Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
🖊️Reuters: Теңіз кен орнында мұнай өндірісі толық қуатына қайта оралды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-та күн енді басталды.
😃Трамп атамыз тұра салып Иран туралы бүй дейді:

«Бүкіл бір өркениет бүгін түнде жойылып кетуі мүмкін. Мен мұның болғанын қаламаймын, бірақ, бәлкім, дәл солай болуы ықтимал».
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📰Tehran Times: Иран АҚШ-пен барлық дипломатиялық және жанама байланыс арналарын жапты. Кез келген хабар алмасу тоқтатылды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😃Дональд Трамп:
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және фельдмаршал Асим Мунирмен болған келіссөздер негізінде, олар менен бүгін түнде Иранға бағытталған жойқын күшті тоқтатуды сұрады, және Иран Ислам Республикасы Ормұз бұғазын ТОЛЫҚ, ДЕРЕУ әрі ҚАУІПСІЗ АШУҒА келіскен жағдайда, мен Иранды бомбалауды және оған шабуыл жасауды екі апта мерзімге тоқтата тұруға келісемін.
Бұл екіжақты АТЫСТЫ ТОҚТАТУ болады. Себебі біз барлық әскери міндеттерді орындадық және асыра орындадық, сөйтіп Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілік және Таяу Шығыстағы бейбітшілік туралы түпкілікті келісім жасасуға айтарлықтай жақындадық.
Біз Ираннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алдық және оны келіссөздер үшін жұмыс негізі деп санаймыз. Құрама Штаттар мен Иран арасындағы бұрынғы даулы мәселелердің барлығына дерлік келісімге қол жеткізілді, бірақ екі апталық кезең бұл келісімді түпкілікті рәсімдеп, аяқтауға мүмкіндік береді.
Америка Құрама Штаттарының атынан, президент ретінде, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінің өкілі ретінде осы көптен бергі мәселенің шешілуге жақын қалғаны мен үшін үлкен мәртебе.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
DW: Иран ұлы жеңіске жетті

Иран Вашингтонды қысқа мерзімді атысты тоқтатудың орнына соғысты толыққанды аяқтау туралы өзінің он тармақтан тұратын жоспарын қабылдауға мәжбүрлеп, АҚШ-тың үстінен "ұлы жеңіске" жеткенін мәлімдеді.
Бұл жоспарды Иран бұған дейін АҚШ-қа Пәкістан арқылы берген болатын, оның тармақтарының қатарында – Ислам республикасынан санкцияларды алып тастау және Ормуұз бұғазы арқылы кемелердің өтуі үшін ақы енгізу бар.

Иран Сыртқы істер министрлігінің басшысы Аббас Арагчи екі апта ішінде Ормұз бұғазы Иран Қарулы күштерімен үйлестіре отырып және техникалық шектеулерді ескере отырып, кемелердің қауіпсіз өтуі үшін ашық болатынын мәлімдеді.
АҚШ пен Иран келіссөздері 10 сәуірде Исламабадта "америкалық тарапқа деген толық сенімсіздік жағдайында" өтеді.

Жоспар сонымен қатар мыналарды қамтиды:
• Иран ядролық бағдарламасын жалғастырады
• Иран байытылған уранды сақтап қалады
• АҚШ барлық санкцияларды алып тастайды
• АҚШ Иранға өтемақы төлейді
• АҚШ Парсы шығанағындағы базалардан БАРЛЫҚ күштерін шығарады
• Иран үшін қауіпсіздік кепілдіктері
• «Хезболла» үшін қауіпсіздік кепілдіктері
🙃Мұнай 100 доллардан төмен сырғыды. Теңге қандай реакция береді екен?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Нарық тар ауқымда ашылды. Биржалық стақан бірқалыпты, жоғарыда ірі оферлер (ұсыныстар) шоғырланбаған, сұраныс біркелкі бөлінген. Өтімділік орташа, қозғалыс жоқ, нарық айқын бағытсыз күту режимінде.

🙃Таңертеңнен бері шамамен $186 млн өтті және бұл үлкен көлем, жалпы кеше кешке қарай теңге біртіндеп әлсірей бастайды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
JP Morgan теңгеге тағы да кірді. Бұл осымен 8-ші транш. Соммасы 19,4 млрд. Купондық жылдық ставка 17,1%
Carry trade деген осы
Схема қалай жүреді?

Кэрри-трейдтің мағынасы: пайызы төмен валютамен (мысалы, доллар немесе еуро) қарыз алып, оны пайызы жоғары валютаға (теңгеге) айналдырып, сол жерден табыс табу.

🔓JPMorgan-ның артықшылығы: Олар халықаралық нарықта өте арзан долларға қол жеткізе алады (айталық, 4-5% жылдық мөлшерлемемен).

🎦Қазақстандағы мүмкіндік: Олар осы қаражатты теңгеге айналдырып, AIX-те 17.1%-бен нота шығарады немесе сол теңгені басқа жоғары табысты құралдарға орналастырады.

💳Пайда: Егер теңге бағамы тұрақты болса, банк екі пайыздың арасындағы айырмадан (17.1% - 5% = ~12%) үлкен пайда көреді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ираннан санкция алынса Қазақстан Каспий теңізі арықылы немесе құрлық арқылы (Түркіменстан) мұнайды теңізге шығара алады. Ресейден тәуелдік азайып, экспортты әртараптаныдыруға мүмкіндік бар. Teniz Capital осы мүмкіндіктер туралы жақсы сарарптама шығарды. Оқимын десеңіз мінекей
🏃‍♂️Ресей бюджетінің тапшылығы

І тоқсан 2025ж -1,96 трлн ₽
І тоқсан 2026ж -4,57 трлн ₽

Ресей экономикасындағы соңғы жаңалықтарды талдайтын болсақ, федералды бюджеттің жағдайы «жыртық қалтаның» кейпін киіп отыр десек артық айтқандық емес.
🖊️Reuters агенттігінің деректеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы үш айында-ақ Ресей билігі бүкіл бір жылға жоспарлаған бюджет тапшылығының межесінен асып түскен. Бұл дегеніміз – мемлекет кірістен гөрі шығысты еселеп арттырып, қазынадағы «тесікті» тез арада жамай алмай жатыр деген сөз. 🔍 Kursiv те көршілердің бюджетін талдадық
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бензин бағасы қымбаттап жатыр. 🇰🇿Қызылорда қаласында жыл басынан бері АИ-95 бензині +15 теңгеге қымбаттаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈📉 индексіндегі ондықтың үлесі қалай өзгерді?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿ҰБ төрағасының орынбасары, 👤Әлия Молдабекова теңге туралы пікірін білдірді. Теңгені күшейткен төрт факторды атады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿

Қазір шетелдік инвесторлар Қазақстанның құнды қағаздарына ақша салуға өте қызығушылық танытып жатыр. Carry trade. Жыл басынан бері олар қосымша 375 миллиард теңге әкеліп құйған, сөйтіп жалпы көлемі 2,2 триллион теңгеге жетті. Шамамен 4,2 млрд доллар.

Инвесторлар біздің құнды қағаздарды алу үшін өз долларларын әкеліп, теңгеге айырбастайды. Теңгеге деген сұраныс артқан соң, оның құны да өседі. Оған қоса, Таяу Шығыстағы шиеленістерге алаңдаған кейбір инвесторлар ақшаларын қауіпсіз әрі табысты бағыт ретінде Қазақстанға аударып жатқан жайы бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ирандағы қақтығыс ядролық шекке жетті. Дегенмен, тараптар бір қадам артқа шегінді. Вашингтон мен Тегеран дипломатиялық сауда-саттық кезеңіне оралу үшін екі апталық бітім жасасты. Бірақ бұл жағдай бәрінің бірдей көңілінен шығып отырған жоқ. Израиль күшейген көршісімен оңаша қалғысы келмейді. Сондықтан келіссөздерді бұзуға барынша тырысуда.

👤Дональд Трамптың мүддесі мүлдем басқа. My Garden-нің пікірінше Ирандағы соғыс оның рейтингін бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге түсіріп жіберді (дереккөзге байланысты 31-36%). Республикалық партияның да танымалдылығы төмендеді. Егер аралық сайлау сәуір айында өткен болса, республикашылдар Өкілдер палатасындағы бақылауды жоғалтып алар еді. Трампқа абыройын сақтап қала отырып, Ираннан тез арада шығу керек. Егер бұл үшін Израильге қысым жасау қажет болса, оның дәл осылай жасауы әбден мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📅📅📅📅
Local
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🅱 Bloomberg

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, АҚШ долларының әлемдік қаржы қорындағы беделі түсіп, соңғы 26 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. Қазіргі таңда әлемдік валюта мен алтын қорларының небәрі 46 пайызы ғана долларға тиесілі. Мұның басты себебі – әлем елдерінің Орталық банктері долларға қарағанда алтынды көбірек жинауға көшкен. Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне келгелі бері доллар Орталық банктерді толық сендіретіндей тұрақтылық көрсете алмай отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM