Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
«Орта тап» болу үшін 1 млн теңге табыс керек пе? 🤔

Желіде «Алматылықтардың әлеуметтік-экономикалық мәртебесі» деген кесте тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Онда айына 250-450 мың теңге табатындарды «кедей», ал 1 млн теңгеге дейін табатындарды «орта тап» деп көрсеткен.

Бұл қаншалықты қисынды? Ресми дерек пен нақты талаптарды салыстырып көрейік:

📊 Статистика не дейді?
2025 жылдың ІІІ тоқсанында Қазақстандағы медианалық жалақы 302 584 теңгені құрады. (Анықтама: Медианалық жалақы - бұл қатардың дәл ортасы. Яғни, жұмыс істейтіндердің тең жартысы осы сомадан көп алса, қалған жартысы бұдан аз алады).

Халықаралық (ЭЫДҰ) әдістеме бойынша, орта тапқа осы соманың 75%-200% аралығын (яғни 227 мыңнан 605 мың теңгеге дейін) табатындар жатуы тиіс. Егер орта үйі мен көлігі сияқты активтер болса әрине.

Алайда, нақты «орта тап» болу үшін тек жалақы емес, материалдық активтер де маңызды:

🏠 Баспана: Меншікті пәтерінің немесе үйінің болуы. Табысының жартысын жалдау ақысына бермейтін жанұя ғана өзін еркін сезінеді.
🚗 Көлік: Отбасының әр ересек мүшесіне немесе жалпы жанұяға лайықты көліктің болуы.
💰 Қаржылық жастық: Кенеттен жұмыссыз қалған жағдайда кемінде 3-6 ай өмір сүруге жететін жинақ.
✈️ Демалыс пен білім: Жылына кемінде бір рет шетелде немесе сапалы шипажайда демалу және балаларға қосымша ақылы білім бере алу мүмкіндігі.

Неге тарап жүрген кесте «күммәнді»?

1️⃣Медианадан алшақтық: Ресми дерек бойынша халықтың 50%-ы 300 мың теңге айналасында табыс табады. Егер кестеге сенсек, елдің жартысынан көбі «кедейлер»😀

2️⃣Алматының қымбатшылығы: Мүмкін, автор Алматыдағы пәтер жалдау құны мен инфляцияны ескерген шығар? 🌚

3️⃣Бұл кесте нақты экономикалық көрсеткіш емес, Алматы сияқты ірі қаладағы «ешнәрседен тарықпай өмір сүру» туралы халықтың ішкі талабы (запросы) сияқты.

Сіз қалай ойлайсыз? Пәтері мен көлігі бар, бірақ жалақысы 450 мың теңге адамды «кедей» деуге бола ма?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ramadan time
🇺🇿Өзбекстанның сыртқы қарызы 82 млрд доллардан асты. Темп жоғары, мысалы былтыр қарыз көлемі +12 млрд долларға өскен.

Биыл көрші елдің қарызы 100 млрд АҚШ долларына жетуі мүмкін деп отыр. Ал таза мемлекеттің қарызы ЖІӨ-нің 34,7% артқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық банктегі «атышулы» отставка: 7 триллион теңге кімнің басын жұтты?

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қызметінен кетті. Бұл жай ғана ауыс-түйіс емес, үлкен саяси «ойынның» нәтижесі сияқты.

Не болды?
Шолпанқұлов ел ішінде қызу талқыланып жатқан 7 триллион теңгенің тексерісіне қатысты абайсызда пікір білдірді. Ол:
«Реттеушілер ешқандай заң бұзушылық тапқан жоқ»,

— деп мәлімдеп, Президент айтқан деректерге жанама түрде қарсы шықты.


🇰🇿Президент әкімшілігінің реакциясы:
Мұндай «өзінше» мәлімдемені Ақорда жауапсыз қалдырмады. Президенттің баспасөз хатшысы Смадияров Шолпанқұловтың бетін бір-ақ қайтарды:
«Мемлекет басшысы тек қана тексерілген, нақты ақпаратпен жұмыс істейді»


Неге бұл «мансаптық суицид»?

Субординация: Саяси қызметкердің жоғарғы басшылықтың позициясына қайшы келуі ➡️кешірілмейтін қателік.

Рұқсатсыз реплика: Мұндай сезімтал, мемлекеттік маңызы бар (санкция) мәселеде «жоғарының» бағытынана қарсы сөйлеу — үлкен тәуекел.

Логикалық финал: Мұндай қадамнан кейін жұмыстан кету заңды құбылыс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📅📅📅📅

Ауыр апта. Әсіресе 🏛️Freedom мен ✅Altyngold екеуі айтарлықтай төмен сырғыды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚҚС салығының жаңа ставкасы қалай орындалып жатыр?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін көтерілді. Бұл қадам бюджет кірісін еселеп арттыруға тиіс еді, алайда алғашқы айдың қорытындысы күткендегідей болмай тұр. 🔍KursivMedia зерттеуінше, мөлшерлеменің өсуі аясында жинау жоспарының небәрі 80%-ға орындалуы фискалдық саясат үшін үлкен дабыл белгісі саналады.

Қазақстанның салық жүйесі үшін 2026 жыл – үлкен сынақ жылы. 🇰🇿Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 4 пайыздық тармаққа арттыра отырып, жыл соңына дейін рекордтық 🪙10 трлн теңге жинауды межелеген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (6,1 трлн теңге) 53,8%-ға артық. Алайда 1 ақпандағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің есебі оптимизмге қарағанда, көбірек күмән туғызады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
January
💳Республикалық бюджет кірісінің орындалуы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Табыстың еселеп өсіп жатқан тұсы классикалық қаржы емес, жаңа цифрлық экожүйе мен сауда операциялары. Экожүйе біртіндеп нәтиже бере бастады.

🛒 Лайфстайл-экожүйе (Ticketon, Arbuz, Aviata және т.б.): Тауарлар мен қызметтерді сату +136%-ға жетіп, $66.4 млн-ды құрады. IT қызметтер мен басқа да табыстар +131%-ға өскен.

💱 Валюталық операциялар (FX): Түсім +77%-ға артты.

📈 Трейдинг: Өз капиталына бағалы қағаздармен сауда жасау табысы +19%-ға өсіп, $126 млн әкелді.
🏛️Freedom наурыздан бастап кэшбэкті кезекті мәрте азайтады. Клиенттер саны белгілі бір межеге (N) жеткенде, шарттардың өзгеретіні белгілі еді. Бірақ түсінгенімше кэшбэк жүйесі енді "тұрақты клиенттер" базасын қалыптастыруға көшкен тәрізді. DAU мен MAU көрсеткіштерін кэшбэкпен қуаттап (ынталандырып) отыру - қомақты шығынды қажет ететіні байқалады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7 күннен кейін 🏛️Kaspi 2025 4Q және жылды қорытындылайды.

Ал, 26 наурызда дивиденд төлеу/төлемеу шешімі шығады.

Алайда, 2 наурыздағы отчеттан (әдеттегідей) оқуға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️KMGZ

Бүгін ҚМГ акция бағасы кезекті мәрте тарихи максимумға жетіп, 25 005 теңгеге жетті.

Себебі 🛢️
Мұнай бағасы бір апта бойы бөшкесіне 70 доллардың үстімен саудалануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандықтар қағаз ақшамен қоштасуда

2016 жылы жағдай мүлдем басқаша еді. Ол кезде төлемдердің небәрі 28,7%-ы ғана картамен жасалатын. Халықтың басым бөлігі (71,3%) жалақы түскен бойда банкоматқа жүгіріп, «нақты» ақшаны ұстағанды жөн көретін.

Бүгінде Қазақстандағы операциялардың тек 1,63%-ы ғана қолма-қол ақшамен жасалады. Бұл біз іс жүзінде «Cashless» (қолма-қол ақшасыз) қоғамға айналдық деген сөз. Жүз пайыз ешкім өтпейтіні анық, дегенмен біз ең шарықтау шегіне жақындадық деп айтуға болады. 🔍Kursiv-те аналитикалық материалым шықты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мында безнал қандай тәсілмен орындалатыны көрсетілген. Төлем бойынша 📱QR код қысқа уақытта 💷пластикалық картаны артқа қалдырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Доллар бүгін 3 ақпаннан бері алғаш рет 500 теңгеден жоғары дәлізге шықты. Close бойынша 22 күн бойы доллардың құны 500-ден төмен бағада саудаланды. Салық апталығы да бітті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Таза табыс бойынша
ТОП 5 банк

🏛️БЦК-ның табысы жақсы өсіп келеді, 🏛️ Отбасының активі өскенімен табысы ілеспей келе жатыр. 🏛️ Kaspi-дің қарқыны (темп) азайған. Ал 🏛️Форте хоумды өзіне сіңірсе, сенімді бестікте болады.

🏦Халық банк таза табыс бойынша бірінші орынды ешкімге бермейтін түрі бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Егіздер» мұнарасы: Биржа осы ғимараттың солтүстік мұнарасында (North Tower) орналасқан. Бұл жерде тек брокерлер мен дилерлер ғана емес, сонымен қатар барлық сауда-саттықты бақылайтын қуатты серверлер мен клирингтік орталық жұмыс істейді.

💵Осы жерде доллардың бағамы анықталады. Күніне шамамен 390 млн долллардың валютасы саудаланады. Төменде ірі ойыншылардың тізімін көрсетеміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Долларды кімдер сатады?

«Доллар сатушылар» клубында кімдер бар? Талдап көрейік:

1️⃣Экспорттаушылар 🚢
Мұнай, металл және бидай сатып жатқан алпауыт компаниялар табысын доллармен алады. Бірақ...

Жұмысшыларға жалақыны теңгемен төлеу керек.

Салықты теңгемен жабу керек.

Нәтиже: Олар амалсыз долларын сатып, теңге алады. Әсіресе «салық апталығында» нарыққа доллар көптеп түседі.

2️⃣Ұлттық қор және Ұлттық банк🇰🇿
Бюджетте ақша жетпей жатса немесе мемлекеттік бағдарламаларға қаржы керек болса, Ұлттық қордан «қорапты» ашамыз.

Ұлттық банк қордағы долларды нарыққа шығарып сатады да, орнына алған теңгені бюджетке аударады.

Мысалы: Ақпан айында ҰБ $350-450 млн сатуды жоспарлап отыр. Егер айына 20 жұмыс күні бар десек, бұл күніне шамамен $17,5-22,5 млн қосымша ұсыныс деген сөз.

3️⃣«Carry Trade» әуесқойлары
Инвесторлар -қу халық. Олар былай есептейді:

АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме төмен, ал Қазақстанда (базалық мөлшерлеме есебінен) депозитке немесе облигацияға ақша салсаң, 14-15% пайда табуға болады. Маржа деген май-шелпек!

Сондықтан олар долларын сатып, теңгелік активтерге ауысады. Бұл тренд теңгенің белсенділігін арттырады. Өткенде екі айда 540 тан 499 ға дейін түсті (мысалы)

4️⃣Шетелдік инвесторлар☺️

Қазақстанда зауыт салғысы келетін немесе бизнес ашатын шетелдік компаниялар өз капиталын доллармен әкеледі. Бірақ жергілікті жерде жер сатып алу, құрылыс жүргізу үшін бәрібір теңге қажет. Доллар сатылады теңге нығаяды.


Міне осылар теңгені сатып алушылар. Өзге де ойыншылар бар, алайда олардың үлесі өте төмен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Долларды кімдер сатып алады? Екінші тарап

(Нарықтың «шопинг» жасаушылары)

Алдыңғы постта долларды кімдер сататынын айтқан едік. Енді «Егіздер» ғимаратындағы (KASE) долларға кезекке тұратын негізгі сатып алушыларды таныстырайық. Олардың белсенділігі теңгенің бағамына тікелей әсер етеді.

1️⃣Импорттаушылар📦
Қазақстандағы iPhone-нан бастап, зауыттарға арналған алып станоктарға дейін бәрі долларға сатып алынады.

Тренд: 2025 жыл импорт $64,8 млрд-қа жетті.

Себебі: Халық көбірек несие алып, мемлекет шығындарды арттырған сайын, біз шетелден тауарды көбірек алдыртамыз. Ол үшін бізге... әрине, доллар керек!

Әсері: Импорт неғұрлым көп болса, долларға сұраныс соғұрлым жоғары, ал теңгеге қысым соғұрлым күшті болады.

2️⃣БЖЗҚ 🇰🇿
Иә, зейнетақы қоры да -
нарықтағы ірі ойыншы. Ұлттық банк зейнетақы активтерінің бір бөлігін (шамамен 40%) шетелдік валютада сақтауға тырысады.

Не үшін? Ақша тек теңгеде тұрмай, әлемдік нарықтарда (Apple, Microsoft акцияларында немесе АҚШ облигацияларында) «жұмыс істеуі» үшін.

3️⃣Жеке тұлғалар👨‍💻
Қазақстандықтар үшін доллар бұл тек ақша емес, бұл «психологиялық қауіпсіздік».

Мақсаты: Шетелде білім алу, демалыс немесе жай ғана жинақтарды инфляциядан қорғау.

«Қауіпсіз айлақ»: Теңге сәл тербелсе болды, жұрт жаппай айырбастау пунктеріне жүгіреді. Бұл психологиялық фактор нарықтағы сұранысты бірден қыздырып жібереді. 🏃‍♂️

4️⃣Шетелдік инвесторлар
Олар Қазақстанға ақша салып, пайда тапқаннан кейін, сол пайданы (дивидендтерді) өз еліне алып кеткісі келеді.

Ол үшін олар тапқан теңгелерін қайтадан долларға айналдырады.

Бұл процесс (капиталдың репатриациясы) әдетте теңгенің сәл әлсіреуіне алып келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓Университтердің салық төлемдері
2025ж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай бағасы ұшты!