Сонымен нарық болжағандай бас банк пайыздық мөлшерлемеге ПАУЗА қойды
📈 Инфляция 11,3%, ал халықтың инфляциялық күтулері 14,1%-ға жетті. Бұрынғы болжаммен салыстырғанда жоғарырақ диапазон белгіленді: бас банк жоғары инфляция алда екеніне сенімді
🙃 Баға қысымы сақталуда: тарифтер, азық-түлік, сұраныс – бәрі қымбаттауда.
🙃 Мұнай арзандауда, ал инфляцияның 5%-ға дейін баяулауы тек 2027-де ғана күтілуде. Экономикалық өсім инфляциямен қатар жүріп отыр, яғни "қызған" экономика деген сөз.
🙃 Бас банк биыл 5-6 пайыздық ЖІӨ өсіміне сеніп отыр. Бұл қатаң саясат несие алуды, инвестицияны, бизнесті тежейді – бірақ инфляцияны бақылауда ұстайды.
📆 Келесі шешім – 11 шілдеде.
ҰБ қатаң ақша-кредит саясатын сақтап қалуға мәжбүр. Қысым жоғары, сенім төмен.Бұл факторлардың жиынтығы Ұлттық Банкті базалық мөлшерлемені төмендетпеуге, тіпті қажет болса көтеруге дайын болуға итермелеп отыр.
📈 Инфляция 11,3%, ал халықтың инфляциялық күтулері 14,1%-ға жетті. Бұрынғы болжаммен салыстырғанда жоғарырақ диапазон белгіленді: бас банк жоғары инфляция алда екеніне сенімді
📆 Келесі шешім – 11 шілдеде.
ҰБ қатаң ақша-кредит саясатын сақтап қалуға мәжбүр. Қысым жоғары, сенім төмен.Бұл факторлардың жиынтығы Ұлттық Банкті базалық мөлшерлемені төмендетпеуге, тіпті қажет болса көтеруге дайын болуға итермелеп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бюджетті кім толтыруда?
2025 жылдың алғашқы 4 айында ҚР Кірістер комитетінің есебінше өңірлер Республикалық бюджетке 3,1 трлн теңгеден астам салық төлеген. Өңірлердің ішінде Алматы қаласы бюджеттің 1/3 бөлігін толтыруда. Толығырақ -бюджет

Төртінші бөлім (Өңірлер бюджеті)
2025 жылға бекітілген өңірлердің бюджетін жергілікті тұрғындардың санына бөлсек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Central Asia - China
Орталық Азияның Қытаймен сауда байланысы биыл 100 млрд долларға жетуі мүмкін. Қытай соңғы 4 жылда С5 (Орталық Азия) елдерімен тауар айналымын 2,7 есеге артты. Ресей-Украина қақтығысына дейін өңірде Ресей басты сауда серектесі болатын, алайда соңғы жылдары екі елдің арақашықтығы айтарлықтай алыстады. Осылайша Қытай Ресейді өңірден ығыстыруда Толығырақ-мында

Республикалық бюджет тапшылығы 12%
Қаржы министрлігі жариялаған мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың алғашқы 5 айында республикалық бюджет кірістерінің орындалу деңгейі📤 88%.
Бюджет тапшылығы сақталуда, дефицит📤 12% теңгемен 1,2 трлн теңге кіріс келмей тұр. Фиксалды саясаттың дағдарысы әлі де байқалады.
ҚҚС салығының жиналуы қайтадан төмендеп барады.(қаң-сәу) КТС (КПН) жоспардан жоғары орындалуда. Ұлттық қор трансферттері жоспардан кеш (лагпен) аударылуда. Үкімет кепілді трансферттер көлемін (2 трлн) толығымен пайдаланған.
Қаржы министрлігі жариялаған мәліметтерге қарағанда, биылғы жылдың алғашқы 5 айында республикалық бюджет кірістерінің орындалу деңгейі
Бюджет тапшылығы сақталуда, дефицит
ҚҚС салығының жиналуы қайтадан төмендеп барады.(қаң-сәу) КТС (КПН) жоспардан жоғары орындалуда. Ұлттық қор трансферттері жоспардан кеш (лагпен) аударылуда. Үкімет кепілді трансферттер көлемін (2 трлн) толығымен пайдаланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге құнсыздануда
1/519
1️⃣ Мұнай бағасының қымбаттауы
2️⃣ Ресей рублінің нығаюы
3️⃣ Доллар индексінің DXY 98,1 тармағы
Негізгі үш фактор да теңге үшін комфорт болуы керек еді. Алайда 21 сәуірден бері ең үлкен құсыздану тіркелді.
Алматыдағы айырбас пунктерінде доллар 520-522 теңгеден сатылуда.
Сұраныс артуда
Маусымдық демалыста халықтың долларға сұранысы артады. Өткенде жазғанымыздай осы айда тарихи (қайталану) факторларға негізделсек теңге құнсыздану траекториясына өтеді.
1/519
Негізгі үш фактор да теңге үшін комфорт болуы керек еді. Алайда 21 сәуірден бері ең үлкен құсыздану тіркелді.
Алматыдағы айырбас пунктерінде доллар 520-522 теңгеден сатылуда.
Сұраныс артуда
Маусымдық демалыста халықтың долларға сұранысы артады. Өткенде жазғанымыздай осы айда тарихи (қайталану) факторларға негізделсек теңге құнсыздану траекториясына өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Банк секторы: 🇰🇿🇺🇿🇰🇬
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Brent маркалы мұнай бағасы келесі аптада күрт өсуі мүмкін.
Бұған бүгін АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысы себеп болуы ықтимал. Егер жағдай ушығып, әсіресе Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнай бағасы $90–100-ден де асып кетуі мүмкін.
Бұл әлемдік нарықтағы ең маңызды сауда жолдарының бірінің жабылуы жаһандық ұсынысқа тікелей қауіп төндіретінімен байланысты.
🔗 Дегенмен, тарихқа сүйенсек, мұндай күрт қымбаттаулар көбіне уақытша ғана болады.
Мұнай қоры жеткілікті елдер мен дипломатиялық қысымның арқасында нарық әдетте тез қалыпқа келеді.
Соғыс соғыспен бірақ мұнай экспорты кестемен Мұнай тасымалы соғысып жатқан елдердің де өмір сүру көзі.
Мысал: Ресей мен Украина арасындағы соғыс кезінде Украина арқылы Еуропаға газ тасымалы тоқтаған жоқ (кейбір бағыттар ғана жабылды).
Бұған бүгін АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысы себеп болуы ықтимал. Егер жағдай ушығып, әсіресе Ормуз бұғазы жабылатын болса, мұнай бағасы $90–100-ден де асып кетуі мүмкін.
Бұл әлемдік нарықтағы ең маңызды сауда жолдарының бірінің жабылуы жаһандық ұсынысқа тікелей қауіп төндіретінімен байланысты.
Мұнай қоры жеткілікті елдер мен дипломатиялық қысымның арқасында нарық әдетте тез қалыпқа келеді.
Соғыс соғыспен бірақ мұнай экспорты кестемен Мұнай тасымалы соғысып жатқан елдердің де өмір сүру көзі.
Мысал: Ресей мен Украина арасындағы соғыс кезінде Украина арқылы Еуропаға газ тасымалы тоқтаған жоқ (кейбір бағыттар ғана жабылды).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дивиденд төлемдері қандай болды?
😉 Қазақтелеком (KZTK)
Биылғы жылдың абсолютті фавориті – Қазақтелеком. Компания бір акцияға 26 664,88 теңге төлеу арқылы 46%-ға жуық дивидендтік табыстылық көрсетті. Алайда сарапшылар мұны бір реттік төлем ретінде бағалауда – бұл мобилді активті (Мобайл Телеком-Сервис) сату нәтижесінде алынған қаржыны арнайы дивиденд түрінде бөлу. Яғни, тұрақты үлгі емес.
🙃 (KSPI): тоқтаған табыс
Fintech алыбы КАСПИ үш тоқсан бойы акционерлерді қуантқанымен, 4-тоқсан үшін дивиденд төлемеуді таңдады. Бұл күтпеген шешім компания акциясының бағасына әсер етті. Дегенмен, төлем көлемі 2 550 теңгемен әлі де жоғары болып отыр.
🙃 Қазатомпром (KZAP): уран нарығының сенімді ойыншысы
1 264,12 теңге мөлшеріндегі дивиденд пен уран бағасының өсуі Қазатомпромды тұрақты табыс көзіне айналдыруда. Айта кетерлігі, компания бойынша нақты дата әлі бекітілмегендіктен, баға 13 маусымдағы көрсеткішпен алынды.
🙃 Halyk Bank (HSBK): тұрақтылық пен болжам
Halyk Bank биылғы есеп бойынша 29,64 теңге төлем жасаса да, инвесторлар бұған асығыс баға бермеуі керек. Себебі, банк жылына екі рет дивиденд төлейтін саясат ұстанады, яғни 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қосымша төлем жасалуы әбден мүмкін. Соңғы екі жылда Halyk-тің дивидендтік табыстылығы 17%-дан асып отыр.
🙃 KEGOC (KEGC): дивидендті аристократ
KEGOC – тағы бір тұрақтылық үлгісі. 163,40 теңге төлем жасаған компания әр жыл сайын дивиденд төлеу дәстүрін үзбей келеді. Оның табыстылығы тұрақты түрде 10% маңайында, бұл – депозиттік кіріспен салыстыруға болады.
🙃 Air Astana (AIRA): жаңа эмитент, алғашқы дивиденд
Биыл алғаш рет IPO-ға шыққан Air Astana 53,7 теңге көлемінде дивиденд төлеуге шешім қабылдады. Бұл компанияның нарыққа деген сенімділігін және таза кірісті бөлісу ниетін білдіреді. Бірақ әлі де даму кезеңінде.
🙃 KazTransOil (KZTO): тарихи рекордтан құлдырауға, қайта оралу
KazTransOil биылғы жылы 86 теңге төлем жасады. Бұл – 9,8% дивидендтік табыстылықты білдіреді. Қызығы, компания 2022 жылы инвесторларды күйзелтіп, дивидендті 5 есеге қысқартқан болатын. Қазір жағдай тұрақталып, KZTO қайта TOP-3 қатарына кіріп отыр.
Биылғы жылдың абсолютті фавориті – Қазақтелеком. Компания бір акцияға 26 664,88 теңге төлеу арқылы 46%-ға жуық дивидендтік табыстылық көрсетті. Алайда сарапшылар мұны бір реттік төлем ретінде бағалауда – бұл мобилді активті (Мобайл Телеком-Сервис) сату нәтижесінде алынған қаржыны арнайы дивиденд түрінде бөлу. Яғни, тұрақты үлгі емес.
Fintech алыбы КАСПИ үш тоқсан бойы акционерлерді қуантқанымен, 4-тоқсан үшін дивиденд төлемеуді таңдады. Бұл күтпеген шешім компания акциясының бағасына әсер етті. Дегенмен, төлем көлемі 2 550 теңгемен әлі де жоғары болып отыр.
1 264,12 теңге мөлшеріндегі дивиденд пен уран бағасының өсуі Қазатомпромды тұрақты табыс көзіне айналдыруда. Айта кетерлігі, компания бойынша нақты дата әлі бекітілмегендіктен, баға 13 маусымдағы көрсеткішпен алынды.
Halyk Bank биылғы есеп бойынша 29,64 теңге төлем жасаса да, инвесторлар бұған асығыс баға бермеуі керек. Себебі, банк жылына екі рет дивиденд төлейтін саясат ұстанады, яғни 2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қосымша төлем жасалуы әбден мүмкін. Соңғы екі жылда Halyk-тің дивидендтік табыстылығы 17%-дан асып отыр.
KEGOC – тағы бір тұрақтылық үлгісі. 163,40 теңге төлем жасаған компания әр жыл сайын дивиденд төлеу дәстүрін үзбей келеді. Оның табыстылығы тұрақты түрде 10% маңайында, бұл – депозиттік кіріспен салыстыруға болады.
Биыл алғаш рет IPO-ға шыққан Air Astana 53,7 теңге көлемінде дивиденд төлеуге шешім қабылдады. Бұл компанияның нарыққа деген сенімділігін және таза кірісті бөлісу ниетін білдіреді. Бірақ әлі де даму кезеңінде.
KazTransOil биылғы жылы 86 теңге төлем жасады. Бұл – 9,8% дивидендтік табыстылықты білдіреді. Қызығы, компания 2022 жылы инвесторларды күйзелтіп, дивидендті 5 есеге қысқартқан болатын. Қазір жағдай тұрақталып, KZTO қайта TOP-3 қатарына кіріп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Байлық бар, бейбітшілік қайда? Таяу Шығыстың заманауи портреті. Толығырақ-мында