Jai Sandar
1.4K subscribers
768 photos
23 videos
4 files
108 links
JaiSandar.kz дерекқор базасы

https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Download Telegram
))
«2026 жылдың І тоқсанында жалпы ішкі өнім нақты 3%-ға өсті.
Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек.
Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр»,

- деп атап өтті 👤Премьер-министр.



🔍: (соңғы абзац) қарапайым тілмен айтқанда, КТК құбырына шабуыл жасамағанда мұнайды толық қуатпен экспорттап, жақсы өсім көрсетер едік.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇹🇷Лира минимумға түсті. Түркияда демалыс арзандауы мүмкін. Түркиядағы соңғы жылдары инфляция ырықтан шығып кетті. Билік баға шарықтауын ауыздықтай алмай отыр. Лира долларға айтарлықтай құнсызданды. Орталық банк лираны ұстау үшін алтын валюта қорын белсенді пайдаланып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
IMF кеше World Economic Outlook шығарды. Орталық Азия елдерінің ЖІӨ болжамын алдым (Ресейді де қосып)
Қазақстанда 65 952 шетелдік бизнес бар. Ресми тіркелген заңды тұлғалар.
Бір жылдың ішінде +5 946 шетелдік компания келді.

🇨🇳Қытай бизнесі жаппай келіп жатыр. Бір жылда жаңадан +3236 заңды тұлға тіркелген.

🇺🇿Өзбекстаннан +3505 бизнес келген.

Ресейден толқын әлі тоқтамады. Қырғызстан керісінше кетуде.

🔍JaiSandar 🔍 ҚазСтаттың соңғы деректер бойынша Қазақстанда тіркелген шетел бизнесінің санын анықтады. Инфографикада тек 100 ден асқандар, одан кішісін ”ӨЗГЕ” категориясында тұр
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мұнайды 112 доллардан сатуда. Этолонды брент маркалы мұнай $95,5. Осы аптада қаржы министрі 👤Мәди Такиев қымбат мұнайдың экономикаға тиімсіз тұстарын айтты. Өткен аптада бас банкир 👤 Тимұр мырза бір сұхбатында ұзақ мерзімде мұнай бағасының $60 доллар болғаны тиімді деп айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің Ормұз бұғазымыз 🛢️ҚазТрансОйл 118 теңгеден дивиденд бермек. Прайстың 10 пайызы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛️ Қызылдар үшін осы апта жемісті болуда. Қаңтардағы max деңгейіне жетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ормұз бұғазы толық ашылды. Трамп та растады.
🛢️
WTI $84
Brent $89

🔍📈 жасыл 🟢
💰 жасыл🟢
🪙gold жасыл🟢
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📅📅📅📅

📈📉 өз максимумын жаңартуға жақын. Қапталдағы компаниялар келесі апта (гэппен) көмектесуі мүмкін.

Индекстен тыс 🏛️ForteBank (+11,47%) Аптаның абсолютті чемпионы.

🏛️Freedom Holding (+6,81%) және Kaspi (+5,55%).
🏛️Қызылдар осы аптада дивиденд беруді бастап кетті. Компания 161,5 млрд теңгені 190 млн акцияға таратуда. Бұл ішкі нарықта ірі дивидендтердің бірі.

🚀Kazatomprom (+3,81%) тамаша. Еуропадағы энергетикалық дағдарыста KZAP өзін сенімді ұстауда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сыртқы нарықа шолу

Ақ үй басшысы 👤Дональд Трамп өзінің «бітімгер» ретіндегі рекордын жаңартуда. Ол 10-ға жуық соғысты тоқтаттым деп есептейді. Иран мен Ливандағы қақтығыстардың бәсеңсуі – нарық үшін ең басты позитивті сигнал. Осы аптадағы жұмада Ормұз бұғазының ашылуы басты оқиғалардың бірі болды. Иран СІМ басшысы Аббас Арагчидің бұғазды коммерциялық кемелер (тіпті АҚШ кемелері) үшін ашуы – жаһандық сауданың тамырына қан жүгіртті. Бұл бейбіт келісімнің іргетасы қаланғанын білдіреді. Алғышарт бар…

🔍📈500: «Тік ұшу» режимі

Америкалық индекс нағыз эйфорияны бастан кешіруде. Апта басынан бері 4,5%-ға өсіп, 7126 пунктке жетті (тарихи максимум). Болжам: 6940–7040 деңгейін бұзып өткен индекс енді 7400–7500 аймағына бет алды. Нарықтағы бұл қарқынды «вертикальді ұшу» деп атауға болады.

🛢️Мұнай: Бейбітшілік бағаны түсірді, бірақ «қауіп» бар Мұнай бағасы 😠Трамптың келіссөздеріне реакция білдіріп, төмендеп жатыр. Brent $94,33 (дашборд бойынша) және $90,20 (мәтін бойынша) аралығында құбылып тұр.

🟡Алтын мен Биткоин: Кім мықты?
Алтын: $4853 деңгейінде тұрғанымен, инвесторлар шаршаған сияқты. Егер $4680 деңгейінен төмен түссе, $4320–4420 аймағына дейін құлауы ғажап емес.

💰Bitcoin: Криптовалюта «өлі нүктеден» қозғалды-ау 😅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Иран АҚШ тарапынан жасалған қоршауды алға тартып, Ормуз бұғазын қысқа уақытқа қайта ашқаннан кейін тағы да жауып тастады және кемелерді атқылауда.

Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Саид Хатибзаде наразылық білдіріп:
«Трамп тым көп сөйлейді, ол өзіне-өзі қайшы келеді және оның не қалайтынын түсіну қиын», — деп мәлімдеді.
🇰🇿Маңғыстау облысының экспорты.

Орташа жалақы бойынша өңір соңғы 5 жылда бұрыңғы артықшылықтардан айырылды десек те болады. Облыс донор өңірден, дотациялық өңірге айналды. Облыс туу көрсеткіші бойынша (коэффициент) үштікте…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛️ Kaspi кеше 100 ге 2,7 доллар ғана жетпей қалды. Кейін айтарлықтай түсті. Дегенмен дүйсенбі 8,3 пайыздық өсіммен жапты.

🔍Turar:
Нарықта әдеттегідей «тобыр психологиясы» жұмыс істейді: егер қандай да бір сапалы акция арзандаса немесе бағасы бір орында тұрып қалса, оны ешкімнің алғысы келмейді. Ал ол қарқынды өсіп, «ғарышқа ұшқанда» — бәрі жапа-тармағай сатып алуға ұмтылып, кетіп бара жатқан пойызға соңғы сәтте мініп қалуға тырысады.



Еске сала кетейік, Kaspi kz компаниясының акционерлер құрамында маңызды ауыс-түйіс орын алды. Осы уақытқа дейін компанияның негізгі инвесторларының бірі болған Baring Fintech Venture Funds өзіне тиесілі 6 миллионға жуық акцияны сатты.

Бұл үлесті Қытайдың технологиялық алыбы Tencent компаниясы, Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе, компанияның басқарушы командасы және АҚШ-тың ірі университеттік қорлары мен халықаралық финтех-инвесторлар өзара бөліп алған болатын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұрын
Қазір
💵Доллар 463,6 теңге. Сауда көлемі $0,4 млрд жақын. Теңге қайтадан нығая бастады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Екінші раунд

АҚШ-тың Вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранмен соғысты тоқтату туралы келісімді талқылау үшін Пәкістан астанасына аттанады. Ресми Тегеран келіссөзге қатысатынын әлі ашық растамағанымен, БАҚ көздері Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи бұған рұқсат бергенін Axios хабарлауда. Кездесу 22 сәуір, сәрсенбі күнге жоспарланып отыр.

🔰Тегеранның кешігу себебі және ішкі қарсылық

Иран тарапы келіссөздерді созуда. Сарапшылардың пікірінше, бұған Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) қысымы себеп. Олар:
«АҚШ Ормұз бұғазындағы теңіз блокадасын тоқтатпайынша, ешқандай келіссөз болмасын»

деген қатаң талап қойып отыр. Дегенмен, дүйсенбі күні кешке Жоғарғы көшбасшыдан делегацияны Исламабадқа жіберу туралы келісім алынған көрінеді.

🇮🇷Иран тарапынан келіссөздерге кім бармақ?

Axios мәліметінше Иран Парламентінің (Мәжіліс) спикері Мұхаммед Багер Галибаф болуы мүмкін. Ол сәуір айының басында өткен келіссөздердің бірінші кезеңінде Иран делегациясын басқарған болатын. Қазіргі таңда ол Иранның басты келіссөзшісі болып саналады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ХВҚ Парсы шығанағы елдерінің экономикалық болжамын төмендетті

Халықаралық валюта қоры 2026 жылға арналған ЖІӨ өсімі бойынша болжамдарын жаңартты.

🇶🇦Қатар: Ең күрт төмендеу. Болжам -8,6%-ға дейін түсті (бірден -14,7 п.п. төмендеген). Бірақ бұл уақытша фактор, 2027 жылы +8,6% өсім күтілуде.

🇰🇼Кувейт пен Бахрейн: Экономикалық өсім теріс аймаққа өтті: тиісінше -0,6% және -0,5%.

🇦🇪БАӘ мен Сауд Арабиясы: Аймақ тұрақтылығының тірегі. Түзетулерге қарамастан, +3,1% оң өсімді сақтап қалды.

🇴🇲Оман: Ең тұрақты көрсеткіш. Болжам — 3,4-3,5% деңгейінде.

2026 жылғы салқындаудан кейін, 2027 жылы аймақ экономикасы қайта қалпына келеді деп болжануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️KEGOC әр акцияға 81 теңгеден дивиденд төлейді

«KEGOC» АҚ акционерлерінің жалпы жиналысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша маңызды шешімдер қабылданды.

📊Негізгі көрсеткіштер:

Таза пайда: 70,8 млрд теңге (2024 жылмен салыстырғанда +19% өсім).

Дивиденд үлесі: Таза пайданың 62,9%-ы төлемдерге бағытталады.

Екінші жартыжылдық дивиденді: 1 акцияға — 81 теңге.

Жалпы сома: 22,3 млрд теңге бөлінді.

💡 Анықтама үшін: Бірінші жартыжылдықта бір акцияға 80,90 теңге төленген болатын. Компания дивидендтерді жылына екі рет төлейді.

📅 Маңызды мерзімдер:
📌 12 мамыр 2026 ж. — Акционерлер тізімі тіркелетін күн (реестр фиксациясы).
💰 12 маусым 2026 ж. — Төлемдер басталатын күн.

🔍: компания дивидендттік саясатын жақсы жүргізіп келеді. KEGOC акцияларының бағасы жыл басынан бері 1400-1480 дәлізінде тұрақталды. Соңғы 3 жылға қарасақ, екінші жартыжылдықта тербеліске кететіні бар енді
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM