КАССАЦИЯЛЫҚ СОТТАР
1.57K subscribers
774 photos
128 videos
1 file
119 links
Актуальные новости кассационых судов

Сайт:
http://kass.sud.kz/
https://t.me/Jogargy_sot

Instagram:

Facebook:
Download Telegram
Кассациялық сотта азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығына қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңгерлік қоғамдастықпен кездесу өтті

🔹Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мергалиевтің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 2026 жылғы 9 қазанда Астанада «Азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығына қол жеткізуі» тақырыбында кездесу өтті.

🔹Іс-шараға Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың судьялары және Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен құқық саласының сарапшыларын қоса алғанда, 200-ден астам қатысушы қатысты.

🔹Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың төрағасы Асқар Смайлов құттықтау сөз сөйлеп, азаматтардың құқықтары мен бизнестің заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін арттыруда ашық кәсіби диалогтың маңыздылығын атап өтті.

🔹Кездесу аясында Кассациялық соттар департаменті басшысының орынбасары Гузаль Тұрдыева 9 айдың қорытындысы бойынша нәтиделерді баяндап, талапқа сай рәсімделмеген кассациялық шағымдарды қайтару санын азайту мәселелерін атап өтті. Сонымен қатар сот практикасының өзекті мәселелері бойынша мынадай тақырыптар қаралды:

🔹Жеке тұлғалардың банкроттығы. Судья Қарлығаш Исмағұлова банкроттық туралы заңнаманы қолданудың проблемалық аспектілері мен практикалық мәселелерін баяндады.

🔹Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою. Судья Сауле Нұрабай жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдеріне шағымдану мәселелері бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс пен Азаматтық процестік кодекстің ережелерін ескере отырып, сотқа шағымдану тәртібін айқындаудың ерекшеліктеріне тоқталды.

🔹Сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру. Судья Нұрлыбек Ормаханов сот актілерінің орындалуын тоқтата тұру тәртібі мен кассациялық шағымдарды қарау кезінде туындайтын өзекті мәселелерге тоқталды.

🔹Кездесу барысында сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге, сот арқылы қорғану тетіктерінің қолжетімділігін арттыруға және заңнаманы дұрыс қолдануға ерекше назар аударылды.

🔹Сондай-ақ кездесуге белсенді қатысып, өзекті мәселелерді талқылауға қызығушылық танытқаны және сындарлы кәсіби диалогқа үлес қосқаны үшін адвокаттар А. Гладилин, Е. Евгеньев, Р. Джусаналиев, Ф. Берсанов және заңгерлік қоғамдастықтың басқа да өкілдерінің белсенді үлесі атап өтілді.

🔹Кездесу «сұрақ-жауап» форматындағы ашық диалогпен аяқталды. Қатысушылар сот арқылы қорғалу құқығын іске асыру кезінде туындайтын практикалық жағдайларды талқылап, пікір алмасты және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде ұсыныстарын білдірді.

Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соты
👍6🔥1
В Кассационном суде прошла встреча с юридическим сообществом на тему обеспечения доступа граждан к судебной защите

🔹 Во исполнение протокольного поручения Председателя Верховного Суда Республики Казахстан Асламбека Мергалиева 9 октября 2026 года в Астане состоялась встреча на тему «Доступ граждан к судебной защите».

🔹 В мероприятии приняли участие судьи Кассационного суда по гражданским делам и более 200 участников, в том числе представители Управления государственных доходов и эксперты в сфере права.

🔹 С приветственным словом выступил председатель Кассационного суда по гражданским делам Аскар Смайлов, отметив важность открытого профессионального диалога для повышения эффективности судебной защиты прав граждан и законных интересов бизнеса.

🔹 В рамках встречи заместителем руководителя департамента Кассационных Судов Турдыевой Г.К. освещены статданные по итогам 9 месяцев и меры, направленные на сокращение количества возвратов некачественно оформленных кассационных жалоб. Также рассмотрены актуальные вопросы судебной практики по следующим темам:

🔹 Банкротство физических лиц. Судья Карлыгаш Исмагулова осветила проблемные аспекты и практические вопросы применения законодательства о банкротстве.

🔹 Изъятие земельных участков для государственных нужд. Судья Сауле Нурабай выступила с докладом об обжаловании решений местных исполнительных органов о принудительном отчуждении земельных участков, в том числе об особенностях определения порядка судебного обжалования с учетом положений АППК и ГПК.

🔹 Приостановление исполнения судебных актов. Судья Нурлыбек Ормаханов остановился на порядке приостановления исполнения судебных актов и актуальных вопросах, возникающих при рассмотрении кассационных жалоб.

🔹 Особое внимание в ходе встречи уделено вопросам единообразия судебной практики, доступности механизмов судебной защиты и правильного применения законодательства.

🔹 Отдельно отмечен активный вклад адвокатов А. Гладилина, Е. Евгеньева, Р. Джусаналиева, Ф. Берсанова и других представителей юридического сообщества, которые приняли активное участие во встрече, проявили заинтересованность в обсуждении актуальных вопросов и внесли вклад в конструктивный профессиональный диалог.

🔹 Встреча завершилась открытым диалогом в формате «вопрос–ответ». Участники обсудили практические ситуации, возникающие при реализации права на судебную защиту, обменялись мнениями и предложениями по совершенствованию правоприменительной практики.

Кассационный суд по гражданским делам
👍10🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кассациялық сотта азаматтардың сот арқылы қорғалу құқығына қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңгерлік қоғамдастықпен кездесу өтті

***

В Кассационном суде прошла встреча с юридическим сообществом на тему обеспечения доступа граждан к судебной защите
👍9🔥1
Теміржол вагондарын жалға беру сылтауымен жасалған алаяқтық

🔹2022 жылғы қыркүйекте М. өзі басқаратын ұйымның меншігінде де, жалдауында да болмаған теміржол вагондарын жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Кәсіпкерді сендіру үшін оған сериялық нөмірлері көрсетілген 36 вагонның тізімін ұсынып, шарт жасасқан және алдын ала төлем алған. Алдау әрекетін жалғастырып, М. жалға алушыға вагондарды жеткізетіні туралы жалған кепілдік хат жіберген. Шартты орындауға мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, алынған қаражатты өз қалауынша билік еткен. Жәбірленушіге келтірілген залал 18,5 млн теңгені құраған.

🔹Бірінші сатыдағы сот М.-ны аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін 7 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушінің пайдасына келтірілген залалды өндірген.

🔹Апелляциялық саты үкімді өзгеріссіз қалдырған.

🔹Кассациялық шағымда сотталған адам сот актілерінің күшін жойып, әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты өзін ақтауды сұраған.

🔹Кассациялық сот М.-ның бастапқы кезден-ақ вагондарды жалға беруге ниеті де, нақты мүмкіндігі де болмаған деген қорытындыға келген. Серіктестіктің басшысы ретінде ресми түрде басқа адам көрсетілгенімен, іс жүзінде оның қызметін М. басқарған, шарттар жасасу туралы шешімдер қабылдап, түскен қаражатқа билік еткен.

🔹Вагондарды жеткізуді растау үшін ол жалған кепілдік хат пайдаланған. Хаттың жалған екені жалдау шартын жарамсыз деп таныған, заңды күшіне енген сот шешімімен анықталған.

🔹Құжаттарда көрсетілген компаниялар вагондарды жеткізуді қамтамасыз ететін шарттық қатынастардың болғанын растамаған. Бұл мән-жайлар жәбірленуші тарап пен куәнің айғақтарымен, сондай-ақ төлем құжаттарымен бірге ақшаны қасақана жымқыру фактісін растаған.

🔹Іс-әрекетті саралауды және тағайындалған жазаны өзгертуге негіздер анықталмағандықтан, сот актілері өзгеріссіз қалдырылған (№ 6003-26-00-1к/1224).

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты
👍5❤1
Мошенничество под видом аренды железнодорожных вагонов

🔹В сентябре 2022 года М. разместил в объявление о сдаче в аренду железнодорожных вагонов, которых у его организации не было ни в собственности, ни в аренде. Для убедительности он предоставил предпринимателю список 36 вагонов с серийными номерами и заключил договор, по которому получил предоплату. Продолжая обман, М. направил арендатору поддельное гарантийное письмо о поставке вагонов. Заведомо не имея возможности исполнить договор, он распорядился полученными деньгами по своему усмотрению. Причинённый потерпевшему ущерб составил 18,5 млн тенге.

🔹Суд первой инстанции осудил М. за мошенничество в особо крупном размере к 7 года лишения свободы и взыскал причинённый ущерб в пользу потерпевшего.

🔹Апелляционная инстанция согласилась с принятым решением.

🔹В кассационной жалобе осужденный просит отменить судебные акты и оправдать за отсутствием в его действиях состава уголовного правонарушения.

🔹Кассационный суд пришёл к выводу, что М. изначально не имел намерения и реальной возможности предоставить вагоны в аренду. Хотя руководителем товарищества формально значилось другое лицо, фактически М. управлял его деятельностью, принимал решения о заключении договоров и распоряжался поступившими деньгами.

🔹Для подтверждения поставки он использовал поддельное гарантийное письмо. Поддельность письма установлена вступившим в законную силу решением суда, которым договор аренды признан недействительным. Компании, указанные в документах, не подтвердили наличия договорных отношений, обеспечивающих поставку вагонов.

🔹Эти обстоятельства в совокупности с показаниями потерпевшей стороны и свидетеля, а также платёжными документами подтверждали умышленное хищение денег.

🔹Оснований для изменения квалификации и назначенного наказания не установлено, поэтому судебные акты оставлены без изменения (№ 6003-26-00-1к/1224).

Кассационный суд по уголовным делам
👍6