Forwarded from Aman world (Aman Utemuratov)
High Performance Browser Networking
High Performance Browser Networking - бұл әрбір веб-әзірлеуші оқуы керек кітап. Ол желіні құру негіздерінен бастап веб өнімділігіндегі соңғы(2014ж) инновацияларға дейін кең ауқымды тақырыптарды қамтиды.
Кітап заманауи веб-қосымшаның анатомиясы және оның өнімділігіне әсер ететін факторлар сияқты тақырыптарды қамтиды. Сонымен қатар желінің түрлерін, 4G, 5G, LTE, Wifi, тасымалдау протоколдары (TCP, UDP т.б.), бағдарламада қолданылатын протоколдар, CDN, caching туралы да тақырыптарды қамтыған. Кітап сонымен қатар HTTP 1/2.0, WebSocket және WebRTC сияқты тақырыптарды веб өнімділікке қатыстырып қамтиды.
Кітаптан кейбір негізгі үзінділер:
📌 Веб-қосымшаның өнімділігі өте маңызды. Веб-қосымшаның баяу болуы пайдаланушылардың фрустрациясына, ал ол өз кезегінде табыстың жоғалуына әкеледі. Зерттеулер бойынша юзерлер сайтта бір нәрсені 0.2сек күтіп қалса “lag” деп атайды екен. Ал 1 секундқа ұзап кетсе юзердің назары басқа нәрсеге ауысып кетеді екен.
📌 Желі - веб қосымшаның өнімділіктегі ең үлкен bottleneck болып табылады.
📌 UDP протоколы қолдану кей жағдайларда TCP протоколын қолданудан қарағанда жақсырақ шешім болуы мүмкін.
📌 Content delivery network(CDN). Ол дегеніміз серверлерді барынша юзерлерге жақын қою. Пакетті Latency жылдамдату қолдан келмес, бірақ серверлерді жақынырақ қою әбден мүмкін нәрсе. Жылмадықты арттыра алмасақ та қашықтықты азайтуға болады.
📌 Өнімділікті жақсарту үшін Load balancer пайдаланыңыз. Load balancer – трафикті бірнеше серверлер бойынша тарататын сервер.
📌 Өнімділікті жақсарту үшін кэштеу тәсілін пайдаланыңыз. Кэштеу - жиі қолданылатын ресурстардың көшірмелерін сақтау. Клиент ресурсқа сұраныс жасағанда, сервер кэштен ресурсты қайтара салады, ол ары қарай серверлерге жасалуы қажет сұраулар санын азайту арқылы веб-қосымшалардың өнімділігін жақсарта алады.
Жалпы жазып кеткенімнің барлығы кітапта жазылған айсбергтің ұшы ғана. Веб өнімділігі туралы көбірек білгіңіз келсе, кітапты оқуды ұсынамын. Бұл сізге веб өнімділік тақырыбы туралы білуіңіз керек барлық нәрсені үйрететін жан-жақты және жақсы жазылған кітап.
#кітап #highperfomancebrowsernetworking #amanworld #кітапқашолу

👍5⚡1