Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
109 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
ЖІӨ 6,0 пайызға өсті
ҚАҢТАР-СӘУІР

Салалар:
⚙️өнеркәсіп +6,4%
🏭 өңдеу +7,2%
🏗 құрылыс +16,2%
🛒 сауда +7,0%
🚛Көлік +22,4%
🐄 Ауыл шару. +3,9%

Өңдеу өнеркәсібінде жақсы өсім тіркелді. Мұндай өсімнің локомотивтері
✅машина жасау (+11,2%)
✅тамақ өндірісі (+12,0%)

Экономикалық өсім жақсы динамиканы көрсетуде, алайда:
-Мұнай бағасының төмендеуі экономиканың дамуына кері әсерін тигізеді. 🙃Прайс-$65,5
-Бюджет тапшылығынан әлі де арылған жоқпыз. Бірінші тоқсандағы деректер әлсіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда әрбір екінші неке ажырасумен аяқталады


2025 жыл (І тоқсан):

👰‍♀️ 22 480 неке қиылыпты
💔 10 215 ажырасу тіркелген

🍑Бұл дегеніміз — әр 2-неке ажырасуға ұласады...

Түркістанда ажырасу көрсеткіші небәрі 0,9 промилле!
Салыстыру үшін: Павлодарда
➡️3,13. Айырмашылық 3,5 есеге жуық! ҰСБ мәліметінше Түрікстан мен Алматы облыстарында ажырасу аз тіркелгенімен өзге 18 өңірде жағдай күрделі


Бұл нені білдіреді?
1) Әлеуметтік қысым ба?
2) Экономикалық қиындықтар ма?
3) Әлде отбасылық құндылықтар әлсіреп кетті ме? 😐

Ал сіз қалай ойлайсыз — ажырасулар неге көбейіп барады?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Орташа айлық жалақы» ⏩ жиі айтылатын, бірақ көбінесе шынайы өмірмен қабыспайтын көрсеткіштердің бірі.

Орташа айлық жалақы — бұл елдегі немесе белгілі бір саладағы барлық жалдамалы қызметкерлердің «брутто» жалақысын қосып, олардың санына бөлгендегі көрсеткіш.


1️⃣"Брутто" жалақы (gross salary) деген бар. Жұмыс беруші сізбен шарт бойынша белгілеген жалпы жалақы мөлшері. Статистика салыққа дейінгі сомманы фокусқа алады.

Бұл сомаға:
-Жеке табыс салығы (ЖТС – 10%)
-Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ – 10%)
-Әлеуметтік сақтандыру жарналары (МСМӘС, ӘСЖ т.б.)
-Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарнасы (МӘМС – 2% немесе (одан жоғары))

Яғни қолға алатын жалақы (нетто) ресми статистикада саналмайды.


2️⃣ИП- да есепке алынбайды. Себебі олар өз-өзін жұмыспен «қамтамасыз етушілер» категориясында. ИП иелерінің табысы орташа жалақы статистикасына кірмейді. ИП иелерінің басым бөлігі өзіне (85 000 тг) ең төменгі жалақыны белгілейді. Егер бұлар да есерке кіргенде көрсеткіш әлдеқайда төмен болар еді. Халықаралық методология бойынша бұлар есепке алынбайды.

💰Сондықтан орташа жалақы халықтың өмір сүру деңгейін толықтай көрсете алмайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Соңғы он жылдықтағы ең төменгі туу көрсеткіші

2020-2022 жылдардағы baby boom-нан кейін құлдырау басталды. 2024 жылдың 1Q салыстырғанда (-16%) азайған.
Ұлттық Қор азайып келеді

Жыл басынан бері өзгеріс 🙃 (-1,25%) құрап, теріс динмика сақталып отыр. Қорда қазір 58,1 млрд АҚШ доллар. Бюджеттің жыртығын жамау үшін қордан биыл 5,25 трлн теңге алу жоспарланған. Егер доллар бағамын 1/510 деп алсақ, биыл шамамен ұлттық қордан $10.3 млрд долларды алмақ жоспары бар.

🙃Егер мұнай бағасы төмен болса, бюджетке түсетін кіріс азайып, қордан түсетін трансферттер осымен шектелмейді. Ұлттық Қор қорын 2030 жылға қарай 🙃100 млрд долларға жететініне ешкім сенбейтін шығар енді)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге рубльдің ізімен нығаюда

🟣Ресей валютасы "бейбіт келісімге" жақындаған сайын нығайып келеді. Көршілердің валютасы долларға 1/80 дәлізіне дейін нығайды. Алайда Ресей үкіметіне рубльдің долларға күшеюі бюджетті толтыруға кері әсерін тигізеді.

🟡Жалпы Ресей қор нарығы біртіндеп жанданып келеді. Үлкен көлемдегі сауда-саттық, дивидендтер артты. Позитивті.

🔵Спекулянттар алтынға long сатып алуды азайтуда. Биткоин 100 мыңның үстінде сенімді тұр.

🔴Нарық әлемдегі шиеленістердің азаюын күтеді. АҚШ пен Қытай сауда соғысының өзара паузасы, Таяу Шығыстағы тыныштық, Сириядан санкциялардың алынуы және Ресей мен Украина келісімге келуге жақындауы қор нарығын жасылға бояды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃 Freedom акциясы 163,6 долларға көтеріліп, тарихи рекордқа жетті. Холдингтің нарықтық капитализациясы $10 млрд долларға жақындады. Бұл меже Тимур Турловты Қазақтандағы ең ауқатты адамдардың үштігіне кіргізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнайдың бір долларға арзандауы - үлкен шығын.

🪙Қазақстан мен Әзербайжан – мұнайға тәуелді
Brent арзандаса, бірінші соққыны осы елдер сезеді. ING-дің мәліметінше:
🙃Қазақстан үшін мұнайдың $1 долларға арзандауы:
– $550 млн экспорттан айырылу
– $150 млн бюджет тапшылығына алып келеді
🇦🇿Әзербайжанда бұл сандар $300 млн мен $150 млн.

Мұнай бағасына болжам – төмен. Демек, теңге мен манатқа қысым артады.

🇺🇿Өзбекстан алтынды сатуда

Соңғы екі айда Өзбекстан ай сайын 17 тонна (!) алтын сатып жатыр. Бұл – өткен жылдағы рекордтық көрсеткішке қайта оралу.
Егер алтынның осы бағасы (>$3000)сақталып тұрса, көрші ел биыл 10 млрд доллар табыс алмақ жоспары бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ӨҢІРЛЕР ЭКОНОМИКАСЫ: Астана Атыраудан озды

2024 жылы Қазақстан экономикасының үш ірі ойыншысы мына қалалар болды:

🔴Алматы — 62 млрд доллар ЖӨӨ
🔵Астана — 33 млрд доллар
🟢Атырау — 32 млрд доллар

🙃Алматы — экономика локомотиві. Елдің жалпы ішкі өнімінің 21,8% дәл осы қалада өндіріледі. Бұл — әр бесінші теңге Алматыда жасалады деген сөз.

🏗 Астана кейінгі жылдары нағыз серпіліс жасап, 33 млрд долларлық көрсеткішке жетті. Ел ЖІӨ-сіндегі үлесі 11,5%. Араға 9 жыл салып өңірлер экономикасында Астана қаласы Атырау облысын артқа тастады.

🙃Атырау — Қазақстанның "қара алтын" өңірі. 32 млрд доллармен ЖІӨ үлесі 11,2%. Мұнай мен газ индустриясы әлі де аймақтың басты драйвері болып отыр.

Біздің ойымызша Теңіз кен орнының болашақ кеңеюін есепке алғанның өзінде Астана мен Атырау обл арасындағы арақашықтық артуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊S&P 500 рекордқа жақын
АҚШ-тың негізгі индексі S&P 500 өткен аптада +5,3% өсіп, 5 958 пунктпен жабылды. Бұл — тарихи максимумға (6147 пт) өте жақын. Қысқа үзілістен кейін индекс қайтадан серпін алды. Алдағы аптада тарихи шекті тестілеуі мүмкін, бірақ содан кейін уақытша түзету болуы ықтимал. Ұзақ мерзімді перспективада — өсім бағыты сақталуда.

🟠Алтын: қысым жалғасуда
Апта ішінде алтын бағасы 3 202 доллардан 3 187 долларға түсіп, -4,7% төмендеді. Қазір ол локалды минимум – 3 200 доллар деңгейін тестілеп жатыр. Бұл деңгей бұзылса, келесі қолдау аймағы — 2 800–2 900 доллар.

Техникалық көрініс:
Бағаның шамадан тыс қымбаттауы байқалмайды
Бірақ тым арзандап кеткені де көрінбейді
Бұл бағаның әрі қарай төмендеу мүмкіндігін көрсетеді. Толық апта шолуы- мында
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандағы ТОП-10 құрылыс компаниясы
AirAstana компаниясы Самрұқтың сәтсіз ұзатылған компаниясы. Жақында қор нарығына шыққанына 500 күн толады. Алғашқы да бір дана аккциясы 🔴1190 теңге еді, содан бері тек құлдырап келеді. Қазіргі прайс - 755,0 теңге. Қаржылық жағдай туралы толық ақпарат ➡️мында
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Freedom аз уақыт ішінде өзінің үлкен экожүйесін құрып алды. Ұсақ компанияларды біртіндеп жұтып, өз қатарына қосты. Биыл өз суперAPP-ын іске қосты. Ал оның құрылтайшысы 🙃Тимур Турлов еліміздегі ең бай адамдардың тізімінде көш бастады. Холдингтің акциясы рекордттарды жаңартып, капитализациясы 11 млрд доллардан асты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Стипендия төлемі бойынша ТМД елдерінде Қазақстан көш бастап тұр
Қазақтелком сауда ашылғалы (-30%)-ға құлдырады. Қазақстан тарихында болмаған дивидендтік төлемнен кейін құлдырайтынын көбісі білді.

UPD: KASE Қазақтелком саудасын тоқтатты
Салық апталығы теңгені 1/506-ға дейін нығайтты. КТС, ҚҚС, ренталық салық ,жер қойнауын пайдаланушылар салығы төленетін апта. Экспорттаушылар долларды теңгеге айырбастап, ұлттық валютада салық тапсырады. Бұл валюта нарығына теңгеге сұранысты арттырады. Дүйсенбі салық тапсыру үшін last day болғанымен, қосымша сұраныс осымен аяқталған тәрізді. Себебі RUB мен DXY теңгенге жағымды дәлізде болғанымен доллардың бағасы бүгін 512 теңгеге қарай бет алды. Ал бір бөшке (баррель) мұнайдың бағасы 65 доллардан аса алмай отыр.
😃Қазақтелком кеше -31,51 пайызға құлдыраса, бүгін (қазір) тағы да -12,50% құлдырады. Егер құлдырау жалғаса берсе биржа сауданы дүйсенбіге дейін жабады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024 жылы Қазақстанда бөлшек электрондық коммерцияның үлесі - 14,1 пайызға жетті

🛒Электронды коммерция нарығының көлемі 3156,4 млрд теңгені құрады. Оның:
▪ 2679,8 млрд теңгесі (84,9%) – маркетплейстер арқылы жасалған сауда,
▪ 476,5 млрд теңгесі (15,1%) – компаниялардың өз сайттары арқылы сатылған.

Халықтың басым бөлігі маркетплейстерге сенеді – себебі оларда таңдау көп, бағалар бәсекелі, ал жеткізу жылдам. Ал дәстүрлі сауда (базарлар) нарығы тарылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM