Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🛢️Қазақстан мұнайды $129 доллардан сатып жатыр. Баға көтерілді. 👤Трамптың позитивті постары да көмектеспей отыр. Этолонды брент маркасы қазір $112. Әзірбайжандар бөшкесін 134 доллардан батысқа айдауда.

Көптеген сарапшылар мұнайдың тапшылығы күннен күнге артып келе жатқанын айтуда. Қорлар азайып келеді. Алда ыстық маусым келе жатыр, тұтыну артады. Трейдерлер нарықтағы ұсыныс жасаған кез келген тонна мұнайды бірден сатып алуда. Нарық қазір аш…

🏛️, 🔍🔍, JP Morgan және 🅱 Bloomberg аналитиктерінің мұнайға қатысты сараптамаларын үзбей оқимын. Қазіргі жағдай тағы екі аптаға созылса, мұнайдың құны 150-200 долларға барады деп отыр. Ал, АҚШ билігі Иранның барлық энергетикалық нысандарын істен шығармақ. Әзірше тек қорқыту.

Әскери сарапшылар жаяу әскерсіз билікті құлата алмайды деп те айтуда. Ал Иран болса Таяу Шығыстың тағы бір әлсіз тұсы- ауыз су өңдейтін нысандарды қиратамыз деп сес көрсетіп отыр. Катар, БАӘ, Сауд.Араб елдері үшін қақтығыстың созылуы экономикаға зардабын тигізуде.

Қысқасы осы апта, көп нәрсе шешілуі мүмкін…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент үкіметке ұлттық қорды 2029 жылға қарай $100 млрд долларға жеткізуге тапсырма беріп еді. Көбіміз сенбеп едік (мен де). Бірақ көмек күтпеген жерден келеді екен😅

Егер мұнай бағасы жоғары болса (орташа жылдық) неге жасамасқа…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
478,20
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Таза табыс
QANTAR-AQPAN
🔍
Еліміздің ең ірі үштігі 🏦Халық (-12.9%), 🏛️Kaspi (-14.8%) және 🏛️БЦК (-31.7%) жылды төмендеумен бастады. МРТ банк секторын қысып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Minimum
🇰🇿474,00
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Иран мен АҚШ басшылары цитаталармен айтысып, нарықты тербеуде

🖊️Reuters
«АҚШ Ираннан тез арада кетеді және қажет болған жағдайда нүктелі соққылар жасау үшін қайта оралады. Сондай-ақ, АҚШ-тың НАТО құрамынан шығу мүмкіндігін қарастырып жатырмын».

👤Дональд Трамп ата
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿471,84

Теңге мінезін көрсетіп жатыр
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖊️Reuters: Ресей экономикасы баяулап жатыр

Ресейдің ЖІӨ-і қатарынан екінші ай төмендеді: екі айдың қорытындысы бойынша 1,8%-ға қысқарды

Ресейдің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) ақпанда жылдық есеппен 1,5%-ға төмендеді. Бұған дейін қаңтарда 2,1%-ға құлдырау тіркелгенін экономика министрлігі хабарлады.

Жылдың алғашқы екі айында ЖІӨ жалпы алғанда 1,8%-ға азайған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
І-ші тоқсан да бітті. Жыл басынан бері акция бағалары қалай өзгерді?


Текст: мында
Инфографика астында
Ⓜ The Economist

«Жауың қателесіп жатса, оған ешқашан кедерігі жасама”
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МРТ деген не?

Бұрын да жазғанмын, бүгін көше тілімен түсіндіріп көрейін.

💭Елестетіп көр: сенің жеке банкің бар делік. Адамдар саған ақшасын әкеліп салады (депозит). Сен ол ақшаны алып, басқаларға кредит ретінде үстеме пайызымен беріп, пайда табасың. Классика

Бірақ төбеде 🇰🇿Ұлттық банк деген «бастық» отыр. Ол саған былай дейді:

«Ей, бауырым, саған халық сеніп тапсырған ақшаның бәрін оңды-солды кредит қылып тарата берме. Кенеттен бәрі ақшасын алуға келсе, кассаң бос қалады. Сондықтан, әр жинаған 100 теңгеңнің пәленбай пайызын маған әкеліп қой. Ол ақша «мұздатылған» күйде тұрады, оған тиіспейсің. Бұл сенің қауіпсіздік «заначкаң» (резервің)»-дейді.


Міне, осы «резервті» МРТ дейді. Енді қазір не болып жатқанын талдайық:

Қыспаққа алу (Резервтің өсуі)
Бұрын Ұлттық банк: «Әр 100 теңгенің 1 теңгесін маған берсең жетеді» (1,3%) дейтін. Енді 2026 жылға қарай: «Әр 100 теңгеңнің 5 теңгесін (5%) маған өткізіп қой» деп жатыр.

💵Валютада тіпті қиын: Доллармен жиналған ақшаның 15%-ын Ұлттық банкке өткізіп тастау керек. Бұл дегенің банктің қолындағы «жұмыс істейтін» ақшасы азаяды деген сөз.

Банктер неге мазасызданып отыр?

Банк ақшаны айналдырып пайда табатын мекеме.

Банктердің 2025 жылдың есептерінде, басшылар 2026 жылға болжам жасап өтеді. Көбісі мән бәрмейді, бірақ маңызды.

🏦Halyk Bank-ті алсақ: Олардың «мұздатылған» ақшасы 294 млрд теңгеден 856 млрд теңгеге дейін секірген. Бұл ақша жай ғана жатыр, банк онымен кредит беріп, пайда таба алмайды. Сондықтан олардың таза табысы (ROE) мен пайдасы (NIM) төмендеп жатыр.

🏛️Kaspi-дің жағдайы: Ломтадзе ашық айтып отыр: «Резервті көбейтсе, біздің табыс табу мүмкіндігіміз шектеледі». Яғни, айналымдағы ақша азайған соң, пайда да бұрынғыдай қарқынмен өспейді.



Бұл халыққа (бізге) қалай әсер етеді?

Егер банктің шығыны көбейсе (салық 25%-ға өсті, резервке ақшаны көбірек тығып қою керек болды), олар бұл шығынды жабудың жолын іздейді:

Кредит қымбаттауы мүмкін: Банк өз пайдасын сақтап қалу үшін кредит пайызын көтеруі немесе мақұлдауды азайтуы мүмкін (мәтінде Halyk кредитті 14%-дан 9-12%-ға дейін баяулатамыз деп отыр).

Депозит пайызы төмендеуі мүмкін: Банкке ақша жинау «қымбатқа» түсе бастайды, өйткені сол ақшаның біраз бөлігін бәрібір Ұлттық банкке тегін өткізіп тастау керек.

Қысқаша түйін:
МРТ-ны көтеру -бұл экономикадағы «артық» ақшаны сығып алу. 🇰🇿Ұлттық банк банктердің «тәбетін» азайтып, инфляцияны тежегісі келеді. Ал банктер үшін бұл -«қалтаның жұқаруы» және жұмыс істеудің қиындауы.

Жалпы қадағалаушы орган банк секторын қысуды бастады. 2026 жылдан бастап банктер үшін бөлшек несиелеуден түсетін табысқа корпоративтік табыс салығы (КТС) 25%-ға дейін көтерілді, сондай-ақ кейбір қаржылық қызметтерге ҚҚС енгізілді. 2025 жылы олар артық пайдаға 10% мөлшерінде салық төлеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇨🇳Қытай доллардан шығып, алтынға көшуін белсенді түрде жалғастыруда. Қазір соңғы деректер бойынша Орталық банктердегі резервтің 24% алтынмен сақталуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷Лираны қолдау үшін Түркия екі аптада 120 тонна алтын сатты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түрік лирасы жоғары қарқынмен құлдырауда
АҚШ басылымдарының кезекті хейті
Бұл жолы 📰Time

Time журналы Иранмен әскери қақтығыстан шығу жолын іздеп жатқан 👤Трамп бейнеленген мұқабаны жариялады.

Түсіндірмеде АҚШ президенті өзі толықтай қоғамға жеткізе алмаған және жүргізуге нақты мандат алмаған соғыстың қысымына тап болғаны айтылған
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙 468,7
Минимум. Теңге 470 тен төмен прайсқа тест жасап көрді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың әскери шығындары Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі деңгейден де асып түсуі мүмкін.

👤Дональд Трамп ұсынған $1,5 трлн көлеміндегі әскери бюджет (инфляцияны есептегенде) – тарихтағы ең ірі әскери бюджеттен $260 млрд-қа көп.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 464
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️Қазақстан мұнайды $122 доллардан экспорттауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM