Ресейдегі Wildberries компаниясының Краснодар мен Невинномысск қалаларындағы логистикалық орталықтарына шабуыл жасалды.
Компания негізін қалаушы Татьяна Кимнің айтуынша, қойма қызметкерлері эвакуацияланған. Соған қарамастан, зардап шеккендер бар. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Краснодардағы қоймада ірі өрт шыққан. Оны сөндіруге жүзден астам маман мен тікұшақ жұмылдырылды. Компания әзірге шығын көлемін және оқиғаның тапсырыстарды жеткізуге қалай әсер ететінін жариялаған жоқ.
Ресейде қоймалар өртеніп жатқанда, Қазақстанда жаңалары салынып жатыр
Бұған дейін компанияның Коледино, Электросталь және Котовск қалаларындағы хабтары да шабуылға ұшыраған. Коледино мен Электростальдағы нысандардың әрқайсысының аумағы 250 мың шаршы метр, ал Котовскідегі қойма 108 мың шаршы метр болған.
Осындай жағдайлар ресейлік компаниялардың логистикалық инфрақұрылымның бір бөлігін Қазақстанға көшіруін жылдамдатуы мүмкін. Wildberries, Ozon және Fix Price бұған дейін елімізде жаңа қоймалар мен фулфилмент орталықтарын салу жоспарын жариялаған еді.
Енді Қостанайда аумағы 26 мың шаршы метр болатын А санатындағы алғашқы қойма кешенін салу жоспарланып отыр. Жобаны ресейлік Farvater девелоперлік компаниясы жүзеге асырмақ, ал кеңесшісі — IBC Global.
Кешен Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын М-36 Екатеринбург — Алматы тасжолынан небәрі 3 шақырым жерде орналасады. Жобаның құны шамамен 25 млн доллар деп бағаланып отыр.
Бұдан бөлек, 2027 жылы Қостанайда «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы аяқталуға тиіс. Аумағы 133,6 гектар болатын бұл нысан Қазақстандағы ең ірі ішкі құрғақ портқа айналмақ. Оның өткізу қабілеті жылына 400 мың ДФЭ-ге дейін жетеді.
Finmentor авторының пікірінше, қоймаларды салуға ондаған жыл қажет емес. Сондықтан Ресейдегі қауіп күшейе берсе, логистикалық инфрақұрылымның бір бөлігі Қазақстанның шекаралас өңірлеріне салыстырмалы түрде тез көшірілуі мүмкін.
Фото:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан 22 шілдеде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін күрт қысқартты. Бұған Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай айдаудың уақытша тоқтауы себеп болды.
🚁 Не болды?
21 шілдеде Қара теңіздегі танкерлерге дрондар шабуыл жасағаннан кейін КҚК мұнай қабылдауды тоқтатты. Бұл Қазақстан мұнайын сыртқы нарыққа шығаратын негізгі бағыт.
Бұған дейін жазғанымыздай, 20 шілдеде де Новороссийск маңындағы Южная Озереевка терминалында мұнай тиеп тұрған «NELSA» танкеріне дрон түскен еді. Сол кезде кемеге Қазақстан мен АҚШ компанияларының мұнайы тиеліп жатқан.
22 шілдеде Қазақстандағы мұнай және газ конденсаты өндірісі тәулігіне 215,6 мың тоннаға, яғни 1,63 млн баррельге дейін төмендеген.
Шілде айының басынан бергі орташа көрсеткіш тәулігіне 274 мың тонна немесе 2,07 млн баррель болған. Демек, өндіріс бір күнде шамамен 21%-ға қысқарды.
Теңіз кен орнындағы тәуліктік өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін құлаған. Яғни өндіріс екі еседен астам азайды.
Неге бұл маңызды?
КҚК арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы тасымалданады. Құбырға негізінен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы жіберіледі. Кейін ол Новороссийск маңындағы терминалда танкерлерге тиеледі.
Қазақстанның Энергетика министрлігі мен «Теңізшевройл» әзірге түсініктеме берген жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17% әлде 16,75%: Ұлттық банктің ертеңгі шешімі қандай болады?
Ертең🇰🇿 Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Нарықтағы интрига жоғары: сарапшылардың пікірі екіге бөлінді.
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген соңғы сауалнамада қатысушылардың 53%-ы мөлшерлеме 17%-да қалады деп күтеді. Ал 47%-ы оны 16,75%-ға дейін төмендетеді деп болжаған.
Яғни негізгі сценарий — мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау. Бірақ айырмашылық өте аз.
🇰🇿 Ұлттық банк неге үзіліс жасауы мүмкін? Маусымда реттеуші мөлшерлемені бірден 18%-дан 17%-ға түсірді. Енді сол шешімнің инфляцияға, теңге бағамына, несиеге және ішкі сұранысқа әсерін бақылауы ықтимал.
Сонымен бірге төмендетуге де негіз бар. Инфляция біртіндеп баяулап келеді, ал қазіргі мөлшерлеме экономика үшін әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
🏛️ BCC Invest мөлшерлеменің төмендеу циклі жалғасады деп күтеді. Компанияның бағалауынша, үшінші тоқсанның соңына қарай ставка шамамен 16,5%-ға дейін түсуі мүмкін.
Бірақ бұл дәл ертең төмендейді деген сөз емес: Ұлттық банк 17%-ды сақтап, келесі қадамды қыркүйекке қалдыруы да мүмкін.
Қазір нарық екі сценарийді қарастырып отыр:
17% — үзіліс жасау
16,75% — төмендетуді жалғастыру
Ал мөлшерлемені көтеру негізгі болжамдардың қатарында жоқ.
Ертеңгі басты сұрақ: Ұлттық банк маусымдағы батыл қадамнан кейін аялдай ма, әлде ставканы тағы төмендете ме?
🔍
Ертең
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген соңғы сауалнамада қатысушылардың 53%-ы мөлшерлеме 17%-да қалады деп күтеді. Ал 47%-ы оны 16,75%-ға дейін төмендетеді деп болжаған.
Яғни негізгі сценарий — мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау. Бірақ айырмашылық өте аз.
Сонымен бірге төмендетуге де негіз бар. Инфляция біртіндеп баяулап келеді, ал қазіргі мөлшерлеме экономика үшін әлі де жоғары деңгейде қалып отыр.
Бірақ бұл дәл ертең төмендейді деген сөз емес: Ұлттық банк 17%-ды сақтап, келесі қадамды қыркүйекке қалдыруы да мүмкін.
Қазір нарық екі сценарийді қарастырып отыр:
17% — үзіліс жасау
16,75% — төмендетуді жалғастыру
Ал мөлшерлемені көтеру негізгі болжамдардың қатарында жоқ.
Ертеңгі басты сұрақ: Ұлттық банк маусымдағы батыл қадамнан кейін аялдай ма, әлде ставканы тағы төмендете ме?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теңгенің долларға шаққандағы нығаюы жалғасып жатыр. 23 шілде күні түстен кейін ICE нарығындағы USD/KZT бағамы 466,6 теңгеге дейін төмендеді.
Нарықтағы баға ресми бағамнан да төмен саудаланып отыр.
Соңғы бір айда доллар айтарлықтай арзандады. 23 маусымда бағам
Ал жыл басынан бергі өзгеріс әлдеқайда анық. 1 қаңтарда бір доллар шамамен 507,36 теңге тұрған. Қазіргі 466,6 теңгемен салыстырғанда, АҚШ валютасы 40,76 теңгеге немесе 8%-ға арзандады.
Шілденің басында доллар 480–490 теңге аралығында саудаланған еді. Қазір бағам қайтадан 460 теңгелік дәлізге кірді. Ендігі маңызды психологиялық шек — 460 теңге. Бағам осы деңгейге жақындаған сайын нарықтағы валюта сатушылары мен сатып алушыларының белсенділігі артуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
CPC blend шілде айында этолонды Brent-пен салыстырғанда бұрыңғы дисконттан айырылды. Тіпті одан төмен бағаға өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) негізгі пайыздық мөлшерлемені 3,50–3,75% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды. Бұл шешім нарық күткендей болғанымен, орталық банктің алдағы қадамдарына қатысты белгісіздік инвесторлардың назарын өзіне аударды.
Бұл жолғы шешім бірауыздан қабылданған жоқ. ФРЖ-ның үш мүшесі мөлшерлемені көтеруді қолдаған. Соған қарамастан, реттеуші әзірге күтуді жөн көріп, инфляция мен еңбек нарығына қатысты жаңа деректерді бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.
ФРЖ төрағасы🔍 Кевин Уорш инфляция әлі де 2%-дық мақсаттан жоғары екенін айтып, қажет болған жағдайда ақша-несие саясаты қайта қатаюы мүмкін екенін жеткізді. Алайда нақты мерзім немесе келесі отырысқа қатысты қандай да бір белгі берген жоқ.
Бұл жолғы шешім бірауыздан қабылданған жоқ. ФРЖ-ның үш мүшесі мөлшерлемені көтеруді қолдаған. Соған қарамастан, реттеуші әзірге күтуді жөн көріп, инфляция мен еңбек нарығына қатысты жаңа деректерді бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.
ФРЖ төрағасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
FOMC Press Conference, July 29, 2026
Transcript (PDF): https://www.federalreserve.gov/mediacenter/files/FOMCpresconf20260729.pdf
Meeting materials: https://www.federalreserve.gov/monetarypolicy/fomcpresconf20260729.htm
The Federal Reserve System is the central bank of the United States. It…
Meeting materials: https://www.federalreserve.gov/monetarypolicy/fomcpresconf20260729.htm
The Federal Reserve System is the central bank of the United States. It…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҮШТІК / жыл басынан бері өзгерісі
🛢 KMGZ
🚀 KZAP
🏛️ KSPI
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша 🇰🇿 Самұрық-Қазынаға тікелей қарайтын бес ірі портфельдік компанияның акциялары биржада саудаланады. Олар:
🔍 Қазақтелеком,
⚡️ KEGOC,
🚀 Қазатомөнеркәсіп
🛢 ҚазМұнайГаз
✈️ Air Astana.
Келесі ірі орналастыру «Қазақстан темір жолы» биыл күзде болуы мүмкін. Компания облигация шығарып, ұзын қарыз алуда. Панда, еуро бондттар көлемі сұмдық. Жақында ҚТЖ басшысын ауыстырып, компанияны “әдемілеп” ұзатқалы жатыр…
Келесі ірі орналастыру «Қазақстан темір жолы» биыл күзде болуы мүмкін. Компания облигация шығарып, ұзын қарыз алуда. Панда, еуро бондттар көлемі сұмдық. Жақында ҚТЖ басшысын ауыстырып, компанияны “әдемілеп” ұзатқалы жатыр…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін грант иегерлерінің тізімі шықты
ТОП-20 университет гранттың 65% алған. Ал алғашқы бестіктің жалпы гранттағы үлесі 27,1%. Иллюстрация
Айта кетейік, бұған дейін
1⃣ университеттер бойынша ТОП-50 салық төлеші
2⃣ Оқу ақысы бойынша ТОП-20 оқу орны (2026/2027)
3⃣ Алматы университеттерінің аумағы, ғимараты (map)
4⃣ Грант иегерлері 2026/2027 топ-20
Иллюстрация жасаған болатынбыз