Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Ертең сауда ашыла салып, 🙃ҚазМұнайГаз-дың акция құны төмендеуі мүмкін

Жұмадағы соңғы прайс KMGZ -> 22 160 теңге болған.

Себебі ҚМГ табыс бойынша Теңізден басты дивидендті алады.

Еске сала кетейік 29 қараша күні таңда Украина КТК құбырына шабуыл жасап, КТК бір бөлігін істен шығарды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Freedom-ның ТОП-20 акционері

(Өткенде каспиді жазғанбыз)
BlackRock қа назар аудару керек. Себебі ол Қазақстан экономикасына терең кіре бастаған.
Мысалы әлемдік гиганттың портфелінде
🙃Kaspi
🙃Halyk
🙃Freedom
😉Қазақтелком сияқты компаниялардың айтарлықтай үлкен акциясы бар. Кейбір мәліметтер бойынша 🙃ҚазМұнайГаздың 32 пайыз акциясы осы BlackRock-тың иелігінде
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Freedom Holding 🇹🇷TurkishBank банкін сатып алуды қарастырып жатыр

🅱Bloomberg мәліметінше, Freedom Holding Corp. TurkishBank AS банкін сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Дереккөздердің айтуынша, келіссөздер әлі жалғасып жатыр, түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Кез келген келісімге Түркияның реттеуші органдарының мақұлдауы қажет болады.

Растады ✅
Freedom Holding өкілі Bloomberg агенттігіне компания қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатқанын және Түркия нарығындағы бизнесін, соның ішінде цифрлық банкті кеңейтуді көздейтінін растады.

Каспиден кейін жасылдар да Түрік нарығына кіре бастады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлем назары Жапонияда

Жапонияның мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі 1,86%-ға жетіп, 2008 жылдан бері ең жоғары көрсеткішке жетті, және бұл жаһандық қаржы нарықтарының қайта құрылуына себеп болуы мүмкін. Жапонияның 10 жылдық мемлекеттік бағалы қағаздарының кірістілігі соңғы 12 айда дерлік екі есе артты, ал екі жылдық қағаздар 2008 жылдан бері алғаш рет 1%-дан асты.

Why?

Бір қарағанда, 1,86% кірістілік сонша жоғары емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ бір маңызды нәрсені
ұмытпаңыз: Жапония ондаған жылдар бойы ультра төмен пайыздық мөлшерлемелер әлемінде өмір сүріп келді, мұнда нөлдік және тіпті теріс мөлшерлемелер қалыпты жағдай болды. Осы тұрақтылық әлемдегі ең ауқымды сауда стратегияларының бірін ➡️иеналық кэрри-трейдті қалыптастырды.

Бәріміз білеміз АҚШ-тың қарызын көп бөлігін ұстап отырған -Жапония

Экономист Шанака Анслем осы құбылыстың ауқымын былайша түсіндіреді:
«Иеналарда сақталған триллион долларлар АҚШ мемлекеттік облигацияларына, еуропалық бондтарға, дамушы елдер қарыздарына — әлемнің әр түкпіріндегі қауіпті активтерге бағытталды. Қазір бұл якорь үзіліп жатыр». Жапон институттары шамамен 1,1 трлн долларды АҚШ мемлекеттік қазынашылық бағалы қағаздарында ұстайды — бұл олардың ең үлкен шетелдік позициясы. «Ішкі кірістілік нөлден 2%-ға дейін өсіп жатқанда, есептеулер өзгеруде. Жылдар бойы шетелге кеткен капитал енді өз елдеріне қайта оралу үшін қысымға ұшырайды»,

— деп атап өтті Перера.

Триллиондар жаңа пана іздейді

Бұл сәт АҚШ үшін өте қолайсыз болып тұр. Федералды резерв жүйесі сандық қатаңдатуды аяқтап жатқан кезде, дәл сол уақытта американдық қазынаға 1,8 трлн долларлық тапшылықты қаржыландыру үшін рекордтық көлемде қарыз алу қажет.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңге неге нығайды?

🙃Бас банкир Тимур Сүлейменовтың кеңесшісі - 🔍Нұрболат Мұқанов:

1⃣Шетел инвесторлары біздің бағалы қағаздар нарығына кіруі (факт $3,5 млрд). Бұл ішкі нарыққа валютаның ұсынысын көбейтті.

2⃣Салық апталығы
Ірі компаниялардың салық төлеу апталығы. Салық теңгемен төленетіндіктен валюта теңгеге айырбасталады

3⃣Бастысы- фундаментальды фактор. Шетел инвесторлары Қазақстан контр-циклдық саясатқа көшуі мен макроэкономикалық тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін түрлі құралдарды пайдаланып жатқанымызды көруде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инфляция сәәәәәл баяулады 🤏


Коммуналдық тарифтер мен жанармай бағасына енгізілген мораторий өз нәтижесін беруде.

Дегенмен айлық инфляция жоғары болып тұр. Байланыс операторлары да пауза ұстап тұр (қаңтарға дейін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🫠
Теңге дүйсенбіні USD/KZT 511,3 теңгемен жапты. Еуро обменниктерде 600 теңгеден төмен сатыла бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️⚡️
Жеңіл автокөлік саны
Өңірлер бойынша
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өңірі көрсетілмеген деген иесі бар бірақ KZ 🇰🇿нөмері жоқ (деп ойлаймын, мүмкін қателестім)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Part II
Еліміздегі 5 млн автокөліктің жасы
😄 теңгенің нығаюы жалғасып келеді. Бүгін нарықта $407 млн доллардың валютасы саудаланды. Доллардың төменгі прайсы 505 теңгеге дейін жетті. Осы аптада 1/500 көреміз ба?)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инвестициялық белсенділік бойынша өңірлердің рейтингі

2025 жылдың 10 айында Республика бойынша инвестиция өсімі +13,1% болғанымен, бірқатар өңірлер нағыз “инвестициялық серпіліс” жасап жатыр.

⬆️Абсолютті көшбасшылар

Ақмола (+55,4%) және Павлодар (+50,3%) облыстары. Бұл жерде өнеркәсіп, инфрақұрылым және ірі құрылыс жобалары қатар жүріп жатыр. Жамбыл (+38,3%), Астана (+31,4%) және Ақтөбе (+29,1%) де жоғары өсім аймағына кірді. Түркістан облысының өсімі де жаман емес (+24,2%). Бұл өңірлердегі инвестиция өсімі төмен базамен, былтырғы темптің төмен болуымен, биылғы бюджеттік қарқынның артуы және инфрақұрылымдық жобалардың белсенді іске асуымен түсіндіріледі.

📶Орташа топқа кіретін өңірлер - Жетісу, Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда және ШҚО (өсім 14–17%). Мұнда ауқымды мегажобалар болмаса да, жолдар, инженерлік желілер, тұрғын үй және логистика бойынша тұрақты инвестициялар жалғасып жатыр.

Қызыл аймақ
Өсімі баяу өңірлер - Маңғыстау, СҚО, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары. Бұл аймақтарда өсім 3–8% аралығында, яғни инвестиция негізінен инерциялық сипатта, жаңа ірі жобалар байқалмайды.
Аутсайдерлер Абай (−0,9%) және Атырау облысы (-29,7%). Әсіресе Атырауда мұнай-газ саласындағы жобалардың аяқталуы жалпы инвестициялық белсенділікті айтарлықтай төмендетті. Жалпы, инвестицияның басым бағыты біртіндеп шикізаттық өңірлерден өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық орталықтарға қарай ауысып жатқаны байқалады.

🔍📦Tradereport.kz пікірінше инвестиция тек әкімдердің жұмысына тікелей байналысты емес

Инвестициялық өсім бүгінде 🙃Президенттің ерекше бақылауында, сондықтан 😃Үкімет ай сайын өңірлердің инвестициялық темпін мониторингтен өткізіп отырады.

Бірақ бір маңызды нюанс бар: инвестиция өсімі әрқашан әкімдердің жұмысына тікелей байланысты емес. Себебі өңірдегі ең ірі жобаларды көбіне сол жерде бұрыннан жұмыс істейтін трансұлттық компаниялар (ТНК) жүзеге асырады, ал олардың инвестициялық шешімдері жергілікті әкімдікпен емес, Үкімет деңгейінде, ұлттық компаниялармен және халықаралық штаб-пәтерлермен келісіліп қабылданады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Kaspi bank депозит ставкасын сәуір айынан бері алғаш рет өсірді. Каспи Ұлттық банктің базалық ставка бойынша шешімі шыққан сәтте келесі жұмыс күні пайызды 18 ден 20-ға бірден көтерді.

Ставканы 18,5 немесе 19,0 пайызға дейін ғана өсірсе де болар еді. Алайда үздік бестіктегі бәсекелес банктердің 20 пайыздық депозиттер арқылы каспи клиенттерін тартып алып кетеді (пылесосить). Депозиттердің бір банктен екінші банкке көшуі өте жылдам процесс…

Сонымен қатар каспи 20 пайыздан бөлек, өзге ескі -18,0%) пайыз депозиттерді 20 пайызға автоматты жаңартылуы - нарыққа сигнал ретінде қабылдауға да болады.

Екіншіден Kaspi banк-ке өтімділік керек. Қараша айындағы есепке назар аударсақ, үлкен бестіктің ішінде каспиде ең төмен K1 өтімділігі тіркелген.

Үшіншіден банк секторындағы жаңа салық нормалары - жаңа шығындарды алып келеді. Қаңтардан бастап, потреб кредиттерден түсетін маржа (бұрын 20%) енді 25 пайыздық салықпен есептелінеді.

Нарықта ең жоғары пайыз ұсыну-тәуекел. Егер қызылдар салымшылардың N көлемінде сомманы жинаған соң, артқа шегінеді. Себебі - қымбат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қор нарығындағы компанияларда МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЛЕСІ

🙃Самрұқ Қазына
🙃Қаржы министрлігі
🙃 БЖЗҚ
🙃Ұлттық банк
Сияқты мемлекеттік қаржы институттары арқылы мемлекет бағалы қағаздар нарығындағы компаниялардың біраз бөлігіне иелік етуде


Мысалы 🙃ҚазМұнайГаздың 97,4 пайыз акциясын 🙃/🙃/🙃 үшеуі бөліп алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңгенің нығаюы бүгін де жалғасын тапты

Бүгін 502,99 теңгемен жапты. Валюта саудасы $343 млн. Ертең 1/500 жететін шығар
КТК құбырына шабуылдан кейін, 🙃ҚазМұнайГаз компаниясының акциясы бағасы 3 күн қатарынан төмендеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Форте банк қаншаға сатылуы мүмкін?

Қыркүйек айының соңында, елімізге мажарлық ОТР банк келіп, ірі бір банкті сатып алады деген ақпарат шықты.

Ең алғашқа болып Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшы 🙃Мадина Абылқасымова:
«Бізге сатып алушы банкті атауға болмайды, себебі ол бұл ақпаратты ашуға рұқсат берген жоқ. Үмітімізше, бұл ақпарат 2025 жылдың соңында немесе 2026 жылдың басында жария болады»,

- деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы.

Сатып алушы кім?
Кейіннен сарапшылар "ірі банк" дегенде 🙃Форте мен 🙃РБК банктері деп болжап жатты. Кейіннен «белгісіз сатып алушыны» Қазақстанның Мажар еліне елшісі - Абзал Сапарбекұлы мырза ашып берді. Ол мажарлық ОТР банк.

Сатып алушы табылды, енді қай банк сатылмақ?

Уақыт өте күздің ортасында ОТР банктің делегациялары Форте банктің бэк (бас) офисне барған. Бұл жолы сатылмақ банктің атауы белгілі болып қалған.

Ресми растау керек
Жураналистер Форте банк пен ОТР банкке де сұрақ жіберіп, жауабында ешқандай келісімнің бар/жоғы туралы айтпаған. Әдетте келісім болмаса, тарап бірден өздері хабардар ететін.

Бұл жауап форте банктің сатылатынына сенімділікті тағы күшейтті.


Фортенің құны қанша?
Жақында 🔍manualeconomy жасаған аналитиканы оқып шықтым. Сарапшылар Форте банктің құны шамамен 2,7-3,5 млрд долларға бағалап отыр.

Сонымен қатар жақында сатып алған 🙃Хоум банкті Форте банк өзіне келесі жылы қосып аламақ.

Қор нарығынан кетеді ма?

Сарапшылар Форте банк қор нарығынан кетпейтініне сенімді, керісінше қор нарығы бұл банк үшін ашықтық пен репутация.

Акционері
Форте қожайыны-Болат Өтемұратов әккі сатушы (алып/сатар). Ол 2007 жылы АТФ банкті италияндық UniCredit-ке 2,2 млрд долларға сатқан. Бұл ТМД елдеріндегі ең үлкен келісім. Содан 2009 жылы банк секторына қайта оралып, Kassa Nova-ны ашып, 2021 жылы Тимур Турловқа сатты. Қазіргі Фридом банк) .
2010 жылы Форте банкті сатып алып, кейіннен оған Альянс пен Темірбанкті қосып, бір банк шығарды. Қазіргі форте осы үштіктің қосындысы, банк секторында үздік бестікке кіреді.


Қашан?
Біздің ойымызша жақын арада келісім ресми расталады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі де жылдың соңы немесе қаңтар айында келісім аяталатынына сеніп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әкімдердің тағайындалған күннен бастап бүгінгі күнге дейін “әкім қызметінде” неше күн?