Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Апта қорытындысы


ФРЖ отырысына 1,5 апта қалды. Көп сарапшылар бүгінгі деректер оның риторикасына әсер етеді деп санайды. Егер есеп (отчет) әлсіз болса, базалық мөлшерлемені 0,25 б.п.-ға төмендету мүмкіндігіне қосымша жұмсақ риторика қосылады. Бұл қазан айында тағы бір төмендетуге жол ашады. Аптаның басынан бері S&P 500 индексіне фьючерстер 0,84%-ға өсіп, 6513 пунктке жетті. Бұған дейін бенчмарк 6521 пунктке көтеріліп, жаңа тарихи максимумды көрсетті. Алда АҚШ еңбек нарығы бойынша тамыз айының шешуші есебі тұр.

🙃Мұнай нарығы
Brent бағасы қайтадан $66,00–68,00 аралығындағы қолдау деңгейіне түсті. Қазіргі баға – $67,32. Бұл техникалық жағынан қолайсыз кезеңнің басталғанын көрсетеді. Нарықтағы қысымның негізгі себебі – ОПЕК+ қыркүйектен бастап өндірісті тәулігіне 547 мың баррельге арттыруы. Бұдан бөлек, 7 қыркүйекте өтетін кеңейтілген картель отырысында өндірісті тағы да тәулігіне 1,66 млн баррельге көтеру мәселесі қаралуы мүмкін. Егер шешім қабылданса, нарықтағы ұсыныстың көбеюі бағаның төмендеуін жылдамдатады. Жақын қолдау $66 деңгейінде болса, оның төменгі шегі $56–58 аралығында. Ал жоғары қарай түзеліс болса, басты кедергі $76–78 диапазонында тұр.

Алтын нарығы
Алтын бағасы керісінше жоғары серпін алды. Құнды металл $3430–3450 кедергісін бұзып, базалық мақсат $3500–3600 диапазонына жетті. Сонымен бірге тарихи максимум жаңарды – $3578. Қазіргі баға – $3550. Бұл деңгей алтынды жаңа өсу кезеңіне шығаратын шешуші нүкте болуы мүмкін. Егер баға $3530–3550 деңгейінен жоғары тұрақтаса, өсім $3630–3650 аралығына дейін жалғасуы ықтимал. Алайда бұл аймақта «қымбатшылықтың шегі» сезіледі, сондықтан жаңа раллидің басталуы біршама күмәнді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алтын бағасы жаңа рекордтарды бағындырды

Goldman Sachs Group аналитиктері келесі жылдың ортасында голд бағасы 4000 долларға жетеді деп болжап отыр. Алтын жұмсақ болғанымен, өте сезімтал актив. Келесі апта жаңа базалық ставканың деңгейі белгілі болады. ФРЖ тәуелсіз институт ретінде статусына қауіп төніп отыр. Институционалды инвесторлар, орталық банкттер алтынмен қарулануда. Бүгін прайс 3630,7 долларға жетіп, кезекті рекодты жаңартты.
😉Қазақтелеком

Қазақстан жасанды интеллект саласын (AI) дамытуға шындап кіріскен сияқты.

Бүгінгі ☺️ Президент жолдауынан кейінгі ой.

Заңдар біртіндеп қабылданар, бюджеттен миллиардтаған қаржы игеріледі, сонмен қатар е-gov пен банк тандемі бұл салаға тез серпіліс беруі мүмкін.
Қазақтелком – бұл реформада алдыңғы қатарда жүретін компания. Бюджеттің бір бөлігін осы гигант игереді. Бұл компанияда 56,4 петафлопстық супер компьютер және талшықты оптикалық интернет бар екенін еске сала кетейік.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ресей валютасының құнсыздануы теңгеге әсер етеді

Рубль жыл басындағы старттық бағам 1/114 бағамынан біртіндеп ұзақ уақыт бойы нығайды. Соңғы 3 айда 79-82 дәлізіне түсіп, осы аралықта қалқып жүрді.

Алайда соңғы аптада USD/RUB бағамы 5,28 пайызға күрт құнсызданданып, бүгін форексте 1/86 бағамына дейін жетті. Егер Ресей валютасы АҚШ долларына 88-90 дәлізіне көтерілсе, біздің теңге де артынан кетеді. Практика көрсеткендей рубльдің 5-7 пайыздық құлдырауы бізге 3-4 пайыздық "әлсіреу" эффектісін береді. Теңге мен рубль арасындағы корреляция дәл құнсыздану кезеңінде жоғары. Ал нығыю поцессінде реакция жоқ.

Ресей үкіметіне рубльдің құнсызданғаны керек. Себебі жыл аяғына дейін бюджеттің тапшылығын азайтуға әлсіз рубль аудай қажет.

Кеше ғана 1/535 бағамын тестіліген теңге бүгін 1/540 бағамына ұмтылуда. Егер USD/RUB 1/90 ға барса, теңге еш қиындықсыз 540-545 дәлізіне барады.
БЦК-нің KASE индекстегі үлесі айтарлықтай жоғары. Онымен қоса CCBN акцияларының 48,2 пайызы еркін саудалануда. Бұл ең жоғары көрсеткіш.
Өткенде Ресей импортына тәуелділік туралы жазғанбыз, енді 🇨🇳Қытай импортына өңірлердің тәуелділік деңгейі

Логистика дамыған сайын, елімізде қытай импорты артып келеді. Әсіресе жол торабына жақын орналасқан облыстарда серпін айқын байқалады.

Тек Қазақстанда ғана емес, жалпы Орталық Азияда тауар айналымында Қытай біртіндеп Ресейді ығыстырып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Апта қорытындысы

🙃BCC акциясы бағасы құбылмалы, жылдам

🙃 Kaspi осы апта тек төмендеумен болды. Не дегенмен бағаны 50к дан жоғары сақтай алмады. Жұма ғана құтқарды

🙃ҚазМұнайГаз да психологиялық 20 мыңның үстінде тұрақтай алмай келеді. Апта соңында фридом аналитиктері компанияға “жасыл түс” берненнен кейін бағасы үдеді.

🙃 “біртіндеп, бірақ үздіксіз”
Фортенің соңғы 1 ай сауда саттығын қарап шықтық. Динамика.
Үш айға созылған ғажайып біртіндеп азайып келеді. Келесі апта 20 дан төмен бағаға тест жүреді деп ойлаймыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы бюджеттің жобасы пайда болды.

-Бюджет қайда жұмсалады? -2026 жылдық бюджеттің мәселелері. Тапшылық
-Трансферттер мен субвенциялар
Жалпы келер жылғы республикалық бюджетті 🙃талдадық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық банк алтын бағасын көтерді

1 гр алтын - 63 мың теңгеден асты. Форекстегі голд бағасы уницасына (31,1гр) 3700,2 долларға дейін көтеріліп, жаңа рекордты бағындырды. Алтын алғаш рет 1/3700 бағасын тестлеп көрді.

36 сағаттан кейін ФРЖ пайыздық ставка бойынша шешім шығарады. S&P индексінің жаңа рекорды, АҚШ-тағы инфляция өсімі, Трамп қысымы және нарық ертең ставканың түсетініне толық сеніп отыр.
Ертеңгі ФРЖ отырысы қыза түспек


АҚШ Сенаты Ақ үйдің бас экономисі Стивен Миранды ФРЖ басқарушыларының қатарына қосты. Ол Куглердің орнын басып, 2026 жылдың қаңтарына дейін қызмет етеді.

Ал сот шешімімен Лиза Кук та уақытша орнында қалатын болды. Демек, ертеңгі FOMC отырысында екі жаңа «ойыншы» бірден дауыс береді.

UBS болжамы:
ФРЖ мөлшерлемені 0,25%-ға төмендетеді. Бірақ Миран бұған қанағаттанбай, бірден 0,50%-ға түсіруді жақтап, биыл тағы үш рет төмендетуді талап етуі мүмкін. Ал Кук сақтық танытып, төрттен бір қадамды қолдайды.

Ең қызығы – Миран бейтарап мөлшерлемені қай деңгейге қояды? Сарапшылардың ойынша, оның «нүктесі» 3%-дан төмен болуы әбден ықтимал.
KMG осы аптада өз рекордын жаңартты. Жұмада прайс ➡️22 177,9 теңгеге дейін көтерілді. Осылайша нарықтық құн бойынша 28 млрд долларға жетіп, қызылдарды біраз артқа тастады.

Өткен апта айтқанымыздай 🙃bcc мен 🙃 форте жаңа дәлізге көшті. Форте 20 дан төмен бағаны тестілемесе де, аптаны 20,9 теңгемен жапты.

Уран бағасы 77 долларға дейін өсті. АҚШ уран резервін арттыруды көздейді, ал Ұлыбританияның энергетикалық жаңа стратегисы уран бағасын екі айлық максимумға шығарды. Қазатомпром үшін жоғары прайс, сәйкесінше қымбат акцияға айналады…

Халық банктікі енді бәрі күткендей жағдай орын алды. Бірақ осындай қарқынмен құлдырау болады деп күтпедік. Келесі аптада “дивидендке” қонақ инвесторлардың акциядан шығу үрдісі жалғаса бермек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге қайта құнсызданды

Теңге біз күткендей күздік құлдырау бағытына өткен тәрізді. Бүгін ресми нарықта сауда 🙃 1/545,6 теңгеге дейін өсті. Алматылық обменниктер бір долларды 547 теңгеден сатуда.

Бас банк маусым айында интервенция жасап, теңге құнсыздануын қолдан тоқтатқан болатын. Сол кезде 🙃 ҰБ үшін 1/550 дәлізі ред флаг екені бәріне белгілі болды. Алайда екі ай өтіп, нарық сол дәлізге өту ықтималдылығын арттырып келеді.

Бүгін курс 1/546 ға жетті. Егер USD/KZT жұбы 1/550 жоғары бағамды тестілеп көрсе, бұл жолы бас банк араласпауы мүмкін. Себебі нарық өзі осы бағамды әділетті көреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алтын бағасы
Елімізде жыл басында 1гр алтын бағасы 45 493 теңге болса, қазір 65 978 теңге дейін көтерілген. YTD +44,8% өсім.
Бензин бағасы жаңа рекордты бағындырды

Ресейде бензин бағасы бүгін (АИ-92) тоннасына 73,6 мың рубльге дейін қымбаттады. Теңгеге шаққанда бұл 1 литр–359 теңге.

Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын дронмен жүйелі атқылау нәтижесінде көрші елде өндіріс 17 пайызға құлдыраған (кейбір деректерде 23-29%)

Ресей үкіметі бензинге эмбарго жариялап, экспорттауға тиым салғанымен, елдегі тапшылық соңғы күндері айқын байқалуда.

🙃:
Өзге біздің көрші елдер ресей жанармайына тәуелділігі жоғары. Әсіресе Қырғызстан. Егер Ресейде тапшылық ұзақ сақталса, біздің нарыққа әсер ететіні анық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет ірі инвесторға айналуда

Мұндағы тренд мемлекеттің экономикаға қайтадан белсенді араласып жатқанын көрсетеді. Егер бұрынғы жылдары жекеменшік және шетелдік капиталға көбірек сенім артылса, соңғы уақытта мемлекеттік жобалар мен ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламалары шешуші рөлге ие болып отыр. Бұл өз кезегінде ел экономикасын тұрақтандыруға, инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға және стратегиялық салаларды қолдауға бағытталған.

🙃 Ұлттық экономика министрі Жұманғаринның айтуынша биыл үкімет экономикаға 8 трлн теңге қаржы құяды.


🙃шетелдік таза инвестиция былтыр ең төменгі көрсеткішке жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ал, мында 8 айда салынған инвестиция
Банк сатылады

(ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы)
🙃Әбілқасымова:
«Ірі банк. Біз бұл мәмілені асыға күтеміз, себебі ол мемлекет басшысының Қазақстан банктік нарығына үш шетелдік ойыншыны тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған... Біз сатып алушы банкті атауға болмайды, себебі ол бұл ақпаратты жария етуге рұқсат бермеді.»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM