Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
109 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Кеше нарықта доллар ₸452-ге дейін түсті. Бұл 2024 жылдың 16-шы маусымынан кейінгі ең төменгі баға. Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 долларға жақындады, ал доллар индексі 98,8 тармаққа дейін төмен сырғыды. Кэрри трейдтің көкжиегі кеңейіп келеді. Кейбір мәліметте бойынша қадағалаушы доллар 500-ден төменге өтсе кері интервенцияға баруы мүмкін дейді. Осылайша кеше теңге психологиялық межеге бір табан жақын келді.
Нарықта доллар 452 теңгеге дейін түсті. Қазақ мұнайы CPC blend 106 доллардан асты.
$1 ➡️ ₸448,9
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Тобылдың» жаңа иесі табылды: ҚПЛ клубтары жаппай жекешеленіп жатыр
🛢️Қазақ мұнайы 123 доллардан асты 🌚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мұнайының қымбаттауына әлемдік нарықтағы физикалық мұнай тапшылығы әсер етіп отыр. Сауд Арабиясының Янбу портындағы мұнай тиеудің тоқтауы және East-West мұнай құбырының жұмысына қатысты мәселе Еуропада балама шикізатқа сұранысты арттырды. Reuters мәліметінше, Еуропада кейбір физикалық мұнай партияларының бағасы $122-ға дейін көтерілген, ал мұнай өңдеушілер АҚШ, Қазақстан, Алжир және Гайана мұнайын белсенді іздей бастаған.
1 доллар ➡️ 444,44₸

недеген әдемі таңба
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін ФРЖ үш жылдан кейін алғаш рет мөлшерлемені көтеруі мүмкін

Нарық толығымен сеніп отыр. ФРЖ мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеріп, 3,75–4,00% диапазонына жеткізеді деген сценарийді шамамен 93% ықтималдықпен бағалап отыр..

Қазір федералдық қорлар мөлшерлемесінің мақсатты диапазоны 3,50–3,75% деңгейінде. Шілдедегі отырыста 🔍ФРЖ оны өзгеріссіз қалдырған еді. Сол кезде комитеттің үш мүшесі мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа көтеруді қолдаған.

Мөлшерлеме жөніндегі шешім 16 қыркүйекте Вашингтон уақытымен 14:00-де, яғни Алматы уақытымен 23:00-де жарияланады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👶Иллюстрация

2025 жылы Қазақстанда 335 мың бала дүниеге келді. Ел бойынша туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 16,43 баланы құрады.
Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 18,15 болған. Яғни туу коэффициенті бір жылда шамамен 9,5%-ға төмендеді. Туған балалардың жалпы саны да азайған: 2024 жылы 365,9 мың сәби дүниеге келсе, 2025 жылы олардың саны 30,9 мыңға немесе 8,4%-ға қысқарды.
📍 Туу коэффициенті ең жоғары өңірлер:
— Түркістан облысы — 22,22
— Шымкент — 21,76
— Маңғыстау облысы — 21,40


🔍 Jaisandar.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⬆️TOP-30: Қазақстандағы ең көп оқылатын медиа-сайттар

JaiSandar LiveInternet рейтингінің соңғы бір айдағы деректері негізінде Қазақстандағы мещиа санатындағы TOP-30 сайттың аудиториясын бір картаға жинады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Jaisandar Алматыдағы мектеп ғимараттарының интерактив картасын жасады. Картада мектептер, гимназиялар, лицейлер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және арнайы білім беру нысандары жеке санаттарға бөлініп көрсетілген.
Он жыл бұрын екі есе аз еді..


2015 жылы Ресей Қазақстан үшін Қытайдан екі еседен астам ірі жеткізуші болатын: Ресейден импорт $10,5 млрд, Қытайдан $5,1 млрд болды. 2025 жылы айырмашылық іс жүзінде жоғалды — Ресейден $19,2 млрд, Қытайдан $18,9 млрд тауар келді.

Осылайша, Ресейден импорт он жылда шамамен 83% өссе, Қытайдан келетін тауар көлемі 3,7 есеге көбейді.

🔍 Kursiv Research-те 10 жылда сыртқы сауда қалай өзгерді деген сараптамалық материалым шықты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳 441,30₸

валюта нарығындағы күндізгі сауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қызылға боялған 📈📉. Бейсенбіде плюсқа ешкім шықпады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛️Kaspi брокер ашпақ па?

Kaspi тобы АХҚО-да Kaspi Broker Ltd. атты жаңа компания тіркеді. Компанияның қызмет бағыты ретінде брокерлік қызмет пен инвестициялық кеңес беру көрсетілген.

Kaspi Broker-дің құрылтайшысы Kaspi Capital Ltd. Бұл компанияны Kaspi.kz биыл шілдеде
АХҚО-да тіркеген еді.

Қазір құрылым былай көрінеді:
Kaspi.kz ➡️Kaspi Capital ➡️ Kaspi Broker

Әзірге Kaspi Broker-дің AFSA лицензиясы туралы дерек жоқ. Сондықтан компания брокерлік қызметті бастап кетті деуге ерте. Сондай-ақ Kaspi бұл сервисті қосымшаға енгізе ме, қандай нарықтарға қолжетімділік береді әзірге белгісіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕳🕳 Qazaq index

Жыл басынан акция бағаларының өзгерісі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ал мынау 📈📉 дегі акциялар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍Jaisandar.kz сайтында қор нарығын бақылау енді ыңғайлырақ.

📈 KASE акциялары
Акция бағасы мен өзгерісін 1 күн / 1 апта / 1 ай / YTD / 1 жыл бойынша қарауға болады. Жеке акцияны ашып, толық графигін көруге мүмкіндік бар.

🟩 Heatmap
Қай акция өсіп, қайсысы арзандағанын бір экраннан көресіз. Түс қоюланған сайын өзгеріс ауқымы да анық байқалады.

⚖️ Салыстыру
Акцияларды негізгі көрсеткіштері бойынша қатар қойып салыстыруға болады.


🇰🇿Дивидендтер
Дивиденд деректері жаңартылып отырады. Мұнда:
төлем тарихы;
дивиденд табыстылығы;
дивидендтің жылдық өсімі;
акция бағасының өзгерісі;
компанияларды өзара салыстыру бар.

Сондай-ақ KASE индексі, QAZAQ Index, KASE Global, индекстегі акциялардың үлесі мен басқа да нарық деректерін көруге болады.
Керек графиктер мен салыстыруларды PNG форматында жүктеп алуға болады.

⬆️Бәрі де онлайн жаңарып отырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Акциялардың табыстылығы

Өсім, дивиденд
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM