Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
109 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Channel created
Банктердің табысы 2024 жылы рекордтық көрсеткішке жетті. Былтыр банк секторы 2,6 трлн теңге немесе $5,5 млрд таза табыс алды. Үлкен бестік пайдының басым бөлігін алса, Halyk пен KASPI әдеттегідей көш бастады. Еске сала кетейік Halyk соңғы 10 жылда таза табыс бойынша бірінші орынды ешкімге бермей келе жатыр. Осылайша жасыл мен қызылдың арасында былтыр айтарлықтай арақашықтық байқалды.
Сонымен қаңтар аяқталды. Теңге үшін төртінші апта нығаюмен есте қалғанымен, айырбас орындары 1/520 паритетінен төмен түсірмеді (қарсыласу). Ресей рубльінің нығаюы теңгеге өз әсерін берді. Егер ресми бағам 520-525 дәлізінде ұзақ сақталса, бұл техникалық тұрғыдан 1/550 бағамына жол ашады. Дегенмен ресей рубльіне назарда болу керек.
Ресейге тәуелділік жоғары

Көрші елмен 7 облысымыз шекаралас. Өкінішке орай осы өңірлердің жалпы импортының тең жартысы (әрбір екінші) Ресейден келетін тауар. Бұл азық-түліктен бөлек, құрылыс материалдары, химия және т.б көптеген тауар түрі. 2024 жылдың 10 айындағы жағдай бойынша Қазақстан Ресейден $14,4 млрд доллардың тауарын импорттаған. Жалпы импорттағы Ресейдің үлесі (29,7%), шамамен әрбір үшінші тауар солтүстік көршіден келуде. Бұл рубльдің теңгеге ықпалын арттырып қана қоймай, ресейдегі инфляцияны көшіруге алып келеді. . Импорттың көп болуы өздігінен ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндірмейді, бірақ ол тәуелділікті күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан үшін импорттың көлемін ғана емес, оның құрылымын, әртараптануын және ішкі өндірістің даму деңгейін ескеру маңызды.
Үкімет ⛽️ жанармай, газ бағасын реттеуден біртіндеп кетіп жатыр. Жаңа салық кодексі, тарифтік саясат, коммуналдық төлемдер, байланыс операторларының бағасы көтерілмек. Әлеуметтік бензин саналатын АИ-92 маркалы жанармай бағасының көтерілуі «домино эффектісі» сияқты өзге тауардың бағасына тікелей әсер етеді.
Қаңтар айында жылдық инфляция 8,9% құрады. Ең жаманы айлық инфляцияның 1,1% дейін көтерілгені. Өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда тарифтер суық суға – 43,2%, су бұруға – 26,1%, орталықтан жылытуға – 23,1%, ыстық суға – 21,3%, электр энергиясына – 18,9%, қоқыс шығаруға 10,3%, байланыс қызметтеріне – 16,8% өсті.

Қысқасы қымбатшылық бізге ұзағынан келді. Бағаның шарықтауы, сыртқы инфляцияны импорттау (Ресей) қысымы артып, инфляциялық күтулер жоғарылайды.
Бірнеше жыл Kaspi нарықта сөзсіз бірінші маркетплейс болып келді. Монополия. Алайда соңғы 2 жылда біздің нарыққа Wildberries, Ozon, Temu сияқты ірі ойыншылар кірді. Байқаған боларсыздар ірі онлайн дүкендер қаланың әр жеріне өздерінің постаматтары мен беру пункттерін жаппай ашып жатыр. Сондай-ақ маркетингтік бәсекелес те өте жоғары. Алматы қаласының өзінде Wildberries-241, Ozon-205, Temu-95 және Kaspi 2026 постаматын ашып тастаған.
Ресейлік гиганттардың импорттық тауарларды жеткізу тізбегі өте жақсы дамыған, тауарлар саны әлдеқайда көп. Олар біздің нарыққа енді кіріп жатыр және қала сыртында ең үлкен әрі заманауи қоймаларын салуда. Алдағы жылдары бәсеке қызады ол тұтынушы үшін жақсы. Бәсеке бар жерде даму болады. Алайда біз «Яндекс такси» кейсін ұматпауымыз керек. Ірі гиганттар отандық маркетплейстерді e-commerce нарығынан ығыстырып тастауы мүмкін. Ресейлік онлайн дүкендер өз тауарын бізге белсенді сатса, отандық бизнеске де өз әсерін береді.
Кейбір мәліметтер бойынша Kaspi акционері Вячеслав Ким қаржы реттеу агенттігіне Жусан банкті сатып алуға өтініш берген. Еске сала кетейік Жусан 3,3 трлн теңге активімен 6 орында тұрған ірі банк.
🇰🇿Қазақстандықтар жоғары пайызға қарамастан кредит алуды жалғастырып келеді.

Былтыр халыққа берілген кредиттің соммасы 22 трлн теңгеден асқан.
Gold бағасы күрт өсті

Алтын - классикалық қорғаныс активі. Дағдарыс кезінде, «экономикалық дауылға» төтеп беру қажет болғанда капитал түрлі активтерден қашады, инвестор сезімтал әрі қорқақ болады. Сол кезде инвестор мейлі ол (мемлекеттік қор, жеке тұлға, инвест компаниялар т.б) активінің бір бөлігін алтынға салады. Доллар қожайыны АҚШ-тың "тарифтік салық соғысы" жаңа өзгерістер алып келетіні анық.
Валюта нарығында доллар арзандады Бағам 1/510. Ал айырбас пунктерінде 510-515 дәлізінде саудалануда. Бұл соңғы 50 күндегі теңгенің ең жоғары нығаюы.
Неге теңге күшеюде?
1) Ресей рублінің долларға нығаюы. Дәл қазір рубль бағамы 1/97,1. Теңге ресей рубльінің артынынан күшею сызығына өтті.
2) Ең үлкен салық апталығының жақындауы. Ақпан-салық айы, сондықтан ең ірі экспорттаушылар валютаны теңгеге айырбастауды бастайды. Бұл теңгеге сұранысты арттырады.
3) Бас банктің валюта нарығына қатысушыларды реттеу/қадағалау/бақылау фунцияларын күшейтуді жалғасытруда
Air Astana акциясы осы аптада тарихи минимумға жетті. IPO-ға шыққалы бір жыл өтті және сол уақыт аралығында акция құны (1047 тен 735-ке дейін) 30%-ға құлдырады. Самрұқ сәтсіз ұзатты. Енді компания акцияларын buyback жасап, нарықтан жинап алады. Қайттық, қайтайық...
Орталық Азия күшейіп келеді

Орталық Азияның экономикасы алғаш рет 500 млрд доллардан асты. Былтыр Өзбекстанның ЖІӨ 100 млрд долларға жетті. Ал түркімен елі осы межеге 2026 жылы жетуі мүмкін. Халықаралық Валюта Қорының мәліметінше ОА елдері осы қарқынды сақтаса 2026 жылы ЖІӨ көлемі $600 млрд долларға жетуі тиіс. Дегенмен әлемдік экономикадағы үлесі 1%-ға да жетпейді...
Орташа жалақы

Ресми статистикаға назар аударсақ орташа жалақы 2019 жылдан бері 2 есеге өсті. Ал егер (орташа жылдық бағам) доллармен есептесек жағдай басқаша.

Медианалық (көп кездесетін) жалақы әлдеқайда төмен. Орташа жалақыны анықтағанда бизнес (ИП) кірмейді, кіргенде 85 000 теңге көрсеткіш мүлде басқа болар еді 🤭
Теңге қараша айынан бергі ең максималды нығаю нүктесіне келді. Өткенде айтқанымдай салық апталығы теңгені күшейтуі мүмкін. Сағат 12:55 соңғы дерекке сәйкес түске дейін валюта нарығында доллар саудасы 112 млн долларды құрап, ресми бағам 1/506,9 деңгейінде қалыптасты. Сонымен қатар, ресей рубльі де долларға нығайды.
Теңге рубльдің артынан күшейіп келеді. Бағам USD/KZT 1/499 Түске дейін 160 млн доллардың саудасы болды. Осылайша теңге психологиялық межеге келді. Еске сала кетейік салық апталығы аясында ірі компаниялар (🛢) салық төлейді. Олар долларды теңгеге айырбастау салдарынан ұлттық валютаға сұраныс артады. Сонымен қатар RUB/USD паритеті де 1/93,9 дейін нығаюда. Goldman Sachs те теңгеге 500-ге long беруде.
Елімізде туу көрсеткіші төмендеп барады. 2024 жылы 368 670 сәби дүниеге келді. Ковидтегі беби-бум аяқталды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Демографиялық өзгерістер айқын байқалуда, мәселен қала халқының үлесі 63%-дан асты.

Ішкі миграция: Өзге өңірлердегі халық Астана, Алматы, Шымкент қалаларына көшуде.

Неке: Неке құру жасы айтарлықтай өсуде. Неке құруда орташа ұлдардың жасы- 27.8 , қыздар 25,2 жасқа дейін артқан. Ажырасу былтыр азайғанымен әлемдік статистикада ондықтамыз.

Миграция: Былтыр 12,8 мың адам шетелге көшкен, оның басым бөлігі Ресейге.
Ресейдің қор нарығы жасылға боялды. Акциялар өсіп, рубль күшейіп жатыр. Нарықта жылымық пайда болды.

Кешегі Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Сонымен орыс рулеткасы тағы бір айналым жасады.

-АҚШ пен Ресей бейбіт келісімнің өз шарттарын жариялады.
-Еуропа мен Украина олармен жалпы келісімге келді.
-Келіссөздердің форматы мен күні бекітілді.
-Келіссөздер басталды.
-Екі тарап та соғысты аяқтауға дайын.


Әрине бұл кезеңдерден екі славян елі 2025 жылы толық өтуі екіталай, дегенмен келіссөздердің басталуы жағымды жаңалық. Құлдыраған ресей акцияларын бақылаймыз.
Рубль: мен 90-ға түстім
Теңге: 😳
🏦 Kaspi-дің акциясы кеше 6,61% өсті. Nasdaq-та қызылдың бір дана акциясы $109,23 сатылуда. Осылайша Kaspi нарықтық құны $20,7 млрд өңірдегі ең қымбат public компания статусын сақтап отыр.

Компания акциясының күрт өсуіне ірі акционер Вячеслав Ким 💵 (жусанды) сатып алуын растауы және dividend payments уақыты жақындап қалды.

Каспиліктердің қаржылық жағдайын (FT) талдап, кейін бөлек жазамыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM