Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🙃Орташа мен шындықтың айырмасы

🙃Мысалы, 2025жылдың III тоқсанында Қазақстандағы жалақының медианалық мәні – 302 584теңге болды. Бұл не деген сөз? Яғни елдегі жұмысшылардың жартысы 302 мың теңгеден аз, ал қалған жартысы көбірек табады. Осы аралықта 127 мың теңгенің айырмашылығы жатыр - дәл сол “әдемі орташа” мен “реал өмір” арасындағы шекара.


Бірақ статистика мұнымен тоқтамайды. Елде 9,7 миллионнан астам экономикалық белсенді халық бар болса, жалақы статистикасын есептегенде ресми есептеулерге жалақы алатын бар болғаны 3,9 миллион адам ғана кірген. Методология бойынша бұл масса- қызметкерлер деп аталады.

Қалғандары ше? Олар мына есепке кірмейді!
Олар:
1) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

2) жеке кәсіпкерлер (ИП-ның басым бөлігі - 85 мың)

3) фрилансерлер немесе көлеңкелі секторда істейтіндер.

Басқаша айтқанда, орташа жалақы туралы есеп халықтың жартысына да жетпейтін тобының табысына сүйеніп жасалады. Олар есепке кірмейді, себебі халықаралық методика осындай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
PART II

🙃Өңірдегі дисбаланс

Аймақтардағы айырмашылық: "Алматы мен Маңғыстау –басқа әлем"

Қазақстан картасына көз жүгіртсеңіз, жалақыдағы алшақтық көзге ұрады. Мәселен, Маңғыстау облысы - ел бойынша ең жоғары жалақы төленетін өңір. Мұнда орташа айлық 606 125 теңге, ал көрші Атырауда – 602 752 теңге. Мұның себебі түсінікті: мұнай мен газ секторлары, жоғары тәуекел мен ауыр еңбек.Ал ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында - 288 690 теңге. Яғни Маңғыстау тұрғынының табысы Түркістан тұрғынынан екі есеге жуық жоғары. Бұл – елдің экономикалық теңсіздігінің айқын көрінісі.
Жалақы статистикасы туралы 🙃 Kursiv аналитикалық мақалам шықты, қызық болса оқып шығыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Ең қымбат компаниялар
Топ-20
🇰🇿Qaragandy oblysy
next: Ulytau obl
🪙Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) мәліметінше Орталық Азия елдерінің экономикасы былтыр $500 млрд доллардан асқан, осы өсім қарқыны сақталса, 2028 жылдың қорытындысында өңір экономикасы алғаш рет - 600 млрд долларға жетуі мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Бас банк неге ортақ QR жүйесін енгізуде?

Қалыптасқан жағдай:

1⃣Еліміздегі (төлем, аудару) барлық операцияның 90 пайызы безналға өтті.
2⃣ Шыны керек осындай көрсеткішті 🙃 қызылдар алып келді. Ұлттық банктің статистикасына қарайтын болсақ безнал операциялар бойыша еліміздегі 10 теңгенің 8 теңгесі каспи арқылы болған. (81%)

Базаны қолдан бөлу
Монополиялық жағдайды реттеу үшін бас банк ортақ төлемді енгізді. Ұзаааақ көндірді. Соңғы жылдары 🙃төраға заңмен мәжбүрлейміз дегенді де естідік.

Бұл не береді?
Ортақ QR бизнес пен халыққа тиімді. “Бір терминал -бірнеше банк” жүйесі болады.
Сонымен қатар өзге банктер жаңа клиенттер тартуға үлкен мүмкіндіктер туындайды. Боустар/кэшбектер ұсыну арқылы клиенттік базаны ұлғайтуға тырысады.

🙃: Бұл тек бастамасы, 1-2 жылдан кейін ортақ банкомат болып, банкараляқ интеграция тереңдей түсуі мүмкін
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық қор

🙃Ұлттық қор активтері 2016 жылдың қыркүйек айынан бергі ең максималды көрсеткішті көрсетіп, қазан айында 63,4 млрд долларға жетті. Бұл соңғы 9 жылдағы максимум!

🙃Ұлттық экономика министрлігің болжауына қарасақ, 🙃 қор активтері 2027 жылы-65 млрд, ал 2029 жылы-75,2 млрд доллар болады деп болжануда.

Ал, Президент 🙃Тоқаев мырза үкіметке қор активін 2029 жылға қарай -100 млрд долларға жеткізу міндетін қойған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТЕҢГЕ 1993-2025 жылдар аралығындағы өзгерісі
Теңгенің туған күні!

🙃Біз теңгенің туған күнінде көбінесе оның долларға бағамын салыстырып жатамыз. Алайда әлемдік экономикада «тұрақты валюта» деген ұғым – салыстырмалы түсінік. Теңге де соңғы 32 жылда талай сынақтан өтті: Азия дағдарысы, мұнай бағасының құлдырауы, 2008 жылғы жаһандық дағдарыс, 2015 жылғы еркін бағамға көшу, пандемия және 2022 жылғы геосаяси күйзелістер. Әрбір кезең теңгенің жаңа шындығын қалыптастырды.

Бүгінде бір доллар – 525 теңге, бір еуро – 607 теңге, ал бір рубль – 6,5 теңге шамасында. Бұл сандар – жай ғана айырбас бағамы емес. Олар Қазақстан экономикасының сыртқы нарықтарға тәуелділігін, ішкі саясаттың тиімділігін және ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын көрсетеді.

«Неге теңге үнемі әлсірей береді? Ал 🇰🇬Қырғызстанның сомы мен 🇦🇿Әзербайжанның манаты неге тұрақты?» - деген сұрақты жиі қояды. Тіпті кейде 🇺🇿өзбек сумының графигін көріп, оны теңгеден «тұрақтылау» деп түсінетіндер де бар.

Көршілес елдердің валютасы сырттай қарағанда тұрақты көрінгенімен, олардың көпшілігі – жартылай реттелетін немесе жабық нарықтық жүйелердің өнімі. Манаттың қалай қолдан реттелетінін, өзбек сумы деноминациядан өтіп, қалай нөлдерді қысқартқаны, ал қырғыз сомын тұрақты ұстау үшін Орталық банкі жылына 13-20 интервенция жасайтынын айтқанбыз.

Ал теңгенің құбылмалылығы – оның кемшілігі емес, нақты нарықтық бейімделудің және экономикалық ашықтықтың белгісі. Бұл жерде менің мақсатым теңгені ақтау емес, керісінше оның көрші валюталармен салыстырғандағы шынайы жағдайын түсіндіру.

Көпшілік үшін «валюта тұрақты» деген ұғым тек бағамның баяу өзгеруімен байланысты. Бірақ бұл қате түсінік. Валюта бағамының баяу қозғалысы әрқашан экономикалық мықтылықты білдірмейді.
Бөлмедегі градусник сияқты теңге де экономиканың айнасы, өлшемі... Басқаша айтқанда, теңге – жүйенің айнасы. Егер экономика әртараптанса, экспорт құрылымы кеңейсе, онда теңге де өз құнын біртіндеп нығайтады. Ал әзірге оның құбылмалылығы – ашық әрі нарықтық экономика үшін табиғи құбылыс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪▪▪▪

🙃ҚазМұнайГаз акциясы бүгін 22 502,8 теңгеге дейін өсіп, өз тарихындағы максимумға жетті. Ал 🙃Кегок керісінше 1398 теңгеге түсіп, осы жылдың ең миниумдық прайсты көрсетіп отыр.

Осы апта банктер қызыл аймақтан шыға алмады, бәрі минуста. 🙃Фридом осы аптаны әдімі аяқтағанымен, өткен аптадағы құлдырау ол үшін ауыр. 🙃Халық пен 🙃Каспиге үшінші тоқсанның есебі ұнамаған тәрізді.

✈️AirAstana сенімді өсіп жатыр)
🚀ҚазАтомПром 30к UP дәлізіне дайын емес сияқты

📈📉 7000 тармағына тырысуда. Индексті бұл межеден қызылдар алыстатуда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5⃣🔎500: Статистикасыз қалған нарықтың белгісіздігі

Апта басынан бері S&P 500 индексіне арналған фьючерстер 0,57%-ға көтеріліп, 6734 пунктке өсті. Апта қорытындысы – оң. Бенчмарк қатарынан екі күн құлдырап отыр. Бұл құбылыс бір қарағанда күтпеген жайт: шатдаун аяқталды, АҚШ экономикасында кейінге шегерілген сұраныс есебінен жеделдеу белгілері бар, ал нарық қатысушылары бұған дейін өсуге бейім еді. Позитив жаңалықтар да нарықты аямайды). Бірақ нарықтағы басты фактор – анық көрінбейтін болашақ, неопределенность яғни статистиканың жоқтығы.

🔎Статистика төңірегіндегі белгісіздік

Өкілдер палатасы уақытша бюджет туралы заң жобасын қабылдағаннан кейін, нарық қатысушылары деректер толқыны басталады деп күтті. Қыркүйек пен қазан айларына қатысты инфляция мен еңбек нарығы жөніндегі есептер бірінен соң бірі жариялануы керек болатын.

Алайда бейсенбі күні күтпеген ақпарат шықты. Ақ үйдің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассет:

🔴қыркүйек айындағы еңбек нарығының толық есебі тек келесі аптада шығады,

🔴қазан айындағы есеп қысқартылған түрде жарияланып, тіпті жұмыссыздық деңгейі көрсетілмейтінін мәлімдеді.

Себебі қазан айында үй шаруашылықтары арасында сауалнама жүргізілмеген.

Нарық туманда қалды
Немесе Уолл Стриттің күту фазасына өтуі

Нарық қатысушылары не істеу керегін білмей қалды:
қазір сатып алу керек пе, әлде деректерді күткен дұрыс па?

Көпшілік күту тактикасын таңдады.

S&P 500 фьючерстері бірнеше күн бойы сырғып, дүйсенбіде пайда болған 6740 деңгейіндегі баға алшақтығын жапты да, сол жерде тоқтады. Ал әрі қарай төмендеу қауіпті: индекс 6700-тен төмен түссе, 6500-ге дейін түзету жылдамдауы ықтимал. Ол жақта да жабылмаған гэп бар.

Сонымен бірге, нарық қатысушылары ұзақ мерзімді перспективада бенчмарктың жыл соңына дейін өсуі ықтималдығын жоғары деп санайды. Сол себепті қазіргі баға төмендеуі кейбір инвесторлар үшін жинақтауға қолайлы деңгей бола бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃ТОП-30 депозит

Жаңа мәліметтер бойынша депозит ставкалары
*Толтыру/Шешу мүмкіндігімен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЖІӨ өсімі
Қаңтар-қазан айларында ЖІӨ 6,4 пайызға өсті. Егер соңғы үш айдың былтырғы базасы жоғары болғанын ескерсек, қазіргі темпен 🙃үкімет 2025 жылды кем дегенде 6 пайыздық өсіммен жабуы мүмкін.

Өңдеу өнеркәсібінде де айтарлықтай өсім бар. Құрылыс секторы бұрыңғыдай мегополистарда емес, өзге өңірлер 📤өсімді жоғарлатуда.

ЖІӨ статистикасын Ұлттық экономика министрлігі 🙃 ҚР ҰСБ сілтеме жасап, алдын ала деректер көрсетуде. Ең қызығы ресми ҚазСтатта бұл деректер жоқ. Көктемнен бері экономикалық блок ЖІӨ-ді жедел есептеу жүйесіне көшкенімен, алайда ҚазСтат тіпті 9 айдың есебін жарияламай жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💸Биткойн нарығындағы құлдырау

Осы жылдың қазан айында Биткойн ( BTC) $126,000 деңгейіне жеткеннен кейін күрт құлдырап, 2025 жылдағы барлық пайдасын жоғалтты. Бұл құлдырау ерекше жыл болды, өйткені Биткойнның легитимділігі күшейіп, Уолл-стриттің қызығушылығын арттырды, сонымен қатар 😃Трамп әкімшілігі криптовалюталарды қолдады.

Алайда нарықтың жағдайы тез өзгеріп, Биткойнның жалпы нарықтық құны қазан айындағы максимуммен салыстырғанда шамамен $600 млрд-қа төмендеді. Қазіргі прайс 90 380 доллар. Бұл құлдыраудың басты ерекшелігі – оның себебі түсініксіз болып, нарықтың сенімі жылдам жоғалды.

Халвинг циклі мен нарықтың болжамы:

Криптовалюта нарығында волатильдік қалыпты жағдай болғанымен, трейдерлер мен нарық қатысушылары бұл жолы таныс «халвинг цикліне» сүйеніп отыр. Халвинг — бұл биткойн ұсынысының әр 4 жылда екі есе азаюы. Әдетте бұл бағалардың өсуіне алып келетін, бірақ кейіннен құлдыраумен жалғасатын цикл. 2024 жылдың сәуір айында халвинг болды, ал қазан айында бағалар жоғары шегіне жетті.

Алайда, қазіргі кезде үлкен қаражаттары бар инвесторлардың нарыққа әсер етуі бұрынғы сценарийдің қайта қайталануына күмән тудырады.

Баға құлдырағанда нарық себеп іздейді, алайда соңғы уақыттарда оны таппай жүр. Жауап аз, спекуляция басым. Белгісіздік Уол Стриттің басты мәселесіне айналып келеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
S&P 500 индексі 2025 жылдың қараша айында 2008 жылғы қаржы дағдарысы-дан бері ең нашар нәтиже көрсетуі мүмкін
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
NVDA +5,16
Нарықты бір өзі құтқарып тұр😤
Нарық бейсенбіні жасылмен бастап, кешкі сессия құлдыраумен жапты. АҚШ қор нарығы -$1 трлн теңге жоғалтты. Ал крипто нарық $120 млрд долларға кеміді.

🙃Әр мәлімет бағыт беруде

🇺🇸Еңбек бюросы жартылай қуантқан статистика нарықты аздап жандандырып, желтоқсандағы ставка төмендеуіне деген үмітті күшейтті: CME FedWatch көрсеткіші бір күнде 30%-дан 39,6%-ға секірді. Дегенмен, интрига сақталып тұр ➡️ФРС шешіміне дейін қолдағы жалғыз еңбек нарығы есебі осы ғана. Нарық енді әрбір жаңа мәліметке ауадай жармасатын кезеңге кірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪▪▪▪
АҚШ-тағы салқындық бізге де әсер етпей қоймады. 📈📉индексі бірден 3,32 пайызға түсіп, 6718 тармағына дейін барды.

Кейбір компаниялардың акциялары бес күн қатарынан минустан көш ашпаса, бірі қатарынан 3-4 күн қызылға боялды.

🙃БЦК “бес мың” дәлізінен тым алыстап кетті.
🙃жұма күні прайс тіпті 300,1 теңге ге дейін түсіп, саудаланды. Халық акционерлерінің жаңалығы ➡️прайсқа айтарлықтай әсер етті. Меніңше 2025 жылдың бірінші тоқсанында тағы бір толқыны болады.
🙃Каспи өзінің минимумын тағы бір жаңартып тастады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5⃣🔎500 бағыты

(
Сәл ауырлау пост)

Апта басынан бері S&P 500 индексіне арналған фьючерс 1,04%-ға төмендеп, 6602 пунктке дейін түсті. Нәтиже теріс. Наурыздан бергі ең нашар көрсеткіш. Бұл америкалық нарықтағы көпіршік әлдеқашан толықтай көпіріп болды деген әңгімелерді қоздырып отыр.
Тіпті ол РЕПО нарығындағы жағдай арқылы «тесілгендей» болды. Қазір көпіршіктің басылу кезеңі жүріп жатыр.
Мұнда автоматты түрде әйгілі «аю» Майкл Бьюрри туралы жаңалықтар да қосылады. Ол 2007–2008 жылдардағы ипотекалық дағдарыс кезінде шамамен 800 млн доллар тапқан. Енді ол жоғары технологиялық секторға көз тікті. Қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша оның ScionAsset Management қоры Nvidia (NVDA) акцияларына 187,0 млн долларлық, ал Palantir (PLTR) акцияларына 912,0 млн долларлық пут-опциондарға ие болған.
Оның күтулері әбден негізді. Мұны ақша агрегаты M2 мен S&P 500 индексін салыстырғанда айқын көруге болады.

Окей.
Қазір біз доткомдар дағдарысы алдындағы деңгейлерге жақындап қалдық. Бірақ көпіршікті. әлі де біраз үрлеугеорын бар. Және «The Big Short» фильмінен білетініміздей, өткен жолы Бьюрриге нарық құлағанға дейін біраз уақыт күтуге тура келген.
S&P 500-дің барлық ірі құлдыраулары осы қатынастың кең арнасының техникалық логикасына мінсіз сыйып тұр.

🙃2008 жылғы ипотекалық дағдарыс кезіндегі құлдырау оның орта сызығынан басталды. 2020 жылғы коронадағдарыс та солай. Тіпті АҚШ-та 2022 жылы ЖІӨ бойынша қатарынан екітеріс тоқсан тіркелген, бірақ ресми түрде «рецессия емес» деп аталған кезеңде де төмендеу осы арнаның орта сызығынан басталған.
2024 жылы бұл орта деңгей жоғарыдан бұзылып өтті. Бұған жасанды интеллект (ЖИ) секторы «үлес қосты». Ол экономика үшін ғаламат перспективаларды сызып берді. Көпіршік доткомдар күйреуі сценарийі бойынша дами бастады. Бірақ техникалық логика тұрғысынан қарағанда, қайта тексеру (ретест) қажет еді. Ол 2025 жылдың сәуірінде Азаттық күніне орай болды: 😃Дональд Трамп бүкіл әлемге сауда соғысын жариялаған кезде. Орта сызықтың ретесті сәтті өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM