КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
775 photos
128 videos
1 file
120 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық соттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар өтті

🔹Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған жуырда қабылданған заңнамалық жаңашылдықтар қарастырылды.

🔹Атап айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуге, мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктерін жетілдіруге, әдеп жөніндегі уәкілдердің, персоналды басқару қызметтерінің рөлін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеулер мен оларды сақтамағаны үшін жауапкершілікті енгізуге ерекше назар аударылды.

🔹Сонымен қатар, қатысушыларға пара беруге уәде ету, пара ұсыну және пара талап ету үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзгерістер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікті күшейтуге, тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердегі кадрлық процестерді цифрландыруға қатысты заңнамалық жаңашылдықтар түсіндірілді.

🔹Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар заңнамадағы өзгерістерді уақтылы зерделеу мен оларды практикада тиімді қолданудың заңдылық, адалдық қағидаттарын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍4
В кассационном суде состоялся семинар по вопросам совершенствования антикоррупционного законодательства

🔹В ходе семинара были рассмотрены недавно принятые законодательные новеллы, направленные на совершенствование системы противодействия коррупции.

🔹Особое внимание уделено вопросам усиления превентивных мер, совершенствования механизмов предупреждения и урегулирования конфликта интересов, повышения роли уполномоченных по этике, служб управления персоналом, и ответственности за их несоблюдение.

🔹Кроме того, участникам разъяснены изменения, предусматривающие уголовную ответственность за обещание, предложение и требование взятки, меры по усилению ответственности за коррупционные правонарушения, совершенствованию механизмов противодействия бытовой коррупции, а также нововведения, касающиеся цифровизации кадровых процессов в государственных учреждениях.

🔹По итогам семинара участники отметили важность своевременного изучения изменений законодательства и их практического применения в целях обеспечения принципов законности и добропорядочности.

Пресс-служба кассационных судов
👍5
Кассациялық сот қарызды ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемесі деп таныды

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар Г.-ның өз ұлы И.-ға қарсы нотариатта куәландырылған қарыз шарты бойынша 18 500 000 теңге мөлшеріндегі берешекті өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырып, ал ұлының бұрынғы жұбайы Л.-дан 18 500 000 теңге өндіру туралы талапты қанағаттандырудан бас тартқан.

🔹Іс материалдарынан жауапкер И.-дың 2023 жылғы желтоқсанда, жауапкер Л.-мен некеде тұрған кезеңде, нотариатта куәландырылған шарт негізінде талап қоюшыдан 37 000 000 теңге мөлшерінде қарыз алғаны анықталған.

🔹Жауапкерлер арасындағы неке 2024 жылғы 22 қазанда сот тәртібімен бұзылған, ал олардың нақты отбасылық қатынастары 2024 жылғы маусымда тоқтатылған.

🔹Соттар келінге қатысты талапты қанағаттандырудан бас тартуды қарыз шарты бойынша алынған ақшалай қаражаттың ортақ мүлікті сатып алуға немесе отбасы қажеттіліктеріне жұмсалғанын растайтын дәлелдемелердің болмауымен негіздеген. Осыған байланысты аталған сома отбасы мүддесі үшін алынған ерлі-зайыптылардың ортақ міндеттемесі ретінде танылмаған.

🔹Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың талапты келін Л.-ге қатысты қанағаттандырудан бас тарту бөлігіндегі сот актілерінің күшін жойып, осы бөлікте жаңа шешім қабылдап, одан берешектің жартысы – 18 500 000 теңгені өндіру туралы жаңа шешім шығарды.

🔹Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар қолданылуға тиіс материалдық құқық нормаларын қолданбаған.

🔹Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің 715, 716-баптарының талаптарына сәйкес, заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген қарыз қайтарылуға жатады.

🔹Қарыз шартына жұбайының келісімінсіз жасалғанына сілтеме жасап ешкім дау келтірмеген, ол жарамсыз деп танылмаған және оның күші тоқтатылмаған.

🔹Тараптар неке кезеңінде отбасының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге барғанын дауламайды.

🔹Жауапкер Л. отбасының шетелге сапарына, оның ішінде тұруға, тамақтануға және өзге де отбасылық шығындарға жұмсалған қаражаттың даулы қарызға қатысы жоқ басқа көзден төленгенін не қарыз қаражатының жұбайы тарапынан тек өзінің жеке мақсаттарына, отбасы мүддесіне қатысы жоқ бағытта пайдаланылғанын дәлелдей алмаған.

🔹Жауапкер Л. дауламаған нотариатта куәландырылған қарыз шарты болғандықтан, берешекті қарыз алушы жұбайдың жеке міндеттемесі деп тануға негіз жоқ. Осыған байланысты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 44-бабының 2-тармағы негізінде аталған берешек ерлі-зайыптылардың ортақ қарызы деп танылды.
Іс № 6003-26-00-2к/1091

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍4
Кассационным судом займ признан общим долгом супругов

🔹Судами первой и апелляционной инстанций частично удовлетворен иск Г. к своему сыну И. о взыскании долга по нотариально удостоверенному договору займа в сумме 18 500 000 тенге и отказано в удовлетворении иска к бывшей супруге сына - Г. о взыскании 18 500 000 тенге.

🔹Из обстоятельств дела следует, что заем получен ответчиком И. в декабре 2023 года, в период брака с ответчиком Л., в сумме 37 000 000 тенге, договор нотариально удостоверен.
Брак между ответчиками расторгнут в судебном порядке 22 октября 2024 года, фактические брачные отношения прекращены в июне 2024 года.

​🔹Отказ в удовлетворении иска со снохи суды мотивировали отсутсвием доказательств использования полученных по договору займа денежных средств на приобретение общего имущества или на нужды семьи. Поэтому данная сумма не признана общим совместным долгом супругов, полученным в интересах семьи.

🔹Кассационный суд судебные акты отменил в части отказа в удовлетворении иска к снохе Л., с вынесением в этой части нового решения о взыскании нее половины суммы долга 18 500 000 тенге.

​🔹Судами первой и апелляционной инстанции не применены нормы материального права, подлежащие применению.

🔹В соответствии с требованиями статей 715, 716 ГК заем, оформленный в установленной форме, подлежит возврату.

🔹Договор займа со ссылкой на отсутствие согласия второго супруга никем не оспорен, не признан недействительным, не прекращен.

🔹Сторонами не оспаривается, что в период брака семья выезжала за пределы Республики Казахстан.

🔹Ответчиком Л. не доказано, что расходы на семейную поездку, в том числе на проживание, питание и иные расходы семьи за рубежом оплачены из иного источника, не связанного с получением спорного займа, либо что заемные средства использованы супругом исключительно в личных целях, не связанных с интересами семьи.

🔹При наличии не оспоренного ответчиком Л. нотариально удостоверенного договора займа отсутствуют основания признавать задолженность личным обязательством супруга – заемщика, и в соответствии с частью 2 статьи 44 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье», задолженность признана общим долгом супругов.
Дело №6003-26-00-2к/1091

Кассационный суд по гражданским делам
👍10
🔹 Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың бас маманы-сот отырысының хатшысы Д. Зинешованың «Заң» баспасына берген мақаласы жарық көрді.

Өз мақаласында:
«Конституциялық реформалар –бұл тек құқықтық өзгерістер жиынтығы емес, бұл – мемлекет пен қоғам дамуының сапалы жаңа кезеңге өтуінің көрінісі»

екенін атап өтті.

🖇️Толығырақ «ЗАҢ» газетінде

https://zangazet.kz/zaң-gazeti-№48-3875-30-mausym-2026/

Кассациялық соттар Департаменті

***

🔹Опубликована статья главного специалиста — секретаря судебного заседания Кассационного суда по гражданским делам Д. Зинешовой, подготовленная для издательства «ЗАҢ».

В своей статье она отметила:

«Конституционные реформы — это не просто совокупность правовых изменений, а отражение перехода государства и общества на качественно новый этап развития».


🖇️ Подробнее — в газете «ЗАҢ».

https://zangazet.kz/zaң-gazeti-№48-3875-30-mausym-2026/

Департамент кассационных судов
👍16❤2
Құрметті қазақстандықтар!

🔹Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🔹Астана – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын символы, елдің қарқынды дамуы мен жасампаздық рухының көрінісі. Елордамыз мемлекетіміздің өркендеуіне, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің нығаюына қызмет етіп келеді.

🔹Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, еңбектеріңізге толайым табыс тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, елордамыздың мерейі үстем болып, Астана әрдайым өсіп-өркендей берсін!

🔹Астана күні құтты болсын!

Құрметпен, Кассациялық соттар және Кассациялық соттар Департаменті
👏8
Уважаемые казахстанцы!

🔹Примите искренние поздравления с государственным праздником — Днём столицы Республики Казахстан!


🔹Астана является символом независимости, созидания и динамичного развития нашей страны, воплощением стремления к процветанию, единству и укреплению государственности.

🔹В этот праздничный день желаем всем гражданам крепкого здоровья, мира, благополучия, уверенности в завтрашнем дне и новых достижений во благо Республики Казахстан. Пусть наша столица и впредь развивается, сохраняя статус современного центра государственного управления, правосудия и общественного согласия.

С праздником! С Днём столицы!

С уважением, Кассационные суды и Департамент Кассационных судов
👍3
👍6🔥1👏1🎉1
Кассациялық сот ЖШС-тің құқықтарын қорғады

🔹 АҚ сотқа ЖШС-ті мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талап қоюмен жүгінді.

🔹 Сотта мемлекеттік мекемк жариялаған «Әкімшілік және өндірістік ғимараттар кешенін өрттен қорғау бойынша қызмет көрсету» конкурсына екі әлеуетті өнім беруші, атап айтқанда: ЖШС-1 және ЖШС-2 қатысқаны анықталды.

🔹 Конкурс өткізілмеді деп танылып, оған бірде-бір әлеуетті өнім беруші қатысуға жіберілмеген.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

🔹 Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін бұзып, жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы талабын қанағаттандыра отырып, автокөліктің қолданыстағы техникалық қарап-тексеру мерзімі 2024 жылғы 1 желтоқсанда аяқталғанын және жауапкердің конкурсқа қатысу сәтінде 2024 жылға арналған техникалық қарап-тексеру жарамсыз болғанын негізге алған.

🔹 Алайда жауапкер конкурстық өтінімге даулы көлік құралының 2024 жылы техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын диагностикалық картаны қоса ұсынған. Аталған карта 2024 жылғы 2 желтоқсанда берілген, ал келесі техникалық қарап-тексеруден өту мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсан деп көрсетілген. Бұл құжат техникалық қарап-тексеруден өткенін растайды және біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

🔹 Апелляциялық сатыдағы соттың тұжырымдары диагностикалық картаның тіркелмегеніне негізделген. Алайда өтінімге қойылатын талаптарға сәйкес ағымдағы жылы техникалық қарап-тексеруден өткенін растайтын құжат қоса берілуі тиіс еді, жауапкер дәл осы талапты орындаған. Бұл ретте жауапкерде диагностикалық картаны тіркеу және тіркеу органда мәліметтер енгізу жөніндегі өкілеттігі болмаған.

🔹 Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректерін және техникалық қарап-тексерудің диагностикалық картасында қамтылған мәліметтерді ЕИСТО-ға енгізуді қамтамасыз ету техникалық қарап-тексеру операторының міндетіне жатады.

🔹 Кез келген кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану — оның іскерлік беделі мен шаруашылық қызметіне теріс әсер етуі мүмкін қолайсыз құқықтық салдар туындататын шара.

🔹 Конкурстың өткізілмеді деп танылғанын, шарттың жасалмағанын және талап қоюшы үшін қандай да бір теріс салдардың болмағанын ескере отырып, кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жойып, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот
👏7✍1🔥1🎉1
Кассационный суд защитил права ТОО

🔹АО обратилось в суд с иском о признании ТОО недобросовестным участником государственных закупок.

🔹Судом установлено, что в объявленном ГУ конкурсе «Услуга по охране от пожара комплекса административных и производственных зданий» приняло участие два потенциальных поставщика, а именно: ТОО 1 и ТОО 2.

🔹Конкурс признан несостоявшимся, к его участию не допущен ни один потенциальный поставщик.
Решением суда первой инстанции отказано в удовлетворении иска.

🔹Суд апелляционной инстанции, отменяя решение суда первой инстанции и удовлетворяя иск АО о признании ТОО недобросовестным участником государственных закупок, исходил из того, что срок действовавшего технического осмотра автотранспорта истек 1 декабря 2024 года и на момент участия ответчика в конкурсе технический осмотр за 2024 года был недействительным.

🔹Между тем, ответчиком к конкурсной заявке была приложена диагностическая карта о прохождении технического осмотра спорного транспортного средства в 2024 году: дата выдачи 2 декабря 2024 года, срок следующего прохождения 2 декабря 2025 года, подтверждающая прохождение технического осмотра, что соответствует квалификационным требованиям.

🔹Выводы суда апелляционной инстанции построены на отсутствии регистрации диагностической карты, тогда как согласно требованиям к заявке должен быть приложен подтверждающий документ о прохождении технического осмотра за текущий год, что и было сделано ответчиком, у которого отсутствуют полномочия регистрации диагностической карты, внесение данных в ЕИСТО.

🔹Обеспечение внесения данных свидетельства о государственной регистрации транспортного средства и сведений, содержащихся в диагностической карте тех.осмотра, в ЕИСТО является обязанностью оператора технического осмотра.

🔹Признание любого субъекта предпринимательства недобросовестным участником государственных закупок - нежелательный акт, который может сказаться на его деловой репутации и хозяйственной деятельности.

🔹Принимая во внимание тот факт, что конкурс признан несостоявшимся, договор не заключался, отсутствие негативных последствий для истца, суд кассационной инстанции отменил постановление суда апелляционной инстанции с оставлением в силе решения суда первой инстанции.

Кассационный суд по гражданским делам
👏9❤2🔥1🥰1🎉1
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралатын даулар бойынша сот практикасына талдау жүргізді

🔹 Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот тараптардың бірі ретінде жергілікті мемлекеттікбасқару және өзін-өзі басқару органдарықатысатын даулар бойынша сот практикасынаталдау жүргізді. Зерттеу кассациялық сатыда 2025 жылы қаралған сот істерін қамтыды. Талдау«Төрелік» ақпараттық жүйесіндегі сот актілерінің негізінде дайындалды.

🔹 Талдаудың негізгі мақсаты қалыптасқан сот тәжірибесін зерделеу, сот актілерін өзгертусебептерін анықтау, проблемалық мәселелерді белгілеу, сондай-ақ заңнаманы біркелкі қолданудықамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірлеу болды.

🔹 Талдау сот даулары негізінде заңнама талаптарынасәйкес шешілетінін көрсетті. Анықталғанбұзушылықтар кассацияда сот актілерін өзгерту не жаңа шешім қабылдау арқылы уақтылы жойылып отырған.

🔷 Жүргізілген талдау нәтижелері бойыншакассациялық сот мынадай қорытындыларға келді.

🔹 Құқық қолдану практикасындағы негізгіпроблемалардың бірі — жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаралатын дауларда тиісті талап қоюшыны немесе жауапкерді айқындауда бірыңғай тәсілдің болмауы анықталды.

🔹 Талдауда әкімдіктердің, әкімдердің, әкім аппараттарының, мемлекеттік мекемелердің және мәслихаттардың процестік өкілеттіктері егжей-тегжейлі ажыратылған. Жер дауларын, коммуналдық меншікті басқару мәселелерін, мүлікті иесіз деп тану және жергілікті атқарушы органның қатысуымен қаралатын өзге де істерді қарау кезінде, әдетте, заңды тұлға мәртебесінің болмауына қарамастан, тиісті тарап ретінде алқалы атқарушы орган — әкімдік танылатыны атап өтілді.

🔹 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 1-бабының 2) тармақшасына сәйкес, әкімаппараты — жергілікті атқарушы органның, ол құрылған жағдайда, әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялардыжүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

🔹 Мемлекеттік мекемелер, оның ішінде «Әкімаппараты» ММ және салалық басқармаларөздерінің шаруашылық қызметіне байланыстымүліктік, шарттық, еңбек және өзге де даулар бойынша тарап ретінде қатысуға тиіс.

🔹 Осылайша, «Әкім аппараты» ММ жоғарыдакөрсетілген санаттардан басқа істер бойынша тарап бола алмайды.

🔹 Өз кезегінде әкім, әкімдік тек өздері қабылдағанжеке-дара, алқалы шешімдерге, өкімдерге, әрекеттерге немесе әрекетсіздікке байланысты істер бойынша ғана тиісті тарап ретінде қатысады.

🔹 Сонымен қатар, талдауда әкімшілік және азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататын істерсанаттары ажыратылған, бұл бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін маңызды мәнгеие.

🔹 Талдау қорытындысы бойынша сот процесінеқатысушылардың процестік мәртебесін дұрыс айқындау жөнінде практикалық ұсынымдар тұжырымдалды. Бұл істерді қарау кезінде қателіктерге жол бермеуге және азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдардың құқықтарын сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🔹 Талдау нәтижелері Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың пленарлық отырысында талқыланып, одан әрі пайдалану және бірыңғай сот практикасын қалыптастыру мақсатында соттың ресми сайтында орналастырылды.

🔷 Толық талдау мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kass.sud.kz/rus/content/obobshcheniya-po-grazhdanskim-delam
👍2🔥1