КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
775 photos
128 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан шығарылған қызметкердің құқықтарын қалпына келтірді

🔹К. еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп тану және оның күшін жою, жұмысқа қайта орналастыру, амалсыз бос жүрген уақыты үшін жалақы өндіру, сондай-ақ моральдық зиянды өтеу туралы талаппен сотқа жүгінді.

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талапты қанағаттандырудан бас тартып, талапкердің бас бухгалтер лауазымында бухгалтерлік есепті жүргізуден жалтарғаны үшін ӘҚБтК-нің 238-бабы 1-бөлігінің 1-тармағы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылғаны жөніндегі қаулының бар екенін көрсетті. Соттардың пікірінше, бұл жағдай жұмыс берушінің оған деген сенімін жоғалтуына негіз болған.

🔹Сот актілерінің күшін жоя отырып, Кассациялық сот К.-ның 2021 жылғы ақпан айынан бастап мектепте бас бухгалтер болып жұмыс істегенін анықтады.

🔹2025 жылғы 23 қаңтардағы бұйрықпен К.-мен жасалған еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылған.

🔹Еңбек шартын бұзуға 2025 жылғы 22 қаңтардағы ішкі қызметтік тексеру актісі негіз болған. Аталған актіде ақшалай және тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасағаны, атап айтқанда 2021 жылға қатысты бастапқы бухгалтерлік құжаттардың тиісінше рәсімделмегені (жұмыс уақытын есепке алу табельдері, №5 мемориалдық ордер, бас журналдың болмауы) көрсетілген.

🔹Жұмыстан босатуға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 13) тармақшасы негіз ретінде қолданылған. Бұл нормаға сәйкес, ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін, не өз қызметтік жағдайын жұмыс берушінің мүдделеріне қайшы өз пайдасына немесе үшінші тұлғалардың пайдасына материалдық не өзге де игіліктер алу мақсатында пайдаланған қызметкердің кінәлі әрекеттері жұмыс беруші тарапынан сенімнің жоғалуына әкеп соқса, еңбек шарты жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылуы мүмкін.

🔹Алайда істі қарау барысында жұмыс беруші талапкердің өз қызметтік жағдайын жеке мүддесіне немесе үшінші тұлғалардың мүддесіне, жұмыс берушінің мүдделеріне қайшы пайдаланып, өзі не басқа адамдар үшін материалдық немесе өзге де пайда алғанын дәлелдейтін айғақтарды ұсынбаған.

🔹Осы заң бұзушылықтарға байланысты Кассациялық сот К.-ның талабын қанағаттандырып, негізсіз жұмыстан шығарылған қызметкерді бұрынғы қызметіне қайта орналастырды, сондай-ақ жоғалтқан жалақысы мен моральдық зиянды өндіру туралы шешім қабылдады.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👏4❤1👍1
Кассационным судом восстановлены права незаконно уволенного работника

🔹
К. обратилась в суд с иском о признании незаконным приказа о расторжении трудового договора и его отмене, восстановлении на работе, взыскании заработной платы за время вынужденного прогула, взыскании компенсации морального вреда.

🔹Отказывая в иске, суды первой и апелляционной инстанции указали на наличие постановления о привлечении истца к административной ответственности по пункту 1 части 1 статьи 238 КоАП за уклонение истцом в должности главного бухгалтера от ведения бухгалтерского учета, что обоснованно послужилооснованием для утраты к ней доверия со стороны работодателя.

🔹Отменяя судебные акты, Кассационный суд установил, что К. с февраля 2021 года работала главным бухгалтером в школе. Приказом от 23 января 2025 года трудовой договор с К. расторгнут по инициативе работодателя.

🔹Основанием для расторжения трудового договора послужил акт внутреннего расследования от 22 января 2025 года, установивший совершение виновных действий работника, обслуживающего денежные и товарные ценности, выразившиеся в ненадлежащем оформлении первичных документов (отсутствуют табеля учета использования рабочего времени, мемориальный ордер 5, журнал главная)за 2021 год.

🔹Основанием увольнения применен подпункт13) пункта 1 статьи 52 ТК, предусматривающийрасторжение трудового договора с работником по инициативе работодателя за совершение виновных действий или бездействий работником, обслуживающим денежные или товарные ценности, а также использующего свое служебное положение в своих интересах или в интересах третьего лица вопреки интересам работодателя взамен получения материальных или иных выгод для себя или других лиц, если эти действия или бездействие дают основания для утраты доверия к нему со стороны работодателя.

🔹В ходе рассмотрения дела работодателем не представлены доказательства, свидетельствующие об использовании истцом своего служебногоположения в своих интересах или в интересах третьего лица вопреки интересам работодателя взамен получения материальных или иных выгод для себя или других лиц.

🔹Ввиду указанных нарушений, Кассационным судом иск К. удовлетворен, необоснованно уволенный работник восстановлен в должности, с взысканием утраченного заработка и морального вреда.

Кассационный суд по гражданским делам
❤8👍2
⚜️Назарларыңызға “Сотқа алғыс!” айдарын ұсынамыз! Кері байланыс бергендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!

***

⚜️Предлагаем вашему вниманию рубрику «Спасибо суду!» Выражаем искреннюю признательность за вашу обратную связь.
👍4
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары заңда көзделген тәртіппен төленуі мүмкін

🔹Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот қызметкерлердің жұмыс берушіге – туберкулезге қарсы медициналық мекемеге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударуды міндеттеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

🔹Іс бойынша талап қоюшылар қалалық фтизиопульмонология орталығында санитар лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер болған. Олар өз талаптарын денсаулыққа зиян келтіру қаупі жоғары еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндерімен, науқастармен тұрақты байланыста болатынымен және дезинфекциялық құралдарды пайдаланатынымен негіздеген.

🔹Сот шешімімен талап қоюдан бас тартылды, себебі міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу міндетін жүктеу үшін заңда көзделген негіздер анықталмаған.

🔹Қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеудің міндетті шарты – қызметкердің жұмыс уақытының кемінде 80 пайызын зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайларында өткізетінін растау. Бұл талап тиісті тізбеге енгізілген кәсіп иелеріне қолданылады және мұндай жұмыстардың зияндылық деңгейі мен орындалу уақыты аттестаттау комиссиясының актілерімен расталуға тиіс.

🔹Санитар лауазымы кіші персонал санатына жатады және медициналық қызметкерлер санатына енгізілмеген.

🔹Сотқа аталған талаптардың сақталғанын растайтын құжаттар, оның ішінде өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мен жұмыс уақытын есепке алу құжаттары ұсынылмаған. Сондықтан талап қоюшылардың зиянды еңбек жағдайларында қажетті көлемде жұмыс істегенін анықтау мүмкін болмаған.

🔹Кассациялық сот сот актілерін күшінде қалдырды. Сонымен қатар талап қоюшыларға жұмыс уақытының кемінде 80 пайызы зиянды еңбек жағдайларында өткенін растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, уәкілетті органға жүгінуге құқылы екені түсіндірілді. Мұндай материалдар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданып, қызметкерлерді тиісті лауазымдар тізбесіне енгізу мүмкіндігін қарауға негіз бола алады.

Азаматтық істер жөніндегі
Кассациялық сот
👍4❤1
Обязательные профессиональные пенсионные взносы
могут быть уплачены в предусмотренном законом порядке.
 
🔹Кассационный суд по гражданским делам рассмотрел гражданское дело по иску работников к работодателю противотуберкулезному медицинскому учреждению об обязанииперечислить обязательные профессиональные пенсионные взносы (ОППВ).
 
🔹Истцами по делу выступили работники, осуществляющие трудовую деятельность в должности санитарок городского центра фтизиопульмонологии.

🔹Требования мотивированы выполнением работы, связанной с повышенным риском для здоровья во вредных условиях, ввиду постоянного контакта с пациентами  ииспользованием дезинфицирующих средств.
 
🔹Решением суда в иске отказано, ввиду отсутствия предусмотренных законом оснований для возложения обязанности по ОППВ.
 
🔹Согласно действующему законодательству обязательным условием для уплаты обязательных профессиональных пенсионных взносов необходимо подтверждение занятости не менее 80 % рабочего времени во вредных (особо вредных) условиях труда в отношении работников, профессии которых включены в соответствующий перечень и в случае подтверждения актами аттестационной комиссии об объеме вредности и времени выполнения таких работ.

🔹Должность санитарки относится к младшему персоналу и не включена в категорию медицинских работников.

🔹Документов, подтверждающих соблюдение указанных условий, в том числе результатоваттестации производственных объектов, а такжеучета рабочего времени, позволяющие установить необходимый объем занятости во вредных условиях труда в суд не представлены.
 
🔹Кассационный суд оставил судебные акты в силе, разъяснив право истцов на обращение в уполномоченный орган, с приложением подтверждающих документов о занятости не менее 80 % рабочего времени во вредных условиях труда, с направлением предложений в министерство труда и социальной защиты для рассмотрения вопроса о возможности включения работников в соответствующий перечень должностей.
 
Кассационный суд по гражданским делам
👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы «Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі» атты халықаралық форумда сөз сөйледі
 
****
 
Глава государства Касым-Жомарт Токаев выступил на международном форуме «Административная юстиция и ее роль в обеспечении верховенства права»
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі»

«Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын.
 
Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша.
 
Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида.
 
Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мәселеге баса мән беремін.
 
Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра бастадық.
 
Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқтажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбегейлі өзгерістердің өзегі саналады.
 
Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, соның ішінде министрлер, әкімдер, депутаттар белсенді түрде қатысуы керек. Бұл – мемлекеттік қызметшілердің конституциялық міндеті».
 
t.me/aqorda_resmi
👍5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Укрепление целостности государства и общества является одним из основных приоритетов в нашей деятельности»
 
«Прежде всего, поздравляю вас с началом заседания! Хотел бы поблагодарить высоких гостей, прибывших в Астану для участия в мероприятии.
 
По повестке форума были высказаны важные идеи и конструктивные предложения, которые Правительству предстоит учесть в дальнейшей работе. Безусловно, сегодняшняя встреча имеет особое значение.
 
Укрепление целостности государства и общества является одним из основных приоритетов в нашей деятельности. Безусловно, поступательное развитие страны невозможно без взаимного согласия и доверия между гражданами и властью.
 
Но очевидно, что такое согласие не возникает само по себе. Общественное согласие – это результат многогранных неустанных усилий. Как Президент я уделяю этому вопросу первостепенное внимание.
 
Мы претворяем в жизнь концепцию «Слышащего государства».
 
В основу масштабных преобразований заложены принципы открытого диалога, учета запросов общества и оперативного реагирования на обращения граждан.
 
Представители всех уровней власти, включая министров, акимов и депутатов, должны принимать самое активное участие в этой важной работе. Это конституционная обязанность государственных служащих».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек»
 
«Соңғы жылдары мемлекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түсті. Елімізде жаңа саяси мәдениет қалыптаса бастады.
 
Біз өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға, әсіресе, жастарға заңды құрметтеу, заңға бағыну қажет екенін қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірген жөн. Заңды қадірлеу, тәртіпті қолдау, бұл – әр адамның жарқын өміріне жол ашатын маңызды шарт.
 
Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституциямызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды.
 
Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғамның мызғымас тұғыры. Адам және оның өмірі – еліміздің Ата заңына арқау болған басты құндылық.
 
Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттің басты міндеттері ретінде айқындалды.
 
Түптеп келгенде, жаңа тұрпатты ел болу жолындағы әрбір реформа, ең алдымен, халықтың қалауымен, жұртшылықтың тікелей қолдауымен жасалады.
 
Әрине, мұның барлығы бір сәтте жүзеге аспайтыны белгілі».
 
t.me/aqorda_resmi
👏5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Как прогрессивная нация мы обязаны укоренить принцип «Закон и Порядок» в качестве неотъемлемой черты нашей национальной идентичности»
 
«В последние годы в стране осуществляются фундаментальные правовые и социальные реформы.
 
Как прогрессивная нация мы обязаны укоренить принцип «Закон и Порядок» в качестве неотъемлемой черты нашей национальной идентичности. Необходимо простым языком разъяснять гражданам, особенно молодежи, необходимость уважения к Закону и законопослушания. Соблюдение законности и порядка являются непременным условием для обеспечения высокого качества жизни граждан.
 
Этот основополагающий принцип четко отражен в Новой Конституции, принятой на общенациональном референдуме.
 
Основной закон Казахстана – это незыблемый фундамент Справедливого общества, в котором обеспечены равные возможности для всех граждан. Высшей ценностью, закрепленной в нашей Конституции, являются человек и его неотъемлемое право на жизнь.
 
Конституция устанавливает такие основополагающие принципы деятельности государства, как соблюдение прав и свобод граждан, обеспечение верховенства закона и повышение благосостояния народа.
 
В конечном счете, любая реформа на пути к становлению новой государственности осуществляется, прежде всего, по воле народа и при его непосредственной поддержке.
 
Конечно, такие изменения происходят не одномоментно».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды»
 
«Өздеріңізге мәлім, мен 2019 жылы әкімшілік әділеттің жаңа үлгісін қабылдау қажеттігі жөнінде айттым. Бұл азаматтарымызды және кәсіпкерлерді билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін жасалған аса маңызды қадам болды. Ал 2021 жылы елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.
 
Мемлекет пен қоғам арасындағы байланысқа тың серпін берген «е-Өтініш» онлайн платформасы іске қосылды, яғни, азаматтардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты.
 
Бұдан бөлек, бұл жүйе бюрократиялық кедергілерді азайтуға және жұртшылықтың ой-пікірін ескеруге мол мүмкіндік берді. Осылайша, халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік органдарға шамамен 16 миллион өтініштің келіп түсуі – соның айқын көрінісі».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Между обществом и государством был сформирован принципиально новый формат диалога»
 
«Как вы знаете, в 2019 году я заявил о необходимости принятия новой модели административной юстиции. Это был очень важный шаг, предпринятый с целью защиты наших граждан и предпринимателей от незаконных действий со стороны властей. В 2021 году вступил в силу Административно-процессуальный кодекс.
 
Новый импульс взаимодействию государства и общества придал запуск онлайн-платформы «е-Өтініш», которая стала инструментом для максимально прозрачного и эффективного рассмотрения обращений граждан и принятия оперативных решений.
 
Эта система также предоставила широкие возможности для сокращения бюрократической волокиты и учета общественного мнения. Таким образом, между обществом и государством был сформирован принципиально новый формат диалога. Тот факт, что за последние 5 лет в государственные органы поступило около 16 миллионов обращений, служит убедительном доказательством этого».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы: «Еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталды»

«Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мемлекеттік органдардың шешімдеріне және әрекеттеріне шағымдану, яғни, өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді.
 
Ең бастысы, күмән тудыратын мәселелердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шешілетін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз.
 
Статистикаға қарайтын болсақ, соңғы жылдары сот шешімдерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамымыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Глава государства: «Одновременно с этим началась трансформация отечественной судебной практики»
 
«Следует признать: раньше гражданам было гораздо сложнее оспаривать действия государственных органов и защищать свои права. С внедрением административной юстиции ситуация изменилась кардинальным образом.
 
Самое главное – все спорные вопросы теперь стали решаться справедливо в пользу честных граждан. А суды начали уделять особое внимание процессу сбора доказательств. Это означает, что государственные органы обязаны по закону доказывать правомерность своих решений и действий.
 
Согласно статистике, в последние годы более половины судебных решений было вынесено в интересах граждан и бизнеса.
Безусловно, это является конкретным результатом работы административной юстиции. Таким образом, наше общество начинает избавляться от застарелого стереотипа о том, что «судьи всегда принимают сторону представителей власти».
 
t.me/aqorda_resmi
👍5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді»
 
«Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқындайтын сынақ болды. Оның нәтижесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті.
 
Әкімшілік әділет рөлі нығайып келеді. Кейбір азаматтар соттардың шешіміне наразылықтарын білдіріп, өз үміттері ақталмағандарын алға тартады. Бұл бұған дейін де болған, қазір де кездеседі. Мұндай шағымдардың көбі өкпе-ренішке немесе біржақты пікірге құрылады. Бірақ қандай жағдай болса да мұндай пікірлерді тексеріп, әділ шешім қабылдау керек.
 
Сондықтан жаңа Конституцияда әкімшілік сот төрелігін сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретінде бекітудің маңызы зор.
 
Күн тәртібінде сотқа шағымданудың қасаң моделін сот ісін жүргізу тәуекелдерін стратегиялық басқаруға ауыстыру қарастырылып отыр. Үкімет қазірдің өзінде тиісті ережелерді әзірледі.
 
Енді орталық және жергілікті деңгейде әкімшілік актілер мен рәсімдердің бірізділігін қамтамасыз ету қажет. Бұрын келіп түскен шағымдар мен өтініштерде қаралған мәселелер қайтадан соттағы дау-дамай нысанасы болмауы керек. Әкімшілік тәжірибенің жүйелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
 
Жария құқықтық сипаттағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Былтыр бұл қосымша құқықтық-нормативтік актілердің заңдылығын қарайтын істерді қамтыды. Бұған дейін мұндай дау-дамайға қатысты шешім азаматтық іс жүргізу нормаларына сәйкес қабылданып келген».
 
t.me/aqorda_resmi
👍5❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент: «Роль административной юстиции продолжает укрепляться»
 
«Судебная практика по административным делам стала своеобразной «лакмусовой бумажкой» в работе государственного аппарата, она отражает растущий уровень доверия к правосудию.
 
Роль административной юстиции продолжает укрепляться. Надо признать, что не все граждане довольны решениями судов, утверждают, что они не оправдывают их ожиданий. Но так было и в прошлом, и происходит в настоящее время. В подавляющем количестве таких публичных обращений присутствует обида, другими словами, субъективное мнение. Но, как бы то ни было, такие мнения следует проверять и принимать справедливые решения.
 
Поэтому закрепление административной юстиции в новой Конституции как самостоятельной формы судопроизводства имеет принципиально важное значение.
 
В повестке дня – переход от реактивной модели судебного обжалования к стратегическому управлению судебными рисками. Правительством уже разработаны соответствующие правила.
 
Теперь предстоит обеспечить единообразие административных актов и процедур на центральном и местном уровнях. Одни и те же вопросы, по которым ранее поступали жалобы и обращения, не должны быть предметом повторных судебных споров. Нужно обеспечить последовательность и стабильность административной практики.
 
Большая работа проводится по переносу споров публично-правового характера в плоскость административной юстиции. В прошлом году это коснулось дел по оспариванию законности подзаконных нормативных правовых актов, по которым ранее принимались решения согласно правилам гражданского процесса».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Билік және бизнес өкілдері өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет»
 
«Осының бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты іс жүзіндегі көрінісі екені күмәнсіз. Еліміз сот жүйесі және құқық қорғау саласындағы түбегейлі реформалармен қатар ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруда. Мұның мемлекетіміз үшін маңызы айрықша.
 
Іскерлік белсенділікті арттыру мақсатында, соның ішінде инвестициялық дауларды шешу үшін қолайлы құқықтық институционалдық орта қалыптасуда. Соның арқасында сот шешімдерінің 80 пайызына жуығы инвесторлардың пайдасына шығарылып жатыр.
 
Мен отандық және шетелдік инвесторлармен кездесулер кезінде үнемі мына мәселеге айрықша назар аударамын: билік және бизнес өкілдері өзара сындарлы байланыс орнатуы керек, олар өзекті түйткілдерді ашық талқылап, шешу жолдарын бірлесе отырып іздеуі қажет.
 
Билікте отырған лауазымды тұлғаларға тапсырмам: әр даулы жағдайда мәмілеге келетін жолды іздеу керек, бірақ бұл жол заңнама жүйесіне нұқсан келтірмеуі қажет. Басқа сөзбен айтқанда, әр келісімнің заңдық шектеуі болуға тиіс.
 
Атап айту керек, кассациялық соттарды құру бастамасы дәл осындай жиынның бірінде көтерілген болатын».
 
t.me/aqorda_resmi
👍4