КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Қазақстан Республикасы Судьялар және сот жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот ғимаратында спорт залының ашылу салтанаты өтті.

🔹Бұл оқиға кәсіби қызметтің тиімділігін арттырумен қатар, судьялар мен сот қызметкерлерінің денсаулығын нығайтуға, әл-ауқатын жақсартуға және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға бағытталған заманауи сот жүйесін дамытудың тағы бір қадамы болды.

🔹Іс-шараға Кассациялық соттар департаментінің басшысы Е.К. Қожахметов, сот судьялары мен қызметкерлері, сондай-ақ ғимараттың құрылтайшысы әрі жалға берушісі Ә.Б. Аюпов қатысты.

🔹Салтанатты рәсімді аша отырып, сөз сөйлегендер корпоративтік мәдениетті дамыту және заманауи еңбек жағдайларын қалыптастыру сот жүйесінің тиімді қызметінің маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

🔹Спорт залы қызметкерлерге дене белсенділігін сақтауға, денсаулығын нығайтуға және қарқынды кәсіби қызметтен кейін күш-қуатын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

🔹Салтанатты бөлім барысында Кассациялық соттар департаментінің басшысы Е.К. Қожахметов пен Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың судьясы Ш.С. Манжуева құттықтау сөз сөйледі. Олар ұжымды айтулы оқиғамен құттықтап, жоғары еңбек өнімділігі мен кәсіби тиімділікті сақтау үшін салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтті.

🔹Рәсімнің шарықтау шегі ретінде символдық лента қиылып, спорт залының ресми түрде ашылғаны жарияланды.

🔹Іс-шара қатысушылардың жаңа спорт кеңістігімен және онда орнатылған жабдықтармен танысуымен аяқталды.

🔹Спорт залының ашылуы Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің сот төрелігін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайларды жасау және қамтамасыз ету, сондай-ақ судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері үшін заманауи әрі жайлы жұмыс ортасын қалыптастыру жөніндегі жүйелі жұмысы аясында жүзеге асырылды.

🔹Осындай нысандарды құру қызметкерлердің физикалық және психологиялық денсаулығын нығайтуға, олардың еңбек өнімділігі мен кәсіби тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде еліміздің сот жүйесінің беделі мен сапасын одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍7👏1
В преддверии Дня судьи и работников судебной системы Республики Казахстан в здании Кассационного суда по административным делам состоялась церемония открытия спортивного зала.

🔹Это событие стало еще одним шагом в развитии современной судебной системы, ориентированной не только на повышение эффективности профессиональной деятельности, но и на создание комфортных условий для работы, укрепление здоровья и благополучия судей и работников судов.

🔹В мероприятии приняли участие руководитель Департамента кассационных судов Кужахметов Е.К., судьи и работники суда, а также учредитель и арендодатель здания Аюпов А.Б.

🔹Открывая церемонию, выступающие подчеркнули, что развитие корпоративной культуры и создание современных условий труда - важнейшие составляющие эффективной работы судебной системы. Спортивный зал позволит сотрудникам поддерживать физическую активность, укреплять здоровье и восстанавливать силы после напряженной профессиональной деятельности.

🔹В ходе торжественной части с приветственными словами выступили руководитель Департамента кассационных судов Кужахметов Е.К., судья Кассационного суда по административным делам Манжуева Ш.С. Они поздравили коллектив со знаменательным событием и отметили важность здорового образа жизни для поддержания высокой работоспособности и профессиональной эффективности.

🔹Кульминацией церемонии стало символическое перерезание ленты, после чего спортивный зал официально объявили открытым.

🔹Завершилось мероприятие знакомством участников с новым спортивным пространством и установленным в нём оборудованием.

🔹Открытие спортивного зала реализовано в рамках последовательной работы Судебной администрации Республики Казахстан по созданию и обеспечению надлежащих условий для осуществления правосудия, а также формированию современной и комфортной рабочей среды для судей и работников судебной системы.

🔹Создание таких объектов способствует укреплению физического и психологического здоровья сотрудников, повышению их работоспособности и профессиональной эффективности, что в конечном итоге служит дальнейшему укреплению авторитета и качества судебной системы страны.

Пресс-служба кассационных судов
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Назарларыңызға іс шарадан бейнебаян ұсынамыз
***
⚜️Представляем вашему вниманию видеоролик с мероприятия
👍6❤1
Кредиттік тарихтан мәліметтерді алып тастау туралы талап қанағаттандырылмады

№ 6003-26-00-2к/1027 азаматтық іс бойынша баспасөз хабарламасы

🔹Бірінші сатыдағы сот Ә.-нің «Б» ЖШС-не (коллекторлық агенттік) қарсы кредиттік есептен мәліметтерді алып тастау туралы талабын қанағаттандырудан бас тартты.

🔹Апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

🔹Іс материалдарына сәйкес, Ә. Банктен қайтарымдылық және мерзімділік шарттарымен 270 777 теңге көлемінде несие алған.

🔹Қарыз алушы өз міндеттемелерін орындамаған.

🔹Банк пен Сақтандыру компаниясы арасында жасалған ерікті сақтандыру шартына сәйкес, сақтандыру компаниясы несие берушіге берілген қарыз сомасы мен сыйақыдан тұратын сақтандыру төлемін жүзеге асырған.

🔹Осының нәтижесінде банктік қарыз шарты бойынша бастапқы кредитордың қарызды өндіріп алу құқығы алдымен Сақтандыру компаниясына, кейін цессия шарты негізінде «Б» ЖШС-не өткен. Аталған серіктестік кредиттік тарих туралы мәліметтерді Кредиттік бюроға ұсынған.

🔹Талап қоюшы банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелері тоқтатылғанын алға тартып, өзін борышкерлер тізілімінен шығарып, қарызды өтеу міндетінен босатуды сұраған.

🔹«Кредиттік бюролар және кредиттік тарихтарды қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес, ақпарат берушілер қатарына коллекторлық агенттіктер, сервистік компаниялар, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар (талаптар) берілген өзге де тұлғалар жатады.

🔹Соттар талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, аталған заң нормасын және банктік қарыз шарты бойынша талап ету құқығының сақтандыру ұйымынан коллекторлық агенттікке сол шарттармен өткенін негізге алған.

🔹Бұл жағдайда борышкердің жауапкершілігі емес, қарыз алушының міндеттемелерін мерзімінде орындамауы салдарынан туындаған сақтандыру жағдайы кезінде Банктің нақты негізгі қарыз қалдығы мен есептелген сыйақы шегіндегі шығындарын өтеуге байланысты мүліктік мүддесі сақтандырылған.

🔹Осылайша, соңғы кредиторға сақтандыру төлемінен туындайтын талап емес, қарыз шарты негізіндегі талап ету құқығы өткен. Сондықтан талап қоюшының кредиттік тарихы туралы мәліметтердің орналастырылуы заң талаптарына сәйкес келеді.

🔹Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың қорытындыларымен келісіп, Ә.-нің кассациялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
В удовлетворении иска об исключении сведений из кредитной истории отказано

Пресс-релиз по гражданскому делу № 6003-26-00-2к/1027

🔹Судом первой инстанции отказано в иске Ә. к ТОО «Б» (коллекторское агентство) об исключении сведений из кредитного отчета.

🔹Апелляционной коллегией решение суда оставлено без изменения.

🔹Установлено, что Ә. получил в Банке кредит в сумме 270 777 тенге на условиях срочности и возвратности.
Заемщик нарушил обязательство.
По договору добровольного страхования, заключенного между Банком и Страховой компанией, последняя выплатила займодателю страховую сумму, состоящую из суммы выданного займа и вознаграждения.

🔹В результате, право требования долга первоначального кредитора по договору банковского займа перешло к Страховой компании, затем по договору цессии - в ТОО «Б», который предоставил кредитную историю в Кредитное бюро.

🔹Истец указывает, что его обязательства по договору банковского займа прекращены, в связи с чем, он подлежит исключению из реестра должников с освобождением от погашения долгов.

🔹В соответствии с подпунктом 1-1 пункта 1 статьи 18 Закона Республики Казахстан «О кредитных бюро и формировании кредитных историй» (далее Закон) поставщиками информации являются, в том числе, коллекторские агентства, сервисные компании, в частности страховая (перестраховочная) организация, иные лица, которым переданы права (требования) по договорам банковского займа.

🔹Отказывая в иске, суды исходили из указанной нормы и факта перехода права требования долга по договору банковского займа от страховой организации к коллекторскому агентству на тех же условиях.

🔹В данном случае, была застрахована не ответственность должника, а имущественный интерес, связанный с компенсацией убытков Банку в пределах фактического остатка основного долга и начисленного вознаграждения по займу на момент наступления страхового случая, вызванного просрочкой заемщиком обязательств.

🔹Таким образом, конечному кредитору перешел не страховой ущерб, а право требования, вытекающее из договора займа, поэтому размещение кредитной истории истца соответствует требованиям законодательства.

​🔹Кассационный суд согласился с выводами судов, кассационная жалоба Ә. оставлена без удовлетворения.

Кассационный суд по гражданским делам
👍4
Асламбек Мерғалиев: ӘРПК құқық үстемдігін нығайтуға, инвесторларды қорғауға және қолайлы іскерлік ахуалды дамытуға ықпал етеді

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев «Atameken Business» телеарнасына берген сұхбатында әкімшілік әділеттің құқық үстемдігін нығайтудағы және инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы рөлі туралы айтты.

◾️ А.Мерғалиевтің айтуынша, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс шеңберінде жұмыс істеген бесжыл ішінде сот жүйесі мемлекеттік органдармен дауларда бизнес пен азаматтарды қорғаудың тиімді тетігіне айналды.

◾️ Бүгінгі таңда инвестициялық даулардың шамамен 80%-ы инвесторлардың пайдасына шешіледі, бұл болжамды және әділ құқықтық ортаның қалыптасуын көрсетеді.

◾️ Әңгімеде инвесторларды сот арқылы қорғауды жетілдіру, мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру, дауларды сотқа дейін реттеу тетіктерін дамыту және әкімшілік заңнаманы одан әрі реформалау мәселелері қозғалды.

◾️ Істің мән-жайларын неғұрлым толық белгілеуге және мемлекеттің, бизнестің және азаматтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін соттың белсенді рөлі қағидатына ерекше назар аударылады.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы әкімшілік әділетті одан әрі дамыту, судьялардың тәуелсіздігін нығайту және құқықтық институттарды жетілдіру Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға, сот жүйесіне деген сенімді нығайтуға және елде қолайлы іскерлік ахуал қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

***

Асламбек Мергалиев: АППК способствует укреплению верховенства права, защите инвесторов и развитию благоприятного делового климата

◾️ Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев в интервью телеканалу «Atameken Business»
рассказал о роли административной юстиции в укреплении верховенства права и защите прав инвесторов.

◾️ По словам А.Мергалиева, за пять лет работы в рамках Административного процедурно-процессуального кодекса судебная система стала более эффективным механизмом защиты бизнеса и граждан в спорах с государственными органами.

◾️ Сегодня около 80% инвестиционных споров разрешаются в пользу инвесторов, что свидетельствует о формировании более предсказуемой и справедливой правовой среды.

◾️В беседе затронуты вопросы совершенствования судебной защиты инвесторов, повышения качества работы государственных органов, развития механизмов досудебного урегулирования споров и дальнейшего реформирования административного законодательства.

◾️ Особое внимание уделено принципу активной роли суда, который позволяет более полно устанавливать обстоятельства дела и обеспечивать баланс между интересами государства, бизнеса и граждан.

◾️ Председатель Верховного Суда подчеркнул, что дальнейшее развитие административной юстиции, укрепление независимости судей и совершенствование правовых институтов будут способствовать повышению инвестиционной привлекательности Казахстана, укреплению доверия к судебной системе и созданию благоприятного делового климата в стране.

Интервью размещено здесь: https://youtu.be/hmV8LQi39m0?si=XALQNbe3Gs1RtS8s
👍4