Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Уран алыбы 🚀Қазатомөнеркәсіп бір айда -13,87% құлдырады.

Сарапшы 🔍Тұрардың пікірінше, көптеген жеке инвестор акция сатып алғаннан кейін оның бағасы ай сайын үздіксіз өсуі керек деп күтеді. Ал алғашқы төмендеу басталған сәтте алаңдай бастайды. Оның айтуынша, бір жылдың ішінде қажет болуы мүмкін қаражатты акцияға салмаған дұрыс, мұндай ақша үшін депозит қолайлы.

Ал акцияларға кемінде бес жылдық инвестициялық көкжиекпен қарау керек.

Сарапшы 🚀Қазатомөнеркәсіп акциясының қазіргі төмендеуіне қарамастан, ұзақмерзімді нәтиже әлі де оң екенін атап өтті. Оның есебінше, акция бағасы 44 мың теңгеден 29,3 мың теңгеге дейін түскенімен, соңғы бес жылдағы таза бағалық кірістілік 83,8% болып отыр. Ал акция биржада саудалана бастаған кезден бергі өсім 477%-ға жеткен. Бұл көрсеткішке компания төлеген дивидендтер кірмейді.

🔍 JaiSandar.kz сайтында жалпы уран нарығындағы үш гигант/индикторды бір графикте көріп салыстыруға болады. 🚀KZAP , 🔍Cameco, 🔍ETF URA (фото)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Орталық Азия экономикасы. Қазақстанның өңірдегі үлесі кейбір жылдары 65,5 пайызға дейін жеткен.
👮‍♂️Yandex Қазақстанда 2025 жылы 28,9 млрд теңге салық төледі

Қазақстандағы Yandex сервистерімен байланысты негізгі компаниялар 2025 жылы бюджетке шамамен 28,94 млрд теңге салық аударған. JaiSandar ашық салық деректеріндегі компаниялардың төлемдерін жинақтап есептеді.
Ең көп салықты Y. Taxi Qazaqstan төлеген. Компанияның 2025 жылғы төлемі 19,84 млрд теңгені құрады. Бұл есепке кірген Yandex компанияларының жалпы салық аударымының 68,5%-ы.


Одан кейін Y. Jetkizu — 3,22 млрд теңге, ал FUNTECH — 3,19 млрд теңге салық төлеген.
Y. Tagam бюджетке 1,42 млрд теңге, Y. Izdeu Men Jarnama — 1,09 млрд теңге аударған.
Y. Lavka компаниясының салық төлемі 167 млн теңге болды. Ал Y. Bastau небәрі 16 млн теңге салық төлеген.
Жалпы алғанда, есепке кірген жеті заңды тұлғаның 2025 жылғы салық аударымы 28,94 млрд теңгеге жетті.

Айта кетейік, бұл Yandex тобының ресми шоғырландырылған есебі емес. Көрсеткіш Қазақстандағы ашық салық деректерінде көрсетілген және Yandex сервистерімен байланысты негізгі заңды тұлғалардың төлемдерін қосу арқылы есептелді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11 қазан күні Ресейдің Владимир облысындағы Yandex дата-орталығы дрон шабуылынан кейін жұмысын тоқтатты. 🖊️Reuters мұны соңғы бірнеше күндегі Yandex инфрақұрылымына жасалған үшінші ірі соққы деп жазды. Осыдан кейін Қазақстанда да Yandex Go және басқа сервистерде ақау тіркелді; Yandex Qazaqstan мәселені ресми растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍Jaisandar Ресейде құрылған немесе ресейлік технологиялық бизнеспен байланысты 21 цифрлық платформаны зерттеді.

Бұл компаниялар экономиканың әртүрлі деңгейінде жұмыс істейді. Біреулері тұтынушымен тікелей байланысады: сауда, карта, жұмыс іздеу. Енді біреулері бизнестің ішкі жүйесінде отыр: есеп, CRM, қойма. Ал бұлт пен киберқауіпсіздік компаниялары деректердің өзін сақтап, қорғайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Teniz Capital: Yandex-тегі ақау Қазақстандағы такси нарығын өзгертуі мүмкін

🇰🇿Teniz Capital сарапшылары Yandex инфрақұрылымындағы соңғы ақаулар Қазақстандағы такси мен жеткізу нарығында бәсекені күшейтуі мүмкін деп есептейді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайлар қайталанса, жолаушылар мен жүргізушілер балама платформаларға тұрақты ауыса бастауы мүмкін.

🚕Yandex Go жүргізушілері мен таксопарктері 2025 жылдың қаңтар–қазанында Қазақстанда 521,8 млрд теңге тапқан. Бұл орта есеппен күніне 1,72 млрд теңге. Егер қалыпты сапарлардың жартысы орындалмаса, тәулігіне шамамен 858 млн теңге, ал бір аптада 6 млрд теңгеге жуық табыс тәуекелге түсуі мүмкін.

🇰🇿Teniz Capital мұндай жағдайда inDrive, Tez Taxi, APARU, Region, Tappy Taxi, JET Sharing секілді сервистер қосымша сұраныс ала алады деп санайды. Сонымен қатар Kaspi мен BTS Digital/Aitu тәрізді ірі экожүйелер үшін де такси және жеткізу нарығына кіру мүмкіндігі пайда болуы ықтимал.

Сарапшылардың ойынша, ең жылдам жол — дайын клиенттік базасы бар қаржы экожүйесі мен жұмыс істеп тұрған такси агрегаторының серіктестігі. Бұл жерде банк аудитория мен төлем инфрақұрылымын берсе, оператор жүргізушілер мен тапсырыстарды қамтамасыз етеді.
Бірақ Yandex тез қалпына келіп, жеңілдіктер арқылы бәсекені күшейтсе, жаңа ойыншыларға нарықта орнығу оңай болмайды. Сондықтан негізгі сұрақ — уақытша келген клиентті кейін кім ұстап қала алады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қаңтар шілде айларындағы Қазақстан экспорты

Достар, JaiSandar.kz сайтында Сыртқы сауда рубрикасы дайын. Ол жерден сіз кез-келген тауардың экспорт/импорт мәліметтерін таба аласыз. Сонымен қатар қай елдерге, қай өңірлерге, қанша үлес, соммасы, физикалық өлшемі барлығы автоматты түрде шығады. Кез келген форматта мәліметті фото/құжат/карта/инфографика түрінде лезде жүктеп алуға болады.

Тек қана тауар емес елдер арқылы да талдауға болады. Салалар арқылы талдауды (фотодағыдай) жүктеп алуға болады. Тау кен/ АӨК/өңделген өнім/ тамақ деген сияқты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мысалы: бидай таңдап
📈📉 күн қорытындысы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2027 жылдың бюджетін қарадым. Бюджет әзірше тек жоспар түрінде, жақын күндері Құрылтай қабылдауы тиіс.

Келесі жылдың бюджетінде бір қызық жағдай тіркелді: Әлеуметтік блокқа берілетін қаржы өсуін тоқтатты деп айтсақ болады. Басқа басқа социалька әрқашан қостаңбалы пайызбен өсіп отыратын. Бірақ 2027 жыл емес. Жыл сайын кем дегенде 600-900 млрд теңгеге көбейіп отыратын.

🔍 Үкімет 2027 жылдың әлеуметтік қамсыздандыру шығынын 6,86 трлн тг (~15 млрд доллар) деп, Құрылтайдың қарауына жіберді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈📉 индексі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Jai Sandar
2027 жылдың бюджетін қарадым. Бюджет әзірше тек жоспар түрінде, жақын күндері Құрылтай қабылдауы тиіс. Келесі жылдың бюджетінде бір қызық жағдай тіркелді: Әлеуметтік блокқа берілетін қаржы өсуін тоқтатты деп айтсақ болады. Басқа басқа социалька әрқашан қостаңбалы…
👤ҚР Премьер министрі

Үкімет алдағы 3 жылда әлеуметтік көмек есебінен 2,3 трлн теңге үнемдемек.

🔍Формула: жағдайы жақсы адамдар әлеуметтік жәрдемақылардан тыс қалмақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тек екеуі плюсте
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚀ҚазАтомПром акциясы бүгін тағы -1,9% жоғалтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан банктерін кімдер бақылайды?

Қазақстан банк секторындағы ірі активтердің басым бөлігі санаулы акционерлер мен бизнес-топтардың бақылауында. Тамыздағы дерекке қарасақ, ең ірі банк активі Тимур және Динара Құлыбаевтармен байланысты топқа тиесілі.
🔹Тимур және Динара Құлыбаевтар — 21,5 трлн теңге
Олардың бақылауындағы негізгі актив — Halyk Bank. «АЛМЭКС» холдингі банктің шамамен 62%-ын иеленеді.
🔹Kaspi.kz — 10,7 трлн теңге
Kaspi.kz Kaspi Bank-тің 86%-ына иелік етеді. Банктің актив көлемі бойынша бұл елдегі екінші ірі жеке қаржы тобы.
🔹Бақытбек Байсейітов — 8,95 трлн теңге
Оның бақылауындағы Банк ЦентрКредиттің активтері соңғы жылдары айтарлықтай өсті. Байсейітовтің банктегі үлесі — 51,76%.
🔹Мемлекет — 6,05 трлн теңге
«Бәйтерек» холдингі арқылы мемлекет Отбасы банкін 100% бақылайды.

🔹Болат Өтемұратов — 5,51 трлн теңге
Онымен байланысты ForteBank активтері осынша. Өтемұратовтың банктегі үлесі — 90,92%.
Одан кейінгі топта:
Вячеслав Ким — Alatau City Bank, 3,27 трлн теңге;
— Тимур Турлов — Freedom Bank, 3,04 трлн теңге;
— Ибрағимовтар — Еуразиялық банк, 2,85 трлн теңге;
— Владимир Ким — Bank RBK, 2,77 трлн теңге.
Бұдан бөлек Bereke Bank, Citi, Bank of China, ICBC және бірнеше шағын банктің активтері жекелеген халықаралық және жергілікті акционерлердің бақылауында.
Ең қызығы — алғашқы үш топтың өзінде 41 трлн теңгеден астам банк активі шоғырланған. Бұл Қазақстан банк секторындағы капиталдың қаншалықты ірі бизнес-топтарға жинақталғанын көрсетеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Күн қорытындысы

🚀KZAP тағы минуста -0,7%
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
1991-2025 жж Алматы қаласында салынған ғимараттар | 🔍JaiSandar.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Juma | қор нарығы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 ASTANA
1997-2026 | JaiSandar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM