Апта
🙃 ҚазМұнайГаз осы апта кезекті рекордын жаңартты. Қазанның бірінші күнінде максималды прайс шыңы 22 219,99 теңгеге жетті. Ал уран державасы 🙃 ҚазАтомПром-ның бейсенбі күні акция құны 29 914,29 теңгеге жетті. Енді бір жағымды жаңалық болса, психологиялық меже (30 мың) тестілеп көрмек. Дегенмен соңғы 6 айдағы өсім +66,1%. Тағы бір байқайтын жайт- бұрыңғы Лондондағы лаг айтарлықтай қысқарыпты.
AirAstana-ға қазан айы жаққан тәрізді. Бейсенбі күні AIRA акция бағасы 845 теңгеге дейін көтерілді. Бұл прайс- осы жылдың ең жоғарғысы. Соңғы 3 аптада компанияның акция құны жақсы көтерілді. Қызық нарық... Неге? Не үшін? Қалай? Деген сұрақтарға жауап іздегің де келмейді
BANKS
Фортені бәрі түсінген шығар. Банк аптаны 12,4 пайыздық құлдыраумен жапты. Ал Насдактағы Kaspi қыркүйектегі 90 доллардан біртіндеп төмендер, осы жұма күні 79,8 долларға дейін түсті. 2025 жыл қызылдардікі емес. БЦК болса апта бойы 5 мыңның сызығында әрең тұр. Сауда көлемі орташа күніне шамамен 100-107 мың доллардың арасында. БЦК осы трендпен қалса келесі апта <5000 төмен бағаға тест жасап көреді.
HALYK дивиденд қорын барынша созуға тырысады. Біздің елде 90 DAY. Ол қысқа мерзімде депозиттік және несиелік операцияларда қолдану арқылы қысқа мерзімдік пайда табады. Тіпті он күннің өзінде миллиардтардан миллион шығады.

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Базалық ставка наконец то өсті
Бас банк биыл 5 мәрте базалық мөлшерлемені 16,50 пайыз деңгейінде "пауза" қойып келді.
Қыркүйектегі инфляция дерегі регуляторды тығырыққа тіреді. Бүгін бас банк ставканы 18,00 пайызға дейін өсірді. Инфляцияның өскені соншалық, ойлаған дәлізден шығып кетті. Жалақының өсімі және соңғы мәліметтерге назар аударсақ зейнетақы қорындағы инвестициялық табысты инфляция жеп қойған.
Қазір банктердегі депозит (номиналды) пайыздың ең жоғарғысы 14,75 пайыз. Жылдың соңына дейін айлық инфляция сақталса (ол әрине сақталады) инфляцияны шамамен 15 пайздан жоғары осы жылды аяқтаймыз. Бұл дегеніміз тіпті теңгелік депозит инфляциядан ұтылуда. Ал бүгінгі базалық ставканың өсімі - депозиттік ставканың өсімі бір айлық лагпен келеді. Ал, желтоқсан айы ешқашан инфляциямен ренжітпеген
За то теңге бүгін осы шешімге өз реакциясын беріп, күшейді. Доллар құны 1/538.

Алтын бағасы унциясына $4000 межеге жетті
Әлемдік қаржы нарықтары тарихи оқиғамен дүр сілкінді: алтынның бағасы алғаш рет психологиялық тұрғыдан маңызды саналатын $4000 белгісінен асып түсті. Бұл жағдай 2025 жылдың 8 қазан, сәрсенбі күні таңертең тіркелді. Бағаның мұндай шарықтауы – тәуекелден қорғануға тырысқан инвесторлар сұранысының күрт артуының нәтижесі.
🙃 Нарық қауіпсіз пана іздеуде
(Қорғаныс актив)
2025 жылдың алғашқы тоғыз айында алтынның құны 53%-ға өсті. Алдыңғы жылдарда мұндай өсім шамамен төрттен бір деңгейінде ғана болған. Бұл күрт серпілістің себебі айқын: жаһандық экономика жоғары құбылмалылық кезеңін бастан өткеріп отыр. Бұған АҚШ-тағы ұзаққа созылған шатдаун, Таяу Шығыстағы қақтығыстар, және Украина маңындағы шиеленіс әсер етті.
Инвесторлар капиталдарын сақтап қалудың сенімді жолы ретінде алтынға бет бұрды. Нарықтағы осы үрдіс алтын бағасының тарихи серпілісіне түрткі болды. Тәуелсіз трейдер SergeyGoldman77:
Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының әрі қарай өсуіне мемлекеттік қарыздың артуы, доллардың әлсіреуі, және орталық банктердің белсенді сатып алуы әсер етіп отыр. Тіпті әлемдегі кейбір қақтығыстар тоқтаса да, баға жақын айларда елеулі төмендей қоймайды.
📈 Өсу жалғаса ма?
Алтын нарығының жетістігіне қарамастан, сарапшылар сақ болуды ескертеді. Қазірдің өзінде ірі инвесторлар пайдасын бекітуге ұмтылып, $4000 деңгейінде ауытқулар болуы мүмкін. Дегенмен, ұзақ мерзімді болжамдар оң бағытта қалып отыр.
Мысалы, Goldman Sachs пен UBS банктері 2026 жылға арналған алтын бағасы болжамын жоғары көтерді. Олар бұл шешімді нарық қатысушыларының жалпы оптимизмімен және АҚШ ФРЖ-ның ақша-несие саясатын жұмсартуға деген үмітпен байланыстырады.
Қорытынды
Әлемдік қаржы жүйесі тағы да бір шындықты дәлелдеді: дағдарыс кезінде алтын – инвесторлардың басты сенім нүктесі. Қысқа мерзімді түзетулер болса да, қазіргі тренд берік әрі тұрақты.
Тарих жаңа кезеңге аяқ басты — енді нарықтың басты сұрағы: алтын қай шекке дейін көтеріледі және бұл рекорд әлем экономикасына қалай әсер етеді?

«Қазір нарық қатысушыларының көбі келесі межеге —> $4500–$5000 бағасына көз тігіп отыр», – дейді.

Week
🙃 ҚазАтомПром осы аптада өз тарихи макимумын жаңартты. Көптен күткен 30 мыңдық межені тестіледі. Урандық державаның капитализациясы $14,3 млрд долларға жетті.
🙃 Halyk осы апта дивиденд беруді бастады. Акция құны қапталда, аптаны 364,8 теңгемен жапты
🙃 БЦК біз болжағандай осы апта 5 мыңнан төмен прайсқа тест жасап, бейсенбіде ~4800 прайсқа бір барып қайтты. Позициялық тестілеу еркін жүргенін көруге болады.
🙃 Kaspi насдакта ең минималды прайсқа жеткенімен, біздің нарықта ондай коррекцияның төменгі нүктесіне келмеді. Мүмкін лаг бар?! Каспиліктер үшін қиын жыл.
🙃 no ask
🙃 Kegoc жақсы өсіммен келе жатыр, мүмкін 1500 ге жетіп, қаңтардаңы максимумды өзгертер. AIRA Фостердің кетуі ма? баға төменге сырғыды. КМГ кәдімгідей мұнай бағасына жатып алыпты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Не болып жатыр?
Бейсенбі күні Қытайдың Сауда министрлігі сирек кездесетін металдарға қатысты экспорттық бақылауды қатаңдатты. Бұл жеткізілімдер АҚШ үшін өте маңызды. Бұған жауап ретінде АҚШ президенті😃 Дональд Трамп тарифтік «қамшыны» қайта қолға алды. Ол оны Қытайға бағыттап, 1 қарашадан бастап қытайлық тауарларға 100%-дық қосымша баж салығын енгізуге уәде берді. Осындай қауіптер биыл наурыз–сәуір айларында S&P 500 индексінің екі айда 19,0%-ға төмендеуімен аяқталған еді. Соның нәтижесінде жұма күнгі құлдырау сәуірден бергі ең ірісі болды.
Демалыс күндері Трамп әдеттегідей дүрбелеңді басуға тырысты. Екі аптадан кейін АТЭС саммитінде Си Цзиньпинмен кездесуден бас тартты деген мәлімдеме қате түсіндірілген болып шықты. Кездесу әлі де мүмкін. АҚШ президентінің айтуынша, 1 қарашадағы дедлайнға дейін әлі біраз уақыт бар. Оның үстіне, Си – оның досы, екеуінің қарым-қатынасы жақсы. Алайда, көп ұзамай Трамп 1 қарашада баж салығын арттыру жоспары әлі күшінде екенін айтты. Жалпы нарық Трамптың әрбір сөзне қарап отыр...
Тарифтік саясаттың күрделі иірімдерін (көбіміз) Трамптың өзінен басқа ешкім түсіне алмайтындай. Нарықта жұма күнгі мәлімдемеден бірнеше сағат бұрын криптовалюталарды жаппай сату позициялары ашылғаны туралы түрлі қауесеттер тарауда. Қытай әзірге сабырлы жауап беруде: ҚХР Сауда министрлігі АҚШ-қа тарифтік қысымнан тезірек бас тартуға кеңес берді.
🙃 Енді барлығы S&P 500 индексінің екінші төмендеуін күтуде. Логика бойынша, ол дүйсенбі-сейсенбі күндері болуы мүмкін. Осы қозғалыс барысында бағадағы бос аралық жабылып, төмендеу үлгісінің негізгі мақсаты – 6380–6480 пункт аралығында – орындалуы ықтимал. Бұл аяда Трамптың жаңа мәлімдемелері де болуы мүмкін, олар не нарықты 6050–6150 пункт деңгейіндегі экстремалды межеге дейін төмендетеді, не керісінше, нарықты қолдайды. Ал алтын болса кезекті тарихи рекордын қайта жаңартты.
Бейсенбі күні Қытайдың Сауда министрлігі сирек кездесетін металдарға қатысты экспорттық бақылауды қатаңдатты. Бұл жеткізілімдер АҚШ үшін өте маңызды. Бұған жауап ретінде АҚШ президенті
Демалыс күндері Трамп әдеттегідей дүрбелеңді басуға тырысты. Екі аптадан кейін АТЭС саммитінде Си Цзиньпинмен кездесуден бас тартты деген мәлімдеме қате түсіндірілген болып шықты. Кездесу әлі де мүмкін. АҚШ президентінің айтуынша, 1 қарашадағы дедлайнға дейін әлі біраз уақыт бар. Оның үстіне, Си – оның досы, екеуінің қарым-қатынасы жақсы. Алайда, көп ұзамай Трамп 1 қарашада баж салығын арттыру жоспары әлі күшінде екенін айтты. Жалпы нарық Трамптың әрбір сөзне қарап отыр...
Тарифтік саясаттың күрделі иірімдерін (көбіміз) Трамптың өзінен басқа ешкім түсіне алмайтындай. Нарықта жұма күнгі мәлімдемеден бірнеше сағат бұрын криптовалюталарды жаппай сату позициялары ашылғаны туралы түрлі қауесеттер тарауда. Қытай әзірге сабырлы жауап беруде: ҚХР Сауда министрлігі АҚШ-қа тарифтік қысымнан тезірек бас тартуға кеңес берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әдеттегідей 3 өңір донор, қалған 17 өңір өз-өзін қамтамасыз ете алмай, бюджет жыртығын
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өтемұратов мырза активтерін сатып жатыр ма?
RG Gold-ты қытайлық компанияға сатыпты. Прайс $1,2 млрд доллар. Бизнесменнің ол компанияда 65% үлесі болған. Өтемұратов мырза бұл келісімнен шамамен 700-800 млн доллар кэш алады.
Кезінде италяндықтарға АТФ банкті 2,2 млрд долларға сатып еді.
Ендігі кезек форте ма?!)

Вячеслав Ким Есеновтың активтерін сатып алуды жалғастыруда. Енді ол Kcell-дегі үлеске ие компанияның иесі атанды
Alatau City Bank иесі және Kaspi компаниясының бірлескен иесі Вячеслав Ким өзінің инвестициялық қоржынын кеңейтіп, Ғалымжан Есеновке тиесілі KC Holding Ltd компаниясын сатып алды. Бұл компанияның Kcell акционерлік қоғамындағы үлесі — 14,87%.
Енді Ким KC Holding Ltd компаниясының жалғыз акционері болды. Adata дерегінше, қатысушылар құрамындағы өзгеріс 2025 жылғы 6 қазанда тіркелген.
2025 жылғы 1 шілдедегі мәлімет бойынша, KC Holding Ltd компаниясына Kcell-дің 14,87% немесе 29,7 млн жай акциясы тиесілі болған. Бұған қоса, Alatau City Bank арқылы Кимнің еншісінде 9,08% немесе шамамен 18,2 млн жай акция бар. Осылайша, кәсіпкер телеком-компания акцияларының шамамен 24% иесі атанды.

Алтын бағасы сәрсенбіде тарихи рекордқа жетіп, унциясы 4219 долларды құрады. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда дауларын шиеленісуі мен ФРС-тің осы жылға екі мәрте пайыздық ставканы төмендететіні туралы болжамдардың әсерінен болды. Нарық ставканы түсетініне сенімді. Американдық облигациялардың кірістілігі соңғы бірнеше аптаның ең төменгі деңгейіне түскеннен кейін, ФРС төрағасы 🙃 Джером Пауэллдың ставканы төмендету туралы мәлімдемесі алтынды тағы да тартымды етті. Мемлекеттік облигациялардың төмен кірістілігі мен қарыз алудың арзандауы әдетте пайыздық табыс әкелмейтін металдардың бағасын қолдайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ал бізде 🙃 бас банк 1гр алтын бағасын
71 800 теңгеге дейін көтерді.
71 800 теңгеге дейін көтерді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Урандық держава еліміздегі ең қымбат екінші компания атануға жақын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM