Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Теңге қайта құнсызданды

Теңге біз күткендей күздік құлдырау бағытына өткен тәрізді. Бүгін ресми нарықта сауда 🙃 1/545,6 теңгеге дейін өсті. Алматылық обменниктер бір долларды 547 теңгеден сатуда.

Бас банк маусым айында интервенция жасап, теңге құнсыздануын қолдан тоқтатқан болатын. Сол кезде 🙃 ҰБ үшін 1/550 дәлізі ред флаг екені бәріне белгілі болды. Алайда екі ай өтіп, нарық сол дәлізге өту ықтималдылығын арттырып келеді.

Бүгін курс 1/546 ға жетті. Егер USD/KZT жұбы 1/550 жоғары бағамды тестілеп көрсе, бұл жолы бас банк араласпауы мүмкін. Себебі нарық өзі осы бағамды әділетті көреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алтын бағасы
Елімізде жыл басында 1гр алтын бағасы 45 493 теңге болса, қазір 65 978 теңге дейін көтерілген. YTD +44,8% өсім.
Бензин бағасы жаңа рекордты бағындырды

Ресейде бензин бағасы бүгін (АИ-92) тоннасына 73,6 мың рубльге дейін қымбаттады. Теңгеге шаққанда бұл 1 литр–359 теңге.

Украина Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарын дронмен жүйелі атқылау нәтижесінде көрші елде өндіріс 17 пайызға құлдыраған (кейбір деректерде 23-29%)

Ресей үкіметі бензинге эмбарго жариялап, экспорттауға тиым салғанымен, елдегі тапшылық соңғы күндері айқын байқалуда.

🙃:
Өзге біздің көрші елдер ресей жанармайына тәуелділігі жоғары. Әсіресе Қырғызстан. Егер Ресейде тапшылық ұзақ сақталса, біздің нарыққа әсер ететіні анық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет ірі инвесторға айналуда

Мұндағы тренд мемлекеттің экономикаға қайтадан белсенді араласып жатқанын көрсетеді. Егер бұрынғы жылдары жекеменшік және шетелдік капиталға көбірек сенім артылса, соңғы уақытта мемлекеттік жобалар мен ұлттық компаниялардың инвестициялық бағдарламалары шешуші рөлге ие болып отыр. Бұл өз кезегінде ел экономикасын тұрақтандыруға, инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға және стратегиялық салаларды қолдауға бағытталған.

🙃 Ұлттық экономика министрі Жұманғаринның айтуынша биыл үкімет экономикаға 8 трлн теңге қаржы құяды.


🙃шетелдік таза инвестиция былтыр ең төменгі көрсеткішке жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ал, мында 8 айда салынған инвестиция
Банк сатылады

(ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы)
🙃Әбілқасымова:
«Ірі банк. Біз бұл мәмілені асыға күтеміз, себебі ол мемлекет басшысының Қазақстан банктік нарығына үш шетелдік ойыншыны тарту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған... Біз сатып алушы банкті атауға болмайды, себебі ол бұл ақпаратты жария етуге рұқсат бермеді.»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Топ 5 банкті алып қарайықшы, 🙃Halyk пен 🙃Kaspi банктердің бақылау пакетінің (50+1%) өзі тым қымбат. Отбасы - мемлекет.

Ал 🙃bcc мен 🙃forte ше?
БЦК мемлекет алдындағы қарызды биыл жедел өтеді. Капитал өсті, сенімді үштікте отыр. Ең бастысы нарықтағы акция бағасы қаншалықты өскенін айтпаса да түсінікті. Бірақ, бүгін осы банкты 5 жыл басқарған Ғалым мырза “БЦК-нің сатылуы мүмкін емес, мен акционерді жақсы білемін” деді. Ок, отпадает

Хоумды жұтқан Форте банк ше? Бұл бірінші вариант

РБК екінші вариант. Бірақ бұл ірі банк емес қой! Сұхбатта журналист нақтылап, “орташа банк па?”деп сұрағанда Әбілқасымова : “ірі банк” деді.

Береке Катарлықтарға ұзатылған, экожүйенің тірегі Фридомды Тимұр мырза сатпайтыны анық. Еуразияда жаңа буын 1х2 айқасы жалғасып жатыр. ☺️Алатау сити жаңа өмірін енді бастады.

Ірілер осымен бітті. Біздің ойымызша бұл форте! Топ менеджерлер акция бағасын қолмен не үшін үдеткені белгілі сияқты...
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көрші елдердегі ең қымбат компаниялар қандай?
(нарықтық компаниялар)
Форте шіледен бері алғаш рет 20 теңгеден түсті.

Сонымен форте банк біз күткендей 20 теңгеден төмен бағаға тест жасаудан бөлек, апта бойы одан шыға алмай қалды. Егер форте еуропалық инвест топқа сатылса, ең алдымен байбек жасалып барып сатылуы ықтимал. Осы аптадағы сыбыстан кейін инвесторлар өз реакциясын көрсетті. Ірі банктің сатылуында “қай банк?” дегенге, көзіміз фиолетовый банкке ғана түсіп тұр…

Air Astana үшінші апта қатарынан жасылда. Аптаны 812 теңгемен жапты. Бұл қаңтардан бергі ең жоғары прайс.

Банктер
Kaspi. Қызылдар >50к психологиялық межеден шыға алмай келеді. Бцк бес мыңнан төмен бағаға ұмтылып жатыр. Сауда төмендеп кетті, ~4,9к прайсқа 17 қыркүйектегі тесттен кейін осы дәлізге келесі апта кіруі мүмкін.
Халық -> қызық. Сауда келесі апта қызар, стаканда астыдан қысым келіп жатыр.
😃Трамп өзінің әлеуметтік желісінде кезекті мәрте ФРЖ төрағасын🙃 орнынан аламын деп сес көрсетуде.

Келесі айдың соңында ФРЖ базалық ставка туралы шешім шығарады. Нарық биыл тағы екі түсімге сеніп отыр.

Ал Пауэлл болса, инфляция күш алып бара жатыр дейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Part II

PCE және «шатдаун» қаупі


Қаржы нарықтарында өткен аптада бірқатар маңызды оқиғалар болды, оның ішінде АҚШ экономикасындағы дамулар мен инфляцияға қатысты мәліметтер ерекше орын алды. Бұл аптадағы ең маңызды жаңалықтардың бірі — АҚШ-тың жеке шығындар мен табыстарды өлшеуге арналған PCE (Personal Consumption Expenditures) индикаторының мәліметтері болды. Сонымен қатар, АҚШ-тағы «шатдаун» қаупі де қаржы нарығында үлкен әсер қалдырды. Бұл екі фактор нарықтарға қалай әсер етті және болашақтағы ықтимал сценарийлер қандай болуы мүмкін?

PCE Индикаторы: АҚШ экономикасының инфляциясы

PCE индикаторы — бұл АҚШ экономикасындағы инфляция деңгейін көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі. Ол АҚШ-тың ФРС үшін өте маңызды индикатор болып табылады. Апта соңында АҚШ-тың соңғы PCE есебі жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, тамыз айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 2,6%-дан 2,7%-ға дейін өсті.

Бұл өсу АҚШ экономикасының инфляциялық қысымының аздап артқанын көрсетеді, бірақ әлі де ФРС-тың 2% мақсатына жақындау мүмкіндігін сақтап отыр. Нарық қатысушылары осы көрсеткіштің өсуін күткен еді, бірақ бұл мәліметтердің өсімі инфляцияның қайта жандану ықтималдығын арттырады, бұл өз кезегінде ФРС-тың пайыздық мөлшерлемені ұстап тұру шешімін қабылдауына әсер етуі мүмкін.

2. «Шатдаун» қаупі: Үкіметтің жабылуы және оның әсері

АҚШ-тағы шатдаун мәселесі де осы аптада қаржы нарықтарының назарында болды. Шатдаун — бұл АҚШ үкіметінің кейбір бөлімшелерінің жұмысының тоқтап қалуы, өйткені Конгресс бюджет туралы заңды қабылдамай қалады. Егер бұл жағдай орын алса, онда кейбір мемлекеттік қызметтер тоқтап қалады, қызметкерлер ақысыз демалысқа жіберіледі, ал экономиканың түрлі салалары зардап шегеді.

Бұл мәселе нарықта үлкен алаңдаушылық тудырды, себебі шатдаун әдетте экономикалық өсуді бәсеңдетеді және нарыққа қысым жасайды. АҚШ-тың мемлекеттік бюджетінің қабылданбауы мен үкіметтің жабылуы қаржы нарықтарында теріс әсер етуі мүмкін. Шатдаун экономикаға теріс әсер етіп, тұтынушылық сұраныс пен бизнестің сенімін төмендетеді, бұл өз кезегінде активтердің құнсыздануына әкелуі мүмкін.

АҚШ Конгресіндегі саяси тартыс пен бюджет келісімінің болмауы нарыққа белгісіздік қосып, инвесторлардың сақтықпен әрекет етуіне әкеледі. Тартыс пен келіссөздер аяқталмай қалса, АҚШ-тың үкіметінің жұмысы тоқтайды, ал бұл өз кезегінде АҚШ долларының әлсіреуіне және әлемдік қаржы нарықтарының құлдырауына алып келуі мүмкін.

3. Қаржы нарықтарындағы реакциялар

PCE индикаторы мен шатдаун қаупі екі фактор да АҚШ-тың қаржы нарықтарына маңызды әсер етті. S&P 500 индексі және басқа да негізгі қор индекстері өткен аптада теріс қозғалыстар көрсетті. Инвесторлар PCE мәліметтеріне сәл оң көзқарас танытқанымен, шатдаунның ықтимал әсерлері нарықта белгісіздікті күшейтті. Бұл жағдайлар нарық қатысушыларының қорқыныштарын ұлғайтып, активтерді сату тенденциясына әкелді.

АҚШ доллары да осы кезеңде құлдырады, бұл өз кезегінде басқа валюталардың бағамының өсуіне ықпал етті. Әсіресе, еуро мен фунт стерлингтің АҚШ долларына қатысты бағамы жоғарылады. Бұл валюталық нарықта үлкен өзгерістерге әкелді және теңге бағамына да әсер етті.апта
Dollar 549,50 теңгеге дейін көтерілді.

Өткенде жазғанымыздай бас банк үшін шілдеде 550 баға ред флаг болған. Сол прайсқа жеткен сәтте интервенциямен түсірген.

Бұл жолы нарыққа араласпайды деп ойлаймыз. Себебі нарық астыдан қысым жасауда. Ұсыныс аз.
ФОРТЕ БАНК

Кеше акция бағасы -13,9 пайызға құлдырады. Қазір кешегімен салыстырғанда -14,2 пайызға тағы құлдырады (факт 13,71 теңге).

Соңғы 2 күнде сауда көлемі 300 мың доллардан асты. Ал бір апта ішінде форте акция құнының -29,38 пайызға құлдырады. Біз екі апта бұрын 20 теңгеден төмен түсетініне сенімді болғанбыз, алайда осыншалықты қарқынмен түседі деп ойламадық.

Бұл 🙃Әбілқасымова (финРег) айтқан, ірі банктің сатылуы болуға тиіс. Нақты форте банктің сатылатынын ешқандай ресми орган немесе банк тарапы айтқан жоқ. Бірақ бір қызығы бір апта болды бұл сыбысты форте банк мәмілені жоққа шығарған жоқ. Яғни, форте банктің “сатылуы мүмкін” деген болжам күшейіп келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Инфляция қыркүйекте 12,9 пайызға дейін өсті. Бұл тіпті бас банктің болжамды деңгейінен (12,5%) асып кетті.

🙃Ұлттық банк 9 күннен кейін базалық ставка бойынша шешім қабылдайды. Инфляция он ай қатарынан өсіп келеді, ал күздің бірінші айының өзінде (айлық инфляция) 1,1 пайызды құрап отыр. Базалық мөлшерелеме көтерілуіне мықты сигналдар (деректер) келуде.

Еске сала кетейік, қазіргі базалық мөлшерлеме 16,5%
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃NET PROFIT
(таза табыс)

Kaspi мен Halyk жалпы банк табысының 55 пайызын алуда. Ал БЦК -ға әрбір оныншы теңге тиесілі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алтын бағасының жаңа рекорды
Kaspi және оның түрікиядағы еншілес компаниясы Hepsiburada Насдакта саудаланады. Екі компания арасындағы KSPI & HEPS арасындағы соңғы үш айдағы корреляция жоғары.