Информатикадан облыстық олимпиада 2022-2023 [2-күн]
(C++/ Python)
https://www.youtube.com/watch?v=UKRvYLB0YsU&ab_channel=ITbilim

YouTube
Информатикадан облыстық олимпиада 2022-2023 (C++/Python) [2- күн]
Информатикадан республикалық олимпиаданың 3 кезеңі 2022-2023 [2-күн]. Бұл видеода 9-11 сынып - есеп шешімдері түсіндірілген. Информатика республикалық олимпиаданың 3 кезеңі.
Решение задач - 3-й этап Республиканской олимпиады по информатике 2022-2023, 9-11…

🔥6👍1
Forwarded from Менің ой жазбаларым (Yergali)
#Жазба 4. YouTube жүргізу туралы
Міне, бүгін 10’000 жазылушысы бар ютуб арнаға айналып жатыр екенмін. Құттықтап қойсаңыздар да болады! Және алдын ала рахмет!
Негізі ютуб жүргізем деп ойламаппын. Және өзімді ютубермін деп санамаймын. Себебі ютубер дегендер мен үшін сол арқылы өмір сүріп, сонымен ақша тауып күн көретіндер.
Ал ютуб мен үшін жай өз білгеніммен бөлісіп, көпшілікке жеткізе алатын құрал ретінде.
Жалпы қалай басталды?
2020 жыл. Ковид уақыты. Желтоқсан айы. Маған жекеге бір қарпайым мектеп мұғалімі шықты. Ол кезде мен тек уатсапта едім. Және мені қазіргідей көбі тани бермейді. Ал ол апаймен кезінде НИШта сабақ беріп жүргенде, облыстық мектеп ұстаздарына арнайы робототехникадан курс болып, сонда тренер болып сабақ бергенмін. Содан танимыз.
Сонымен, Астана ИТ универдің 1-тур олипиадасы болып жатқан екен, содан мына есепке көмек бере аласыз ба деп сұрады. Ана есепті қарасам а+b есеп, не сондай деңгейдегі өте жеңіл есеп екен. Соны питонда жаза алмай жатыр екен.
Ананы көріп мен қатты ұялып кеттім, себебі кейбір ауыл/облыс мектеп информатик ұстазымыздың деңгейі осындай болса, оқушылардың деңгейі қандай болмақ дедім.
Ол кісіде әрине оны мойындап тұр.
Онда, арнайы сіздер үшін, тегін питон курс ашайын дедім. А то мен ұялып кеттім. Себебі “шетелде білім алып, жыртылып жүргеннен не пайда, егер туған жеріңде қиналып жүргендер қаншама” деп, жаңа жылдан бастап курсымды жоспарладым. 3-4 күннен кейін 2021-жыл келе жатқан.
Содан, ең алғашқы тыңдарманым сол кезінде робототехникадан сабақ алған ұстаздарым болды. Бірақ көбі уақыт ыңғайсыз, жазбасы бола ма дегеннен кейін ютуб бәріне ыңғайлы болып сонда Live сабақ жасайтын болдым.
Менің мақсатым - мүмкіндігінше бүкіл сабақтарды қарапайым тілде түсіндіру, жалпақ қазақ тілінде, тіпті 5-6 сынып оқушылары көрсе де, түсіне алу керек деп мақсаттадым. Сөйтіп қаңтар айы бойында 5-толық питон сабағын әр жексенбі Live арқылы жасадым.
Одан бөлек басқа да ұстаздар үшін қажетті құралдарды және жасадым: мысалы кахут, сайт жасау, телеграм бот секілді. 1-ші айдың өзінді 36-видео сабақ іліппін. Сонда әр күні кемі 1-сабақтан салғанмын ғой.
Қарап отырсаңыз, менің басты мақсатым - оқушылар емес, соларға сабақ беретін информатик мұғалімдерге арналған еді.
Кейін қызығы сол, ақпанда сол сабақты көріп шыққан оқушылар, ауданнан 1-ші орын алып жатты ғой!
Сол кезде түсініппін, не деген жұмыс жасағанымды. Себебі көбіне нәтижесі бірден келе бермейді ғой, ал мұнда келесі айда нәтижесі бірден келді!!!
Және де алғашқы арна атауы - Ерғали Білім болды, бірақ егер брендке айналса жай адам есімі емес, қазақи бір сөз, әрі, қысқа әрі мағаналы болса деп Үздік Білім деп ауысты.
2-жылдан аса уақытта мен көбі танып, ал Үздік Білімде 10К жазылушысы бар ютуб каналға айналуда.
Ютуб жүргізуге арналған кеңес:
1) Мақсатың ютуб арқылы ақша тауып байып кетемін деп ойлама, астында қаншама еңбек бар! Оны ұмытпа!
2) Ожидание и реальность. Сен қанша жерден мықты монтаж жасап, қаншама аппаратура студиода жазсаңда алғашқы видеоларыңда 100-қаралымға да жетпей қалуы мүмкін.
3) Өз білетің салаң болсын! Қорықпа, ұнамай қалады деп, өз тыңдарманың тауып алады. Жай уақыт керек!
4) Басында сападан гөрі, санына қара. Себебі сенде 1-сапалы видеодан, 10-сапасыз (монтажсыз) видеоның бірі атуы мүмкін. (Атуы - бәріне қызықты)
5) Алғашқыда 1000 жазылушы және 4000 сағат қаралым керек, оған жету үшін кемі 50-видео, және видео арасы 1-апта болсын.
(Мен 1К жазылушы 55 күнде 55-видео арқылы жеттім, ал 4К сағатты 4-айдан кейін ғана жетті)
Жалпы, бәріне ютуб жүргізуге кеңес беремін! Және басында ютубқа бола шығандалудың қажеті жоқ. Себебі басында тыңдарманға бәрібір, қандай аппаратураны қолдансаңда, беретін ақпаратыңа қарайды. Сол үшін шығындарды ақтамайды.
Жаңа қазақ тілді ютуб каналдар көптеп ашылсын!!!

👍31🏆7
Forwarded from Kazakh in Cardiff (I was)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дизайнер әріптесіңе жіберіңіз, жақсы жаңалыққа қуанып қалсын.
Жай мәтін жазу арқылы дизайн жасап, тіпті соны артынан фигмада өзгерте берсе болады. Әзірге жабық бетада, кезекке тұру үшін мына жерге тіркелу керек

👍13🔥2
Қазір ютубта Үздіктер 2.0 жобасы жайлы толығырақ айтатын боламыз.
https://youtu.be/bYIaxypRBtI
Видеоны таныстарыңызға таратыңыздар!
Жоба жайлы естімей қалмасын🙌
https://youtu.be/bYIaxypRBtI
Видеоны таныстарыңызға таратыңыздар!
Жоба жайлы естімей қалмасын🙌
👍6
Көктемнің алғашқы күні құтты болсын!
Біз “Үздіктер 2.0” жобасын ресми бастадық!!!
Енді осы апта соңына дейін 1-2 сабақтарды көріп, кемі 1 есеп шығаруы керек!
1-сабақ сілтемесі:
https://youtu.be/o3cN2QJsIVw
2-сабақ сілтемесі:
https://youtu.be/dJQMboE0fW4
Ал 5-наурызда келесі 3-4 сабақтар ашылып, олардың сілтемелері сәйкесінше тек жобаның чат-группаларында бөлісетін болады.
Сол апта соңына дейін (11-наурыз) кемі 10-есеп шығарылуы тиіс!
Жобаның соңына дейін қалуларыңды нәсіп етсін! Ал сәттіліктер!!!
Жоба жайлы толығырақ:

👍5❤2❤🔥1
Forwarded from Erkin Adamdar
AI құралдар: (05.03.2023 Данияр Муханов)
Кейбірі тегін, кейбірі ақылы, кейбірі жабық бетада
Youtube Whisperer - OpenAI Whisperer көмегімен кез келген YouTube бейнелерінен мәтінге айналдыру
Vidyo AI - AI көмегімен ұзақ бейнелерден әлеуметтік қолдануға дайын қысқа клиптер жасаңыз
Кітаптармен сөйлесіңіз - 100 000 кітапқа сұрақтарыңызды қойып, бірнеше секунд ішінде шығармашылық жауаптар алыңыз
Scribble Diffusion - AI (Сілтеме) көмегімен эскизіңізді таза кескінге айналдырыңыз
Playground - суреттерді мәтінмен өңдеңіз
FontParing - бұл AI құралы сізге ешқандай күш жұмсамай-ақ ең жақсы қаріптер комбинациясын береді
Browse AI - кез келген веб-сайтты кодсыз 2 минут ішінде сыпырып алыңыз(scrape) немесе бақылаңыз
Imagic - бұл керемет мәтінге негізделген нақты кескінді өңдеу құралы
Detangle AI - заңды құжатты адамша (заңгерше емес) қорытындылаңыз
Blockadelabs - 360 градустық бейнелерге мәтін жіберу
Brancher AI - кодтаусыз жаңа AI құралдарын жасаңыз
Altered AI - Даусыңызды түрлендіріңіз
upscale.media - AI көмегімен кескінді тегін кеңейту
Papercup - Бұл AI кез келген бейнені кез келген тілде көруге мүмкіндік береді
ChatGPT: 2021 және одан бұрынғы мәтіндердің үлкен жинағында оқытылды. Тегін, бірақ жауаптарды жылдамдату және сұраныстың ең жоғары кезінде пайдалану үшін айына $20 тұрады.
The new Bing: ChatGPT негізіндегі сөйлесулер және Bing ішіндегі іздеу нәтижелері. Шектеулі бета нұсқасы күту тізіміне қосылуды қажет етеді.
Perplexity.ai: Сұрақтар қойыңыз және қадағалаңыз, дәйексөздер арқылы тікелей жауаптар алыңыз. Ешқандай шектеусіз пайдалануға тегін.
YouChat: Сұрақтар мен бақылауларды қойыңыз және ChatGPT стиліндегі әңгімелерге қатысыңыз. Тегін; кіру қажет.
NeevaAI: Дәйексөздермен, содан кейін стандартты іздеу нәтижелерімен тікелей, AI арқылы жасалған жауаптарды алыңыз. Тегін; кіру қажет.
Vowel - Видеоколл транскрипциясы (Link)
Excel Formula Bot - Excel формулалары генераторы (Link)
BlueWillow - Midjourney тегін нұсқасы (Link)
Namelix - бұл жасанды интеллект сіз үшін қысқа бренд атауын жасайды. (Link)
ChatGPT Prompt Genius - Сұрауларды(Prompt) сақтауға, табуға және бөлісуге мүмкіндік беретін хром кеңейтімі. (Link)
Runaway - Өте керемет AI бейне редакторы (Link)
Ghostwrite - Gmail қызметінде жұмыс істейтін электрондық пошта көмекшісі (Link)

👍11⚡4🔥2
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Қайырлы таң!
Тамаша жаңалықты қабыл алыңыздар, қазақша питон тіліне нұсқаулық кітапшасы!
https://itboo.kz/PythonBook.pdf

👍18🔥8
Электрондық компьютер және есептеулер бойынша 17-ші халықаралық конференция
(ICECCO 2023).
Барлық қабылданған жұмыстар жоғары бағаланған IEEE Xplore және Scopus дерекқорларында индекстеледі.
Конференция туралы қосымша ақпаратты https://icecco.net/ сайтынан табуға болады.
———————————————
The 17th International Conference
on Electronics Computer and Computation
(ICECCO 2023).
All accepted papers will be indexed in the highly-rated IEEE Xplore and Scopus databases.
More information about the conference can be found at https://icecco.net/

👍5🔥3
Forwarded from Kazakh in Cardiff (I was)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тағы да AI құрал, тағы да адамды жұмыссыз қалдыру. Star Wars түсіретіндерге рахат боп қалатын болды ғой мынау.
Бұндай эффектті қалай жасауға болады?
1. Өзіңізге ұнайтын жануарды таңдаңыз
2. img2img + ControlNet көмегімен оның паранормал нұсқасын жасаңыз
3. Бейнені түрлендіру үшін оны EBSynth арқылы өткізіңіз
4. topazlabs арқылы пост процесс жасаңыз
дереккөз

👨💻11👍2
Пайтындағы тізім(list), кортеж(tuple), жиын(set), сөздікке (dictionary) қысқа шолу
#python #datastructures #beginnersguide
https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/python--дерек-жиындарының-түрлері-5da9dfb1272

Medium
Python: дерек жиындарының түрлері
Пайтында деректер жиынын сақтауға арналған 4 кіріктірілген негізгі деректер құрылымы бар. Олар тізім(list), кортеж(tuple), жиын(set)…
👍17👏1
Forwarded from Aman world (Aman Utemuratov)
High Performance Browser Networking
High Performance Browser Networking - бұл әрбір веб-әзірлеуші оқуы керек кітап. Ол желіні құру негіздерінен бастап веб өнімділігіндегі соңғы(2014ж) инновацияларға дейін кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.
Кітап заманауи веб-қосымшаның анатомиясы және оның өнімділігіне әсер ететін факторлар сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар желінің түрлерін, 4G, 5G, LTE, Wifi, тасымалдау протоколдары (TCP, UDP т.б.), бағдарламада қолданылатын протоколдар, CDN, caching туралы да тақырыптарды қамтыған. Кітап сонымен қатар HTTP 1/2.0, WebSocket және WebRTC сияқты тақырыптарды веб өнімділікке қатыстырып қамтиды.
Кітаптан кейбір негізгі үзінділер:
📌 Веб-қосымшаның өнімділігі өте маңызды. Веб-қосымшаның баяу болуы пайдаланушылардың фрустрациясына, ал ол өз кезегінде табыстың жоғалуына әкеледі. Зерттеулер бойынша юзерлер сайтта бір нәрсені 0.2сек күтіп қалса “lag” деп атайды екен. Ал 1 секундқа ұзап кетсе юзердің назары басқа нәрсеге ауысып кетеді екен.
📌 Желі - веб қосымшаның өнімділіктегі ең үлкен bottleneck болып табылады.
📌 UDP протоколы қолдану кей жағдайларда TCP протоколын қолданудан қарағанда жақсырақ шешім болуы мүмкін.
📌 Content delivery network(CDN). Ол дегеніміз серверлерді барынша юзерлерге жақын қою. Пакетті Latency жылдамдату қолдан келмес, бірақ серверлерді жақынырақ қою әбден мүмкін нәрсе. Жылмадықты арттыра алмасақ та қашықтықты азайтуға болады.
📌 Өнімділікті жақсарту үшін Load balancer пайдаланыңыз. Load balancer – трафикті бірнеше серверлер бойынша тарататын сервер.
📌 Өнімділікті жақсарту үшін кэштеу тәсілін пайдаланыңыз. Кэштеу - жиі қолданылатын ресурстардың көшірмелерін сақтау. Клиент ресурсқа сұраныс жасағанда, сервер кэштен ресурсты қайтара салады, ол ары қарай серверлерге жасалуы қажет сұраулар санын азайту арқылы веб-қосымшалардың өнімділігін жақсарта алады.
Жалпы жазып кеткенімнің барлығы кітапта жазылған айсбергтің ұшы ғана. Веб өнімділігі туралы көбірек білгіңіз келсе, кітапты оқуды ұсынамын. Бұл сізге веб өнімділік тақырыбы туралы білуіңіз керек барлық нәрсені үйрететін жан-жақты және жақсы жазылған кітап.
#кітап #highperfomancebrowsernetworking #amanworld #кітапқашолу

👍5⚡1
Тізім (list) — тереңдетілген Python
#python #datastructures #lists #advancedpython
https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/тізім-list-тереңдетілген-python-540633810169

Тізім — реттелген, өзгермелі деректер жиынтығы. Жиындардан айырмашылығы, тізімдер ұқсас деректерді сақтай алады. Деректер тізбегін сақтап…
🙏4❤1
Үздіктер жобасы бойынша acmp-да шығарған есептер саны 150-ден асқан қатысушылардан кодинг интервью аламыз. Яғни есептер беріп, соны талдаймыз. Видеоны көріп, бағасын беріңіз.
https://www.youtube.com/watch?v=NRsGDEd5g9M
Үздіктер жобасы жайлы толығырақ осы видеода
https://www.youtube.com/watch?v=bYIaxypRBtI&t=0s

👍8
Forwarded from Тимурдан Инфо | it&tech
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жыланды 7 кессең де кесірткедей қауқары бар деген…
Google қанша дегенмен оңай берілмейді ғой. Өзініғ жасанды интеллект құралын біртіндеп Gmail, Google Docs сияқты өнімдеріне енгізе бастапты. Былай қарағанда, Notion AI-ға ұқсайды. Сұрайсың, ар жағын өзі жазып береді.
Мысал видеода☝️
@timurbektur

❤11
IT мамандықтар: фронтенд, мобайл, десктоп
(1-бөлім)
#clientside #frontend #mobile #desktop #it
https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/it-мамандықтар-1af3c405fbe1
2-бөлімге сілтеме

Оқырмандарда IT туралы толық түсінік қалыптасар деген ниетте жазбақпын.
❤7👍2
Алдағы аптада Информатикадан Жасөспірімдерге арналған олимпиада басталады екен. Дайындықтарыңыз қалай?
Өткен жылғы 7-сынып информатика есептерінің талдауын көріңіздер.
https://www.youtube.com/watch?v=7brTR28EYXA&ab_channel=ITbilim

7-сынып Жасөспірімдер Олимпиадасы [ Информатика] (C++/Python)

Облыстық Юниор Олимпиадасы (C++/Python) [7-сынып Информатика]

👍4
Forwarded from Codeforces KZ
Бүгін кешкі сағат 20:35-те енді ғана бастағандарға арналған ресми див 4 рейтингтік контестінен қалып қоймаңыздар!!
Рейтинг көтеруге тамаша мүмкіндік!
https://codeforces.com/contests/1807
Рейтинг көтеруге тамаша мүмкіндік!
https://codeforces.com/contests/1807
Forwarded from 🇰🇿ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
🧠ЕЛ БОЙЫНША 900-ДЕН АСА ОҚУШЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА БАҚ СЫНАЙДЫ
📖20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарларды «Дарын» РҒПО мамандары.
Бұл - математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.
🎲«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і олимпиадалық резерв мүшелері.
📌Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

IT bilim
IT мамандықтар: фронтенд, мобайл, десктоп (1-бөлім) #clientside #frontend #mobile #desktop #it https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/it-мамандықтар-1af3c405fbe1 2-бөлімге сілтеме
IT мамандықтар: девопс, бәкенд
(2-бөлім)
#devops #backend #serverside
https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/it-мамандықтар-девопс-бәкенд-a99cc87a1bbe
1-бөлімге бөлімге сілтеме

Қарасаңыз devOps бір ауыз сөз. Бірақ оған көп зат кіреді. IT компанияның “бойына қан жүргізеді”, әртүрлі қауымдардың басын бір арнаға…
👍9