Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🏦Halyk банк те бүгін алғаш рет психологиялық 400 нүктесін бағындырды.

Сәрсенбідегі өсім +8,6

Не болып жатыр нарықта?)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👤ҚР Президенті:

«Агенттік төрағасы Жанат Элиманов жуырда маған бір қазақстандық банк арқылы 2025 жылы көршілес елден 7 триллион теңгеден астам қаражат басқа мемлекеттерге шығарылғанын баяндады. Заң, экономика, тіпті саясат тұрғысынан да бұл – өте алаңдататын жағдай».


Осы туралы күзде пост салып едік. Коресп шотта пайыздық кірісті ғаламат өсім көрсеткен банк туралы.

Өкінішке орай 🇰🇿Ақорда бүгін бұл постты өшіріп тастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7 трлн теңге

Басты сөйлем: "Көршілес елден 7 трлн теңгеден астам қаражат Қазақстан арқылы шығарылған".

🟢Біріншіден бұл ақша өте үлкен, валютамен шамамен 15-17 млрд АҚШ долларға пара пар ақша. 7 трлн теңге - бұл банктің «ішінде» жасырып қалатын сома емес. Егер активтер өспесе де, банктің айналымы мен пайдасы бұл операцияны міндетті түрде «әшкерелейді».

Мәселе қаражат үшінші тарапқа қандай тәсілмен аударылды? Үлкен соманы қалай ерітті? қанша транзакция? Крипто? Сонымен қатар қаражат банк шотында қанша күн қонақтады? сұрақ көп.


🟣Екіншіден көрші ел деген меніңше -Ресей. Себебі Қырғызстан мен Өзбекстан үшін бұл қаржы тым үлкен. Солтүстік көрші "қабылдаушыдан" қарағанда "аударушыға" келеді. Мүмкін капиталды бірнеше банк арқылы “тізбектеу” тәсілімен мұхит асар…

🔵Үшіншіден жоғары да айтақнымдай басты сұрақ "7 трлн теңге банк шотында қанша күн қонақтады?”
Тіпті ақша транзитпен тез өтіп кетсе де, банк мұндай операциядан міндетті түрде комиссия алады. Егер банк ең төменгі 0,1% комиссия алса, бұл 7 миллиард теңге таза пайда әкеледі.

🟠Төртінші басты сұрақ-RISK. Қазіргі халықаралық жағдайда кез келген банк үшін Ресеймен байланысты ірі транзакцияларды жүргізу SDN (Specially Designated Nationals) тізіміне ілігу қаупін тудырады. Санкция.

Ол банкке құызырлы органдар сұрақ қойып, мүмкін құқықтық баға берер. Бірақ банк 🟨сары қағазды точно алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1 гр алтын қаңтардың басында 71 мың теңге еді, қазір 90 мыңға жақындады.
Ал уница бағасы $5500 ға жақындады.
Altyn gold

2025 жылдан бері алтын бағасы 96% өссе, Altyn gold акциясы 740 пайызға өскен.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Бүгін қаңтардағы соңғы business day. Доллардың құны ай басынан бері 513 тен ➡️503 теңгеге дейін түсті.

Доллар индексінің төмен деңгейі, мұнай бағасының 70 долларға шарықтауы теңгеге қосымша леп береді. Ақпандағы ең үлкен салық апталығын ескерсек, доллардың құны 500 теңгеден төмен түсуі әбден ықтимал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай: АҚШ vs Иран

Мұнайдың өсуіне бір ғана себеп бар еді, ол соны пайдаланып қалды. Polymarket деректері бойынша, 6 ақпанға дейін АҚШ-тың Иранға соққы беру ықтималдығы 26% деп бағалануда. Бұл көрсеткіш төмен болғанымен, мұнай бағасы қатарынан үшінші күн бойы белсенді түрде өсіп жатыр. Апта басынан бері Brent маркалы мұнай бағасы 6,25%-ға қымбаттап, барреліне $69,70 деңгейіне жетті. Бұл 2025 жылдың қазан айынан бергі ең үлкен апталық өсім. Егер АҚШ ақпанның басында Иранға шабуыл жасаса, мұнайдың келесі нысана $75,00–77,00 диапазоны.



Алтын: Тарихи рекорд және күрт құлдырау


1️⃣Рекордтық өсім: 2026 жылдың қаңтары алтын үшін 1982 жылдан бергі ең табысты ай болды. Баға бір айда 20%-дан астам өсіп, бейсенбі күні рекордтық $5 594,82 көрсеткішіне жетті.

2️⃣Жұмадағы құлдырау: Жұма күні баға 4,95%-ға төмендеп, $5 127,89 деңгейіне түсті. Бұл — инвесторлардың пайданы бекітуі (profit taking) және АҚШ долларының нығаюымен байланысты.

👑Себебі: Нарыққа Кевин Уорштың ФРЖ төрағасы болып тағайындалуы туралы хабар әсер етті. Ол Пауэллға қарағанда "қатал" (ястребиный) саясат ұстануы мүмкін деген қауіп долларды қымбаттатып, алтынды арзандатты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚀ҚазАтомПром осы апта индексті алға сүйреді. Рекордтан рекорд. Сауда қызғаны соншалық бір аптада сауда көлемі 2 млрд теңгеге жуықтады. Компания акциясы 4 күн қатарынан өсіп, алайда жұмада прайс салқындады (-5,3%). Сонда да апталық өсім 11 пайыз. Компания қазір крутой! Маркет кап 21 млрд доллар



🏦 Жасылдар да қаңтардың соңғы аптасын 9,5 пайыздық өсіммен аяқтады. Акция құны осы аптада алғаш рет «400»-ді бағындырды. Психологиялық межеден алыстау қиын болады.

Егер арифетикаға салсақ Halyk тағы 14,9 пайызға өссе, нарықтық құны 10 млрд долларға жетпек. Каспи қатты алыс емес сияқты көрініп кетті)

🛢️ҚМГ
Акция құны қазір макималды бағада тұр. Дәл 24 мың теңге. Маркет кап 28,5 млрд доллар. Акция бағасы мұнайға қатты қарайды, қазір прайс 70 долларға дейін жетті. Корреляция жоғары. Жылдам
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Банк секторының таза табысы

2025 жыл банк секторы 2,7 трлн теңге таза табыс тапқан. Бұл шамамен 5,2 млрд доллар.

Табыстың 80% “үлкен бестікке” тиесілі.

🏦Халық банк 2025 жылға 1 трлн таза табыс алу мақсатын орындай алмайды. Ұлттық банктің МРТ саясаты тосын сый болды


🏛️Freedom мен 🏛️ KMF минустан әрең дегенде шықты. Минуста тек корейлік 🏛️ BNK
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Биткойн құлдырады

💰 BTC/USD: «Цифрлық алтын» 👤Трамп тарифтерінен кейінгі ең төменгі деңгейге түсті

Крипто нарығындағы «қанды» апта жалғасуда. Биткоин 2025 жылғы Трамп енгізген тарифтерден бергі ең төменгі көрсеткішті жаңартып, инвесторларды әбігерге салды.

Негізгі деректер:

🧊 «Цифрлық алтын» еріп жатыр Биткоин бағасы қысқа уақытқа $74 000 деңгейіне дейін құлдырап, кейін $76 000 маңына қайта оралды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11%-ға төмен.

Ең өкініштісі BTC өзін «қорғаныс активі» ретінде ақтай алмай қалды. Геополитикалық шиеленіс кезінде биткоин алтын сияқты қымбаттаудың орнына, тәуекелді активтермен бірге төмен қарай сырғып барады. Бұрыңғы бағыт жоқ!

📈Инвесторлар «цифрлық алтыннан» гөрі нағыз металдарға сенім білдіруде. Өткен аптада алтын бағасы рекордтық $5600-ден асты. Нарықта қорқыныш орнағанда, капитал криптодан қашып, дәстүрлі қауіпсіз айлақтарға (алтын, күміс) ағылуда.

Альткоиндер де «қансырап» жатыр. Бұл соққы тек Биткоинге ғана емес, бүкіл нарыққа тиді. 💰Ethereum, 💰Solana және басқа да негізгі токендер күрт арзандап, өткен жылғы максимумдардан алыстап кетті. 2025 жылдың соңындағы $125 000-ға бағытталған эйфориядан қазір ізі де қалған жоқ.

Неліктен бұл маңызды? Крипто нарығындағы оптимизм тез сөніп жатыр. Реттеушілердің оң шешімдеріне деген үміт ақталар емес.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👤Турлов мырза тағы бір банкті сатып алмақшы

Boomberg-те ақылы жазылым болмаса, мына жерден оқуға болады. Ал мен негізгісін қазақшаға аудардым.

Қазақстандағы банктер мен e-commerce сатып алу жоспары Турловтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда «теориялық тұрғыда» бірнеше банк сатылымға шығарылған.

🏛️Холдинг басшысы бұл банктердің бірін баланстық құнынан сәл арзанырақ сатып алу мүмкіндігін қарастырып отыр. Мұндағы негізгі мақсат ➡️сатып алынған банкті Freedom-мен біріктіру арқылы оның клиенттік базасына, әсіресе корпоративтік сегментке жол ашу.

Турлов әлеуетті нысанның көлеміне қатысты нақты талаптарды атап өтті: сатып алынатын банк Freedom Bank-тен кіші болмауы тиіс. Анықтама үшін: бүгінде Freedom Bank-тің активтері 2,5 триллион теңгені ($5 млрд), ал капиталы шамамен $500 млн құрайды.


🔍: енді қай банк деген сұраққа келсек, бұл шамамен 🏛️Forte, 🏛️Eurasia және 🏛️ RBK. Себебі үшнуінің активі де Freedom-нан үлкен. Егер 100 пайыздық болжамға шақсақ, менің ойымша 70% РБК, 20% Eurasia ал хоумды жұтқан Форте банкке 10 пайыз.

Айтпақшы өткенде біз банк акционерлер картасын шығарғанбыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТОП-15 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР

2025 ж табыс бойынша


Джерси, Кристас сияқты легионерлерді де қостық (себебі ҚР азаматы)
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Өткенде болжағанымыздай теңге 500 ден төмен түсті. Ақпан айы теңге үшін қолайлы. Қазіргі дәліз өте тар, волатильность жоғары болғандықтан 5-10 теңге спрэд сақтайды. Нақтырақ не 500 дің үстінде, немесе 490 теңгенің астымен. Carry trade-тің екінші толқыны басталып кетсе 🤣
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қызылорда облысындағы инвестициялық қарқын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңгеге болжам жасайтын қаржы институттарының ірі ойыншы 🔍Халық финанстың былтыр жасаған болжамдарын жинап шықтым.

Бұлар былтыр 7 рет доллардың құны жылдың аяғында 550-560 теңге болады деп болжаған. Ең қызығы соңғы 6 айда болжамдарын өзгертпеген. Тіпті қараша айы, желтоқсанның басында да осы бағам болады деп күткен. Нәтиже: жер мен көк.

Қаңтар айында Halyk Finance тағы да болжамын айтып, жыл соңында доллар бағамы 580-590 теңге болады деп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️ҚазМұнайГаз қазақ нарығында алғаш рет нарықтық құны 30 млрд долларға жеткен компания.

Бүгін акция құны 24 600 теңгеге жетті. Мұнай бағасы компанияға жақсы әсер етіп отыр. Егер Лукойлдың Қазақстандағы “бақылау пакетін” алса қосымша леп береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Еліміздегі ірі қайырымдылық қорлар

Қазақстандағы қайырымдылық сектор қарқынды дамып жатқанымен, ашықтық пен есептілік (transparency and accountability) мәселесінде әлі де болса шешілмеген жүйелі проблемалар бар. Көптеген қорлар тек цифрларды көрсеткенімен, (тіпті кейбірі көрсетпейді де) олардың артындағы нақты деректер көбіне бұлыңғыр қалып қояды.

Қазіргі таңдағы негізгі проблемаларды былайша топтастыруға болады:

1️⃣Бірыңғай есеп беру стандартының жоқтығы
Қазіргі уақытта әр қор өз есебін өзінше жасайды. Бірі тек Instagram-да видео түсіріп көрсетсе, екіншісі PDF форматында жүздеген беттік кестелерді жариялайды. Бұл қарапайым донорға немесе сарапшыға қорлардың тиімділігін салыстыруға мүмкіндік бермейді. Есептер көбіне «қанша ақша жиналды» дегенге ғана назар аударады да, «сол ақша мәселені түпкілікті шешті ме» деген сұраққа жауап бермейді.

2️⃣Әкімшілік шығындардың «бұлыңғырлығы»
Заң бойынша қорлар жиналған қаражаттың 20%-ын кеңсеге, жарнамаға және жалақыға жұмсай алады. Алайда, көптеген қорлар бұл шығындарды «бағдарламалық шығын» ретінде көрсетіп, жасырып қалады. Мәселен, қор қызметкерінің шетелдік іс-сапарын «тәжірибе алмасу» деп көрсетіп, шын мәнінде қайырымдылық ақшасын тиімсіз жұмсауы мүмкін.

KURSIV RESEARCH еліміздегі ең ірі әлеуметтік қорлардың салық төлемдерін жинады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👮Қорларға сенім азайған

Перизат эффектісі

2024 жылғы көктемгі алапат су тасқыны кезінде қазақстандықтар мен ірі кәсіпкерлер зардап шеккендерге көмек ретінде миллиардтаған теңге жинады. Осы қаржыны жинаушы негізгі ұйымдардың бірі - «Biz Birgemiz Qazaqstan» қоры болды. Алайда, кейінірек Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) қор басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу бастады. Тергеу мәліметтері бойынша, жиналған қайырымдылық қаражаты (шамамен 1,5 миллиард теңгеден астам) мақсатсыз жұмсалған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

SEASONALS

Егер соңғы 4 жылды алып қарасақ, қыстың соңы мен көктемнің алғашқы айында теңге нығаю цикліне өтеді.

Бұл тарихи фактке орай биыл да дәл солай қайталанады деген сөз емес, алайда байланыс жоғары.

Қазір доллар 6 күн қатарынан 500 теңгенің астында қалып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌚490
Make Tenge great again)