🇰🇿 мен 🇺🇿 банк секторын салыстырып көрдік. Көрші елде 36 банк, бізде 23. Алайда актив, капитал, депозит, таза табыс бойынша көрсеткіш мүлде бөлек. Өзбекстанда банк секторында мемлекеттің үлесі 65,3 пайыз. Үкімет 9 банк арқылы банк секторының бағытын айқындап келеді. Бізде 7,2 пайыз, Отбасы банк мемлекеттің қарамағында қалып отыр. Кредит пен депозит нарығында да айырмашылық бар. Толығырақ- мында
Уолл Стриттегі кезекті рекорд
Бір аптада S&P 500 индексі 6,791.68 деңгейінде 2.72%-ға өскен. Аптаның соңғы күнінде индекс тарихи максимум 6765 межесін жаңартып, 6807,11 пунктіне жетті. Тағы рекорд жаңартуға мүмкіндіктер жоғары. Бұл АҚШ-тың қыркүйек айындағы инфляция (ИПЦ) туралы деректердің шығуы барысында қарапайым ауытқулар болуы мүмкін.
Қор нарығы осы апта бойы тұрақсыз болды. АҚШ Президенті😃 Дональд Трамптың Қытайға қатысты қолдау көрсеткен мәлімдемелері бастапқыда әсер етсе, кейінірек ірі корпоративтік жаңылыстар орын алды. Netflix (NFLX) бразилиялық салықтық дау мәселесі салдарынан Уолл-стриттің консенсус болжамынан төмен пайда тапты, ал Tesla (TSLA) пайдасы 37%-ға төмендеді, себебі Илон Маск робоармиясына көбірек назар аударады.
NFLX пен TSLA-ның әлсіз есебі бүкіл америкалық «бигтех»-ке көлеңке түсірді. Екі гигант бәрін құртты.
Тауарлар нарығының қатысушыларының назары🇨🇳 Қытаймен жасалатын сауда келісіміне ауды. 😃 Трамп 30 қазанға дейін келісім жасалатынын мәлімдеді. Бұл сол күні Қытай жетекшісі 🙃 Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Уолл-стрит аналитиктері келесі сәрсенбіде 🙃 ФРС отырысы күтілетінін айтады. Олар 0,25 п.п. пайыздық мөлшерлеменің төмендеуін және сапалық қатаюдың (QT) толық аяқталуын болжайды.
🇺🇸 Жұма күні қыркүйек айының инфляциясының деректері жарияланады. Уолл-стриттің болжамы бойынша жылдық ИПЦ 2,9%-дан 3,1%-ға дейін өседі. Бірақ күтпеген жағдай да болуы мүмкін. Мысалы, инфляцияның 3,0%-ға дейін өсуі мүмкін, бұл ФРС-тің жұмсақ саясат жүргізуіне кепілдік береді.
Бір аптада S&P 500 индексі 6,791.68 деңгейінде 2.72%-ға өскен. Аптаның соңғы күнінде индекс тарихи максимум 6765 межесін жаңартып, 6807,11 пунктіне жетті. Тағы рекорд жаңартуға мүмкіндіктер жоғары. Бұл АҚШ-тың қыркүйек айындағы инфляция (ИПЦ) туралы деректердің шығуы барысында қарапайым ауытқулар болуы мүмкін.
Қор нарығы осы апта бойы тұрақсыз болды. АҚШ Президенті
NFLX пен TSLA-ның әлсіз есебі бүкіл америкалық «бигтех»-ке көлеңке түсірді. Екі гигант бәрін құртты.
Тауарлар нарығының қатысушыларының назары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Citi: Kaspi (KSPI.O) — 2025 жылдың 3-тоқсанына арналған болжам:
смартфон нарығындағы ахуал мен жоғары пайыздық мөлшерлемелер Қазақстанда тежеуші фактор болып қала береді, ал негізгі назар Түркиядағы ілгерілеуге аударылады.
Ұсыныс: сатып алу (buy), бірақ мақсатты баға $115-ке дейін төмендетілді (-5%).
Біз 3-тоқсандағы нәтижелер мен болжам салыстырмалы түрде әлсіз болады деп күтеміз. Бұған негізінен қысқа мерзімді макроэкономикалық факторлар әсер етеді, алайда олар Kaspi-дің ұзақ мерзімді әлеуетіне ықпал ете алмайды. Біздің ойымызша, компания екі негізгі кедергіге тап болуы мүмкін, олар 3-тоқсан нәтижелеріне қысым түсіреді:
Бұл екі факторды біз қысқа мерзімді тәуекелдер ретінде қарастырамыз, ұзақ мерзімді кедергілер емес. Бұдан бөлек, Kaspi-дің Түркиядағы инвестициялары алғашқы оң нәтижелерін бере бастады, бірақ инвесторлар әлі де жалпы инвестиция көлемі бойынша көбірек айқындық күтуде.
Біз Kaspi осы факторлардың сыртында да тұрақты серпін сақтап, негізгі бизнес бағыттарында күшті әрі инновациялық позициясын жалғастырады және 2026 жылы капиталды қайта бөлу (return of capital) бағдарламасын жүзеге асырады деп күтеміз.
Citi мәліметінше, смартфондар мен электроника Kaspi Marketplace айналымының шамамен 35–40% құрайды және комиссиялық табыстың басты көзі болып саналады. Сондықтан iPhone 17 жеткізілімінің кешігуі GMV өсімін уақытша 3–5 пайыздық пунктке төмендетіп, финтех-сегменттің рентабельділігін азайтуы мүмкін. iPhone — Қазақстандағы ең жоғары маржалы әрі ең сұранысқа ие өнім, сондықтан ол бүкіл электроника санатының өсуін айқындайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кезінде АҚШ ресейлік банк секторына салған санкция - мәжбүрлі түрде біздегі алып Сбербанкті бірден сатып жіберген.
Сол кезде сбер біздің банк жүйеміздегі актив бойынша үштікке кіріп еді. Кейіннен Бәйтерек оны сатып алып,🙃 Береке болып шықты. Ал ол кейін Қатарлықтарға ұзатылды. Алып Сбер осылай жоқ болды, ал тағы бір ресейлік ВТБ банк өте ұсақ, локалды баннке айнала шықты.
Енді,😃 Трамп ресейдің мұнай секторына көз салды. Лукойл мен Роснефть-ке де дәл сондай (SDN) санкция салып, шетелдік үлесті сатуды міндеттеді. Қарашада компания Қазақстандағы проектерден өз үлесін азайтып/сатып, Control пакет болмауы керек делінген. Кейбір сарапшылар ҚазМұнайГаз көрші компанияның үлесін өзі жұтып (сатып алады) дейді. Бұл КМГ акцияларына оң әсер етеді.
Сонымен қатар USA ресей мұнайын (импорттаушы) сатып алушы Қытай мен Үнді компанияларына қысым жасауда.
Сол кезде сбер біздің банк жүйеміздегі актив бойынша үштікке кіріп еді. Кейіннен Бәйтерек оны сатып алып,
Енді,
Сонымен қатар USA ресей мұнайын (импорттаушы) сатып алушы Қытай мен Үнді компанияларына қысым жасауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Туу саны 17 жылдық анирекордтты жаңартпақ. 2024 жылы қаңтар-тамыз аралығында елімізде 248 021 бала өмірге келсе, 2025 жылы 8 айда туғандар саны бірден 11,3 пайызға қысқарып, 219 941 бала туылған. Егер қалған 4 ай осы динамика сақталса, 2025 жыл туғандар саны шамамен 324-325 мың болуы ықтимал. Демек, біз 2007 жылғы (321 963) көрсеткішке қайта ораламыз. Kursiv сарапшыларының есебінше бұл соңғы 17 жылдағы антирекорд.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ертең Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында АҚШ пен Қытайдың ең маңызды кездесуі өтеді. Бұл екі алып елдің көшбасшылары 😃 Дональд Трамп пен 🙃 Си Цзиньпин, ақ үйге қайта келгеннен бері алғаш рет жүздесетін болады. Осы кездесу АТЭС саммитінің қырында өтетін болғандықтан, оған әлемдік назар аударылады.
Бүгінгі күні бұл келіссөздер туралы сөз болғанда, күтулердің деңгейі тым жоғары. Нарықтағы жағдай өте қызықты. АҚШ әкімшілігі соңғы 1,5 апта бойы осы кездесудің айналасында белсенді түрде болжамдар жасап, осыған нарықтарды тартып жатты. Нәтижесінде, S&P 500 фьючерстері соңғы үш күнде тарихи максимумдарға жетті.
Polymarket саяси ставкалар платформасы бойынша, АҚШ пен Қытай арасындағы тарифтер туралы келісімнің жасалуы мүмкіндігі 90%-ды құрайды. Бірақ, бұл келісімнің нақты мазмұны әлі де белгісіз. Нарық «келісім болады» деген үмітпен күтіп отыр, бірақ бұл келісім не бермек?
АҚШ өкілдері бірнеше маңызды мәселелерді қозғауда: Қытайға соя бұршақтарының жеткізілуі, сирек жер қазбаларына экспорттық шектеулерді алып тастау, TikTok-ты АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат беру, фентанилге салынатын 25%-дық тарифтерді алып тастау және тағы басқа.
Бірақ осы мәселелердің жиынтығы тым біржақты көрінеді. АҚШ Қытайдан соя бұршақтары мен сирек жер қазбаларын алуға мүмкіндік алады, ал Қытай болса, негізінен жеңіліс табады. Немен жауап береді?
Бұл келісімдер шынымен тең болар ма? Қытай мүмкін, өз талаптарын қоюы мүмкін: Тайвань мәселесіне қатысты жаңа көзқарас, санкциялардан айналып өтіп Ресей мұнайын сатып алу құқығы, Иранға қатысты еркіндік немесе тағы басқа талаптар. АҚШ-қа тек экономикалық ұсыныстармен ғана емес, геосаяси қадамдармен де жауап беру керек болады.
😃 Дональд Трамп бұл келісімге келмей қалуы мүмкін, ал Қытай принципті түрде қарсы тұруы ғажап емес. Пекин өткенде де «ойын ережелерін» өзгертіп, сәттілікке жеткен болатын. Трамптың жоғары деңгейдегі кездесулері кейде ештеңе бермей қалатынын білеміз — мысалы, Анкоридждегі жағдай.
Әлемдік нарықта айқын ассиметрия байқалады. Егер АҚШ пен Қытай келісімге келсе, ол тек келісімнің болуымен шектелмей, нарықтарды жаңа рекордтармен қуантады. Келісім болса -нарықтар көңілсіз болып, S&P 500 индексі өткен аптадағы деңгейге қайтып оралуы мүмкін➡️ бұл 2%-ға төмендеуді білдіреді.
Бүгінгі күні бұл келіссөздер туралы сөз болғанда, күтулердің деңгейі тым жоғары. Нарықтағы жағдай өте қызықты. АҚШ әкімшілігі соңғы 1,5 апта бойы осы кездесудің айналасында белсенді түрде болжамдар жасап, осыған нарықтарды тартып жатты. Нәтижесінде, S&P 500 фьючерстері соңғы үш күнде тарихи максимумдарға жетті.
Polymarket саяси ставкалар платформасы бойынша, АҚШ пен Қытай арасындағы тарифтер туралы келісімнің жасалуы мүмкіндігі 90%-ды құрайды. Бірақ, бұл келісімнің нақты мазмұны әлі де белгісіз. Нарық «келісім болады» деген үмітпен күтіп отыр, бірақ бұл келісім не бермек?
АҚШ өкілдері бірнеше маңызды мәселелерді қозғауда: Қытайға соя бұршақтарының жеткізілуі, сирек жер қазбаларына экспорттық шектеулерді алып тастау, TikTok-ты АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат беру, фентанилге салынатын 25%-дық тарифтерді алып тастау және тағы басқа.
Бірақ осы мәселелердің жиынтығы тым біржақты көрінеді. АҚШ Қытайдан соя бұршақтары мен сирек жер қазбаларын алуға мүмкіндік алады, ал Қытай болса, негізінен жеңіліс табады. Немен жауап береді?
Бұл келісімдер шынымен тең болар ма? Қытай мүмкін, өз талаптарын қоюы мүмкін: Тайвань мәселесіне қатысты жаңа көзқарас, санкциялардан айналып өтіп Ресей мұнайын сатып алу құқығы, Иранға қатысты еркіндік немесе тағы басқа талаптар. АҚШ-қа тек экономикалық ұсыныстармен ғана емес, геосаяси қадамдармен де жауап беру керек болады.
Әлемдік нарықта айқын ассиметрия байқалады. Егер АҚШ пен Қытай келісімге келсе, ол тек келісімнің болуымен шектелмей, нарықтарды жаңа рекордтармен қуантады. Келісім болса -нарықтар көңілсіз болып, S&P 500 индексі өткен аптадағы деңгейге қайтып оралуы мүмкін
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге туралы жазбағанымызға көп болды.
Ұлттық валюта соңғы айда жақсы нығайды. Бүгін тіпті күндізгі сессияда доллар құны 525,6 теңгегеге барғанын көрдік. Ал сауда көлемі 400 млн доллардан асты, бұл күнделікті орташа сауда көлемінен біраз асып кетті. Нарықта ірі ойынша долларды теңгеге айырбастауда, соынмен қатар келесі салық апталығы келе жатыр.

Федералдық резерв АҚШ экономикасын «қолдау үшін» ставканы тағы да төмендетті
АҚШ Федералдық резервтік жүйесі пайыздық ставканы 25 базистік пунктке төмендетті. Енді ол 3,75%-4% аралығында тұр. Бұл 2024 жылдың желтоқсанынан бері екінші рет төмендеу.
Инфляция жоғары, бірақ бақылауда. Мақсат - оны 2% деңгейіне дейін түсіру.
✅ Кім қолдады?
Джером Пауэлл, Джон Уильямс, Майкл Барр, Лиза Кук, Филип Джефферсон... Қысқасы, экономикалық көшбасшылардың көбіі
❌ Қарсы шыққандар: Трамптың адамы саналатын Стивен Миран (0,5 п.п. төмендеуді ұсынды) және Джеффри Шмид (ставканы өзгеріссіз қалдыруды жақтады).
😃 Трамптың қысымы жұмыс істеп тұр.
АҚШ Федералдық резервтік жүйесі пайыздық ставканы 25 базистік пунктке төмендетті. Енді ол 3,75%-4% аралығында тұр. Бұл 2024 жылдың желтоқсанынан бері екінші рет төмендеу.
Инфляция жоғары, бірақ бақылауда. Мақсат - оны 2% деңгейіне дейін түсіру.
Джером Пауэлл, Джон Уильямс, Майкл Барр, Лиза Кук, Филип Джефферсон... Қысқасы, экономикалық көшбасшылардың көбіі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Байқасаңыздар соңғы 5 жылда осы үштік ұсақтарды жұтып, өз экожүйесіне кіргізуде. Біз осы үштіктің экожүйесін (активтерін) инфографикаға салып, талдағанбыз.
E-grocery немесе онлайн азық-түлік саудасы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Бұл тренд, әсіресе пандемия кезінде, көптеген тұтынушылардың үйден шықпай-ақ қажетті заттарын сатып алу қажеттілігіне байланысты айтарлықтай күшейді. Енді онлайн азық-түлік сатып алу әдеттегі дүкенге барудан кем түспейтін танымал қызметке айналды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық банк бес жыл болды банктерді біріңғай QR-ға өтуге мәжбүрлеп келді. Соңғы айларда бірнеше банк осы жүйеге өтті. Кейіннен заң арқылы міндеттеуге бекінді.
Әрине🙃 Kaspi үшін бұл жүйе тиімсіз, себебі жылдар бойы жинаған клиенттік база мен қызыл терминалдарын ортақ етуге (мейлі ақылы болсада) тиімсіз еді. Бүгінгі 👋 Alaqan pay 🙃 Kaspi-дің соңғы жылдардағы ең мықты өнімі. Себебі ол ортақ QR-дан бөлек, apple/google пэйлерге үлкееен жауабы болды.
Әрине
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Market cap
🚀 ҚазАтомПром алғаш рет 🙃 қызылдарды екінші орыннан сырғытып, ҚМГ-дан кейінгі екінші орынды алды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге дүйсенбіні әдемі жапты. Доллар құны 525 теңгеге дейін түсіп, маусымнан бергі ең минимал межеге келді. Теңгеге негізгі күшті беріп отырған - салық апталығы. Валюта теңгеге айырбасталып, қомақты қаржы салық болып, бюджетке өтеді. Осы жылды 524-525 теңгемен бастағанбыз, қазір дәл сол дәлізде тұрмыз. Егер қалған екі ай бағам дәл осы коридорда қалса, теңгенің долларға бір жылдық бағамы 0% шамасында сақталуы мүмкін