Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🛢️Қазақстан мұнайды $122 доллардан экспорттауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 458,65
Masqara 😂
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы кейбір обменниктер техникалық үзіліс жариялады. Пауза. Ірі ойыншылар долларды 456 теңгеден қабылдауда.
450-ге қарай бет алдық па?

Сонымен, бүгін доллар 458 теңгеге дейін төмендеді.
“👤Бектенов шыңы” (1/560) биыл орындалмайтын тәрізді.

Тіпті 2026 жылға жоспарланған 1/540 дәлізінен де тым алыстап кеттік. Қазір теңге 450 деңгейіне ұмтылып жатыр.
Психологиялық меже мен коррекцияның ортасында әдемі тұрмыз…

Неге бұлай болып жатыр?

Мұнай және «Лаг» эффектісі
🛢️
Қара алтын фьючерспен сатылатынын ұмытпайық. Ақпанның соңындағы қымбат мұнайдың ақшасы экспортерлердің шотына енді түсіп жатыр. Ал қазіргі 120 долларлық бағаның жемісін мамыр-маусым айларында көреміз.
Демек, мамырда теңгеге мұнай тарапынан қосымша қолдау болады

Кэрри-трейд: Инвесторлардың «майлы шелпегі»
🇰🇿Ұлттық банктің базалық ставкасы 18,00%. 👤Бас банкир жыл басында «2026-ның бірінші жартыжылдығында ставка төмендемейді» деп кесіп айтты. Бұл кэрри-трейдерлер үшін таптырмас мүмкіндік. Олар арзан валютамен қарыз алып, біздің жоғары пайыздық қағаздарымызға ақша құюда.

Инфляция тренді: Егер инфляция төмендеуін жалғастырса, ставка да түсуі мүмкін. Сондықтан алдағы инфляция көрсеткіштері бағамды анықтайтын басты индикатор. Бірақ орташа диапозонда

«Сарапшылардың» теңгеге қатысты болжамдарын скриндеп алдым (оларға да анализ жасау керек). Өзім үшін. Институтционалды сарапшылар болжам жасауды тоқтатты, ал банктер әдеттегі инфо-фонды қалыптастырып әлек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖊️Reuters: Теңіз кен орнында мұнай өндірісі толық қуатына қайта оралды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-та күн енді басталды.
😃Трамп атамыз тұра салып Иран туралы бүй дейді:

«Бүкіл бір өркениет бүгін түнде жойылып кетуі мүмкін. Мен мұның болғанын қаламаймын, бірақ, бәлкім, дәл солай болуы ықтимал».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📰Tehran Times: Иран АҚШ-пен барлық дипломатиялық және жанама байланыс арналарын жапты. Кез келген хабар алмасу тоқтатылды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😃Дональд Трамп:
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және фельдмаршал Асим Мунирмен болған келіссөздер негізінде, олар менен бүгін түнде Иранға бағытталған жойқын күшті тоқтатуды сұрады, және Иран Ислам Республикасы Ормұз бұғазын ТОЛЫҚ, ДЕРЕУ әрі ҚАУІПСІЗ АШУҒА келіскен жағдайда, мен Иранды бомбалауды және оған шабуыл жасауды екі апта мерзімге тоқтата тұруға келісемін.
Бұл екіжақты АТЫСТЫ ТОҚТАТУ болады. Себебі біз барлық әскери міндеттерді орындадық және асыра орындадық, сөйтіп Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілік және Таяу Шығыстағы бейбітшілік туралы түпкілікті келісім жасасуға айтарлықтай жақындадық.
Біз Ираннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алдық және оны келіссөздер үшін жұмыс негізі деп санаймыз. Құрама Штаттар мен Иран арасындағы бұрынғы даулы мәселелердің барлығына дерлік келісімге қол жеткізілді, бірақ екі апталық кезең бұл келісімді түпкілікті рәсімдеп, аяқтауға мүмкіндік береді.
Америка Құрама Штаттарының атынан, президент ретінде, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінің өкілі ретінде осы көптен бергі мәселенің шешілуге жақын қалғаны мен үшін үлкен мәртебе.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
DW: Иран ұлы жеңіске жетті

Иран Вашингтонды қысқа мерзімді атысты тоқтатудың орнына соғысты толыққанды аяқтау туралы өзінің он тармақтан тұратын жоспарын қабылдауға мәжбүрлеп, АҚШ-тың үстінен "ұлы жеңіске" жеткенін мәлімдеді.
Бұл жоспарды Иран бұған дейін АҚШ-қа Пәкістан арқылы берген болатын, оның тармақтарының қатарында – Ислам республикасынан санкцияларды алып тастау және Ормуұз бұғазы арқылы кемелердің өтуі үшін ақы енгізу бар.

Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Арагчи екі апта ішінде Ормұз бұғазы Иран Қарулы күштерімен үйлестіре отырып және техникалық шектеулерді ескере отырып, кемелердің қауіпсіз өтуі үшін ашық болатынын мәлімдеді.
АҚШ пен Иран келіссөздері 10 сәуірде Исламабадта "америкалық тарапқа деген толық сенімсіздік жағдайында" өтеді.

Жоспар сонымен қатар мыналарды қамтиды:
• Иран ядролық бағдарламасын жалғастырады
• Иран байытылған уранды сақтап қалады
• АҚШ барлық санкцияларды алып тастайды
• АҚШ Иранға өтемақы төлейді
• АҚШ Парсы шығанағындағы базалардан БАРЛЫҚ күштерін шығарады
• Иран үшін қауіпсіздік кепілдіктері
• «Хезболла» үшін қауіпсіздік кепілдіктері
🙃Мұнай 100 доллардан төмен сырғыды. Теңге қандай реакция береді екен?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Нарық тар ауқымда ашылды. Биржалық стақан бірқалыпты, жоғарыда ірі оферлер (ұсыныстар) шоғырланбаған, сұраныс біркелкі бөлінген. Өтімділік орташа, қозғалыс жоқ, нарық айқын бағытсыз күту режимінде.

🙃Таңертеңнен бері шамамен $186 млн өтті және бұл үлкен көлем, жалпы кеше кешке қарай теңге біртіндеп әлсірей бастайды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
JP Morgan теңгеге тағы да кірді. Бұл осымен 8-ші транш. Соммасы 19,4 млрд. Купондық жылдық ставка 17,1%
Carry trade деген осы
Схема қалай жүреді?

Кэрри-трейдтің мағынасы: пайызы төмен валютамен (мысалы, доллар немесе еуро) қарыз алып, оны пайызы жоғары валютаға (теңгеге) айналдырып, сол жерден табыс табу.

🔓JPMorgan-ның артықшылығы: Олар халықаралық нарықта өте арзан долларға қол жеткізе алады (айталық, 4-5% жылдық мөлшерлемемен).

🎦Қазақстандағы мүмкіндік: Олар осы қаражатты теңгеге айналдырып, AIX-те 17.1%-бен нота шығарады немесе сол теңгені басқа жоғары табысты құралдарға орналастырады.

💳Пайда: Егер теңге бағамы тұрақты болса, банк екі пайыздың арасындағы айырмадан (17.1% - 5% = ~12%) үлкен пайда көреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ираннан санкция алынса Қазақстан Каспий теңізі арықылы немесе құрлық арқылы (Түркіменстан) мұнайды теңізге шығара алады. Ресейден тәуелдік азайып, экспортты әртараптаныдыруға мүмкіндік бар. Teniz Capital осы мүмкіндіктер туралы жақсы сарарптама шығарды. Оқимын десеңіз мінекей
🏃‍♂️Ресей бюджетінің тапшылығы

І тоқсан 2025ж -1,96 трлн ₽
І тоқсан 2026ж -4,57 трлн ₽

Ресей экономикасындағы соңғы жаңалықтарды талдайтын болсақ, федералды бюджеттің жағдайы «жыртық қалтаның» кейпін киіп отыр десек артық айтқандық емес.
🖊️Reuters агенттігінің деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы үш айында-ақ Ресей билігі бүкіл бір жылға жоспарлаған бюджет тапшылығының межесінен асып түскен. Бұл дегеніміз – мемлекет кірістен гөрі шығысты еселеп арттырып, қазынадағы «тесікті» тез арада жамай алмай жатыр деген сөз. 🔍 Kursiv те көршілердің бюджетін талдадық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бензин бағасы қымбаттап жатыр. 🇰🇿Қызылорда қаласында жыл басынан бері АИ-95 бензині +15 теңгеге қымбаттаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈📉 индексіндегі ондықтың үлесі қалай өзгерді?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿ҰБ төрағасының орынбасары, 👤Әлия Молдабекова теңге туралы пікірін білдірді. Теңгені күшейткен төрт факторды атады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Қазір шетелдік инвесторлар Қазақстанның құнды қағаздарына ақша салуға өте қызығушылық танытып жатыр. Carry trade. Жыл басынан бері олар қосымша 375 миллиард теңге әкеліп құйған, сөйтіп жалпы көлемі 2,2 триллион теңгеге жетті. Шамамен 4,2 млрд доллар.

Инвесторлар біздің құнды қағаздарды алу үшін өз долларларын әкеліп, теңгеге айырбастайды. Теңгеге деген сұраныс артқан соң, оның құны да өседі. Оған қоса, Таяу Шығыстағы шиеленістерге алаңдаған кейбір инвесторлар ақшаларын қауіпсіз әрі табысты бағыт ретінде Қазақстанға аударып жатқан жайы бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM