Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
📅📅📅📅

Ауыр апта. Әсіресе 🏛️Freedom мен ✅Altyngold екеуі айтарлықтай төмен сырғыды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚҚС салығының жаңа ставкасы қалай орындалып жатыр?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін көтерілді. Бұл қадам бюджет кірісін еселеп арттыруға тиіс еді, алайда алғашқы айдың қорытындысы күткендегідей болмай тұр. 🔍KursivMedia зерттеуінше, мөлшерлеменің өсуі аясында жинау жоспарының небәрі 80%-ға орындалуы фискалдық саясат үшін үлкен дабыл белгісі саналады.

Қазақстанның салық жүйесі үшін 2026 жыл – үлкен сынақ жылы. 🇰🇿Үкімет ҚҚС мөлшерлемесін 4 пайыздық тармаққа арттыра отырып, жыл соңына дейін рекордтық 🪙10 трлн теңге жинауды межелеген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (6,1 трлн теңге) 53,8%-ға артық. Алайда 1 ақпандағы жағдай бойынша Қаржы министрлігінің есебі оптимизмге қарағанда, көбірек күмән туғызады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
January
💳Республикалық бюджет кірісінің орындалуы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Табыстың еселеп өсіп жатқан тұсы классикалық қаржы емес, жаңа цифрлық экожүйе мен сауда операциялары. Экожүйе біртіндеп нәтиже бере бастады.

🛒 Лайфстайл-экожүйе (Ticketon, Arbuz, Aviata және т.б.): Тауарлар мен қызметтерді сату +136%-ға жетіп, $66.4 млн-ды құрады. IT қызметтер мен басқа да табыстар +131%-ға өскен.

💱 Валюталық операциялар (FX): Түсім +77%-ға артты.

📈 Трейдинг: Өз капиталына бағалы қағаздармен сауда жасау табысы +19%-ға өсіп, $126 млн әкелді.
🏛️Freedom наурыздан бастап кэшбэкті кезекті мәрте азайтады. Клиенттер саны белгілі бір межеге (N) жеткенде, шарттардың өзгеретіні белгілі еді. Бірақ түсінгенімше кэшбэк жүйесі енді "тұрақты клиенттер" базасын қалыптастыруға көшкен тәрізді. DAU мен MAU көрсеткіштерін кэшбэкпен қуаттап (ынталандырып) отыру - қомақты шығынды қажет ететіні байқалады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7 күннен кейін 🏛️Kaspi 2025 4Q және жылды қорытындылайды.

Ал, 26 наурызда дивиденд төлеу/төлемеу шешімі шығады.

Алайда, 2 наурыздағы отчеттан (әдеттегідей) оқуға болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️KMGZ

Бүгін ҚМГ акция бағасы кезекті мәрте тарихи максимумға жетіп, 25 005 теңгеге жетті.

Себебі 🛢️
Мұнай бағасы бір апта бойы бөшкесіне 70 доллардың үстімен саудалануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандықтар қағаз ақшамен қоштасуда

2016 жылы жағдай мүлдем басқаша еді. Ол кезде төлемдердің небәрі 28,7%-ы ғана картамен жасалатын. Халықтың басым бөлігі (71,3%) жалақы түскен бойда банкоматқа жүгіріп, «нақты» ақшаны ұстағанды жөн көретін.

Бүгінде Қазақстандағы операциялардың тек 1,63%-ы ғана қолма-қол ақшамен жасалады. Бұл біз іс жүзінде «Cashless» (қолма-қол ақшасыз) қоғамға айналдық деген сөз. Жүз пайыз ешкім өтпейтіні анық, дегенмен біз ең шарықтау шегіне жақындадық деп айтуға болады. 🔍Kursiv-те аналитикалық материалым шықты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мында безнал қандай тәсілмен орындалатыны көрсетілген. Төлем бойынша 📱QR код қысқа уақытта 💷пластикалық картаны артқа қалдырған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Доллар бүгін 3 ақпаннан бері алғаш рет 500 теңгеден жоғары дәлізге шықты. Close бойынша 22 күн бойы доллардың құны 500-ден төмен бағада саудаланды. Салық апталығы да бітті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Таза табыс бойынша
ТОП 5 банк

🏛️БЦК-ның табысы жақсы өсіп келеді, 🏛️ Отбасының активі өскенімен табысы ілеспей келе жатыр. 🏛️ Kaspi-дің қарқыны (темп) азайған. Ал 🏛️Форте хоумды өзіне сіңірсе, сенімді бестікте болады.

🏦Халық банк таза табыс бойынша бірінші орынды ешкімге бермейтін түрі бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Егіздер» мұнарасы: Биржа осы ғимараттың солтүстік мұнарасында (North Tower) орналасқан. Бұл жерде тек брокерлер мен дилерлер ғана емес, сонымен қатар барлық сауда-саттықты бақылайтын қуатты серверлер мен клирингтік орталық жұмыс істейді.

💵Осы жерде доллардың бағамы анықталады. Күніне шамамен 390 млн долллардың валютасы саудаланады. Төменде ірі ойыншылардың тізімін көрсетеміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Долларды кімдер сатады?

«Доллар сатушылар» клубында кімдер бар? Талдап көрейік:

1️⃣Экспорттаушылар 🚢
Мұнай, металл және бидай сатып жатқан алпауыт компаниялар табысын доллармен алады. Бірақ...

Жұмысшыларға жалақыны теңгемен төлеу керек.

Салықты теңгемен жабу керек.

Нәтиже: Олар амалсыз долларын сатып, теңге алады. Әсіресе «салық апталығында» нарыққа доллар көптеп түседі.

2️⃣Ұлттық қор және Ұлттық банк🇰🇿
Бюджетте ақша жетпей жатса немесе мемлекеттік бағдарламаларға қаржы керек болса, Ұлттық қордан «қорапты» ашамыз.

Ұлттық банк қордағы долларды нарыққа шығарып сатады да, орнына алған теңгені бюджетке аударады.

Мысалы: Ақпан айында ҰБ $350-450 млн сатуды жоспарлап отыр. Егер айына 20 жұмыс күні бар десек, бұл күніне шамамен $17,5-22,5 млн қосымша ұсыныс деген сөз.

3️⃣«Carry Trade» әуесқойлары
Инвесторлар -қу халық. Олар былай есептейді:

АҚШ-та пайыздық мөлшерлеме төмен, ал Қазақстанда (базалық мөлшерлеме есебінен) депозитке немесе облигацияға ақша салсаң, 14-15% пайда табуға болады. Маржа деген май-шелпек!

Сондықтан олар долларын сатып, теңгелік активтерге ауысады. Бұл тренд теңгенің белсенділігін арттырады. Өткенде екі айда 540 тан 499 ға дейін түсті (мысалы)

4️⃣Шетелдік инвесторлар☺️

Қазақстанда зауыт салғысы келетін немесе бизнес ашатын шетелдік компаниялар өз капиталын доллармен әкеледі. Бірақ жергілікті жерде жер сатып алу, құрылыс жүргізу үшін бәрібір теңге қажет. Доллар сатылады теңге нығаяды.


Міне осылар теңгені сатып алушылар. Өзге де ойыншылар бар, алайда олардың үлесі өте төмен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Долларды кімдер сатып алады? Екінші тарап

(Нарықтың «шопинг» жасаушылары)

Алдыңғы постта долларды кімдер сататынын айтқан едік. Енді «Егіздер» ғимаратындағы (KASE) долларға кезекке тұратын негізгі сатып алушыларды таныстырайық. Олардың белсенділігі теңгенің бағамына тікелей әсер етеді.

1️⃣Импорттаушылар📦
Қазақстандағы iPhone-нан бастап, зауыттарға арналған алып станоктарға дейін бәрі долларға сатып алынады.

Тренд: 2025 жыл импорт $64,8 млрд-қа жетті.

Себебі: Халық көбірек несие алып, мемлекет шығындарды арттырған сайын, біз шетелден тауарды көбірек алдыртамыз. Ол үшін бізге... әрине, доллар керек!

Әсері: Импорт неғұрлым көп болса, долларға сұраныс соғұрлым жоғары, ал теңгеге қысым соғұрлым күшті болады.

2️⃣БЖЗҚ 🇰🇿
Иә, зейнетақы қоры да -
нарықтағы ірі ойыншы. Ұлттық банк зейнетақы активтерінің бір бөлігін (шамамен 40%) шетелдік валютада сақтауға тырысады.

Не үшін? Ақша тек теңгеде тұрмай, әлемдік нарықтарда (Apple, Microsoft акцияларында немесе АҚШ облигацияларында) «жұмыс істеуі» үшін.

3️⃣Жеке тұлғалар👨‍💻
Қазақстандықтар үшін доллар бұл тек ақша емес, бұл «психологиялық қауіпсіздік».

Мақсаты: Шетелде білім алу, демалыс немесе жай ғана жинақтарды инфляциядан қорғау.

«Қауіпсіз айлақ»: Теңге сәл тербелсе болды, жұрт жаппай айырбастау пунктеріне жүгіреді. Бұл психологиялық фактор нарықтағы сұранысты бірден қыздырып жібереді. 🏃‍♂️

4️⃣Шетелдік инвесторлар
Олар Қазақстанға ақша салып, пайда тапқаннан кейін, сол пайданы (дивидендтерді) өз еліне алып кеткісі келеді.

Ол үшін олар тапқан теңгелерін қайтадан долларға айналдырады.

Бұл процесс (капиталдың репатриациясы) әдетте теңгенің сәл әлсіреуіне алып келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎓Университтердің салық төлемдері
2025ж
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай бағасы ұшты!
Дәл қазір алтынның бағасы да жаңа рекордттарды орнатуда
Polymarket болжам нарығында Ирандағы саяси режимнің құлауына қатысты бәстер белсенді жүріп жатыр. Қазіргі уақытта (2026 жылдың ақпаны) қатысушылардың шамамен 57 пайызы жақын арада Иран билігінің ауысуы мүмкін деп есептейді. Бұл көрсеткіш Ирандағы тереңдеп бара жатқан экономикалық дағдарысқа, жалғасып жатқан наразылық акцияларына және АҚШ тарапынан әскери соққы жасалу қаупінің артуына байланысты өсуде.
Соғыс логикасы түбегейлі өзгерді

Экономист Chukin A
(қазақшаға аударылған нұсқа)
Бұрыннан бері бейресми қағида болған: билеуші билеушіге тікелей шабуыл жасамайды. Әскерлер соғысады, ал басшылар тікелей нысана болмайтын. Қазір бұл дәстүр бұзылды. Соғыс жаппай бомбалаудан емес, басшылықты алғашқы минуттарда жоюдан басталатын кезеңге өтті.

Мәселе мынада: қатаң бір орталыққа бағынатын режимдер (әскери немесе авторитарлық) құрылымдық тұрғыдан әлсіз келеді. Онда билікті бірден қабылдай алатын тең деңгейлі «қосалқы көшбасшылар» болмайды. Барлық басқару мен шешім қабылдау бір адамның қолында шоғырланады. Сол тіректі алып тастасаңыз – жүйе құлайды. Бірнешеуін қатар алып тастасаңыз – оны қайта құру өте қиын.


Соңғы жылдары мұндайды 🇻🇪Венесуэлада көрдік: бір тараптың көшбасшысы әскери тікұшақпен елден әкетіліп, басқа ел сотына жеткізілді. Қазір санкциялар біртіндеп алынып, саяси тұтқындар босатылып, АҚШ ынтымақтастыққа шақырып отыр. Бұрынғы көшбасшы туралы ешкім айтпайды. Ал Chevron болса мұнай өндірісіне кірісіп кетті. Демек, бұлай да жасауға болады екен.

Соғыс мақсаттарының өзі де өзгерді. Ежелде басты құндылық – жер еді: онда халықты орналастырып, өнім өндіруге болатын. Қазіргі заманда жер мен ресурстардың мәні төмендеді. Жоғары технологиялы елді басып алу экономикалық тұрғыдан тиімсіз – тек қираған инфрақұрылым мен шығын ғана аласыз.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қақтығыстар көбіне идеологиялық сипатта болды. Кейін бұл «режимдерді өзгерту» тәжірибесіне ұласты. Бірақ бұл тәсіл де тиімсіз екені белгілі болды: сырттан қойылған билік көбіне жағдайды нашарлатады.
Қазіргі прагматикалық логика басқаша: араласпау, ал егер бір көшбасшы түбегейлі кедергі болса – оны нысаналы түрде алып тастап, жүйеге өз болашағын өзі шешуге мүмкіндік беру.
Бұл – әлемдік саяси экономиканың мүлде жаңа кезеңі. Қызық әрі күрделі уақыт басталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛢️ҚазМұнайГаз акция құны 30 мыңға жуықтады.
Мұнай бағасының $79 көтерілуі компанияға 11 пайыздық өсім сыйлады. Market cap $34 млрд
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM