КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.56K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Жұмыс беруші қызметкерді кәсіподақ органының келісімінсіз жұмыстан шығарған

🔹 Талап қоюшы С. штат санының қысқаруына байланысты жұмыстан шығарылуы заңсыз деп есептеп, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

🔷 Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

🔹 Апелляциялық сатыдағы сот еңбек заңнамасының талаптары бұзылғанын анықтап, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойып, талап қоюды қанағаттандырды.

🔷 Іс материалдарына сәйкес, талап қоюшы негізгі жұмысынан босатылмаған сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болған.

🔹 Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 146-бабына және «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, жұмыс беруші жұмыс берушінің бастамасы бойынша сайланбалы кәсіподақ органының мүшесі болып табылатын қызметкермен еңбек шартын бұзу туралы бұйрық шығарғанға дейін кәсіподақ органының дәлелді пікірін алуға міндетті.

🔷 Алайда жұмыс беруші еңбек шартын бұзу кезінде кәсіподақ органының заңда міндетті түрде көзделген дәлелді пікірін алмаған.

🔹 Сонымен қатар, ұжымдық шартта штат саны қысқартылған жағдайда кәсіпорында кемінде 20 жыл жұмыс істеген әйелдерді жұмыста қалдыруға басым құқық берілетіні көзделген. Талап қоюшы аталған кәсіпорында 23 жылдан астам еңбек еткеніне қарамастан, бұл кепілдік жұмыс беруші тарапынан сақталмаған.

🔷 Осы бұзушылықтарды ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп танып, талап қоюшыны бұрынғы лауазымына қайта орналастырды.

🔹 Кассациялық сатыдағы сот апелляциялық сатыдағы соттың қорытындыларын еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес деп танып, апелляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот
👍5🔥1
Работодатель уволил работника без согласия профсоюзного органа

🔹 Истец С. обратилась в суд с иском о восстановлении на работе, указывая на незаконное увольнение, в связи с сокращением штата работников.

🔷 Суд первой инстанции в иске отказал.

🔹 Апелляционной инстанцией решение суда отменено, иск удовлетворен, в связи с установление нарушений трудового законодательства при увольнении.

🔷 Истец являлась членом выборного профсоюзного органа, не освобожденной от основной работы.

🔹 Обязанность работодателя получить мотивированное мнение профсоюзного органа при издании приказа о расторжении трудового договора по инициативе работодателя с работником, являющимся членом выборного профсоюзного органа предусмотрена статьей 146 Трудового кодекса и статьей 26 Закона «О профессиональных союзах».

🔷 Однако, работодателем при расторжении трудового договора не получено мотивированное мнение профсоюзного органа, что является обязательным в силу требований законодательства.

🔹 Кроме того, коллективным договором предусмотрено преимущественное право на оставление на работе при сокращении штата женщин, проработавших на предприятии не менее 20 лет. Истец проработала на данном предприятии более 23 лет, однако указанная гарантия работодателем нарушена.

🔷 Учитывая допущенные нарушения, апелляционный суд признал приказ о расторжении трудового договора незаконным, восстановил истца в прежней должности.

🔹 Суд кассационной инстанции согласился с выводами суда апелляционной инстанции, признав их соответствующими нормам трудового законодательства, и оставил апелляционное постановление в силе.

Кассационный суд по гражданским делам
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Назарларыңызға “Сотқа алғыс!” айдарын ұсынамыз! Кері байланыс бергендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз!

***

⚜️Предлагаем вашему вниманию рубрику «Спасибо суду!» Выражаем искреннюю признательность за вашу обратную связь.
👍5🔥1
Кассациялық сот сот орындаушысының мүлікке салынған тыйымды уақтылы алып тастау міндетін растады

🔹 Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот азаматшаның жеке сот орындаушысына мүліктен тыйымдар мен өзге де шектеулерді алып тастамау түріндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану туралы талап қоюы бойынша әкімшілік істі қарады.

🔷 Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар талап қоюды қанағаттандырып, сот орындаушысының әрекетсіздігін заңсыз деп таныды және оған бұрын салынған тыйымдар мен ауыртпалықтарды алып тастауды міндеттеді.

🔹 Кассациялық сот аталған тұжырымдарды қолдады.

🔷 Сот шектеулерді алып тастауға заңды негіздер туындағаннан кейін сот орындаушысы қажетті шараларды кідіріссіз қабылдауға міндетті екенін атап өтті. Тыйымдарды уақтылы алып тастамау адамның өз мүлкіне еркін билік ету құқығын шектейді және оның мүліктік құқықтарын бұзады.

🔹 Сонымен қатар, сот сот орындаушысы заң талаптарын қатаң сақтай отырып әрекет етуге және атқарушылық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтарын негізсіз шектеуге жол бермеуге міндетті екенін көрсетті.

🔷 Кассациялық шағымның уәждері бұрын анықталған мән-жайларды қайта бағалауға бағытталған және сот актілерінің күшін жоюға негіз болатын дәлелдерді қамтымаған.

🔹 Істі қарау қорытындысы бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі мен апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы өзгеріссіз, ал кассациялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды. Сондай-ақ талап қоюшының пайдасына өкілдің қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі шығыстар өндірілді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот
👍5👏2🔥1
Кассационный суд подтвердил обязанность судебного исполнителя своевременно снимать арест с имущества

🔹 Кассационный суд по административным делам рассмотрел административное дело по иску гражданки к частному судебному исполнителю о признании незаконным бездействия по неснятию арестов и иных ограничений с имущества.

🔷 Суды первой и апелляционной инстанций удовлетворили иск, признав бездействие судебного исполнителя незаконным и обязав его снять ранее наложенные аресты и обременения.

🔹 Кассационный суд поддержал эти выводы.

🔷 Суд отметил, что после появления законных оснований для снятия ограничений судебный исполнитель обязан без промедления принять необходимые меры. Несвоевременное снятие арестов ограничивает право человека свободно распоряжаться своим имуществом и нарушает его имущественные права.

🔹 Кроме того, суд подчеркнул, что судебный исполнитель обязан действовать строго в рамках закона и не допускать необоснованного ограничения прав участников исполнительного производства.

🔷 Доводы кассационной жалобы сводились к переоценке уже установленных обстоятельств и не содержали оснований для отмены судебных актов.

🔹 По итогам рассмотрения дела решение суда первой инстанции и постановление апелляционной инстанции оставлены без изменения, кассационная жалоба — без удовлетворения. В пользу истца также взысканы расходы на оплату услуг представителя.

Кассационный суд по административным делам
👍7🔥1
Кассациялық сот іс жүргізуді тоқтатты: айыптау тарапы қылмысты жасыру фактісін дәлелдей алмады

🔹 Сот үкіміне сәйкес, 2021 жылы К. Байқоңыр қаласында ұялы телефондағы хат алмасуды өшіру арқылы таныстарының заңсыз әрекеттерінің іздерін жасырған. Бірінші сатыдағы сот оны аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалғаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК-нің 432-бабы). Рақымшылық жасау туралы актіні ескере отырып, оған 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

🔷 Қорғау тарапы К.-ның кінәсін растайтын жеткілікті дәлелдемелердің жоқ екенін көрсетіп, оны ақтауды және сот актілерінің күшін жоюды сұрады.

🔹 Кассациялық сот істі зерделеу барысында К.-ның кінәлілігі туралы қорытындылар жеткілікті әрі сенімді дәлелдемелермен расталмағанын анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты қандай хат алмасудың өшірілгені, оның кіммен жүргізілгені, мазмұны қандай болғаны және оны өшірудің қылмыс іздерін жасырумен қандай байланысы бар екені анықталмаған.

🔷 Осындай мән-жайларда айыптау тарапы К.-ның аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу құрамын құрайтын белсенді әрекеттер жасағанын дәлелдей алмаған.

🔹 Істі кассациялық тәртіппен қарау нәтижесінде кассациялық сот төмен тұрған сатыдағы соттардың сот актілерінің күшін жойып, К.-ны оның әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432-бабында көзделген қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізуді тоқтатты (№ 6003-25-00-1к/983(2).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
Кассационный суд прекратил производство по делу: обвинение не доказало факт укрывательства

🔹 Согласно приговору, в 2021 году К. будучи в городе Байконыр удалил переписку в мобильном телефоне, чем скрыл следы незаконной деятельности своих знакомых. Судом первой инстанции он был признан виновным в заранее не обещанном укрывательстве особо тяжкого преступления (статья 432 УК). С учетом акта амнистии ему назначено наказание в виде 8 месяцев лишения свободы.

🔷 Защита просила отменить судебные акты и оправдать К., указывая на отсутствие доказательств его вины.

🔹 Кассационный суд установил, что выводы о виновности К. не подтверждены достаточными и достоверными доказательствами. В ходе досудебного расследования не было установлено, какая именно переписка была удалена, с кем она велась, каково было ее содержание и каким образом ее удаление свидетельствовало о сокрытии следов преступления.

🔷 При таких обстоятельствах обвинением не доказано совершение К. активных действий, образующих состав заранее не обещанного укрывательства особо тяжкого преступления.

🔹 По итогам рассмотрения дела кассационный суд отменил состоявшиеся судебные акты и прекратил производство по делу К. за отсутствием в его действиях состава преступления, предусмотренного статьей 432 УК (№ 6003-25-00-1к/983(2).

Кассационный суд по уголовным делам
👍5
Кассациялық соттар департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды

🔹 Кассациялық соттар департаментінде мемлекеттік қызметшілерге қызметтік пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

🔷 Іс-шара барысында үш мемлекеттік қызметшіге қызметтік пәтерлердің кілттері табысталды.

🔹 Кассациялық соттарда еліміздің әртүрлі өңірлерінен қоныс аударып келген мемлекеттік қызметшілер қызмет атқаратындықтан, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі күні ерекше маңызға ие.

🔷 Департамент басшылығы қоныс иелерін құттықтап, оларға отбасылық амандық, жаңа қоныстарында жайлылық және қызметтік міндеттерін атқаруда табыс тіледі.

Кассациялық соттардың баспасөз қызметі
👍4👏2🔥1
Государственным служащим Департамента кассационных судов вручены ключи от служебных квартир

🔹 В Департаменте кассационных судов состоялась торжественная церемония вручения ключей от служебных квартир государственным служащим.

🔹 Поскольку в кассационных судах работают государственные служащие, преимущественно переехавшие из регионов страны, вопрос обеспечения их жильем сегодня имеет особое значение.

🔷 Руководство Департамента поздравило новоселов, пожелав им семейного благополучия, уюта и дальнейших успехов в профессиональной деятельности.

Пресс-служба кассационных судов
👍9🔥3
Қызы, тұрғын үйдің меншік иесі бола отырып, әкесін үйден шығаруды талап етті

🔹
Талап қоюшы тұрғын үйге меншік құқығы өз атына тіркелгенін негізге ала отырып, әкесін үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

🔹Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырды.

🔹Алайда апелляциялық сатыдағы сот бірінші саты сотының шешімін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

🔹Жауапкер талап қоюшының туған әкесі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, тұрғын үй меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді меншік иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы.

🔹Осылайша, жауапкер 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап даулы тұрғын үйде заңды негізде тұрып келген және қазіргі уақытта да тұрып жатыр. Сонымен қатар, талап қоюшы осы уақыт аралығында оның үйде тұруына қарсылық білдірмеген.

🔹Жауапкердің жалғыз баспанасына қатысты құқықтарының бұзылғанын ескере отырып, апелляциялық сот оны тұрғын үйден шығару туралы талап қоюшының талабын заңсыз деп таныды.

🔹Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық саты сотының қорытындыларымен келісіп, олардың Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес келетінін атап өтті және апелляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍4👏3
Дочь, являясь собственником жилья, выселила своего отца из дома.
 
🔹Истец обратилась в суд с иском о выселении отца, мотивируя свое требование наличием зарегистрированного за ней права собственности на дом.

🔹Суд первой инстанции иск удовлетворил.

🔹Апелляционной инстанцией решение суда отменено, в удовлетворении иска отказано.

🔹Ответчик является родным отцом истца. В соответствии со статьей 68 Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях», члены семьи собственника жилого помещения имеют право пользования данным жилым помещением наравне с собственником.

🔹Таким образом, ответчик проживал и проживает в спорном имуществе на законных основаниях с сентября 2022 года, при этом истецвсе это время не возражала против его проживания в доме.

🔹Учитывая допущенные нарушения прав ответчика на единственное жилье, апелляционный суд признал незаконными требования истца о его выселении.

🔹Кассационный суд по гражданским делам согласился с выводами суда апелляционной инстанции, признав их соответствующими нормам Закона Республики Казахстан «О жилищных отношениях», оставил апелляционное постановление в силе.

Кассационный суд по гражданским делам
👍10