Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Компаниялар жарты жылдық есептерін жариялауда.

Таза табыс бойынша 🙃•🙃•🙃 шамамен 1 млрд доллардан таза табысқа қол жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Апта қорытындысы
🔴Қор нарығы қызылға боялды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге күшеюде?

Тоқсандық салық тапсыру аяқталған кезде теңгеге сұраныс артты. Дүйсенбі салық төлеушілер үшін last day. Шарықтау шегі кеше өтті.

ҰБ пен КМС валютаны ➡️теңгеге айырбастауы да бағамға әсерін тигізді.

🙃Ұлттық банк базалық ставканы осы жұма күні көтеруі мүмкін. Осымен теңге үшін ішкі факторлардың жағымды күтімдері аяқталған тәрізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Осы жұмада базалық ставка анықталады

Инфляция 6 ай бойы тоқтаусыз өсіп, тек шілде айында пауза алды. Себебі маусымдық инфляция баға өсімін құтқаруда.

🙃Бас банк базалық ставканы ақпаннан бастап, 16,50 пайызды сақтап келе жатыр. KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында облигацияның құны 16,50-17,00 пайызға дейін көтерілді.

➗Инфляциялық күтулер мен болжамдар да өсіп келеді. Бұл Ұлттық банкке ставканы көтеру мүмкіндігін көрсетеді. Биыл 7 айда ЖІӨ өсімі 6,3 пайызға дейін көтерілді, ал ресми жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін түскен.

🙃Ақша массасы өсіп келеді. "Экономикалық қызу" анық байқалады. USD/KZT бағамы тұрақсыздық цикліне көшті. Бір аптадағы спрэд көлемі 7-9 теңгеге дейін қалыптасуда.

🙃: Осылайша ішкі және сыртқы факторлар базалық ставканы көтеруге белгі беруде. Жұма күні ставка +0,50 п.п өседі деген болжам бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Базалық ставкаға кезекті пауза қойылды👆
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаздың соңғы аптасында қор нарығы —ЖАСЫЛ КІЛЕМ
Таза табыс
2025ж
І жартыжылдық
🙃 Бас банк:
Тамызда алтынды Зеркалирлеу аясында ₸290 млрд стерилизацияланды, қыркүйекте де сонша жоспарлануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Зеркализация
(осы терминді енді жиі естиміз)


Бюджет дефицитін толтыру үшін 🙃 бас банк ұлттық қордағы долларды теңгеге айырбастап, үкіметке жібереді. Сәйкесінше нарықта теңге көбейеді. Айырбасталатын сомма трллиондаған теңге болғандықтан бұл ақша массасы үшін маңызды. Бұл теңге көлемін көбейтіп, инфляцияны күшейтіп жіберуі мүмкін.

Сол үшін Ұлттық банк дәл сол көлемде теңгені нарықтан қайта «сорып алады» (стерилизация жасайды)

Қарапайым тілмен айтқанда бас банк бір литр ыдыстағы балды, бір литр банкаға төкпей құйып балады.

Нәтижесінде:
1) Бюджет өзіне қажет теңгені алады.
2) Нарықтағы ақша массасы өзгермейді.
3) Теңге бағамы мен инфляцияға қысым азаяды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😃Трамп базалық ставканы төмендетуге барын салуда

Ертең бір қызықты оқиға орын алмақ: Сенатта ФРЖ-ның бос қалған орнына Стивен Миранның кандидатурасы қаралады. Бұл орын жақында ғана FOMC құрамынан күтпеген жерден кеткен Адриана Куглерге тиесілі еді. Егер бәрі ойдағыдай өтсе, аптаның соңына қарай 💵 ФРЖ басшылығында Дональд Трамптың ФРЖ жақтастарының саны үшеуге жетеді.

Бұл фактор қыркүйектегі отырыста базалық ставканы 0,50 пайыздық тармаққа төмендетуі мүмкін.

🙃Оның үстіне, бұл жолы Кук мүше ретінде дауыс бермейді деген болжам бар. Демек, регулятордың жұмсақ ақша-несие саясатына бет бұруына тағы бір қосымша күш туындайды.

Осылайша 😃Трамп базалық ставканы түсіруге ықпал ету үшін ФРС басшысымен күресуде нәтиже бермегеннен кейін, өзге шешім қабылдайтын басшылар арқылы өз жақтастарын жинап жатыр. Ал нарық ставканың түсуіне толық сеніп отыр
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃 БЦК бүгін 5 789,98 теңгеге дейін шарықтады. CCBN +5,34%. RSI ге қарап отырған ешкім жоқ 😌
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан экспортындағы ТОП-10 тауар.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым аралығындағы мәліметтерге сүйене отырып, 🙃 пен ақшалай мәндегі Қазақстан экспортындағы ең ірі 10 тауарды анықтадық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еркін қалқымалы айырбас бағамы

Биыл бұл режимге дәл 10 жыл толып отыр. Бұл режимге көшу- теңге үшін ауыр болды.

Сеніміздік, бірнеше мәрте девальвация, миллиардтаған интервенциялар, спекулянттардың ойыны. Сол жылдары 🙃 ҰБ теңгені құтқару үшін ірі көлемде доллар сатты. 2015 жылдың соңына дейінгі интервенция көлемі 28 млрд АҚШ долларына жуықтады (ресми дерек бойынша).

Қысқасы, 🙃теңенің өзге валюталарға бағамын "нарық реттейді" деген режимге көшкенімізге биыл-10 жыл. Ал он жылда USD/KZT 2,4 есеге құнсызданды…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БАНК СЕКТОРЫ
жыл басынан өзгерісі

«Үлкен бестіктің» актив өсімі де, жеке тұлғалардың салымы да жақсы өсім бар. Алайда 🙃 -3,6 млрд теңге депозит қашқан.

🙃Компаниялардан кэш тарту бойынша 🙃KASPI/🙃OTBASY/🙃FORTE үштігі жақсы өсім бар. Қызылдар жеке тұлғалардан жинап алып, заңды тұлғаларға көз тастаған. Проблемалық кредиттердің де үлесі артып келеді.

☺️/🙃/🙃 банктерінен депозиттер кетуде. Жаңадан ашылған 🙃 BNK банкте кредит порифелінің ішінде жұмыс істемейтін (кешіктірілген +90 күн) асқан несиенің көлемі 27,4% ға жеткен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҮЛКЕН БЕСТІК
🙃 CCBN -4,10%

Сәрсенбідегі өз шыңынан екі күн қатарынан сырғи бастады. Егер қазіргі прайспен ұзақ мерзімді алып қарасақ, жыл басынан YTD өсім +144,11%
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ресей импортына тәуелді өңірлер
І жж/2025жыл
Өңірлер бойынша жалпы импорттағы Ресейдің үлесі.
Апта қорытындысы
Апта қорытындысы


ФРЖ отырысына 1,5 апта қалды. Көп сарапшылар бүгінгі деректер оның риторикасына әсер етеді деп санайды. Егер есеп (отчет) әлсіз болса, базалық мөлшерлемені 0,25 б.п.-ға төмендету мүмкіндігіне қосымша жұмсақ риторика қосылады. Бұл қазан айында тағы бір төмендетуге жол ашады. Аптаның басынан бері S&P 500 индексіне фьючерстер 0,84%-ға өсіп, 6513 пунктке жетті. Бұған дейін бенчмарк 6521 пунктке көтеріліп, жаңа тарихи максимумды көрсетті. Алда АҚШ еңбек нарығы бойынша тамыз айының шешуші есебі тұр.

🙃Мұнай нарығы
Brent бағасы қайтадан $66,00–68,00 аралығындағы қолдау деңгейіне түсті. Қазіргі баға – $67,32. Бұл техникалық жағынан қолайсыз кезеңнің басталғанын көрсетеді. Нарықтағы қысымның негізгі себебі – ОПЕК+ қыркүйектен бастап өндірісті тәулігіне 547 мың баррельге арттыруы. Бұдан бөлек, 7 қыркүйекте өтетін кеңейтілген картель отырысында өндірісті тағы да тәулігіне 1,66 млн баррельге көтеру мәселесі қаралуы мүмкін. Егер шешім қабылданса, нарықтағы ұсыныстың көбеюі бағаның төмендеуін жылдамдатады. Жақын қолдау $66 деңгейінде болса, оның төменгі шегі $56–58 аралығында. Ал жоғары қарай түзеліс болса, басты кедергі $76–78 диапазонында тұр.

Алтын нарығы
Алтын бағасы керісінше жоғары серпін алды. Құнды металл $3430–3450 кедергісін бұзып, базалық мақсат $3500–3600 диапазонына жетті. Сонымен бірге тарихи максимум жаңарды – $3578. Қазіргі баға – $3550. Бұл деңгей алтынды жаңа өсу кезеңіне шығаратын шешуші нүкте болуы мүмкін. Егер баға $3530–3550 деңгейінен жоғары тұрақтаса, өсім $3630–3650 аралығына дейін жалғасуы ықтимал. Алайда бұл аймақта «қымбатшылықтың шегі» сезіледі, сондықтан жаңа раллидің басталуы біршама күмәнді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM