Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
Инвестициялық белсенділік бойынша өңірлердің рейтингі

2025 жылдың 10 айында Республика бойынша инвестиция өсімі +13,1% болғанымен, бірқатар өңірлер нағыз “инвестициялық серпіліс” жасап жатыр.

⬆️Абсолютті көшбасшылар

Ақмола (+55,4%) және Павлодар (+50,3%) облыстары. Бұл жерде өнеркәсіп, инфрақұрылым және ірі құрылыс жобалары қатар жүріп жатыр. Жамбыл (+38,3%), Астана (+31,4%) және Ақтөбе (+29,1%) де жоғары өсім аймағына кірді. Түркістан облысының өсімі де жаман емес (+24,2%). Бұл өңірлердегі инвестиция өсімі төмен базамен, былтырғы темптің төмен болуымен, биылғы бюджеттік қарқынның артуы және инфрақұрылымдық жобалардың белсенді іске асуымен түсіндіріледі.

📶Орташа топқа кіретін өңірлер - Жетісу, Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда және ШҚО (өсім 14–17%). Мұнда ауқымды мегажобалар болмаса да, жолдар, инженерлік желілер, тұрғын үй және логистика бойынша тұрақты инвестициялар жалғасып жатыр.

Қызыл аймақ
Өсімі баяу өңірлер - Маңғыстау, СҚО, Қостанай, Шымкент, Қарағанды, Ұлытау және Батыс Қазақстан облыстары. Бұл аймақтарда өсім 3–8% аралығында, яғни инвестиция негізінен инерциялық сипатта, жаңа ірі жобалар байқалмайды.
Аутсайдерлер Абай (−0,9%) және Атырау облысы (-29,7%). Әсіресе Атырауда мұнай-газ саласындағы жобалардың аяқталуы жалпы инвестициялық белсенділікті айтарлықтай төмендетті. Жалпы, инвестицияның басым бағыты біртіндеп шикізаттық өңірлерден өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық орталықтарға қарай ауысып жатқаны байқалады.

🔍📦Tradereport.kz пікірінше инвестиция тек әкімдердің жұмысына тікелей байналысты емес

Инвестициялық өсім бүгінде 🙃Президенттің ерекше бақылауында, сондықтан 😃Үкімет ай сайын өңірлердің инвестициялық темпін мониторингтен өткізіп отырады.

Бірақ бір маңызды нюанс бар: инвестиция өсімі әрқашан әкімдердің жұмысына тікелей байланысты емес. Себебі өңірдегі ең ірі жобаларды көбіне сол жерде бұрыннан жұмыс істейтін трансұлттық компаниялар (ТНК) жүзеге асырады, ал олардың инвестициялық шешімдері жергілікті әкімдікпен емес, Үкімет деңгейінде, ұлттық компаниялармен және халықаралық штаб-пәтерлермен келісіліп қабылданады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙃Kaspi bank депозит ставкасын сәуір айынан бері алғаш рет өсірді. Каспи Ұлттық банктің базалық ставка бойынша шешімі шыққан сәтте келесі жұмыс күні пайызды 18 ден 20-ға бірден көтерді.

Ставканы 18,5 немесе 19,0 пайызға дейін ғана өсірсе де болар еді. Алайда үздік бестіктегі бәсекелес банктердің 20 пайыздық депозиттер арқылы каспи клиенттерін тартып алып кетеді (пылесосить). Депозиттердің бір банктен екінші банкке көшуі өте жылдам процесс…

Сонымен қатар каспи 20 пайыздан бөлек, өзге ескі -18,0%) пайыз депозиттерді 20 пайызға автоматты жаңартылуы - нарыққа сигнал ретінде қабылдауға да болады.

Екіншіден Kaspi banк-ке өтімділік керек. Қараша айындағы есепке назар аударсақ, үлкен бестіктің ішінде каспиде ең төмен K1 өтімділігі тіркелген.

Үшіншіден банк секторындағы жаңа салық нормалары - жаңа шығындарды алып келеді. Қаңтардан бастап, потреб кредиттерден түсетін маржа (бұрын 20%) енді 25 пайыздық салықпен есептелінеді.

Нарықта ең жоғары пайыз ұсыну-тәуекел. Егер қызылдар салымшылардың N көлемінде сомманы жинаған соң, артқа шегінеді. Себебі - қымбат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қор нарығындағы компанияларда МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЛЕСІ

🙃Самрұқ Қазына
🙃Қаржы министрлігі
🙃 БЖЗҚ
🙃Ұлттық банк
Сияқты мемлекеттік қаржы институттары арқылы мемлекет бағалы қағаздар нарығындағы компаниялардың біраз бөлігіне иелік етуде


Мысалы 🙃ҚазМұнайГаздың 97,4 пайыз акциясын 🙃/🙃/🙃 үшеуі бөліп алған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңгенің нығаюы бүгін де жалғасын тапты

Бүгін 502,99 теңгемен жапты. Валюта саудасы $343 млн. Ертең 1/500 жететін шығар
КТК құбырына шабуылдан кейін, 🙃ҚазМұнайГаз компаниясының акциясы бағасы 3 күн қатарынан төмендеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Форте банк қаншаға сатылуы мүмкін?

Қыркүйек айының соңында, елімізге мажарлық ОТР банк келіп, ірі бір банкті сатып алады деген ақпарат шықты.

Ең алғашқа болып Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшы 🙃Мадина Абылқасымова:
«Бізге сатып алушы банкті атауға болмайды, себебі ол бұл ақпаратты ашуға рұқсат берген жоқ. Үмітімізше, бұл ақпарат 2025 жылдың соңында немесе 2026 жылдың басында жария болады»,

- деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысы.

Сатып алушы кім?
Кейіннен сарапшылар "ірі банк" дегенде 🙃Форте мен 🙃РБК банктері деп болжап жатты. Кейіннен «белгісіз сатып алушыны» Қазақстанның Мажар еліне елшісі - Абзал Сапарбекұлы мырза ашып берді. Ол мажарлық ОТР банк.

Сатып алушы табылды, енді қай банк сатылмақ?

Уақыт өте күздің ортасында ОТР банктің делегациялары Форте банктің бэк (бас) офисне барған. Бұл жолы сатылмақ банктің атауы белгілі болып қалған.

Ресми растау керек
Жураналистер Форте банк пен ОТР банкке де сұрақ жіберіп, жауабында ешқандай келісімнің бар/жоғы туралы айтпаған. Әдетте келісім болмаса, тарап бірден өздері хабардар ететін.

Бұл жауап форте банктің сатылатынына сенімділікті тағы күшейтті.


Фортенің құны қанша?
Жақында 🔍manualeconomy жасаған аналитиканы оқып шықтым. Сарапшылар Форте банктің құны шамамен 2,7-3,5 млрд долларға бағалап отыр.

Сонымен қатар жақында сатып алған 🙃Хоум банкті Форте банк өзіне келесі жылы қосып аламақ.

Қор нарығынан кетеді ма?

Сарапшылар Форте банк қор нарығынан кетпейтініне сенімді, керісінше қор нарығы бұл банк үшін ашықтық пен репутация.

Акционері
Форте қожайыны-Болат Өтемұратов әккі сатушы (алып/сатар). Ол 2007 жылы АТФ банкті италияндық UniCredit-ке 2,2 млрд долларға сатқан. Бұл ТМД елдеріндегі ең үлкен келісім. Содан 2009 жылы банк секторына қайта оралып, Kassa Nova-ны ашып, 2021 жылы Тимур Турловқа сатты. Қазіргі Фридом банк) .
2010 жылы Форте банкті сатып алып, кейіннен оған Альянс пен Темірбанкті қосып, бір банк шығарды. Қазіргі форте осы үштіктің қосындысы, банк секторында үздік бестікке кіреді.


Қашан?
Біздің ойымызша жақын арада келісім ресми расталады. Қаржы нарығын реттеу агенттігі де жылдың соңы немесе қаңтар айында келісім аяталатынына сеніп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әкімдердің тағайындалған күннен бастап бүгінгі күнге дейін “әкім қызметінде” неше күн?
🤩 Көлеңкелі экономика
Shadow economy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⬆️
Көлеңкелі экономика – мемлекетке көрінбей, ресми түрде есепке алынбай жүретін ақша айналымы мен қызметтер жиынтығы.

Қарапайым тілмен айтқанда:

Бұл ➡️салық төлемей, заңсыз немесе жасырын түрде жасалатын сауда-саттық, жұмыс, қызмет және табыс.

Мысалы:
1⃣Жұмыс беруші қызметкерге жалақыны «конвертпен» беру. Немесе минималды ЗП беріп, қалғанын қолма-қол
2⃣Тіркелмеген жеке кәсіпкердің тауар сатуы. Әсіресе базардың саудасы
3⃣Жасырын келісімдер, подрядчик/субподрядчик өте көп, пара беру.
4⃣Контрабанда, жалған құжатпен жасалған мәмілелер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазір теңгенің осылайша нығаюына не түрткі болды?

Қарапайым тілмен түсіндіру

🟢Бірінші фактор carry trade.
Шото это такое?

Естеріңізде болса, 🙃Ұлттық банк 13 қазан күні базалық ставканы бірден 18,00 пайызға көтерді. Елде инфляция шарықтап тұр. Өткен жұмада бас банк тағы отырыс өткізіп, базалық ставканы 18,00 пайыз көлемінде сақтады. Ең басты риторика – базалық ставка 2026 жылдың 6 айында төмендемейді деген сигнал болды. Кейінен банктер депозиттік ставкаларын көтеріп, жаңартты. Ок, бұл түсінікті.

Енді carry trade деген не? Неге соңғы кезде бәрі осыны айтып кетті?

🪙Шетел инвесторлары біздің МБҚ (мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына) агрессивті түрде кірді. Қазан мен қараша айларында МБҚ нарығына 3,6 млрд доллар шетелдік инвестиция келген. Бұл жыл басынан бері +1,5 млрд доллар таза кэш. Бұл валюта теңгеге айырбасталып, теңгеге сұранысты күрт арттырды. Валюта нарығында сауда саттық көлемі 400 млн доллардан асыра орындалуда. Көлем айтарлықтай артты.

💰Неге шетел инвесторлары Қазақстанға назар аударуда?

Олар сырттан арзан пайызбен қарызға (кредит, облигация, қарыз) ақша алып, біздегі жоғары пайыздық (17-18%) облигацияларға ақша салады. Яғни доллар/еуро валюталарымен келіп, теңгеге айырбастайды. Арзан пайызбен ақша алып, жоғары пайызбен елге салып, айырмадан табыс табу это есть carry trade.

Кейбір «сарапшылар» теңгенің нығаюына доллар индексі (DXY 98.8), салық апталығының арқасында деп ойлайды. Негізі ол жанама фактор (530-540) дәлізіндегі әсер етуші фактор ретінде ғана қарастыруға болады. Біз ол дәлізден алыстап кеттік. Ал теңгенің 1/500 ге дейін нығаюына carry trade әсер етті. Сонымен қатар қалыптасқан фундаменталды фактор мен келесі жылы басталатын салықтық/фискалдық реформалар лонг мерзімге әсер етпек.

Бүгін 🙃 Бас банк валюта нарығына араласпайтынын және бұл нарықтық құбылыс, спекулятивті жағдай жоқ деп мәлімдеді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Халықтың тең жартысы — ОҢТҮСТІКТЕ
📈📉 ондығы
Индекске кіретін 10 компанияның KASE-дегі үлесі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экологтар Алматы қаласының ауасын басты ластаушы -авткөліктер🚗💭 дейді. Олар жергілікті билікті қаладағы ескі көліктерді біртіндеп шектеу/тиым салуды сұрауда.

Қалада 600 мыңнан астам көлік бар, оның әрбір үшіншісі -20 жылдан асқан. Ал, тең жартысы он жылдан асып кеткен.

Егер жергілікті билік шектеу/тиым салуды бастайын десе ескілердің үлесі тым көп, масса. Әлеуметтік жағдай…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰Халық (жеке тұлғалар) қазан айында обменниктерден 500 млн долларға жуық 💵доллар сатып алған. Бұл орташадан екі есе көп.

Қазан айында доллар 530-535 теңгеге дейін нығайған. Халық не үшін әдеттегіден көп сатып алды? Басты мотив - “теңгенің құлдырауынан ұту”. 👏

Алайда қарашада теңге айтарлықтай нығайып, осы апта 1/500 бағамын көрдік.

Енді сатып алғандар долларды қайта сатпайды. Себебі ұтылады. Қазір нарықта доллар тапшылығы (именно қолма-қол) 💵 тапшылығы байқалуы мүмкін. Өйткені кэштің бәрі физиктерде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазан айы 🔍
📅📅📅📅

🚀ҚазАтомПром акциясы аптаны +10 пайыздық өсіммен жапты. Бұл прайс урандық держава үшін жаңа меже. Рекорд.

“Логистикалық тарифтерді көтеру” жаңалығы 🛢️ҚазТрансОйл-ды көтеріп жіберді-ау

⚡️ энергия операторы дивидендтік базаға бір қадам жақындады. Жақсы өсім

🛢️ҚМГ бәріміз күткендей бір аптада 1,6 пайызға төмендеді. КТК факторы

🏦Халық аптаны жақсы бастап еді, кейіннен 4 күн қатарынан минусқа бірден кірде. Сонда да дүйсенбідегі өсім теріс диамикадан құтқарды

Өзге акцияларда коррекция дейтіндей түзілу жоқ, көбісі қапталда…

Ал 📈📉 индексте 1,2 пайыздық өсіммен қыстың бірінші аптасын жапты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТЕҢГЕ (апта)
Нарықта ірі ойыншылар көп

Валюта нарығында көп ірі ойыншылар. Негізі бізде айына орташа доллардың сауда саттығы 170-180 млн доллар.
Алайда мына графиике қарасақ сауда-саттық көлемі орташа 380,4 млн долларға дейін артқан. Кейбір күндері $500 млн-нан асқан.

🔍Ал теңге сәрсенбідегі 1/500 бағамынан кейін біртіндеп көтерілді. Апталық close бағасы 1/505,95 теңге
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда кейбір аймақтар бар, олар 🤑 “ақша жасайтын машинка” сияқты. Бұл аймақтар мемлекетке көп салық төлейді, көп ақша түсіреді, бірақ өздерінде ол ақша бәрібір толық қалмайды. Осындай аймақтарды біз донор аймақтар деп атаймыз.

💵Олар үшеу: Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысы.

🖊️Неліктен донор аймақтар маңызды?
Елдің барлық аймақтары бірдей бай емес. Кейбір өңірлерде өндіріс дамыған, мұнай, газ, металл, көмір өндірісі бар. Солар көп ақша әкеледі. Ал дамымаған аймақтарға жол, мектеп, аурухана салу үшін донор аймақтардың түсірген қаржысы бөлінеді. Яғни, бір аймақтың байлығы екінші аймақты дамытуға кетеді.

Мысалы, 2026 жылы Үкімет Алматы қаласының бюджетінен 492 млрд теңге алып алады. Алматы бұл ақшаға метро немесе экологиясын шешуге болар еді… алайда біз унитарлы елміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алдағы 1-2 жылда Павлодар облысы да осы үштікке кіреді деген болжам бар. Донор өңір болмақ

Ал Маңғыстау облысы бұл тізімнен 2022 жылы шығып, донор өңірден субвенциялы өңірге айналып кетті.😡
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍📈500

👤Трамптың риторикасы S&P 500-ді қозғалысқа келтірді

Апта басынан бері S&P 500 индексіне арналған фьючерс 0,70%-ға өсіп, 6870 пунктке дейін жетті. Бұл -жақсы нәтиже. Әсіресе дүйсенбі күнгі ірі түзетуден кейін. Сол күні бенчмарк 0,80%-ға төмендеп, 6790 пунктке түскен еді. Аптаның басым бөлігінде сол шығынды қайта қайтарып отырды.
Негізгі төмендеу себебі -Жапония Банкінің қатаң сигналдары. Реттеуші (регулятор) басшысы Кадзуо Уэда дүйсенбіде желтоқсанда мөлшерлемені көтеру мүмкін екенін меңзеді. Бұл ықтималдық 75,0%-ға дейін өсті. Ал 10 жылдық жапон мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 2007 жылдың шілдесінен бергі максимум -1,95%-ға дейін көтерілді.
Бұрын мұндай секіріс акция нарығына ауыр соққы болар еді. Жапония ұзақ уақыт бойы арзан қаржы көзі болды. Жапон орталық банкінің мөлшерлемесі бүкіл Азия үшін тәуекелсіз бенчмарк саналатын. Ол көтерілген кезде экономикалық белсенділік баяулайтын. Инвесторлар алдын ала әрекет етіп, активтерді сата бастайтын. Бірақ, қазір ФРЖ мөлшерлемесі әлі де жоғары, сондықтан жапон ақшасы тым тез кетіп жатқан жоқ.

👤Дональд Трамп нарықты «қыздыра» білетін. саясаткер. Ол мұны өзінің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассет арқылы бастап та кетті. АҚШ президенті сейсенбіде ФРЖ басшысы қызметіне кандидат таңдағанын жариялады. Нарық бұл адамның «көгершін» Хассет екеніне сенімді.

Бірақ Уолл-стрит банктері Хассет Трамптың ықпалымен мөлшерлемені тым жылдам төмендетіп жіберуі мүмкін деп қауіптене бастады. Сол себепті оның мүмкіндігі қайта азайды. Ресми шешімге дейін әлі бір айдан астам уақыт бар.

Келесі аптадағы ФРЖ отырысы -басты оқиға. Қазірдің өзінде оны соңғы жылдардағы ең даулы отырыстардың бірі деп атайды. Мөлшерлемені төмендетуді қолдаушылардың дауысы аздап басым – шамамен 7 қолдап, 5 қарсы. Дегенмен нарық жұмсақ саясаттың жүзеге асу ықтималдығын 87,2% деп бағалап отыр. Реттеуші мұндай сенімділікке қарсы шығуы екіталай. Бұл түсініксіздік пен жергілікті дүрлігуге әкелуі мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM