KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.18K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
Лингвистикадан Республикалық олимпиада (2023-2024)
10 қараша – аудандық кезең
28 қараша – облыстық кезең
14 желтоқсан – республикалық (қорытынды) кезең

Іріктеу алгоритмі туралы ескертеміз.
—
Республиканская олимпиада по лингвистике (2023-2024)
10 ноября – районный этап
28 ноября – областной этап
14 декабря – республиканский (заключительный) этап

Напоминаем вам об алгоритме отбора.

#олимпиада
👍8❤5🔥2💋2🥰1
🌊 Коми-зырян тілі бойынша есептің жауаптарын жариялаймыз:
—
🌊 Публикуем ответы на задачу по коми-зырянскому языку:

#есептер #задачи
❤5👍2🔥2
Бүгін біз #есептер тегінің астында соңғы есепті көрсеткіміз келеді. Бұл «бейстандарт» лингвистикалық есептің мысалы, яғни қарапайым тілмен айтқанда, адам тіліне қатысы жоқ есеп. Бірақ тілге қатысы болмаса да, назар аударуға тұрарлық белгілер жүйесіне әлі де қатысы бар. Біздің олимпиадамызда мұндай есептерді (кем дегенде жуырдағы жылдарда) көрмейтін боласыз, бірақ олар кейде IOL-да кездеседі.
—
Сегодня мы хотим показать последнюю задачу под тегом #задачи. Это пример “нестандартной” лингвистической задачи, то есть, проще говоря, задачи не на человеческий язык. Несмотря на то, что это не про язык, это всё ещё про систему знаков, которая заслуживает своего внимания. Подобных задач вы не увидите на нашей олимпиаде (по крайней мере в ближайшие годы), но они время от времени встречаются на IOL.

#есептер #задачи
👍5❤2🔥1
Құрметті оқырмандар,

арнаға бірнеше күн ішінде өте көп адам келгендіктен, біз адамдарды олимпиадаға тіркемейтінімізді хабарлаймыз. Тіркеумен мектептер ғана айналысады, сондықтан егер сіз олимпиадаға қатысқыңыз келсе, тіркелу жөнінде мектеп әкімшілігіне өтініш білдіруіңіз қажет. Мектептерге ақпарат РҒПО «Дарын» аймақтық орталықтарынан келіп түседі (мұнда орталықтар және олармен байланысу жолдарының тізбесі орналасқан).

Бұл арнаның мақсаты — Қазақстанда лингвистиканы көпшілікке тарату, қызықты фактілермен бөлісу, оқыту семинарларын өткізу және лингвистикалық есептер туралы баяндау.

Біз олимпиадаға тапсырмалар дайындаймыз, республикалық кезеңді тексерумен айналысамыз, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз және халықаралық олимпиадаға үміткерлерді іріктейміз, алайда біз олимпиадаларды тікелей ұйымдастырумен айналыспаймыз.
—
Уважаемые читатели,

в связи с тем, что в канал за пару дней пришло очень много людей, хотим вас проинформировать: мы не регистрируем людей на олимпиаду. Регистрацией занимаются школы, и поэтому, если вы хотите участвовать на олимпиаде, вам следует обратиться в администрацию школы с просьбой записать вас. Информация в школы поступает из региональных центров РНПЦ “Дарын” (здесь находится перечень центров и контакты).

Цель этого канала — популяризировать лингвистику в Казахстане, делиться интересными фактами, проводить обучающие семинары и рассказывать про лингвистические задачи.

Мы готовим задачи на олимпиаду, занимаемся проверкой республиканского тура, проводим учебно-тренировочные сборы и отбираем кандидатов на международную олимпиаду, однако мы не занимаемся непосредственной организацией олимпиад.

#kazling
❤25👍10
♟ Соңғы есептің жауаптары:
—
♟ Ответы к последней задаче:

#есептер #задачи
🤯7😱3👍2🔥1
🏛 Лингвистикалық олимпиадалардың пәлсапасы

Құрметті оқырмандар,
Ертең РО-ның I кезеңі өтеді. Сәттілік тілегеннен басқа біз бұны себеп қылып, «Лингвистикадан олимпиада не үшін керек?» деген сұрақ қойып, оған жауап бергіміз келеді.

Басқа пәндермен салыстырғанда лингвистика мектеп бағдарламасында жоқ, сонымен қатар теорияны білу сайыстарда қажет емес. «Бұл жай сауық үшін конкурс па сонда?» деп ойлап қалсаңыз, аздап қателесерсіз.

Сонымен, лингвистикадан олимпиадалардың бірнеше мақсатын атап шыққымыз келеді:

• Лингвистикаға қызығушылық арттыру
Лингвистика – қызық және жан-жақты ғылым екенін үнемі айтып тұрамыз. Осындай іс-шаралар арқылы оған көңіл аудара отырып, біз оның дамуына жағдай жасаймыз.

• Тіл алуантүрлілігіне назар аудару
Әрбір тіл – бірегей жүйе және мәдениетке «терезе». Мысалы, мүлдем басқа координаттар жүйесі туралы есеп шығарған кезде үстелдің басынан тұрмай-ақ ойлауды кеңейтуге болады. Шағын тілдердің жойылуы да – олимпиадалар ойландыратын мәселе.

• Оқушылар қауымдастығын құру
Көбіміз республикалық және халықаралық кезеңдерден кейін жақын достар тапқанбыз. Жаңа байланыстар мен пікірлес адамдардың болуы әрқашан құнды.

• Болашақ мамандарды ашу
Олимпиадалық лингвистика тексеретін және дамытатын логика, ойдың икемділігі мен ыждағат секілді қабілеттер ынталандыруға лайық. Бұған қоса, IT не криминалистика болсын, олар көптеген салаларда талап етіледі.

• ЖОО-ға түсу
Алдыңғы ойды жалғастырсақ, IOL сияқты олимпиададағы жетістіктер беделді университеттерде бағаланады. Мысалы, ол MIT сайтында танылған сайыстардың қатарында көрсетілген, ал кейбір университеттер бұрынғы медаль иегерлері мен қатысушыларына тіпті бөлек гранттар да береді.

• Рақат алу
Олимпиадалардың пайдасын қозғасақ, ойжұмбақтарды шешуден ләззат алу туралы айтпай кете алмаймыз. Бұл – ең маңыздысы.
–
🏛 Философия лингвистических олимпиад

Дорогие подписчики,
Уже завтра пройдёт I тур РО. Помимо пожелания удачи, мы бы хотели воспользоваться этим поводом, чтобы задать и ответить на вопрос: “Зачем нужны олимпиады по лингвистике?”

В отличие от других предметов лингвистики нет в школьной программе, а знание теории не требуется в состязаниях. “Так это просто конкурс ради забавы?” — подумаете вы, но почти ошибётесь.

Так, мы хотим отметить несколько целей олимпиад по лингвистике:

• Повысить интерес к лингвистике
Лингвистика – интересная и разнообразная наука, о чём мы неустанно говорим. Привлекая к ней внимание через такие мероприятия, мы способствуем её развитию.

• Обратить внимание на разнообразие языков
Каждый язык – уникальная система и окно в культуру. Не выходя из-за стола, можно расширить свое мышление за задачей, где, например, совершенно иная система координат. Исчезновение малых языков – также проблема, о который олимпиады дают нам задуматься.

• Создать сообщество школьников
Многие из нас нашли близких друзей после республиканских и международных этапов. Новые связи и единомышленники – всегда ценно.

• Раскрыть будущих специалистов
Навыки, которые проверяет и стимулирует олимпиадная лингвистика – логика, гибкость ума, усердие – заслуживают поощрения. Более того, они востребованы во многих областях, будь то IT или криминалистика.

• Поступление в вуз
Продолжая предыдущую мысль: достижения в олимпиадах по типу IOL ценятся многими престижными университетами. Она, например, указана среди признанных состязаний на сайте MIT, а некоторые университеты вовсе выдают отдельные гранты бывшим медалистам и участникам.

• Удовольствие
Говоря о всей пользе олимпиад, нельзя забывать, что от решения головоломок можно просто получать удовольствие. Это – самое важное.

#олимпиада
👍25❤11💔1