КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассационный суд по административным делам Республики Казахстан рассмотрел спор об отмене ранее предоставленного права на земельные участки

🔹 Кассационный суд по административным делам Республики Казахстан рассмотрел административное дело по искам В. и Товарищества к акиму города Темиртау Карагандинской области о признании незаконным и отмене постановления об отмене ранее предоставленного права на земельные участки.

🔹 Поводом для обращения в суд стало постановление акимата города Темиртау от 17 сентября 2024 года, которым были отменены отдельные положения постановления акимата от 5 января 2006 года о предоставлении В. права собственности на пять земельных участков.

🔹 Судами первой и апелляционной инстанций в удовлетворении исков было отказано. Истцы обжаловали судебные акты в кассационном порядке.

🔷 Кассационный суд установил, что спорные земельные участки были предоставлены В. в 2006 году, после чего между акиматом и собственником был заключен договор купли-продажи. В дальнейшем земельные участки были реализованы товариществу, которое осуществило строительство и ввело в эксплуатацию торгово-развлекательный центр.

🔷 Суд кассационной инстанции пришел к выводу, что акиматом при принятии оспариваемого постановления были нарушены требования Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан.

🔹 В частности, перед вынесением обременяющего административного акта не была проведена предусмотренная законом процедура заслушивания, в рамках которой участнику административной процедуры должна быть предоставлена возможность выразить свою позицию по предварительному решению. При этом причины непроведения заслушивания в административном акте указаны не были.

🔷 Кассационный суд отметил, что соблюдение процедуры заслушивания является обязательной гарантией защиты прав участников административной процедуры, а ее игнорирование влечет незаконность административного акта.

🔹 Кроме того, суд указал, что после возникновения и государственной регистрации права собственности на земельные участки исполнительный орган не вправе самостоятельно отменять ранее принятое решение о предоставлении права на землю. Такие споры подлежат разрешению исключительно в судебном порядке.

🔹 Также кассационный суд принял во внимание, что судебные акты по гражданскому делу, на которые ссылались нижестоящие суды в обоснование отказа в иске, впоследствии были отменены кассационной инстанцией по гражданским делам с принятием нового решения об отказе в удовлетворении иска.

🔷 По итогам рассмотрения дела кассационный суд отменил судебные акты судов первой и апелляционной инстанций и принял новое решение об удовлетворении исков.

Кассационный суд по административным делам
👍6🔥1
🔹 Назарларыңызға азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы А.С. Смайловтың және істі қараған сот алқасының атына тарап өкілінен жолданған алғыс хат ұсынылады.

🔹 Сот қызметіне берілген жоғары баға мен білдірілген сенім үшін алғысымызды білдіреміз. Азаматтардың мұндай оң пікірлері сот жүйесіне деген сенімді нығайтып, құқық үстемдігін, заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті одан әрі жетілдіруге ынталандырады.
🔥1
🔹Представляем вашему вниманию благодарственное письмо, направленное представителем стороны в адрес Председателя Кассационного суда по гражданским делам Смайлова А.С. и состава суда, рассмотревшего дело.

🔹Выражаем признательность за обратную связь и высокую оценку работы суда. Такие отзывы свидетельствуют о значимости добросовестного исполнения профессионального долга, способствуют укреплению доверия граждан к судебной системе и служат стимулом для дальнейшего совершенствования судебной деятельности.
👍5❤1🔥1
Кассациялық сот бағалы металдардың заңсыз айналымы және заңсыз кәсіпкерлік туралы істі қайта қарады

🔹 2021–2023 жылдар аралығында Көкшетау қаласында Т. тазартылған алтынды заңсыз сатып алып, одан зергерлік бұйымдар жасап, оларды сатып отырған. Оның заңсыз қызметтен тапқан табысы 224 миллион теңгеден асты.

🔹 Т.-ның қол астында жұмыс істеген Б. оның тапсырмасы бойынша Шымкент қаласына жалпы салмағы шамамен 744 грамм болатын алтын құймалары салынған сәлемдемені жөнелтуді ұйымдастырған.

🔹 Бірінші сатыдағы сот Т.-ны бағалы металдардың заңсыз айналымы, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру қылмыстарын жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп, бағалы металдар айналымы саласында қызметпен айналысу құқығынан 5жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Б. бағалы металдарды аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, осыған ұқсас қосымша жазамен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

🔹 Кассациялық шағымдарда қорғау тарапы сот актілерінің күшін жоюды сұрады. Т.-ның қорғаушысы оның кәсіпкерлік қызметті заңды негізде жүзеге асырғанын, ал алынған табыс делдалдық қызметтің нәтижесі екенін алға тартты. Б.-ның қорғаушысы оның жөнелтілген сәлемдеменің ішінде не болғанынан хабарсыз болғанын көрсетті.

🔹 Кассациялық сот сотталғандардың кінәсі іс бойынша жиналған әрі соттар зерттеген дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденген, ал сот актілерінің күшін жоюға немесе өзгертугенегіз болатын қылмыстық және қылмыстық-процестік заң бұзушылықтар анықталмаған деген қорытындыға келді. Тағайындалған жаза заңды әрі әділ деп танылып, сот актілері өзгеріссіз қалдырылды (№6003-25-00-1к/3063).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍3🔥1
Кассационный суд пересмотрел дело о незаконном обороте драгоценных металлов и незаконном предпринимательстве

🔹 С 2021 по 2023 год в г. Кокшетау Т. незаконно приобретал аффинированное золото, изготавливал из него ювелирные изделия и реализовывал их покупателям. Доход от незаконной деятельности превысил 224 млн тенге.

🔹 Б., работавший у Т., по его поручению организовал отправку в г. Шымкент свертка с золотыми слитками общей массой почти 744 грамма.

🔹 Суд первой инстанции признал Т. виновным в незаконном обороте драгоценных металлов, незаконном предпринимательстве с извлечением дохода в особо крупном размере и легализации преступных доходов, назначив 4 года лишения свободы с конфискацией имущества и лишением права заниматься деятельностью в сфере оборота драгоценных металлов сроком на 5 лет. Б. осужден за незаконную перевозку драгоценных металлов в особо крупном размере к 3 годам лишения свободы с аналогичным дополнительным наказанием.

🔹 В кассационных жалобах защита просила отменить судебные акты. Адвокат Т. утверждал, что предпринимательская деятельность осуществлялась законно, а доход являлся результатом посреднической деятельности. Защитник Б. ссылался на отсутствие у него сведений о содержимом перевозимого свертка.

🔹 Кассационный суд пришел к выводу, что виновность осужденных подтверждается совокупностью исследованных доказательств, а нарушений уголовного и уголовно-процессуального закона, влекущих отмену либо изменение судебных актов, не установлено. Назначенное наказание признано законным и справедливым, в связи с чем судебные акты оставлены без изменения (№ 6003-25-00-1к/3063).

Кассационный суд по уголовным делам
👍6❤1🔥1
Кассациялық сот растады: сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем тек ол нақты орналастырылған жағдайда ғана алынады

🔹 Кассациялық әкімшілік істер жөніндегі сот Серіктестіктің Астана қаласы аудандарының мемлекеттік кірістер басқармаларына қарсы сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемді есептеу жөніндегі әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік ісін қарады.

🔹 Сотқа жүгінуге 2025 жылғы қаңтар, ақпан және наурыз айлары үшін Серіктестіктің сауда дүңгіршектеріне орнатылған LED-экрандарға қатысты төлемнің есептелуі негіз болған. Талап қоюшы даулы кезеңдерде экрандардың бір бөлігінде жарнамалық ақпараттың іс жүзінде көрсетілмегенін көрсеткен.

🔹 Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талапты ішінара қанағаттандырып, жарнама нақты орналастырылмаған объектілер мен кезеңдер бойынша төлемді есептеуді заңсыз деп таныды.

🔷 Кассациялық сот төменгі сатыдағы соттардың қорытындыларымен келісті.

🔷 Сот сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлем төлеу міндеті жарнама нақты орналастырылған кезде ғана туындайтынын түсіндірді. Жарнама конструкциясының немесе LED-экранның болуының өзі тиісті төлемді есептеу үшін жеткілікті негіз болып табылмайды.

🔷 Сонымен қатар сот уәкілетті орган техникалық тасымалдағыштың бар-жоғын анықтаумен ғана шектелмей, дәл жарнамалық ақпараттың нақты таратылғанын растауға міндетті екенін атап өтті. Қаралған іс бойынша даулы кезеңдерде жарнаманың нақты орналастырылғанын растайтын дәлелдемелер ұсынылмаған.

🔷 Істі қарау қорытындысы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі мен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз қалдырылды, ал жауапкерлердің кассациялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
👍4🔥1
Кассационный суд подтвердил: плата за наружную рекламу взимается только при ее фактическом размещении

🔹 Кассационный суд по административным делам рассмотрел административное дело по иску Товарищества к управлениям государственных доходов районов города Астаны о признании незаконными действий по начислению платы за размещение наружной рекламы.

🔹 Основанием для обращения в суд стало начисление платы за январь, февраль и март 2025 года за LED-экраны, установленные на торговых киосках Товарищества. При этом истец указал, что в спорные периоды рекламный контент на части экранов фактически не транслировался.

🔹 Суды первой и апелляционной инстанций частично удовлетворили иск, признав незаконными начисления за те объекты и периоды, когда реклама фактически не размещалась.

🔷 Кассационный суд согласился с этими выводами.

🔷 Суд разъяснил, что обязанность по внесению платы возникает только при фактическом размещении наружной рекламы. Само по себе наличие рекламной конструкции или LED-экрана не означает, что объект подлежит обложению соответствующей платой.

🔷 Также суд отметил, что уполномоченный орган обязан подтверждать именно факт трансляции рекламной информации, а не ограничиваться установлением наличия технического носителя. В рассматриваемом деле доказательств фактического размещения рекламы в спорные периоды представлено не было.

🔷 По итогам рассмотрения дела решение суда первой инстанции и постановление апелляционной инстанции оставлены без изменения, кассационные жалобы ответчиков — без удовлетворения.

Кассационный суд по административным делам
👍7❤1🔥1
Жұмыс беруші қызметкерді кәсіподақ органының келісімінсіз жұмыстан шығарған

🔹 Талап қоюшы С. штат санының қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылуы заңсыз деп есептеп, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

🔷 Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

🔹 Апелляциялық сатыдағы сот еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтап, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырды.

🔷 Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болған.

🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-бабына және «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыс берушінің бастамасы бойынша сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарғанға дейін кәсіподақ органының дәлелді пікірін алуға міндетті.

🔷 Алайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзу кезінде кәсіподақ органының заңда міндетті түрде көзделген дәлелді пікірін алмаған.

🔹 Сонымен қатар, ұжымдық шартта штат саны қысқартылған жағдайда кәсіпорында кемінде 20 жыл жұмыс істеген әйелдерді жұмыста қалдыруға басым құқық берілетіні көзделген. Талап қоюшы аталған кәсіпорында 23 жылдан астам еңбек еткеніне қарамастан, бұл кепілдік жұмыс беруші тарапынан сақталмаған.

🔷 Осы бұзушылықтарды ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп танып, талап қоюшыны бұрынғы лауазымына қайта орналастырды.

🔹 Кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қорытындыларын еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танып, апелляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот
👍5🔥1
Работодатель уволил работника без согласия профсоюзного органа

🔹 Истец С. обратилась в суд с иском о восстановлении на работе, указывая на незаконное увольнение, в связи с сокращением штата работников.

🔷 Суд первой инстанции в иске отказал.

🔹 Апелляционной инстанцией решение суда отменено, иск удовлетворен, в связи с установление нарушений трудового законодательства при увольнении.

🔷 Истец являлась членом выборного профсоюзного органа, не освобожденной от основной работы.

🔹 Обязанность работодателя получить мотивированное мнение профсоюзного органа при издании приказа о расторжении трудового договора по инициативе работодателя с работником, являющимся членом выборного профсоюзного органа предусмотрена статьей 146 Трудового кодекса и статьей 26 Закона «О профессиональных союзах».

🔷 Однако, работодателем при расторжении трудового договора не получено мотивированное мнение профсоюзного органа, что является обязательным в силу требований законодательства.

🔹 Кроме того, коллективным договором предусмотрено преимущественное право на оставление на работе при сокращении штата женщин, проработавших на предприятии не менее 20 лет. Истец проработала на данном предприятии более 23 лет, однако указанная гарантия работодателем нарушена.

🔷 Учитывая допущенные нарушения, апелляционный суд признал приказ о расторжении трудового договора незаконным, восстановил истца в прежней должности.

🔹 Суд кассационной инстанции согласился с выводами суда апелляционной инстанции, признав их соответствующими нормам трудового законодательства, и оставил апелляционное постановление в силе.

Кассационный суд по гражданским делам
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Назарларыңызға “Сотқа алғыс!” айдарын ұсынамыз! Кері байланыс бергендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!

***

⚜️Предлагаем вашему вниманию рубрику «Спасибо суду!» Выражаем искреннюю признательность за вашу обратную связь.
👍5🔥1
Кассациялық сот сот орындаушысының мүлікке салынған тыйымды уақтылы алып тастау міндетін растады

🔹 Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот азаматшаның жеке сот орындаушысына мүліктен тыйымдар мен өзге де шектеулерді алып тастамау түріндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.

🔷 Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар талап қоюды қанағаттандырып, сот орындаушысының әрекетсіздігін заңсыз деп таныды және оған бұрын салынған тыйымдар мен ауыртпалықтарды алып тастауды міндеттеді.

🔹 Кассациялық сот аталған тұжырымдарды қолдады.

🔷 Сот шектеулерді алып тастауға заңды негіздер туындағаннан кейін сот орындаушысы қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауға міндетті екенін атап өтті. Тыйымдарды уақтылы алып тастамау адамның өз мүлкіне еркін билік ету құқығын шектейді және оның мүліктік құқықтарын бұзады.

🔹 Сонымен қатар, сот сот орындаушысы заң талаптарын қатаң сақтай отырып әрекет етуге және атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарын негізсіз шектеуге жол бермеуге міндетті екенін көрсетті.

🔷 Кассациялық шағымның уәждері бұрын анықталған мән-жайларды қайта бағалауға бағытталған және сот актілерінің күшін жоюға негіз болатын дәлелдерді қамтымаған.

🔹 Істі қарау қорытындысы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі мен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз, ал кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сондай-ақ талап қоюшының пайдасына өкілдің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар өндірілді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
👍5👏2🔥1
Кассационный суд подтвердил обязанность судебного исполнителя своевременно снимать арест с имущества

🔹 Кассационный суд по административным делам рассмотрел административное дело по иску гражданки к частному судебному исполнителю о признании незаконным бездействия по неснятию арестов и иных ограничений с имущества.

🔷 Суды первой и апелляционной инстанций удовлетворили иск, признав бездействие судебного исполнителя незаконным и обязав его снять ранее наложенные аресты и обременения.

🔹 Кассационный суд поддержал эти выводы.

🔷 Суд отметил, что после появления законных оснований для снятия ограничений судебный исполнитель обязан без промедления принять необходимые меры. Несвоевременное снятие арестов ограничивает право человека свободно распоряжаться своим имуществом и нарушает его имущественные права.

🔹 Кроме того, суд подчеркнул, что судебный исполнитель обязан действовать строго в рамках закона и не допускать необоснованного ограничения прав участников исполнительного производства.

🔷 Доводы кассационной жалобы сводились к переоценке уже установленных обстоятельств и не содержали оснований для отмены судебных актов.

🔹 По итогам рассмотрения дела решение суда первой инстанции и постановление апелляционной инстанции оставлены без изменения, кассационная жалоба — без удовлетворения. В пользу истца также взысканы расходы на оплату услуг представителя.

Кассационный суд по административным делам
👍7🔥1
Кассациялық сот іс жүргізуді тоқтатты: айыптау тарапы қылмысты жасыру фактісін дәлелдей алмады

🔹 Сот үкіміне сәйкес, 2021 жылы К. Байқоңыр қаласында ұялы телефондағы хат алмасуды өшіру арқылы таныстарының заңсыз әрекеттерінің іздерін жасырған. Бірінші сатыдағы сот оны аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 432-бабы). Рақымшылық жасау туралы актіні ескере отырып, оған 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

🔷 Қорғау тарапы К.-ның кінәсін растайтын жеткілікті дәлелдемелердің жоқ екенін көрсетіп, оны ақтауды және сот актілерінің күшін жоюды сұрады.

🔹 Кассациялық сот істі зерделеу барысында К.-ның кінәлілігі туралы қорытындылар жеткілікті әрі сенімді дәлелдемелермен расталмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты қандай хат алмасудың өшірілгені, оның кіммен жүргізілгені, мазмұны қандай болғаны және оны өшірудің қылмыс іздерін жасырумен қандай байланысы бар екені анықталмаған.

🔷 Осындай мән-жайларда айыптау тарапы К.-ның аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу құрамын құрайтын белсенді әрекеттер жасағанын дәлелдей алмаған.

🔹 Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижесінде кассациялық сот төмен тұрған сатыдағы соттардың сот актілерінің күшін жойып, К.-ны оның әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты (№ 6003-25-00-1к/983(2).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
Кассационный суд прекратил производство по делу: обвинение не доказало факт укрывательства

🔹 Согласно приговору, в 2021 году К. будучи в городе Байконыр удалил переписку в мобильном телефоне, чем скрыл следы незаконной деятельности своих знакомых. Судом первой инстанции он был признан виновным в заранее не обещанном укрывательстве особо тяжкого преступления (статья 432 УК). С учетом акта амнистии ему назначено наказание в виде 8 месяцев лишения свободы.

🔷 Защита просила отменить судебные акты и оправдать К., указывая на отсутствие доказательств его вины.

🔹 Кассационный суд установил, что выводы о виновности К. не подтверждены достаточными и достоверными доказательствами. В ходе досудебного расследования не было установлено, какая именно переписка была удалена, с кем она велась, каково было ее содержание и каким образом ее удаление свидетельствовало о сокрытии следов преступления.

🔷 При таких обстоятельствах обвинением не доказано совершение К. активных действий, образующих состав заранее не обещанного укрывательства особо тяжкого преступления.

🔹 По итогам рассмотрения дела кассационный суд отменил состоявшиеся судебные акты и прекратил производство по делу К. за отсутствием в его действиях состава преступления, предусмотренного статьей 432 УК (№ 6003-25-00-1к/983(2).

Кассационный суд по уголовным делам
👍5