бүгін сен батыл болмасаң, ертең ол біреудің батылдығына тиесілі болады.
❤59🕊3
балаларға сабақ беріп жүргеніңде, өзің де өмірден сабақ алып қалады екенсің)
❤56💔2
уақыты келгенде бәрі де орнына келеді.
ал келмесе - демек, оның әуелден-ақ орны болмағаны.
ал келмесе - демек, оның әуелден-ақ орны болмағаны.
❤55🕊8
адам өзінің «бар» екенін қашан түсінеді? жүрегі бір сәтке үнсіз қалып, әлем де сонымен бірге баяу тыныс алғандай көрінгенде ме? әлде біреудің көзқарасынан өзіңе арналған жылуды байқап қалған кезде ме?
өзіңнің «бар» екеніңді қалай анықтайсың? айтылған сөзбен бе, жасалған жақсылықпен бе, әлде кеткеннен кейін де біреудің ішінде қалып қоятын сағынышпен бе?
әлде адам өзінің «бар» екенін дәл сол сағыныш арқылы ғана түсіне ме?
мүмкін жауабы осы.
бізді сағынған, біз сағынған жандардың шимайланған сезімдері - «бар» екеніміздің өлшемі шығар…

❤37💔3
тәкаппар болып қадам жасай алмайтын заманда, тән мен жанның киесі - жүректі қадірлей алмайтындарға не дейміз?
адам болмысын бүтіндей басқарып отырған жүрекке тәкаппарлықты тығып қойсақ біз кім болдық?
адам болмысын бүтіндей басқарып отырған жүрекке тәкаппарлықты тығып қойсақ біз кім болдық?
❤38🕊6💔2
бір қарасың - мың ғасырға татитындай жарықты,
сол жарықтан адасудан жаным қатты қорықты.
сол жарықтан адасудан жаным қатты қорықты.
🕊26❤21💔2
«өзің жаратқан жүрекке сәулеңді төк» деп едім, Ол маған сені көрсетті.
🕊31❤24💔2
жүрегіңе қайта жан бітіретін себеп табылса, ол үшін тәуекелге бару - бекер емес.
❤32🕊3💔3