Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
109 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🪙Нақты жалақы теріс динамикадан шыға алмады.

🔍statgov бүгін І-ші тоқсанның жалақы мәліметін жариялады. Еліміздегі 20 өңірдің 19-да өсім жоқ. Табыс инфляциядан аса алмады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👤Трамп қытайға шенеуліктен гөрі CEO көбірек алып келді

Apple басшысы Тим Кук, Goldman Sachs басшысы Давид Соломон және Tesla иесі Илон Маск сияқты 16 ірі бизнесменді қасына ертіп келді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің экономикалық салмағы біркелкі емес.

Ұйым ішіндегі алшақтық айтарлықтай үлкен: бір жағында триллиондық алып экономика тұрса, екінші жағында дамушы шағын нарықтар орналасқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
+5,6 теңге

Доллар қымбаттап жатыр. Алматыда айырбас орындары валютаны 478 теңгеден сата бастады. 📈📉 максимум баға (әзірше) 475,7 теңге.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧘‍♂️Мұғалімдердің орташа жалақысы

2026 жылдың алғашқы үш айындағы мәліметтер

🔍 Kursiv Media
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Brian Sikes — CEO Cargill
Chuck Robbins — CEO Cisco
Cristiano Amon — CEO Qualcomm
David Solomon — CEO Goldman Sachs
Dina Powell McCormick — Президент по глобальным вопросам Meta
Elon Musk — CEO Tesla/SpaceX
H. Lawrence Culp — CEO GE Aerospace
Jacob Thaysen — CEO Illumina
Jane Fraser — CEO Citi
Jensen Huang — CEO Nvidia
Jim Anderson — CEO Coherent
Kelly Ortberg — CEO Boeing
Larry Fink — CEO BlackRock
Michael Miebach — CEO Mastercard
Ryan McInerney — CEO Visa
Sanjay Mehrotra — CEO Micron
Stephen Schwarzman — CEO Blackstone
Tim Cook — CEO Apple
🔍📈500 индексі тарихта алғаш рет ресми түрде 7500 деңгейіне жетті. Индекс 30 наурыздағы минимумнан бері +19%-ға өсті.

Бұл 7 апта ішінде нарықтық капитализацияның +10,9 триллион долларға артуын білдіреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Part 2
🖊️REUTERS:
Каспий құбыры желісі маусым айында мұнай экспортын 17%-ға қысқартады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛️Forte -15,8%

Астана уақыты бойынша 11:32-де Қазақстан қор биржасында (KASE) ForteBank (ASBN) акцияларының бағамы күрт төмендеді. Мәліметтерге сәйкес, банк акциялары 15,75 пайызға құлдырап, бір дана акцияның бағасы 10,0 теңгеге дейін арзандады.

Қаржы нарығындағы кейбір мәліметтерге сүйенсек, ForteBank-ті венгерлік инвестор сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап нарықта ForteBank-тің венгерлік OTP қаржы тобына ықтимал сатылымы қызу талқыланып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, банктің соңғы уақыттағы стратегиялық іс-әрекеттері сату алдындағы дайындық кезеңдеріне өте ұқсас. Атап айтқанда, акционерлерге дивиденд төлеуден бас тарту, банкті қосымша капиталдандыру туралы жақында қабылданған шешім және оның лизингпен айналысатын еншілес ұйымының сатылуы осы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

📈📉
Биржадағы акция бағасының бүгінгі күрт құлдырауы осы құрылымдық өзгерістерге және сатылым туралы сыбыстарға деген нарықтың реакциясы болуы ықтимал.

Update
12:18. Price 11,76 KZT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мамыр дивидендке толы ай

📈📉 және global-дағы акциялардың дивиденд саясаты, кірістілігі туралы calendar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️ қазақ мұнайы 127 долларға көтерілді. Brent дәл қазір бөшкесіне 110,01 доллардан сатылуда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ресей рублі нығайып келеді

Ресей үкіметі биыл 3,8 трлн бюджет тапшылығы болады деп болжаған. Алайда тек 4 айдың өзінде бюджет дефициті $85 млрд (₽6 трлн) жеткен. Рубльдің нығаюы бұл тапшылықты одан сайын арттырмақ
Халықтың шамадан тыс қарызға батуын тоқтату үшін 🇰🇿Ұлттық Банк жаңа, қатаң шектеулер енгізгелі жатыр.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап несие алу айтарлықтай қиындайды. Неге? Түсіндіріп өтейік.


8 еселік лимит немесе КБК деген не?
Көп ұзамай банктер несие берерде жаңа өлшем – КБК-ны (Кіріске қатысты борыш коэффициентін) қатаң тексеретін болады.

Бұл ереже өте қарапайым: сіздің барлық несиеңіздің жалпы сомасы сіздің 1 жылдық табысыңыздан 8 еседен аспауы керек. 
Бұған бұрын алған несиелеріңіз де, енді алғалы тұрған жаңа қарызыңыз да кіреді.

Қарапайым мысал: 
Айталық, сіз айына таза 300 000 теңге жалақы аласыз.
Сіздің 1 жылдық табысыңыз: 300 000 теңге х 12 ай = 3 600 000 теңге.
Рұқсат етілген ең жоғарғы қарыз шегі (8 есе): 3 600 000 теңге х 8 = 28 800 000 теңге.


Яғни, сіздің мойныңыздағы жалпы берешек 28,8 млн теңгеден аспауы тиіс. Егер сізде қазірдің өзінде 25 млн теңге ипотекаңыз және 3 млнтеңге автонесиеңіз болса (жалпы 28 млн), банк сізге жаңа телефон алуға тіпті 500 мың теңгелік бөліп төлеуді де (рассрочка) мақұлдамайды. Өйткені сіз өзіңіздің шегіңізге жетіп қойдыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙Халыққа берілген кредит
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трамптың Қытайға сапары кезінде делегация құрамында ⚙️Boeing президенті де болды. Ұшақ сатып алу туралы келісім дайындалып жатқаны түсінікті еді. Осы уақытқа дейін Қытай 10 жыл бойы Boeing ұшақтарын сатып алмаған болатын.

Сапар аяқталды. Трамп Қытай 200 ұшақ сатып алатынын мәлімдеді. Мұны Қытайдың Сауда министрлігі де растады. Осыдан кейін Boeing акциялары бірден 4%-ға төмендеді. Себебі бастапқыда 200 емес 500 ұшақ сатып алу мәселесі талқыланған еді.

🛫Авиация сарапшыларының айтуынша, Қытайда ұшақ тапшылығы бар, елге кем дегенде тағы 1000 ұшақ қажет.

Қытай шағын авиациядан бастап алыс қашықтыққа ұшатын лайнерлерге дейінгі барлық жолаушылар ұшақтарын толық өндіретін өз өндірісін өте жылдам дамытып жатыр.

Скептиктер мұндай жағдай болашақта міндетті түрде жүзеге асады дейді. Тек мәселе 🪭оның қашан болатынында. Олардың пікірінше, қытайлық орта және алыс қашықтыққа арналған ұшақтар әлемдік нарықта елеулі үлеске тек шамамен 20 жылдан кейін ғана ие болады. Аз-кем айырмашылық болуы мүмкін.

Бәлкім солай болар. Бәлкім басқаша да болуы мүмкін. Мұны авиация сарапшылары шешсін. Бірақ қазірдің өзінде тіпті скептиктердің өзі Қытайдың ұшақ жасау саласына толық кіретініне күмән келтірмейді.

Жақында ғана көп адам Қытайдың автокөлік өнеркәсібіне сенбейтін. Ол кезде де
«автокөлік -өте күрделі өндіріс, Қытай ешқашан дәстүрлі өндірушілерге бәсеке бола алмайды, заманауи көлік жасау — киім тігумен бірдей емес»

деген пікірлер айтылатын. Бірақ нәтиже мүлде басқаша шықты. Енді кезек ұшақтарға келді.

🖌B.Chukin
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Инфляция "құрбан шалуға" да жетті. Онлайн құрбан шалу іске қосылды. 🐏Қойдың бағасы кейбір өңірлерде 150 мың теңгеге дейін жетті. Барлық өңір бойынша мал бағалары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Баффеттің қолма-қол ақшасы: 397 миллиард доллар неге пайдаланылмай жатыр?

Грег Абель бас директор қызметіне кіріскен алғашқы тоқсаннан кейін Berkshire Hathaway балансында рекордтық 397 миллиард доллар жиналды.

😇Уоррен Баффет 2025 жылдың соңында зейнетке шыққанда 373 миллиард доллар қалдырған еді, небәрі үш ай ішінде бұл сома тағы 24 миллиардқа өсті.

Бұл қаражат Гонконг немесе Норвегияның бүкіл Жалпы ішкі өнімінен көп! Бізде бармыз. Қазір бұл қыруар ақшаның негізгі бөлігі АҚШ қазынашылық вексельдерінде сақталып, 4-5% ғана табыс әкеліп жатыр.

Мұндай қордың жиналуы кездейсоқ емес. Berkshire соңғы жылдары 172,9 миллиард долларға акция сатты. Баффет 📹Apple-дағы үлесін 50%-дан 22%-ға, ал 💳Bank of America акцияларын екі есеге қысқартты. Нарықтағы баға негізсіз қымбаттап кетті деп санағандықтан, компания тіпті өз акцияларын қайта сатып алуды (buyback) екі жылға жуық тоқтатқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Минус 109 млрд теңге

💳Банк секторы 4 айда небәрі 796 млрд теңге таза табыс алды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 109 млрд тг кем. Табыстың азаятынын күтілген жағдай еді, МРТ туралы мына постта жазған болатынмын.


🇰🇿Бас банк ———->>> 🔩
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM