KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.18K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
🇬🇪 Грузин тілі туралы есептің дұрыс жауаптарын жариялаймыз.
_
🇬🇪 Публикуем правильные ответы к задаче на грузинский язык.

#есептер #задачи
❤6👍2
Прескриптивизм vs. дескриптивизм ⚡
Аңыздар туралы постта тіл «бұзыла» алмайды деп айтқан болатынбыз. Онымен нені айтқымыз келеді?

Қазіргі лингвистика дескриптивизмді ұстанады. Бұл дегеніміз тіл қандай болса, сол күйінде сипатталады. Бұл прескриптивизмге қарама-қарсы қойылады, себебі онда тілдің қандай болуы керек екендігі қарастырылады.

Тіл үнемі өзгеріп отырады және бұл оның табиғи қасиеті. Балалардың сөйлесу тәсілі ата-аналарының сөйлесуінен сәл өзгеше. Бұл өзгерістер ұрпақтар бойы жинақталады. Мысалы, қазір қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу тәсілі Абай Құнанбайұлы, Александр Пушкин және Уильям Шекспир заманынан өзгеше. Тілдер өзгерді, иә, бірақ бұл өзгерістерге баға бере алмаймыз.

Әдеби тіл қоғамда әрқашан беделге ие және белгілі бір дәрежеде қарым-қатынасты жеңілдетеді. Екінші жағынан, ол тілдің әртүрлілігін басады, тілдің бір нұсқасын екіншісіне қарағанда дұрыс деп атайды. Мұндай тілдік нормалар әдеби стандартқа жақын диалектілердің сөйлеушілері өздерінің сөйлеуіне байланысты өздерін басқа сөйлеушілерден жоғары санайтын кезде кемсітушіліктің көзі бола алады.

Сондықтан біз сіздерге қалай «дұрыс» сөйлеу керектігін көрсетпейміз. Қазір дұрыс деп саналатын нәрсе бірнеше ұрпақтан кейін ескірген нормаға айналуы мүмкін.
_
Прескриптивизм vs. дескриптивизм ⚡
Мы уже говорили в посте про мифы, что язык не может “портиться”. Что мы имеем в виду?

Современная лингвистика придерживается дескриптивизма. Это значит язык описывается таким, какой он есть. Это противопоставляется прескриптивизму, когда приписывается каким язык должен быть.

Язык постоянно меняется и это его естественное свойство. То, как разговаривают дети, немного отличается от того, как разговаривают их родители. Эти изменения накапливаются поколениями. Например, то, как разговаривают на казахском, русском, английском сейчас, отличается от времён Абая Кунанбаева, Александра Пушкина и Уильяма Шекспира. Языки изменились, да, но давать оценку этим изменениям невозможно.

Литературный язык всегда имеет престиж в обществе и в определённой степени облегчает коммуникацию. С другой стороны, он подавляет языковое разнообразие, называя один вариант языка правильнее другого. Такие языковые нормы могут быть источником дискриминации, когда носители диалектов приближённых к литературному стандарту считают, что они лучше других носителей только из-за своей речи.

Поэтому мы не будем указывать вам, как говорить “правильно”. То, что сейчас считается правильным, через несколько поколений уже может считаться устаревшей нормой.

#лингвистика
🔥8❤5👍1
Сан есімге қатысты есептер 🧮
Мұндай есептерде шешушіге шет тілінің сан есімдері және олардың… жоқ, аудармалардың ұсынылуы мүлде шарт емес. Аудармалар болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Сан есімдердің өздері, әдетте, тізіммен немесе арифметикалық мысалдар түрінде беріледі.

Есепті шешуді қиындататын тағы бір нәрсе — санау жүйелері барлық тілдерде де ондық санауға негізделмеген. Біздің үйренгеніміз бойынша, санды атау үшін бірліктердің (1-9), ондықтардың (10, 20, 30...), жүздіктердің және т.б. қалай аталатынын білу және оларды сөз тіркестеріне қоса алу жеткілікті. Бірақ әлем тілдерінде бестік, жиырмалық, сегіздік, тіпті жиырма жетілік санау жүйелері де кездеседі. Осы жолы есепте не болатынын ешқашан алдын ала біле алмайсыз.
_
Задачи на числительные 🧮
В таких задачах решающему предлагаются числительные иностранного языка и… нет, переводы есть далеко не всегда. Могут быть, а могут не быть. Сами числительные, как правило, даются либо списком, либо в виде арифметических примеров.

Решение задачи усложняет ещё тот факт, что не во всех языках системы счисления основаны на счёте десятками. Мы привыкли к тому, что, чтобы назвать какое-то число, в основном достаточно знать, как называются единицы (1-9), десятки (10, 20, 30…), сотни и так далее, чтобы потом сложить их в одно словосочетание. Но в языках мира могут встречаться и пятеричная, и двадцатеричная, и восьмеричная, и даже двадцатисемеричная системы счисления. И вы никогда не знаете заранее, что попадётся в задаче на этот раз.

#есептер #задачи
👍5❤1
IOL — ең ірі лингвистикалық олимпиада, дегенмен ол жалғыз емес! Бүгін біз ӘРБІР адам қатыса алатын басқа олимпиадалар туралы айтатын боламыз:

• Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO): Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы. Ол сәуір айында өтті. Қазақстан әлі APLO-ға қатысқан жоқ, сондықтан 2024 жылы тұңғыш болуға мүмкіндігіңіз бар 😼
• Традиционная олимпиада по лингвистике: Дәстүрлі лингвистикалық олимпиада. Бұл IOL кезеңіне ресейлік іріктеу олимпиадасы. Оған қатысушылар саны Қазақстандағыдан бірнеше ондаған есе көп. «Традиционка» Ресейде 53 жыл бойы өткізіліп келеді!
• Onling: оқушылар мен студенттерге арналған онлайн-олимпиада. Ақпан айында өткізіледі, 4 сағатқа созылады және 4 тапсырмадан тұрады. Бұл сонымен қатар құнды тәжірибе алуға және өзіңізді жетілдіруге тамаша мүмкіндік!

Күнтізбеңізді жаңартып, қатысыңыз, барлығына сәттілік⚡️
_
IOL — самая масштабная олимпиада по лингвистике, однако, далеко не единственная! Сегодня расскажем о других олимпиадах, участие в которых может принять КАЖДЫЙ желающий:

• Asia Pacific Linguistics Olympiad (APLO): Азиатско-тихоокеанская лингвистическая олимпиада. Она проводится в апреле. Казахстан ещё на ней не участвовал, так что у вас есть шанс быть первопроходцами в 2024 году 😼
• Традиционная олимпиада по лингвистике: российская отборочная олимпиада на IOL, количество участников на которой в несколько десятков раз больше, чем в Казахстане. “Традиционка,” как её называют в России, проводится уже 53 года!
• Onling: онлайн-олимпиада для школьников и студентов. Проводится в феврале, длится 4 часа и содержит 4 задачи. Также является отличным шансом получить ценный опыт и прокачать себя!

Обновляйте свой календарь и участвуйте, желаем всем удачи ⚡️

#олимпиада
❤7👍2🔥2
Бүгін біз сіздерді қызықты дәрісте күтеміз, бірақ әзірге не туралы екенін айтпайық. Суреттен дәріс тақырыбын болжай аласыз ба? :)
------
Сегодня мы ждем вас на увлекательной лекции, посвященной... пока не скажем, чему. Сможете угадать тему лекции по картинке? :) 
❤6
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! Шатастырмайсыздар деп үміттенеміз💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи! Надеемся, что вы не запутались💛

#дәрістер #лекции
❤7👍1
🇳🇨 Иаи тілі туралы есептің дұрыс жауаптарын жариялаймыз.
—
🇳🇨 Публикуем правильные ответы к задаче на язык иаи.

#есептер #задачи
❤5
Марқылды көрбікші лермелік жітешікті алтып сауқарды да үмгір баңғышты лапыртқан деген сөйлемнен не түсінуіміз керек еді? 🎣

Жауап: қазақ тілінің өзімізге таныс грамматикасына сүйене отырып, бір сөздің мағынасын түсінбей-ақ болып жатқан оқиғаның суретін елестете аламыз. Бұған морфология – сөз таптары, олардың категориялары мен сөз тұлғаларын зерттейтін тіл білімінің саласы – себепті.

Дәрістің негізгі тұстарын қайталайық:
1️⃣ Тілдер грамматикалық мағыналарды аффикстер арқылы білдіре алады, онда оларды синтетикалық және полисинтетикалық деп атаймыз. Сондай-ақ мағыналар функционалдық сөздер арқылы берілуі мүмкін, онда оларды аналитикалық және оқшаулау деп атаймыз.
2️⃣ Тілдегі морфологияның көлемін Гринберг индексі арқылы өлшеуге болады
3️⃣ Бір аффикс бірнеше мағынаны білдіре алады
4️⃣ Әр тілде грамматикалық мағыналардың бірегей жиынтығы бар, сондықтан белгісіз тілді талдағанда тек таныс грамматикалық категорияларға ғана сене алмайсыз.
—
Что же мы должны были понять из предложения Марқылды көрбікші лермелік жітешікті алтып сауқарды да үмгір баңғышты лапыртқан? 🎣

Ответ следующий: мы можем представить картину происходящего, не понимая значения ни одного слова, опираясь на знакомую нам грамматику казахского языка. Это происходит благодаря морфологии – разделе лингвистики, изучающего части речи, их категории и формы слов.

Повторим ключевые моменты лекции:
1️⃣ Языки могут выражать грамматические значения при помощи аффиксов, тогда мы называем их синтетическими и полисинтетическими. Также значения могут быть выражены служебными словами, тогда мы называем их аналитическими и изолирующими.
2️⃣ Количество морфологии в языке можно измерить с помощью индекса Гринберга
3️⃣ Один аффикс может выражать несколько значений
4️⃣ Набор грамматических значений у каждого языка уникален, поэтому нельзя полагаться только на знакомые грамматические категории при анализе неизвестного языка

#лингвистика #дәрістер #лекции
❤3👍2🥰1
Жазу жүйелеріне қатысты есептер ✍️
Басқаша айтқанда, бұл шифр ашуға қатысты есептер. Біздің алғашқы дәрісімізде біз әлемде қандай жазу жүйелері бар екендігі туралы айттық, енді біз сізге осы тақырыптағы есептің мысалын ұсынуға қуаныштымыз. Мұндай есептердің жиі кездесетін бір ерекшелігі бар: кейде белгісіз жазумен берілген сөздерді өзіміз аударуымыз керек. Мұндай ерекшелік төмендегі есепте де бар. Дегенмен, барлық лингвистикалық есептердегідей, сізден тілді білу қажет етілмейді.
—
Задачи на системы письма ✍️
Иначе говоря, это задачи на дешифровку. На нашей первой лекции мы уже говорили о том, какие системы письма существуют в мире, и сейчас мы рады представить вам пример задачи на эту тему. В таких задачах часто можно встретить одну интересную деталь: иногда слова, данные неизвестным нам письмом, нужно перевести самостоятельно. Такая деталь как раз присутствует в задаче ниже. Однако, как и во всех лингвистических задачах, знание языка вам не понадобится.

#есептер #задачи
👍5
🤖Бүгінгі дәрісте біз есептеуіш лингвистикамен танысамыз! Дәріс сағат 18:00-де басталады.
-
🤖Сегодня на лекции мы расскажем о компьютерной лингвистике! Лекция начнется в 18:00.

#дәрістер #лекции
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! 💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи! 💛

#дәрістер #лекции
❤4
🌳 Бүгінгі дәрісте біз лингвистиканың күрделі, бірақ қызықты бір бөлімін талқылаймыз! Дәріс сағат 17:00-де басталады.
–
🌳 На сегодняшней лекции мы поговорим об одном сложном, но не менее интересном разделе лингвистики! Лекция начнется в 17:00.

#дәрістер #лекции
😍7🔥1