Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Part 2
🖊️REUTERS:
Каспий құбыры желісі маусым айында мұнай экспортын 17%-ға қысқартады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛️Forte -15,8%

Астана уақыты бойынша 11:32-де Қазақстан қор биржасында (KASE) ForteBank (ASBN) акцияларының бағамы күрт төмендеді. Мәліметтерге сәйкес, банк акциялары 15,75 пайызға құлдырап, бір дана акцияның бағасы 10,0 теңгеге дейін арзандады.

Қаржы нарығындағы кейбір мәліметтерге сүйенсек, ForteBank-ті венгерлік инвестор сатып алуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдан бастап нарықта ForteBank-тің венгерлік OTP қаржы тобына ықтимал сатылымы қызу талқыланып жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, банктің соңғы уақыттағы стратегиялық іс-әрекеттері сату алдындағы дайындық кезеңдеріне өте ұқсас. Атап айтқанда, акционерлерге дивиденд төлеуден бас тарту, банкті қосымша капиталдандыру туралы жақында қабылданған шешім және оның лизингпен айналысатын еншілес ұйымының сатылуы осы процестің бір бөлігі ретінде қарастырылуда.

📈📉
Биржадағы акция бағасының бүгінгі күрт құлдырауы осы құрылымдық өзгерістерге және сатылым туралы сыбыстарға деген нарықтың реакциясы болуы ықтимал.

Update
12:18. Price 11,76 KZT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мамыр дивидендке толы ай

📈📉 және global-дағы акциялардың дивиденд саясаты, кірістілігі туралы calendar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️ қазақ мұнайы 127 долларға көтерілді. Brent дәл қазір бөшкесіне 110,01 доллардан сатылуда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ресей рублі нығайып келеді

Ресей үкіметі биыл 3,8 трлн бюджет тапшылығы болады деп болжаған. Алайда тек 4 айдың өзінде бюджет дефициті $85 млрд (₽6 трлн) жеткен. Рубльдің нығаюы бұл тапшылықты одан сайын арттырмақ
Халықтың шамадан тыс қарызға батуын тоқтату үшін 🇰🇿Ұлттық Банк жаңа, қатаң шектеулер енгізгелі жатыр.

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап несие алу айтарлықтай қиындайды. Неге? Түсіндіріп өтейік.


8 еселік лимит немесе КБК деген не?
Көп ұзамай банктер несие берерде жаңа өлшем – КБК-ны (Кіріске қатысты борыш коэффициентін) қатаң тексеретін болады.

Бұл ереже өте қарапайым: сіздің барлық несиеңіздің жалпы сомасы сіздің 1 жылдық табысыңыздан 8 еседен аспауы керек. 
Бұған бұрын алған несиелеріңіз де, енді алғалы тұрған жаңа қарызыңыз да кіреді.

Қарапайым мысал: 
Айталық, сіз айына таза 300 000 теңге жалақы аласыз.
Сіздің 1 жылдық табысыңыз: 300 000 теңге х 12 ай = 3 600 000 теңге.
Рұқсат етілген ең жоғарғы қарыз шегі (8 есе): 3 600 000 теңге х 8 = 28 800 000 теңге.


Яғни, сіздің мойныңыздағы жалпы берешек 28,8 млн теңгеден аспауы тиіс. Егер сізде қазірдің өзінде 25 млн теңге ипотекаңыз және 3 млнтеңге автонесиеңіз болса (жалпы 28 млн), банк сізге жаңа телефон алуға тіпті 500 мың теңгелік бөліп төлеуді де (рассрочка) мақұлдамайды. Өйткені сіз өзіңіздің шегіңізге жетіп қойдыңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙Халыққа берілген кредит
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трамптың Қытайға сапары кезінде делегация құрамында ⚙️Boeing президенті де болды. Ұшақ сатып алу туралы келісім дайындалып жатқаны түсінікті еді. Осы уақытқа дейін Қытай 10 жыл бойы Boeing ұшақтарын сатып алмаған болатын.

Сапар аяқталды. Трамп Қытай 200 ұшақ сатып алатынын мәлімдеді. Мұны Қытайдың Сауда министрлігі де растады. Осыдан кейін Boeing акциялары бірден 4%-ға төмендеді. Себебі бастапқыда 200 емес 500 ұшақ сатып алу мәселесі талқыланған еді.

🛫Авиация сарапшыларының айтуынша, Қытайда ұшақ тапшылығы бар, елге кем дегенде тағы 1000 ұшақ қажет.

Қытай шағын авиациядан бастап алыс қашықтыққа ұшатын лайнерлерге дейінгі барлық жолаушылар ұшақтарын толық өндіретін өз өндірісін өте жылдам дамытып жатыр.

Скептиктер мұндай жағдай болашақта міндетті түрде жүзеге асады дейді. Тек мәселе 🪭оның қашан болатынында. Олардың пікірінше, қытайлық орта және алыс қашықтыққа арналған ұшақтар әлемдік нарықта елеулі үлеске тек шамамен 20 жылдан кейін ғана ие болады. Аз-кем айырмашылық болуы мүмкін.

Бәлкім солай болар. Бәлкім басқаша да болуы мүмкін. Мұны авиация сарапшылары шешсін. Бірақ қазірдің өзінде тіпті скептиктердің өзі Қытайдың ұшақ жасау саласына толық кіретініне күмән келтірмейді.

Жақында ғана көп адам Қытайдың автокөлік өнеркәсібіне сенбейтін. Ол кезде де
«автокөлік -өте күрделі өндіріс, Қытай ешқашан дәстүрлі өндірушілерге бәсеке бола алмайды, заманауи көлік жасау — киім тігумен бірдей емес»

деген пікірлер айтылатын. Бірақ нәтиже мүлде басқаша шықты. Енді кезек ұшақтарға келді.

🖌B.Chukin
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Инфляция "құрбан шалуға" да жетті. Онлайн құрбан шалу іске қосылды. 🐏Қойдың бағасы кейбір өңірлерде 150 мың теңгеге дейін жетті. Барлық өңір бойынша мал бағалары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Баффеттің қолма-қол ақшасы: 397 миллиард доллар неге пайдаланылмай жатыр?

Грег Абель бас директор қызметіне кіріскен алғашқы тоқсаннан кейін Berkshire Hathaway балансында рекордтық 397 миллиард доллар жиналды.

😇Уоррен Баффет 2025 жылдың соңында зейнетке шыққанда 373 миллиард доллар қалдырған еді, небәрі үш ай ішінде бұл сома тағы 24 миллиардқа өсті.

Бұл қаражат Гонконг немесе Норвегияның бүкіл Жалпы ішкі өнімінен көп! Бізде бармыз. Қазір бұл қыруар ақшаның негізгі бөлігі АҚШ қазынашылық вексельдерінде сақталып, 4-5% ғана табыс әкеліп жатыр.

Мұндай қордың жиналуы кездейсоқ емес. Berkshire соңғы жылдары 172,9 миллиард долларға акция сатты. Баффет 📹Apple-дағы үлесін 50%-дан 22%-ға, ал 💳Bank of America акцияларын екі есеге қысқартты. Нарықтағы баға негізсіз қымбаттап кетті деп санағандықтан, компания тіпті өз акцияларын қайта сатып алуды (buyback) екі жылға жуық тоқтатқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Минус 109 млрд теңге

💳Банк секторы 4 айда небәрі 796 млрд теңге таза табыс алды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 109 млрд тг кем. Табыстың азаятынын күтілген жағдай еді, МРТ туралы мына постта жазған болатынмын.


🇰🇿Бас банк ———->>> 🔩
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бейжіңнен Путин неге басты келісімсіз қайтты

Бейжіңдегі Халық жиналысының Үлкен залында орыс классикасы қалықтап, Ресей мен Қытай басшылары бір-бірін «ескі досым» деп атағанымен, үлкен саясатта сезімнен гөрі прагматизм маңыздырақ екені тағы да дәлелденді.


🔍🔍🔍 мәліметінше Владимир Путиннің Қытайға жасаған сапары сырт көз үшін екі ұлы державаның мызғымас одағындай көрінгенімен, сарапшылар кездесудің ішкі астарынан басқа мән байқап отыр.

1⃣«Мәскеу кештері» және стратегиялық әріптестік

Саяси сарапшы Розенбергтің ойынша Путин мен Си Цзиньпиннің кездесуі ерекше салтанатпен өткен. Қызыл кілем, орыстың «Мың бір түн» және «Мәскеу кештері» әуендерін ойнаған қытайлық әскери оркестр – осының бәрі бір сәтке Бейжіңді Мәскеуге айналдырып жібергендей әсер қалдырған.
Екі лидердің қарым-қатынасын қазіргі таңда саяси «броманс» (ерлер достығы) деп те атауға болады. Олар осы кезге дейін 40-тан астам рет кездесіп, өзара сенім мен стратегиялық ынтымақтастық туралы жиі мәлімдеме жасап келеді. Ортақ жау да анық: қос мемлекет АҚШ-тың ядролық саясаты мен Дональд Трамп ұсынған зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін қатаң сынға алды. Ресейлік басылымдар тіпті Трамптың ұшаққа жалғыз көтеріліп бара жатқан суреті мен Путин-Си жұбының қатарласа түскен суретін қатар қойып, әлемдік аренада кімнің кіммен тізе қосып тұрғанын ашық көрсетті.

2⃣Достық шекарасы: Геосаясат пен жеке мүдде


Алайда, саяси сарапшы Розенбергтің пікірінше, бұл – махаббат әндері мен романтика әлемі емес. Сыртқы саясатта кез келген достық нақты ұлттық мүдделерге келіп тіреледі. Саммит барысында бұл жайт айқын көрініс тапты.
Ресей үшін қазіргі ең басты стратегиялық мақсаттардың бірі – еуропалық нарықтың орнын толтыру.

Ол үшін Мәскеуге жаңа энергия көздерін тасымалдау жолдары ауадай қажет. Бірақ дәл осы тұста «достықтың» да шекарасы бар екені байқалды.
«Сібір қуаты-2»: Қытай неге асықпайды?
Кездесудің басты интригасы энергетика саласына, нақтырақ айтқанда «Сібір қуаты-2» газ құбырына байланысты болды. Жоба Ресейдің Батыс Сібірінен шығатын қосымша газды Моңғолия арқылы Қытайға тасымалдауға мүмкіндік береді.
Былтыр өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанымен, Бейжің нақты келісім жасасуды созып отыр. Бұған екі негізгі себеп бар. Әуелі баға мәселесі. Қытай тарапы газды барынша арзан бағамен сатып алуды көздейді. Одан кейін тәуелділік қаупі бар. Сарапшылардың пікірінше, Бейжің ресейлік қазба отынына шамадан тыс тәуелді болып қалудан сақтанады.

Сәрсенбі күні Кремль жобаның «параметрлері бойынша ортақ түсіністікке» қол жеткізілгенін хабарлады. Дегенмен, қағаз жүзіндегі түпкілікті келісімнің ауылы әлі алыс. Бұл жағдай ресейлік шенеуніктердің көңілін қалдырса да, олар үшін күтпеген жаңалық болған жоқ. Тіпті ресейлік үкіметтік басылымның өзі «Көлемі жағынан алып, әрқайсысы ұлы державалық менталитетке ие екі елдің мүддесі әрдайым сәйкес келе бермейді» деп ашық жазды.

Қорытындылай келе, Путиннің Бейжіңге сапары Ресей мен Қытай арасындағы қатынастың сыртқы формасы мінсіз екенін көрсетті. Алайда, ешқандай ірі газ келісімінсіз хүйге қайтуы — үлкен саясатта әр ел тек өз мүддесін бірінші орынға қоятынын, ал «саяси романс» қызыл кілемде ғана жарамды екенін дәлелдейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚀KZAP 1M (-22.3%)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Алматыда ИП жаппай жабылуда

2026 жылдың алғашқы төрт айында Алматы қаласында шағын бизнестің, атап айтқанда, дара кәсіпкерлік субъектілерінің жаппай жабылу тенденциясы байқалды. 🔍Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл басында тіркелген 304 мыңнан астам кәсіпкердің 47 мыңнан астамы көктемнің соңына қарай қызметін тоқтатқан. Бұл қаладағы әрбір алтыншы дара кәсіпкер нарықтан кетті деген сөз.


Еске сала кетейік, 🛢Ұлттық экономика министрлігі мен салық органдарының талдауы көрсеткендей, кәсіпкерлер санының кемуі – күтілген құбылыс. Оған реформа аясында бұрын бизнесті бөлшектеу үшін ашылған немесе табысы жоқ «өлі» кәсіпорындардың жабылуы себеп болған деген
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿
480-ге қайта оралдық. Бүгін тіпті потолок 482 ге дейін жетті. Наурыздың аяғынан бері ең үлкен прайс.

Теңге тіпті өткен аптадағы салық апталығын да сезбей өткендей.

Жабық арналарда теңгенің нарықтық құны 490-495 деп те жиі айтыла бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа буын. 🔍ORBES жаңа рейтингте екі бизнесменнің байлығын тым аз бағалады.

Сарапшылар/экономистер ERG сияқты алып компанияларды қандай ақшаға сатып алғанын түсіндіре алмайды. Кезекте енді Алтыналмас. Қаражатқа келсек сарапшы 🔍Арман Батаев мұны орысша «Политическое благословение» деп атады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚПЛ-гі ең қымбат 20 футболшы
488,65 ••••🏃‍♂️•••490,0
🫠
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM