КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Құрметті оқырмандар!

🔹 Сіздерді Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтай отырып, кассациялық соттардың баспасөз қызметі дайындаған «Сот жүйесінің үздіктері» жобасының кезекті шығарылымын назарларыңызға ұсынамыз.

🔹 Бұл шығарылым қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың сот отырысының хатшысы Нугербекова Айжан Біркенқызының кәсіби қызметіне арналған. Материалда оның сот жүйесіндегі еңбек жолы, кәсіби жетістіктері, өз ісіне адалдығы және әріптестері арасындағы беделі кеңінен баяндалады.

🔹 Судьялар мен сот қызметкерлерінің қоғамдағы заң үстемдігін қамтамасыз ету жолындағы еңбегі зор құрметке лайық. Осы мереке қарсаңында сот жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген мамандардың тәжірибесі мен жетістіктерін насихаттауды жалғастырамыз.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍5❤1🔥1👏1
Уважаемые читатели!

🔹 В честь Дня судьи и сотрудников суда Республики Казахстан представляем вашему вниманию очередной выпуск проекта «Лучшие в судебной системе», подготовленного пресс-службой кассационных судов.

🔹 Данный выпуск посвящён профессиональной деятельности секретаря судебного заседания кассационного суда по уголовным делам Нугербековой Айжан Биркеновны. В материале рассказывается о её трудовом пути в судебной системе, профессиональных достижениях, преданности своему делу и высоких личных качествах.

🔹 Труд судей и работников суда, направленный на обеспечение верховенства закона и защиту прав граждан, заслуживает глубокого уважения. В преддверии профессионального праздника мы продолжаем знакомить читателей с лучшими представителями судебной системы страны.

Пресс-служба кассационных судов
👍6👏2❤1🔥1
Құрметті әріптестер!

⚜️Кассациялық соттар Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Судья және сот қызметкері күнімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздердің заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған адал еңбектеріңіз, жоғары кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз әділ сот төрелігін жүзеге асырудың берік негізі.

Осы мерекелі күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, кәсіби қызметтеріңізге жаңа жетістіктер тілейміз. Еліміздің игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍5❤1
Уважаемые коллеги!

⚜️Кассационные суды сердечно поздравляют вас с профессиональным праздником — Днём судьи и сотрудника суда!

Ваш высокий профессионализм, принципиальность, ответственность и преданность делу служения Закону являются важнейшей основой укрепления правосудия и доверия граждан к судебной системе.

В этот праздничный день желаем вам крепкого здоровья, благополучия, счастья, неиссякаемой энергии, новых профессиональных достижений и успехов в вашей ответственной деятельности. Пусть ваш труд всегда будет достойно оценён, а все начинания сопровождаются успехом и признанием.

Мира, добра и дальнейших успехов в служении правосудию!

С праздником!

Пресс-служба кассационных судов
👍7❤1
Судья және сот қызметкері күніне орай Кассациялық сотпен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараға кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары, Кассациялық сот департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

🔹Іс-шара барысында Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы А.С. Смайлов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби мерекенің маңыздылығына тоқталды. Ол заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қоғамдағы әділдікті нығайту жолында сот жүйесі қызметкерлерінің атқарып отырған еңбегін ерекше атап өтті.

🔹Салтанатты жиын барысында жоғары кәсібилігі, мінсіз қызметі және сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін судьялар, сот қызметкерлері ведомстволық медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

🔹Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында сот жүйесінің қызметін объективті жариялап, құқықтық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген БАҚ өкілдері де марапатталды. Оларға жемісті ынтымақтастығы мен кәсіби қызметі үшін Алғыс хаттар табысталды.

🔹Салтанатты іс-шара жылы әрі мерекелік жағдайда өтіп, сот жүйесіндегі сабақтастықтың, аға буын мен жас мамандардың еңбегін бағалаудың, сондай-ақ сот органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындай түсті.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍6🔥1