Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
109 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🔍Jaisandar.kz сайтында қор нарығын бақылау енді ыңғайлырақ.

📈 KASE акциялары
Акция бағасы мен өзгерісін 1 күн / 1 апта / 1 ай / YTD / 1 жыл бойынша қарауға болады. Жеке акцияны ашып, толық графигін көруге мүмкіндік бар.

🟩 Heatmap
Қай акция өсіп, қайсысы арзандағанын бір экраннан көресіз. Түс қоюланған сайын өзгеріс ауқымы да анық байқалады.

⚖️ Салыстыру
Акцияларды негізгі көрсеткіштері бойынша қатар қойып салыстыруға болады.


🇰🇿Дивидендтер
Дивиденд деректері жаңартылып отырады. Мұнда:
төлем тарихы;
дивиденд табыстылығы;
дивидендтің жылдық өсімі;
акция бағасының өзгерісі;
компанияларды өзара салыстыру бар.

Сондай-ақ KASE индексі, QAZAQ Index, KASE Global, индекстегі акциялардың үлесі мен басқа да нарық деректерін көруге болады.
Керек графиктер мен салыстыруларды PNG форматында жүктеп алуға болады.

⬆️Бәрі де онлайн жаңарып отырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💳Акциялардың табыстылығы

Өсім, дивиденд
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстан Теңіздегі үлесін кемінде 35%-ға дейін арттырғысы келеді

🔍Bloomberg-тің 22 қыркүйектегі мәліметінше, Қазақстан үкіметі 🤩Chevron бастаған консорциумнан шамамен $10 млрд көлемінде бір реттік төлем жасауды және мемлекеттің «Теңізшевройлдағы» үлесін қазіргі 20%-дан кемінде 35%-ға дейін ұлғайтуды талап етіп отыр.

Оның орнына 2033 жылы аяқталатын Теңіз кен орнын игеру келісімінің мерзімін ұзарту қарастырылуы мүмкін.
Қазір ТШО-дағы үлестер былай бөлінген:
— Chevron — 50%
— ExxonMobil — 25%
— ҚазМұнайГаз — 20%
— Lukarco — 5%

Келіссөз бірнеше айдан бері жүріп жатыр. Ол ресми түрде 2025 жылғы қыркүйекте басталған. 2026 жылғы сәуірде Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ТШО серіктестері Теңізде 2033 жылдан кейін де жұмысын жалғастыруға мүдделі екенін айтқан.
Bloomberg жариялаған жаңа деректің ерекшелігі — келісімді ұзартудың ықтимал бағасы алғаш рет нақты сандармен аталып отыр.

Бұл Қазақстанның 1990-жылдары жасалған ірі мұнай келісімдеріне қатысты ұстанымын күшейтіп отырғанын көрсетеді. Бұған қоса, ел Қашаған және Қарашығанақ жобалары бойынша ондаған миллиард долларлық дауларға қатысты халықаралық арбитраж процестерін жүргізіп келеді.
Қазақстанның келіссөздегі позициясына мұнай нарығындағы жағдай да әсер етіп отыр. Ел Еуропаға мұнай жеткізетін ірі экспорттаушылардың біріне айналды, ал Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Каспий мұнайының маңызын арттырды.
Бірақ Теңіздің ұзақмерзімді болашағына қатысты тәуекел де бар. ExxonMobil тамыз айында кен орнындағы өндіріс шарықтау шегіне жақындағанын, ал 2035 жылға қарай тәуліктік өндіру көлемі шамамен 500 мың баррельге дейін төмендеуі мүмкін екенін ескерткен.
Сонымен қатар Теңіз — технологиялық тұрғыдан күрделі кен орны. Құрамындағы күкіртсутегінің көп болуы жобаны игеру үшін ірі халықаралық компаниялардың тәжірибесі мен технологиясын қажет етеді. Сондықтан келісімді ұзартуға Қазақстан да, шетелдік серіктестер де мүдделі.

⬆️Chevron үшін де Теңіздің маңызы жоғары. Қазақстан компанияның дәлелденген мұнай-газ қорының 10%-дан астамын құрайды. Ал ТШО Chevron-ның негізгі ақша ағынын қамтамасыз ететін активтердің бірі.
2026 жылдың екінші тоқсанында Chevron-ның үлестес компаниялардан алған төлемдері шамамен $3 млрд болған. Оның басым бөлігі ТШО-дан түскен.

Компанияның барлық үлестес кәсіпорындарынан түсетін жылдық төлем бойынша бағдары 🛢️Brent бағасы барреліне $70 болған жағдайда шамамен $6 млрд.
Ал Қазақстан сұрап отырған $10 млрд бір реттік төлемнің консорциум мүшелері арасында қалай бөлінетіні әзірге белгісіз.

🛢️Тағы бір мәселе — Лукойлдың ТШО-дағы 5% үлесі. 2026 жылғы қаңтарда Қазақстанның Энергетика министрлігі компанияның елдегі активтерін сатып алу мүмкіндігіне байланысты АҚШ Қаржы министрлігіне өтініш жолдаған.
ҚазМұнайГаз үшін ТШО-дағы үлестің өсуі ұзақмерзімді перспективада дивиденд пен басқа да ақшалай түсімдердің артуына ықпал етуі мүмкін.
Теңіздің Chevron портфеліндегі салмағы биыл да айқын көрінді. Екінші тоқсанда кен орнындағы өндіріс алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда тәулігіне 170 мың баррельге артқан. Chevron басшысы Майк Уэрт Теңіз келісімінің ұзартылуын компания үшін өсу мүмкіндігі бар ерекше жобалардың бірі ретінде атаған.
⚠️ Маңыздысы: қазір айтылып отырған шарттар түпкілікті бекітілмеген. Келіссөз барысында $10 млрд төлем көлемі де, мемлекеттің үлесіне қатысты талап та өзгеруі мүмкін.

🖊️Келіссөз ұзаққа созылса, Теңіздің 2033 жылдан кейінгі болашағына қатысты белгісіздік сақталады. Ал Қазақстанның үлесі ұлғайған жағдайда Chevron, ExxonMobil және басқа серіктестердің үлесі мен болашақ ақша ағыны қысқаруы ықтимал.

Дереккөздер:
🇰🇿Teniz Capital
🔍Bloomberg
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍Jaisandar-да үлкен бюджет дерекқорын жасадық
Қазақстанның республикалық бюджетін енді ондаған PDF пен Excel файлынан іздеп отырмай-ақ, бір жерден зерттеуге болады.
Jaisandar DATA → Бюджет бөлімінде:
— 2015–2025 жылдардағы бюджет деректері;
— кірістер мен шығыстар;
— Ұлттық қордан түсетін трансферттер;
— негізгі салықтар;
— борышқа қызмет көрсету мен қарызды өтеу;
— өңірлердің бюджеті, донорлар мен субвенция алушылар;
— бірнеше жылды және өңірді салыстыру мүмкіндігі бар.
Мысалы, бірнеше секундта мемлекеттің белгілі бір жылы ҚҚС-тан қанша кіріс алғанын, денсаулық сақтауға қанша жұмсағанын, Ұлттық қордан қанша ақша алғанын немесе борышқа қызмет көрсету шығыны қалай өзгергенін көруге болады. Тіпті одан ішінара салаларды қарауға болады. мысалы НИШ мектептеріне соңғы 5 жылда қанша қаражат бөлінді деген секілді 7 мыңнан астам сала бар.
Кез келген графикті өзіңізге ыңғайлап ашып, кезеңін таңдап, PNG сурет немесе Excel файл ретінде жүктеп алуға болады. Яғни графикті презентацияға, мақалаға немесе әлеуметтік желіге бірден пайдалануға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 1$ ➡️438,25₸ валюта нарығындағы минимум/таңғы сауда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отандық компаниялардың акциясы жыл басынан бері қалай өзгерді?

Бүгін үшінші тоқсанның соңғы күні. 📈📉 индексіне кіретін 10 компанияның акция бағасы жыл басынан (YTD) бері қалай өзгерді?

Сіз 🔍 JaiSandar.kz сайтына кіріп, ұнаған компанияларды таңдап, талдап осындай видео немесе фотоны лезде жүктей аласыз. Қалаған уақытты көрсетіп (1 күн/апта/ай/YTD/жыл тіпті IPO-дан бері өзгерісі немесе бағасын қойып таңдауға болады. Болмаса тізім, график, баған түрінде де шығаруға болады.

Келесі айда қор нарығын фундаменті анализ жасауға болатын толыққандаюы деррекқор пачт болады. Бәрі ыңғайлы, сапалы visual, ең бастысы ресми дереккөздерге негізделген дерекқор болмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪙Банктердің таза табысы.

Былтырғы жылмен салыстырғанда азайған. 🏛️БЦК мен 🏛️ Каспи айтарлықтай төмендеген. Мемлекет иелік ететін жалғыз банктің 🏛️ табысы 2 есе артқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Доллар бағасы

YTD-жыл басынан бері
Музыка – өлгеніміз жоқ 🌚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Түркістан облысынан соңғы 3 жылда 98 мыңға жуық адам көшіп кеткен.

Бұл 2023-2025 жылдар аралығындағы ішкі көші қон айырмасы. Туу көрсеткіші бойынша облыс бірінші орында болғанымен халық өңірден өзге өңірлергі көшуде.

Ішкі көші қон бойынша кез келген өңірдің жағдайын біздің сайттан көруге болады.

🔍 Jaisandar.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бір акция – үш нарық

Мысалы 🚀KazAtomProm отандық 📈📉 және 🕳🕳 те саудаланды. Соынмен қатар 🔍 насдакта саудаланады.

Бір акция үш нарықта бірдей бағада сауданбайды. Сұраныс/ұсыныс/лаг/бағам әсер етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қыркүйек айы...
ТОП-25

Қазақстандық Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қанша салық төледі?
R-Finance төңірегінде үлкен пікірталас басталды.

Бәрі 🇰🇿Teniz Capital-дың есебінен басталды. Олар R-Finance облигацияларынан алшақ болуға кеңес берді. Негізгі уәжі ➡️ компанияның қарызы пайдасынан тез өсіп жатыр, проблемалық несиелер көбейген, бос өтімділік аз, ал облигация ұстаушыларында кепіл жоқ.

🇰🇿Teniz Capital бірнеше тәуекелді бөліп көрсетті:

• 2025 жылы активтер 37% өсті, ал таза пайда небәрі 5% артқан;
• проблемалық қарыздар мен резервтер айтарлықтай көбейген;
• пайыздық шығындар пайыздық кірістің 54%-ын алып отыр;
• 12 ай ішінде шамамен 26,9 млрд теңге қарыз өтеу керек болған, ал еркін ақша мен депозит небәрі 3,4 млрд теңге;
• ForteBank алдындағы қарыз кепілмен қамтамасыз етілген, ал 38 млрд теңгеге жуық облигация иелерінде мұндай қорғаныс жоқ;
• есепте валюталық қарыз жоқ делінгенімен, сол есептің өзінде долларлық кредит көрсетілген.

Бірақ 🔍Finmentor бұл талдауға қарсы уәж айтты.

Олардың пікірінше, Teniz Capital атаған тәуекелдердің көбі жалпы МҚҰ секторына тән. МҚҰ-лар ақшаны қымбат тартады, одан да жоғары пайызбен несие береді, проблемалық қарыздарға резерв жасайды және өсіп жатқан кезде ақша ағыны теріс болуы мүмкін.

Мысалы, басқа МҚҰ-ларда да облигация купондары 22–24,5% шамасында. ОнлайнКазФинанста пайыздық шығындар пайыздық кірістің шамамен 68%-ына жеткен, операциялық ақша ағыны да теріс болған.

Сондықтан 🔍Finmentor-дың негізгі сұрағы: неге дәл R-Finance таңдалды?

Егер оның жағдайы шынымен басқалардан нашар болса, онда капитал, проблемалық несие, қорландыру құны, бос ақша және қарыз өтеу кестесін басқа МҚҰ-лармен қатар көрсету керек дейді.

Ал 🙃Комментарий басқа мәселеге назар аударды.

Teniz Capital есебінен кейін R-Finance облигацияларының бірінің бағасы бірнеше минутта 95,8%-дан 85,6%-ға дейін түсіп, шамамен 10,7% арзандаған. Кірістілік 24%-дан 32%-ға дейін көтерілген.

Канал авторы өтімділігі төмен қағаздарда мұндай қозғалысты жасау оңай екенін айтып, мәселені нарықтағы этикамен байланыстырды.

Яғни қазір дау екі сұрақтың айналасында:

R-Finance қаржы жағдайы шынымен қауіпті ме?
Әлде бұл тәуекелдердің көбі бүкіл МҚҰ секторына ортақ па?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ең ықпалды 50 бизнесмен
🔍ORBES
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
23 қазанда 🇰🇿Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім шығармақ.

🇰🇿 Нарық базалық ставка 16,25 тен 16,00-ге дейін төмендететіне сенімді. АФК-ғы опростың 85% осылай болжаған.

🔍Jaisandar сайтында инфляцияның үлкен дерекқоры бар. Қазір базалық ставка мен инфляция арасындағы алшақтық 6,95 пайыздық тармаққа дейін жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ақылы қызметтер айтарлықтай баяулаған. Бірақ қазандағы коммуналдық тарифтердің өсімі қысым жасайды. Маусымдық фактордан өттік, азық-түлік те өсуі мүмкін.
🏛️ каспи банк соңғы 12 айда жеке тұлғалардың депозитін сұмдық тартты. Мәселен жыл басынан +784 млрд ₸ | бұл шамамен $1,7 млрд-ға өскен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM