inDriver_final_full_version.pdf
881.9 KB
#it #indriver #ebook #freebook
Көпшіліктің сұрауымен InDriver-дің негізін қалаушы Әрсен Томский өз кітабінің PDF-нұсқасын тегін жариялапты.
Кітаптан қазақтар туралы үзінділер 👇🏻

🔥4🤩3❤1
#it #indriver #ebook #freebook
"inDriver: От Якутска до Кремниевой долины. История создания глобальной технологической компании"
Қазақтар туралы үзінділер 👇🏻
Сақа халқына туыс қазақ елінде болған аса қызық. Бір бірімізге қатты ұқсаймыз, бәлкім кезінде бір халық болған шығармыз. Азиаттармен жиі араласатындар сақа мен бурят, мұңғұл, кәрісті көбіне шатастырмайды. Ал қытай, жапонмен шатастыру мүлдем мүмкін емес. Бірақ қазақ пен сақаға келсек, кім-кім екенін анықтау қиын. Қазақ елінде болған сайын, алыс бір оңтүстікке жылжып кеткен Сақа елінде болғандай күй кешемін, өте қызық зат! Қазақ елінде мені бәрі бір туған санайды.
Қазақтар сақаларға қарағанда әңгімеге жақсы, танымайтын адам демей, еркін сөйлесе береді, көпшіл, позитивті. Бірақ бір затымыз қатты ұқсас - бұл мақтаншақтық. Көбіне орта статистикалық қазақ дәл сақа сияқты керемет көлік, смартфон, жұбайына үлбір тон алу үшін қарыз алады, соңғы ақшасын құртады.
Мен келген Алматыда такси жұмысы мені таң қалдырды. Интернет-агрегаторлар мен ірі желілік компаниялар пайда болғанға дейінгі ресейліктер сияқты қазақтар ешқайда қоңырау шалмай, көшеде қол бұлғап көлік ұстай береді. Бірақ Ресейде сіз солай көлік ұстаймын деп көп тұрып қалуыңыз мүмкін, ал Қазақ елінде бір қол сілтесеңіз бірден көлік, кейде бірден бірнешеуі тоқтайды. Көліктер жолаушы маған тиер, алдымдағы көлікпен келіспес деп үміттеніп кезекке тұрыпта жатады. Бәрі шетінен таксист. Тіпті қымбат жол талғамайтын көлік иелері жұмысқа барғанда, үйге қайтқанда бос қайтпай адам тасып азын аулақ ақша жасайды.
Астанада да дәл солай, сомен қоса таксиге қолайлы ауа-райыда бар. –40 °С аязда жел жиі қатты соғады, бұндай кезде кісілер көбіне баратын жеріне көлікпен жеткенді құп көреді. Оның үстіне солтүстік Дубай болғысы келетін өршіл және қарқында дамушы қалада орташа табыс жоғары болғасын халық жиі такси жалдай алады.
2014 жылы Қазақстанда желілік компания, агрегаторлар болған жоқ. Елге қайтқан соң, келе сала жігіттерге бірден айттым: әрекет жасау керек, ар жақта бізді не сәтсіздік, не үлкен жетістік күтіп тұр - деп. Таксиге сұраныстың жоғарлығы, барлық көлік жүргізушілердің жеке ақылы тасымалмен айналысуы маған сенім берді.
Дайындық жұмыстарымыз Қазақстанда орыс тілінің және ВКонтакте сияқты таныс платформалардың қолданылуына байланысты ресейлік қаланы іске қосу дайындығынан ерекшелігі болмады, 2014 жылдың желтоқсан айында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) индрайуер қостық. Бұл Индрайуердің Ресейден тыс және сол кездегі үлкен қалаға бірінші шығуы болды: Қазақстан астанасында миллионға жуық адам тұрады. Алғашқы күндер не болар екен деп уайымдадық, бақыладық. Бірте-бірте көз алдымызда ғажайып болды, Астанада бірнеше аптада біздің көрсеткіштер көкке ұшты. Сәті түсіп, бірден бірнеше фактор жақсы әсер етті: нарықта бізден басқа ешкімнің жоқтығы, жоғарыда айтылғандай жүргізушілердің белсенділігі, сұраныстың, халық жағдайының жоғарлығы, смартфондардың көптігі, халықтың сауда, үнемдеуге жақындығы, сонымен қатар жаңа өнім туралы хабарды таныстарына бөліскенді ұнататындары әсер етті.
Сондай-ақ "Индрайуердің" Ресейден шыққан батыстың озық технологиялық жаңалығы ретінде саналғанына алғаш рет кез болып, таңғалдық. Сақа елі, Қазақ елінен әлдеқайда шығыста болса да, ел жұрт осылай ойлады. Такси бизнесінде біз ескірген түйме телефондардың арасындағы айфон сияқты болдық. Астана "Индрайуер" үшін үлкен жетістік болып тобымызды одан сайын шабыттандырды.
Қазақ тіліне аударған: https://t.me/it_bilimkz
Кітаптің PDF-нұсқасына сілтеме 📌

👍11❤2👏1🤩1