Институт Автоматики и Информационных технологий️
1.93K subscribers
317 photos
115 videos
12 files
1.15K links
📱Телефон: 8-(727)-320-41-34 (вн. номер: 71-34)
🌐Почта: itech@satbayev.university

PolyTech Tallks: https://www.youtube.com/channel/UCoFW4TycN1FeJ3rkTg3qq5w
Download Telegram
🚀 AI ХАКАТОН 2026 | ТҮРКІСТАН

Жасанды интеллект арқылы қаржылық қауіпсіздікке үлес қосуға дайынсың ба?

📌 «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕ» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңді AI Хакатон өтеді!

📍 Өтетін орны: Түркістан қаласы, Congress Hall
📅 Күні: 25–26 ақпан 2026 жыл
📌 Форматы: онлайн + офлайн

🎯 Ұйымдастырушылар:
– Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті
– Түркістан облысы әкімінің аппараты
– Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

👥 Қатысушылар:

Түркістан облысының мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері.

Команда құрамы: 2–5 адам
1 жетекшіге (мұғалім/оқытушы/тәлімгер) рұқсат етіледі.

🧠 5 бағыт бойынша жобалар қабылданады:

1️⃣ AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау
2️⃣ Лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу
3️⃣ Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді анықтау
4️⃣ Заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, пирамидалар, алаяқтық сайттарды анықтау
5️⃣ Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар, қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыт

📌 Жоба талаптары:

✔ Жоба AI технологияларына негізделген болуы тиіс
✔ MVP немесе дайын IT-шешім деңгейінде ұсынылуы қажет
✔ Практикалық қолдануға және масштабтауға жарамды болуы тиіс
✔ Авторлық жұмыс болуы міндетті
✔ Академиялық адалдық пен ҚР заңнамасына толық сәйкес болуы қажет

📅 I кезең – Онлайн іріктеу

🗓 Өтінімдер 23 ақпан 2026 жыл, 23:59-ға дейін қабылданады

– Өтінім мына https://ai-hackathon.ayu.edu.kz хакатонның ресми интернет-ресурсындағы тіркеу формасы арқылы беріледі
– Жоба материалдары (8 бетке дейінгі презентация, MVP сипаттамасы, демо-сілтеме және т.б.)
📧 ai-hackathon@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберіледі
– Хакатонның ресми интернет-ресурсында хакатон туралы толық ақпарат қамтылған ережемен таныса аласыздар

📌 Әр бағыт бойынша 3 командадан, барлығы 15 команда финалға өтеді.

🏁 II кезең – Финал (офлайн)

📍 26 ақпан 2026 жыл
📌 Түркістан қаласы, Congress Hall

Формат:
3 минут – таныстыру
2 минут – сұрақ-жауап

Қазылар алқасы:
мемлекеттік орган өкілдері, ЖОО сарапшылары, AI және IT мамандары.

🏆 Жүлде қоры — 10 000 000 ₸

Әр бағыт бойынша — 2 000 000 ₸:

🥇 I орын – 1 000 000 ₸
🥈 II орын – 700 000 ₸
🥉 III орын – 300 000 ₸

#AIHackathon #AIDәуірі #Түркістан #ЖасандыИнтеллект #CyberSecurity #FinTech #Students #FutureBuilders