КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Судья және сот қызметкері күніне орай Кассациялық сотпен салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

🔹Іс-шараға кассациялық соттардың төрағалары мен судьялары, Кассациялық сот департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, сондай-ақ шақырылған қонақтар қатысты.

🔹Іс-шара барысында Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы А.С. Смайлов құттықтау сөз сөйлеп, кәсіби мерекенің маңыздылығына тоқталды. Ол заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қоғамдағы әділдікті нығайту жолында сот жүйесі қызметкерлерінің атқарып отырған еңбегін ерекше атап өтті.

🔹Салтанатты жиын барысында жоғары кәсібилігі, мінсіз қызметі және сот жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін судьялар, сот қызметкерлері ведомстволық медальдармен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

🔹Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында сот жүйесінің қызметін объективті жариялап, құқықтық журналистиканың дамуына үлес қосып жүрген БАҚ өкілдері де марапатталды. Оларға жемісті ынтымақтастығы мен кәсіби қызметі үшін Алғыс хаттар табысталды.

🔹Салтанатты іс-шара жылы әрі мерекелік жағдайда өтіп, сот жүйесіндегі сабақтастықтың, аға буын мен жас мамандардың еңбегін бағалаудың, сондай-ақ сот органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындай түсті.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍6🔥1
Кассационным судом проведено торжественное мероприятие, посвящённое Дню судьи и сотрудников суда.

🔹В мероприятии приняли участие председатели и судьи кассационных судов, руководство и сотрудники Департамента Кассационного суда, а также приглашённые гости.

🔹С поздравительной речью выступил председатель Кассационного суда по гражданским делам Смайлов А.С., отметивший значимость профессионального праздника и вклад работников судебной системы в обеспечение верховенства закона и справедливости.

🔹В ходе мероприятия за высокий профессионализм, добросовестный труд и значительный вклад в развитие судебной системы судьи, сотрудники суда были награждены ведомственными медалями, почётными грамотами и благодарственными письмами.

🔹Кроме того, в рамках мероприятия были отмечены представители средств массовой информации в связи с предстоящим Днём работников средств массовой информации. За плодотворное сотрудничество, объективное освещение деятельности судебной системы и вклад в развитие правовой журналистики им были вручены почётные грамоты и благодарственные письма.

🔹Торжественное мероприятие прошло в тёплой и праздничной атмосфере, став ещё одним подтверждением преемственности, признания заслуг старшего поколения судей и молодых сотруднико суда, а также важности конструктивного взаимодействия судебных органов и средств массовой информации.

Пресс-служба кассационных судов
👍7❤1🔥1
Қазақстан Республикасының кассациялық соттары бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды

⚜️Қазақстан Республикасының кассациялық соттары бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды!

⚜️Сіздердің еңбектеріңіз қоғамды шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге, ашықтықты нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға зор үлес қосады. Кәсібиліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

⚜️Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық шабыт, толайым табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасының кассациялық соттары
👍3🔥1
Кассационные суды Республики Казахстан поздравляют с Днем работников средств массовой информации

⚜️Кассационные суды Республики Казахстан сердечно поздравляют всех работников средств массовой информации с профессиональным праздником!

⚜️Ваш труд играет важную роль в обеспечении открытости, объективного информирования общества и укреплении доверия граждан к государственным институтам. Благодарим вас за профессионализм, ответственность и преданность своему делу.

⚜️Желаем крепкого здоровья, благополучия, творческих успехов, вдохновения и новых профессиональных достижений!

С уважением,
Кассационные суды Республики Казахстан
👍4❤1🔥1👏1😁1
Кассациялық сот қаза тапқан қызметкер жесірінің ақшалай төлемдер алу құқығын қалпына келтірді

🔹Талап қоюшы Ж. 2012 жылғы маусымда жұбайының қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза табуына байланысты біржолғы ақшалай төлемді және өмір бойына ай сайынғы ақшалай төлемді тағайындау туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

🔹Бірінші сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы сот келіскен қорытындыларға сүйене отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды. Соттар шешім қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №1048 қаулысымен бекітілген Құқық қорғау органы қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкерінің отбасы мүшелеріне ақшалай төлемдерді жүзеге асыру қағидалары мен мөлшерлерін басшылыққа алды.

🔹Алайда соттар Қағидалардың қаза тапқан қызметкердің соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай қамтылымының 40 пайызы мөлшерінде төлем төлеуді көздейтін ережелерін дұрыс түсіндірмеген.

🔹Төлем мөлшерін есептеу кезінде соттар қызметкердің қаза тапқан кездегі ақшалай қамтылымының мөлшерін негізге алып, оны талап қоюшы төлем тағайындау туралы жүгінген күнге дейін осы лауазым бойынша болған кейінгі өзгерістерді ескере отырып есептеген.

🔹Кассациялық сатыдағы сот мұндай тәсілді қате деп таныды. Соттың түсіндіруінше, аталған нормаға сәйкес төлем қаза тапқан қызметкердің соңғы атқарған лауазымы бойынша белгіленген ақшалай қамтылым негізінде есептелуге тиіс, ал осы лауазым бойынша кейіннен болған өзгерістер есепке алынбайды.

🔹Сонымен қатар соттар талап қою мерзімі туралы нормаларды да дұрыс қолданбаған. Олар Қағидалардың 10-тармағына сілтеме жасап, қайта есептеуді талап қоюшы сотқа жүгінгенге дейінгі бір жылмен ғана шектеген.

🔹Кассациялық сатыдағы сот сот актілерін осы бөлікте өзгерте отырып, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 187-бабының талаптарын басшылыққа алды. Аталған бапқа сәйкес, талап қою сотқа берілгенге дейінгі үш жылдан аспайтын кезең үшін ғана қанағаттандырылуға жатады.

🔹Үш жылдық талап қою мерзімін қолдану нәтижесінде өндіріп алынуға жататын біржолғы ақшалай төлемнің және өмір бойына төленетін ай сайынғы ақшалай төлемнің мөлшері ұлғайтылды.

🔹Осылайша, кассациялық сатыдағы сот талап қоюшының бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, материалдық құқық нормаларының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етті және қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкердің отбасына заңда көзделген әлеуметтік кепілдіктердің неғұрлым толық көлемде жүзеге асырылуына ықпал етті.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍3👏2🔥1
Кассационный суд восстановил  право вдовы погибшего сотрудника на денежные выплаты

🔹
Истец Ж. обратилась в суд с иском о назначении единовременной и пожизненной ежемесячной денежной выплаты в связи с гибелью супруга при исполнении служебных обязанностей в июне 2012 года.

🔹Суд первой инстанции, с выводами которого согласился апелляционный суд, удовлетворил иск частично, руководствуясь Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2022 года №1048, которым утверждены Правила и размеры осуществления денежных выплат членам семьи погибшего (умершего) сотрудника правоохранительного органа.
Суды неверно истолковали положения Правил, предусматривающие выплату в размере 40 % от денежного содержания по последней занимаемой должности погибшего сотрудника.

🔹При расчете суды исходили из размера денежного содержания на момент гибели с учетом его последующих изменений до дня обращения истца за выплатой.

🔹Суд кассационной инстанции признал такой подход ошибочным, указав, что данная норма предполагает исчисление выплаты исходя из денежного содержания по последней занимаемой должности погибшего сотрудника, без учета последующих изменений размера денежного содержания по данной должности.

🔹Кроме того, суды неправильно применили положения о сроке исковой давности, ограничив перерасчет одним годом до обращения со ссылкой на пункт 10 Правил.

🔹Изменяя судебные акты в этой части, суд кассационной инстанции исходил из требований статьи 187 Гражданского кодекса Республики Казахстан, согласно которой требования подлежат удовлетворению за период не более трех лет, предшествовавших предъявлению иска.

🔹Применение трехлетнего срока исковой давности повлекло увеличение размера подлежащей взысканию единовременной денежной выплаты и ежемесячной пожизненной денежной выплаты.

🔹Суд кассационной инстанции восстановил нарушенные права истца, обеспечив правильное применение норм материального права и более полную реализацию предусмотренных законом социальных гарантий семье сотрудника, погибшего при исполнении служебных обязанностей.

Кассационный суд по гражданским делам
👍7🔥5❤1
1 шілде – Дербес кассациялық соттардың құрылған күні

2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасында дербес кассациялық соттардың құрылғанына бір жыл толды.

Дербес кассациялық соттардың құрылуы – Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылған ауқымды сот реформасының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл бастама сот төрелігінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғау кепілдіктерін күшейтуге, соттардың мамандануын арттыруға және заң нормаларының біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

Бүгінде дербес кассациялық соттар азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексеріп, оларды кассациялық тәртіппен қарайды. Жаңа модель кассациялық іс жүргізудің тиімділігі мен қолжетімділігін арттырып, азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығын іске асырудың қосымша кепілдіктерін қалыптастырды.

Қызметінің алғашқы жылы ішінде кассациялық тәртіппен қайта қаралған істердің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда едәуір артты. Бұл азаматтардың кассациялық сатыға деген сенімінің жоғарылағанын әрі енгізілген реформаның өз тиімділігін дәлелдегенін көрсетеді. Сонымен қатар, жаңа соттардың қызметі заңдылық пен әділдік қағидаттарын нығайтуға, бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға, сот актілерінің сапасын арттыруға және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосуда.

Жүргізілген реформа нәтижесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметі құқық қолдану практикасының біркелкілігін қамтамасыз етуге және сот практикасын одан әрі дамытуға бағытталды. Ал дербес кассациялық соттар заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексеретін тәуелсіз кассациялық буын ретінде сот жүйесінде өз орнын айқындады.

Бір жылдық қызметтің қорытындылары жаңа институттың уақыт талабына сай құрылғанын, оның тиімділігі мен қоғам үшін маңызын айқын көрсетті. Дербес кассациялық соттардың қызметі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және Қазақстандағы құқықтық мемлекеттің одан әрі дамуына қызмет етіп келеді.

Дербес кассациялық соттардың құрылғанына бір жыл толуымен құттықтаймыз! Заңдылық, тәуелсіздік және әділдік қағидаттары әрбір сот ісін қараудағы басты бағдар болып, халық игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Қазақстан Республикасының кассациялық соттары
👏5