқашам осылай : )
Егер де GitHub репозиторилер және OSS (open-source software) жайлы тағы да посттар болсын десеңіз "👍🏻" қойып кетіңіз
түпнұсқасы мында:
https://t.me/aidarblog/21

👍19🔥2❤1
Forwarded from KazTech
roadmap.sh сайтында 2022 жылға сәйкес Python Developer роадмапын жаңартып қойыпты.
Бұл роадмап новичектарға Python тілін қалай бастау керектігін үйрете алады, ал тәжірибелі девелоперлерге тағы қай бағытта дамуға болатынын көрсетеді.
Бұған қоса 185k+ жұлдызшасы бар барлық роадмаптары бар репозиторийге де сілтеме тастап кетейік - https://github.com/kamranahmedse/developer-roadmap
Сақтап қойыңыздар)
Арна туралы достарыңызға айтып, тіркеліп кетуді ұмытпаңыз)
#roadmap / #python / #2022year
———
@kz_tech
@kztech_chat

🔥11👍2❤1
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
#ai #beyne #beyneai #computervision #ml #nist #nistcertificate
🥳🥳🥳
Сейілбек Мықтыбеков:
Өзімнің бірінші постыммен керемет жаңалығыммен бөліскім келеді. Біздің қазақстандық стартабымыз "Beyne.ai" бет-жүзді анықтаудың ең үздік алгоритмдері жарысында Тинькофф, Acer сынды гиганттарды озып кетті.
Және ең бастысы біз National Institute of Standards and Technology (NIST, АҚШ) сертификатын алдық.
Ал мұндай жетістіккке осы уақытқа дейін әлем бойынша 255 компания ғана қол жеткізе алған екен.
Біз қазір Google, Meta компанияларымен бір тізімді тұрмыз. Және бұл өзіміздің Қазақстанымыздан шыққан жастар.
түпнұсқасы мында:
https://www.linkedin.com/posts/seilbek_ai-beyne-beyneai-activity-6893281347691966464-WoDo

Linkedin
Seilbek Myktybekov on LinkedIn: #ai #beyne #beyneai | 50 comments
Своим первым постом хочу поделиться отличной новостью. Наш казахстанский стартап Beyne.ai обошел таких гигантов как Тинькофф и Acer в соревновании по лучшему... 50 comments on LinkedIn
👏12🔥7😁1
Бүгін таңертең 8:30 - да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебінің шешімдері
https://www.youtube.com/watch?v=eF9T6dwCH5k
https://www.youtube.com/watch?v=eF9T6dwCH5k
YouTube
Weekly Leetcode Contest 279 есептерінің шешімін түсіндіру
"Weekly Leetcode Contest 279" контесттің алғашқы 3 есебінің шешімдері.
Литкод контест: https://leetcode.com/contest/weekly-contest-279/
💳 Каналды қолдағыңыз келсе👇🏻
Kaspi Gold: 4400 4301 1620 9583
Kaspi нөмірі: 87025975778 (Едіге Р.)
"Алгоритмді есептерді…

🔥5🤩2👍1
AngularNumeric, SelectorUnlimited және WaggleCollide атты үш робот бүгін codeforces.com сайтында алғаш рет контест жазады.
Жасанды интелектке қарағанда көп есеп шығара аласыз ба? Контестке қатысып бағыңызды сынап көріңіз.
https://codeforces.com/blog/entry/99579

Codeforces
Codeforces Round #770 (Div. 2)
Greetings to all humans and robots on this site!
🔥4
Forwarded from IT Path Kz (Нұрлан Қарақұлов)
#оқырманнан_хат
Шамамен 400 000 рет орнатылған PHP тілінің ең танымал Orchid әкімшілік панель кітапханасы қазақ тіліне аударылды. Қазақ тілі осы кітапхана аударылымдары бойынша ТМД мемлекеттерінде орыс, украин тілдерінен кейін үшінші, ал әлем бойынша 19-шы тіл болды.
IT саласы бойынша қазақ тілінің дамуына бұлда бір кішігірім серпін береді деген ойдамыз. Қазақ тілінде IT саласы бойынша ресурс мүлде жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Енді осыны түзететін уақыт келді. Ол үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет, сол кезде ғана белгілі бір нәтижеге жете аламыз!
Orchid кітапханасына сілтеме:
https://github.com/orchidsoftware/platform

GitHub
GitHub - orchidsoftware/platform: Orchid is a @laravel package that allows for rapid application development of back-office applications…
Orchid is a @laravel package that allows for rapid application development of back-office applications, admin/user panels, and dashboards. - orchidsoftware/platform
👍11❤4🔥1🤩1
IT мамандығына түсу үшін физика емес информатика оқитын заман келді.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 09.02.2022 күнінің бұйрығымен, ҰБТ форматында келесі мамандықтар бойынша таңдау пәні "Физикадан" "Информатикаға" өзгерді:
1. Информатика мұғалімдерін даярлау
2. Ақпараттық технологиялар
3. Ақпараттық қауіпсіздік
Алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі, әзірше заң бетінде тұр.
Дерек көзі: adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015173
Жаңашылдық туралы ойыңызды жазып кетіңіз 👇🏻👇🏻👇🏻
@it_bilimkz
@it_bilim_code
youtube.com/ITBilim
instagram.com/it_bilim.kz

🔥21😱8👍7❤1👏1
IT bilim
IT мамандығына түсу үшін физика емес информатика оқитын заман келді. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің 09.02.2022 күнінің бұйрығымен, ҰБТ форматында келесі мамандықтар бойынша таңдау пәні "Физикадан" "Информатикаға" өзгерді: 1. Информатика…
Келесі оқу жылынан бастап
IT-бағыттарына түскісі келетін талапкерлер ҰБТ-да физика емес, информатика пәнінен тест тапсырады.
Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-ларда IT-бағыттар бойынша оқығысы келетін талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру кезінде бейінді пәндер тізбесіне «Информатика» пәнін енгізу туралы көптеген өтініштер келіп түседі.
Осыған байланысты
министрлік талдау жүргізіп, 2022-2023 оқу жылынан бастап «Информатика мұғалімдерін даярлау», «Ақпараттық технологиялар» және «Ақпараттық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары топтарына түсетін оқушылар ҰБТ-да «Математика+Физика» орнына «Математика+Информатика»комбинациясын тапсырады деген шешім қабылдады.
2021-2022 оқу жылында бейіндік пән «Физика» болып қала береді, бұл ретте пилот ретінде талапкерлердің таңдауы бойынша биыл осы дайындық бағыттарына (наурыздағы ҰБТ кезінде) түсу үшін «Математика +Информатика»комбинациясын таңдау опциясы қосымша қолжетімді болады.
@bilim_jane_gylym

👍9🔥3🤩2
Forwarded from NU ACM-W Student Chapter
Баршаңызға сәлем! Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ACM-W ден керемет жаңалық! Біз жыл сайын өткізілетін codeW-2022 бағдарламалау олимпиадасына тіркеуді ашық деп жариялаймыз! 🤩🤩🤩
codeW - үш жыл қатарынан өткізілген қыздарға арналған сайыс. Аталған сайыс алгоритмдік есептерді шығарып бақ сынап көруге 👩🏽💻, жетекші компаниялардағы IT мамандардың дәрістерін тыңдауға 🌏 және өзіңізбен қатарлас әрі ортақ қызығушылықтары бар қатысушылармен байланыс орнатуға керемет мүмкіндік!💫 Алгоритмдік есептерді бұрын-cоңды шығарып көрмесеңіз де қатысыңыз - олимпиада арқылы тәжирібе жинап, өзіңізге жаңа нәрсе ашуға болады 📚
Айпақшы, осы жылғы codeW жартылай оффлайн өткізіледі! 💃🏻 Нұр-Сұлтан қаласындағы қатысушылар олимпиаданы AstanaHub-қа келіп жазса болады 🤳🏽 (*орын саны шектеулі). Қалған қатысушылар сайысқа онлайн қатыса алады 🏡
Жақсы жаңалықтар жалғасады! Осы жылғы демеушілеріміздің - Palantir, EPAM, Lerna, және Jane Street компанияларының - арқасында жүлде қоры 250,000 теңгені құрайды. Оған қоса, қатысушылардың брендті мерч ұтып алу мүмкіндігі бар 🏆💸🥳
Керемет мүмкіндікті жіберіп алмау үшін тезірек тіркел! 🥰
Қашан: Наурыздың 7-сі, 2022
Өткізілетін тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Деңгей бойынша бағыттар: бастауыш, тәжірибелі, ілгерінді
Тіркелу дедлайны: Ақпанның 27-сі, 23:59
Сілтеме: www.codew.kz

👍7
Forwarded from megido
Nazarbayev University talk (Summer 2019).pdf
1.7 MB
Летом 2019-года проводил лекцию в Nazarbayev University, где поделился своими мыслями на тему "If I were a student again".
В прикреплении сама презенташка, но вот TLDR:
1. Enjoy your student life, it will never be repeated again
2. Build your team, find like-minded people
3. Find out your strengths. Focus on your strengths (everyone has drawbacks)
4. Become a master. Practice a lot, sharpen your skills
5. Never stop, always build on top
6. Soft skills matter a lot! Clear communication, listening, empathy, taking responsibility, conflict resolution, etc.
7.Problem Challenge = opportunity to progress
8. Be conscious about your decisions. Question things, don't take NO as an answer
9. Find a mentor, be a mentor. Share knowledge, enable other people
10. Internship = intro to real-world job
11. Take higher risks earlier
12. Stay positive, be open-minded
13. Happiness = Reality / Expectations, Minimize expectations, maximize reality
В прикреплении сама презенташка, но вот TLDR:
1. Enjoy your student life, it will never be repeated again
2. Build your team, find like-minded people
3. Find out your strengths. Focus on your strengths (everyone has drawbacks)
4. Become a master. Practice a lot, sharpen your skills
5. Never stop, always build on top
6. Soft skills matter a lot! Clear communication, listening, empathy, taking responsibility, conflict resolution, etc.
7.
8. Be conscious about your decisions. Question things, don't take NO as an answer
9. Find a mentor, be a mentor. Share knowledge, enable other people
10. Internship = intro to real-world job
11. Take higher risks earlier
12. Stay positive, be open-minded
13. Happiness = Reality / Expectations, Minimize expectations, maximize reality
👍7🔥4👏2
Информатикадан Республикалық олимпиаданың 2 кезеңі: 9-11 сынып
Олимпиада шешімдерін ютуб арнамызға салудамыз.
Бұл видеода 9 сынып - есеп шешімдері түсіндірілген.
Басқа сыныптарды келесі видеоларда талқылаймыз.
Видеоға сілтеме:
https://youtu.be/uURu5LilYbk

👍6🔥6🤩3🥰2