КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Өзбекстан Республикасының делегациясы Қазақстан Жоғарғы Сотында болды

▪️Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Өзбекстан Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары Акрам Шукуровпен және Өзбекстан Жоғары Судьялар Кеңесі төрағасының орынбасары Нодира Бобохоновамен кездесу өткізді.

▪️Қазақстан тарапынан кездесуге Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, Астана қалалық сотының төрағасы Айдар Смағұлов, Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Болат Жоламанов және Өзбекстан тарапынан ЖСК судьясы Сұлтанмұрат Давлетмуратов, ЖС судьясы Носир Зайнабидинов және ПӘ жоба үйлестірушісі Иван Никонов қатысты.

▪️Тараптар екі елдің сот жүйелерінің дамуын, реформалардың өзекті бағыттарын және одан әрі тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

▪️А.Мерғалиев Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан негізгі өзгерістер туралы айтты.

▪️Азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімді және түсінікті етуге, бұзылған құқықтардың тиімді қорғалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.

▪️Соттар мен судьялардың тәуелсіздігін нығайту, сондай-ақ сот процестерін цифрландыру да басымдықтар ретінде атап өтілді.

▪️Н.Бобохонова өзбек тарапының сот әкімшілігі институтын құру және сот реформасы тәжірибесімен бөлісудегі Қазақстанның тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытқанын білдірді.

▪️Кездесуге қатысушылар одан әрі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

▪️Олардың айтуынша, тәжірибе алмасу сот төрелігі саласындағы табысты практиканы зерттеуге, ортақ мәселелерді шешудің тиімді шешімдерін қабылдауға және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік береді.

▪️ҚР Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығында қонақтарға соттарда енгізілген заманауи цифрлық шешімдер мен IT-құралдары көрсетілді.

▪️Оларға сондай-ақ халықаралық сарапшылардың жоғары бағасына ие болған судьялардың кәсіби қызметін бағалаудың қазақстандық моделі таныстырылды.

▪️Қонақтар Астана қалалық сотына және қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта болды.

▪️Оларға электрондық сот жүйелері көрсетіліп, соттар жұмысында цифрлық шешімдердің қалай қолданылатыны көрсетілді.

▪️Сапар сот реформаларын талқылау алаңы ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибе алмасу және сот төрелігін жүзеге асырудың заманауи тәсілдері туралы білу мүмкіндігі болды.
👍5
В Верховном Суде Казахстана побывала делегация Республики Узбекистан

▪️Председатель Верховного Суда Казахстана Асламбек Мергалиев провел встречу с заместителем Председателя Верховного Суда Узбекистана Акрамом Шукуровым и заместителем Председателя Высшего судейского совета Узбекистана Нодирой Бобохоновой.

▪️Во встрече с казахстанской стороны приняли участие Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров и председатель суда г.Астаны Айдар Смагулов, заместитель Руководителя Судебной администрации Болат Жуламанов, с узбекской – судья ВСС Султанмурат Давлетмуратов, судья ВС Носир Зайнабидинов и координатор проекта АП Иван Никонов.

▪️Стороны обсудили развитие судебных систем двух стран, актуальные направления реформ и возможности дальнейшего обмена опытом.

▪️А.Мергалиев рассказал о ключевых преобразованиях, проводимых в Казахстане.

▪️Особое внимание уделяется тому, чтобы правосудие было более доступным и понятным для граждан, а нарушенные права получали эффективную защиту. Среди приоритетов также отмечены укрепление независимости судов и судей, а также цифровизация судебных процессов.

▪️Н.Бобохонова выразила заинтересованность узбекской стороны в изучении казахстанского опыта создания института судебного администрирования и обмене практиками судебных реформ.

▪️Участники встречи подчеркнули важность дальнейшего сотрудничества. По их мнению, обмен опытом позволит изучать успешные практики в сфере правосудия, перенимать эффективные решения общих задач и укреплять традиционно дружественные связи между Казахстаном и Узбекистаном.

▪️В Ситуационном центре ВС РК гостям продемонстрировали современные цифровые решения и IT-инструменты, внедренные в деятельность судов.

▪️Гости также ознакомились с казахстанской моделью оценки профессиональной деятельности судей, которая получила высокую оценку международных экспертов.

▪️Гости посетили суд г.Астаны и межрайонный суд по уголовным делам. Им презентовали электронные системы судопроизводства и показали, как цифровые решения применяются в работе судов.

▪️Визит стал не только площадкой для обсуждения судебных реформ, но и возможностью на практике обменяться опытом и ознакомиться с современными подходами к осуществлению правосудия.
👍4
Кассациялық сот адам өлтіру туралы істі  қайта қарады

🔷2025 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласындағы «Пинта» барында сотталған Р. жәбірленуші Н. және басқа да адамдармен бір үстелде отырған. Н.-нің  Р.-ға келуші әйелдердің біріне қатысты мінез - құлқына байланысты ескерту жасағаннан кейін, олардың арасында жанжал туындап, ол сыртта жалғасып, төбелеске ұласқан. Төбелес барысында Н. Р.-ға бірнеше рет соққы жасаған.
Осыдан кейін Р. пышақ алып, Н.-ға екі рет соққы жасаған, алған жарақаттарының салдарынан ол кейін қайтыс болған.

🔷Кассациялық сатыдағы сот іс бойынша  дәлелдемелер мен бейнежазбаларды зерттей келе, жанжалдың бұзақылық ниетпен емес, кенеттен туындаған араздық қатынастар негізінде пайда болғанын растады. Төбелестің бастамашысы Р.-ға дене күшін қолданған және ғимаратқа қарай кетіп бара жатқан Р.-ның соңынан жүруін жалғастырған жәбірленуші Н. болды. Р.-ның  жауап ретінде жасаған әрекеттеріне дәл осы жанжал себеп болған.

🔷Осыған байланысты кассациялық сот апелляциялық сатының «бұзақылық ниетпен» деген саралау белгісін алып тастау және Р.-дың әрекетін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағынан 99-бабының 1-бөлігіне, яғни адамды қасақана  өлтіру  ретінде қайта саралау туралы шешімін негізді деп таныды.
Сондықтан облыстық сот Р.-ға тағайындалған жазаны 16 жылдан 14 жылға дейін дұрыс төмендетті.

№ 6003-26-00-1к/221

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍3
Кассационный суд пересмотрел дело об убийстве

🔷11 января 2025 года в баре «Пинта» города Алматы осужденный Р. находился за одним столом с потерпевшим Н. и другими лицами. После замечания Н. по поводу поведения Р. в отношении одной из посетительниц между ними возник конфликт, который продолжился на улице и перерос в драку, в ходе которой Н. несколько раз ударил Р.
Затем Р. взял нож и нанёс Н. два удара, от полученных ранений тот впоследствии скончался.

🔷Исследование кассационной инстанцией доказательств и видеозаписей подтвердило, что конфликт возник на почве внезапно возникших неприязненных отношений, а не из хулиганских побуждений. Инициатором драки явился потерпевший Н., применивший физическую силу к Р. и продолживший идти за уходящим в здание Р. Ответные действия Р. были вызваны именно этим конкретным конфликтом.

🔷В связи с этим кассационная инстанция признала обоснованным решение апелляционной инстанции по исключению квалифицирующего признака «из хулиганских побуждений» и изменению квалификации  действий Р. с пункта 9) части 2 статьи 99 УК на часть 1 статьи 99 УК — как умышленное причинение смерти человеку.
Поэтому наказание Р. областным судом правомерно снижено с 16 до 14 лет лишения свободы

№ 6003-26-00-1к/221

Кассационный суд по уголовным делам
👍6❤1
Paragraph.kz платформасында Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот судьясы М.К. Сатыбалдиннің мақаласы жарияланды

🔹 Мақалада 2025 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттың құзыретіне жататыны атап өтіледі.

🔹 Автор кассациялық сатының ерекшеліктеріне тоқталып, кассациялық сот жаңа дәлелдемелерді зерттемейтінін және жаңа фактілік мән-жайларды анықтамайтынын түсіндіреді. Оның негізгі міндеті – төмен тұрған соттардың материалдық және процестік құқық нормаларын дұрыс қолдануын тексеру.

🔹 Мақалада кассациялық қайта қараудың заңда белгіленген негіздер бойынша жүзеге асырылатынына назар аударылады. Сонымен қатар кассациялық өтініштерді беру кезінде жиі кездесетін қателер, оның ішінде сот актісіне тек дәлелдемелерді бағалау тұрғысынан келіспеу, бұрын қаралған уәждерді қайталау және кассациялық сатыға жүгінудің белгіленген тәртібін сақтамау мәселелері қарастырылады.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты

***

На платформе Paragraph.kz опубликована статья судьи Кассационного суда по уголовным делам М.К. Сатыбалдина

🔹 В статье отмечается, что с 1 июля 2025 года пересмотр вступивших в законную силу судебных актов по делам об административных правонарушениях относится к компетенции Кассационного суда по уголовным делам.

🔹 Автор разъясняет особенности кассационного производства. Кассационный суд не исследует новые доказательства и не устанавливает новые фактические обстоятельства. Его основная задача – проверить правильность применения судами норм материального и процессуального права.

🔹 В публикации также рассматриваются установленные законом основания кассационного пересмотра и наиболее распространенные ошибки при обращении в кассационную инстанцию. В их числе – несогласие исключительно с оценкой доказательств, повторение доводов, уже рассмотренных судами, а также несоблюдение установленного порядка судебного обжалования.

Кассационный суд по уголовным делам

https://prg.kz/document/?doc_id=39387118
👍5
«ӘРПК назарында: жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру актілеріне дау айту кезінде 25% шектеу» тақырыбындағы мақала

🔷Назарларыңызға Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы Л.Е.Каирбаеваның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасындағы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан зардап шеккен қызметкердің аралас кінәсінің шекті мөлшерін белгілейтін жаңа ережелерді қолдануға арналған мақаласын ұсынамыз.

🔷Мақалада жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру актілеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен дау айту мәселелері, сондай-ақ белгіленген 25 пайыздық шектеудің сот практикасына және дәлелдеу ауыртпалығын бөлуге ықпалы қарастырылады.                                                                                         

🔷Төменде мақаланың толық мәтінімен танысуды ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер қағидатты маңызы бар ережені белгіледі: өндірістегі жазатайым оқиға кезінде зардап шеккен қызметкердің аралас кінәсінің дәрежесі енді 25% аспауға тиіс. Бұл норманың Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі тұрғысынан қалай қолданылатынын және оның еңбек дауларын қарау практикасына қалай әсер ететінін қарастырайық.

ӘРПК тұрғысынан алғанда, жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі – әкімшілік акт болып табылады, оның мазмұны жұмыс беруші мен сақтандыру компаниясы тарапынан зардап шеккен қызметкерге немесе оның отбасына төленетін материалдық төлемдердің мөлшеріне тікелей әсер етеді. Бұған дейін практикада актілерде қызметкердің кінәсінің 50, 70 және одан да жоғары пайыз мөлшерінде көрсетілген жағдайлар жиі кездесетін, соның салдарынан азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр болатын. Енді заң шығарушы қызметкердің кінәсінің ең жоғары мөлшерін – 25% құрайтын қатаң императивтік шекті белгіледі. Бұл сот талқылауына деген тәсілді түбегейлі өзгертеді.

ӘРПК шеңберіндегі сот даулары үшін бұл жаңашылдықтың бірнеше негізгі салдары бар. Біріншіден, белгіленген шектен кез келген асып кету, мысалы, актіде қызметкердің кінәсін 30% немесе 50% мөлшерінде көрсету, актіні осы бөлігінде заңсыз деп тануға және оны соттың өзгертуіне сөзсіз негіз болады, өйткені бұл заңның императивтік нормасын тікелей бұзуды білдіреді. Екіншіден, жұмыс берушілер үшін дәлелдеудің шектері едәуір өзгереді. Егер бұрын олар қызметкердің кінәсінің пайызын арттыру және төлемдер мөлшерін азайту мақсатында оның өрескел абайсыздығын дәлелдеуге белсенді түрде тырысқан болса, енді мұндай әрекеттер процессуалдық тұрғыдан мәнін жоғалтады. Қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылғаны дәлелденген жағдайда да зардап шеккен қызметкердің кінәсін заң тұрғысынан 25% жоғары белгілеу мүмкін емес. Үшіншіден, ӘРПК-ге тән классикалық қағида сақталады: қабылданған актінің заңдылығы мен негізділігін дәлелдеу ауыртпалығы толығымен уәкілетті органға жүктеледі.

Жалпы алғанда, аталған шектеуді енгізу еңбекті қорғау саласындағы әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық айқындық қағидаттарын нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады. Соттар үшін бұл өндірістік процестердің қауіпсіздігіне қатысты жұмыс берушілердің жауапкершілігін субъективті түрде төмендетуге бағытталған кез келген әрекетті болдырмайтын бірыңғай әрі болжамды сот практикасын қалыптастыруды білдіреді.

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сотының судьясы
Л.Е. Каирбаева
👍5
Статья на тему «В фокусе АППК: лимит в 25% при оспаривании актов спецрасследования несчастных случаев»

🔷Предлагаем вашему вниманию статью судьи Кассационного суда по административным делам Л.Е.Каирбаевой, посвященную применению новых положений трудового законодательства Республики Казахстан, устанавливающих предельный размер степени смешанной вины пострадавшего работника при несчастном случае на производстве.

🔷В статье рассматриваются вопросы оспаривания актов специального расследования несчастных случаев в порядке, предусмотренном Административным процедурно-процессуальным кодексом Республики Казахстан, а также влияние установленного 25-процентного ограничения на судебную практику и распределение бремени доказывания.

🔷Далее предлагаем ознакомиться с полным текстом статьи.

Недавние изменения в трудовое законодательство Республики Казахстан установили принципиально важное правило: степень смешанной вины пострадавшего работника при несчастном случае на производстве теперь не может превышать 25%. Рассмотрим, как эта норма будет работать через призму Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан и как она изменит практику рассмотрения трудовых споров.

С точки зрения АППК, акт специального расследования несчастного случая является административным актом, от содержания которого напрямую зависит объем материальных выплат пострадавшему или его семье со стороны работодателя и страховой компании. Раньше на практике нередко возникали ситуации, когда в актах фиксировалась завышенная степень вины работника в 50, 70 и более процентов, после чего граждане были вынуждены обращаться в суд за защитой своих прав. Теперь законодатель ввел жесткий императивный предел - максимум 25% вины сотрудника, что кардинально меняет подход к судебному разбирательству.

Для судебных споров по АППК это нововведение имеет несколько ключевых последствий. Во-первых, любое превышение установленного порога , например, указание в акте 30% или 50% вины, становится безусловным основанием для признания акта в этой части незаконным и его изменения судом, так как налицо прямое нарушение императивной нормы закона. Во-вторых, существенно меняются пределы доказывания для работодателей. Если раньше они активно пытались доказать грубую неосторожность сотрудника, чтобы повысить процент его вины и снизить выплаты, то теперь эти попытки теряют процессуальный смысл. Даже при наличии доказанного нарушения техники безопасности поднять вину пострадавшего выше 25% юридически невозможно. В-третьих, сохраняется классическое для АППК правило: бремя доказывания законности и обоснованности принятого акта полностью лежит на уполномоченном органе.

В целом, введение данного ограничения знаменует собой важный шаг к укреплению принципов социальной справедливости и правовой определенности в сфере охраны труда. Для судов  это означает формирование единообразной и предсказуемой практики, исключающей любые попытки субъективного занижения ответственности работодателей за безопасность производственных процессов.

Судья Кассационного суда по административным делам Л.Е.Каирбаева
👍8
Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеуді инкассалық өкім бойынша өндірілген сомалардан ұстап қалуға болмайды

🔷Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық сот «К.» ЖШС мен жеке сот орындаушысы арасындағы инкассалық өкімдер бойынша өндірілген ақшалай қаражаттан оның қызметіне ақы төлеу сомасын ұстап қалудың заңдылығына қатысты дауды қарады.

🔷Сотқа жүгінуге жеке сот орындаушысының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі «К.» ЖШС пайдасына С.-дан берешекті өндіріп алу туралы алты атқарушылық іс жүргізу бойынша ақшалай қаражатты бөлу жөніндегі қаулылары негіз болды.

🔷Бірінші және апелляциялық сатылардағы соттар аталған қаулыларды жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу үшін артық ұсталған сома бөлігінде ғана заңсыз деп танып, талап қоюдың қалған бөлігін қанағаттандырудан бас тартқан.

🔷Кассациялық сот бұл тұжырымдармен келіспей, бірінші және апелляциялық сатылардағы сот актілерінің күшін жойып, талап қоюды толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім қабылдады.

🔷Сот заңнамаға сәйкес атқарушылық құжат негізінде инкассалық өкім бойынша өндірілген ақшалай қаражат өндіріп алушыға аударылуға тиіс екенін атап өтті. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу және атқарушылық іс жүргізу бойынша шығыстарды өтеу тиісті сомалар өндірілгеннен кейін жеке тәртіппен – дербес қаулылар шығару арқылы жүзеге асырылады. Мұндай қаулылар атқарушылық құжаттар болып табылады.

🔷Бұл ретте инкассалық өкім бойынша өндірілген сомалар жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшеріне азайтылмауға тиіс. Яғни, жеке сот орындаушысы өндіріп алушының пайдасына инкассалық өкім бойынша өндірілген ақшалай қаражаттан өзінің қызметіне ақы төлеу сомасын тікелей ұстап қала алмайды.

🔷Кассациялық сот жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төленбеген жағдайда, оның мөлшерін бекіту туралы тиісті қаулы заңда белгіленген тәртіппен, оның ішінде борышкердің мүлкіне өндіріп алуды қолдану арқылы орындалуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл бастапқы атқарушылық құжат бойынша өндірілген ақшалай қаражаттан аталған төлемді ұстап қалуға негіз болмайды.

🔷Қаралып отырған жағдайда жеке сот орындаушысы инкассалық өкімдер бойынша келіп түскен ақшалай қаражатты бөлу кезінде өзінің қызметіне ақы төлеу сомаларын негізсіз ұстап қалған. Нәтижесінде өндіріп алушыға тиесілі ақшалай қаражат толық көлемде аударылмаған.

🔷Кассациялық сот борышкердің кейіннен өндіріп алушыға жетіспейтін соманы өтегені туралы уәжді де қабылдамады. Кейіннен орындалған міндеттеме жол берілген құқық бұзушылықты жоймайды және өндіріп алушыны сот арқылы қорғалу құқығынан айырмайды.

🔷Осыған байланысты Кассациялық сот алты атқарушылық іс жүргізу бойынша 2025 жылғы 3 қыркүйекте шығарылған ақшалай қаражатты бөлу туралы қаулыларды заңсыз деп танып, олардың күшін жойды. Кассациялық шағым қанағаттандырылды.

№6003-26-00-4к/861

Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты
👍6
Удерживать оплату деятельности частного судебного исполнителя из сумм, взысканных по инкассовому распоряжению, нельзя

🔷Кассационный суд по административным делам рассмотрел спор между ТОО «К.» и частным судебным исполнителем по вопросу законности удержания оплаты его деятельности из денежных средств, взысканных по инкассовым распоряжениям.

🔷Поводом для обращения в суд стали постановления частного судебного исполнителя от 3 сентября 2025 года о распределении денежных средств по шести исполнительным производствам о взыскании с С. задолженности в пользу ТОО «К.».

🔷Суды первой и апелляционной инстанций признали постановления незаконными только в части излишне удержанной суммы оплаты деятельности частного судебного исполнителя, отказав в удовлетворении иска в остальной части.

🔷Кассационный суд с такими выводами не согласился, отменил судебные акты первой и апелляционной инстанций и принял новое решение об удовлетворении иска в полном объеме.

🔷Суд указал, что в соответствии с законодательством денежные средства, взысканные по инкассовому распоряжению на основании исполнительного документа, подлежат перечислению взыскателю. Оплата деятельности частного судебного исполнителя и возмещение расходов по исполнению производятся отдельно — после взыскания соответствующих сумм путем вынесения самостоятельных постановлений, являющихся исполнительными документами.

🔷При этом взысканные по инкассовому распоряжению суммы не могут быть уменьшены на размер оплаты деятельности частного судебного исполнителя. Иными словами, частный судебный исполнитель не вправе удерживать свою оплату непосредственно из денежных средств, взысканных в пользу взыскателя по инкассовому распоряжению.

🔷Кассационный суд отметил, что если оплата деятельности частного судебного исполнителя не произведена, соответствующее постановление об утверждении ее размера может быть исполнено в установленном законом порядке, в том числе путем обращения взыскания на имущество должника. Однако, это не дает оснований удерживать указанную оплату из денежных средств, взысканных по первоначальному исполнительному документу.

🔷В рассматриваемом случае частный судебный исполнитель при распределении денежных средств, поступивших по инкассовым распоряжениям, необоснованно удержал суммы оплаты своей деятельности. Такие действия привели к неполному перечислению взыскателю причитающихся ему денежных средств.

🔷Кассационный суд также отклонил довод о том, что впоследствии должник погасил взыскателю недостающую сумму. Последующее исполнение не устраняет допущенное нарушение и не лишает взыскателя права на судебную защиту.

🔷В связи с этим Кассационный суд признал незаконными и отменил постановления о распределении денежных средств от 3 сентября 2025 года, вынесенные по шести исполнительным производствам. Кассационная жалоба удовлетворена.

№6003-26-00-4к/861

Кассационный суд по административным делам
👍11