Әсел Жанасова Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Айта кетейік, Әсел Жанасова бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болды.
Ал оған дейін "Қазпоштаны" басқарды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: instagram.com/asselzhanassova
t.me/kaznurkz

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралары тізіміне енді
Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 20-шы сессиясында қобыз бен киіз үй ресми түрде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде танылды.
Бұл туралы Өзбекстан президенті әкімшілігінің басшысы Саида Мирзиёева Telegram-дағы арнасында хабарлады.
"Бүгін біз үшін маңызды және шынымен де тарихи күн. Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 20-шы сессиясында Қарақалпақстанның екі ерекше мәдени қазынасы – қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне ресми түрде енгізілгенін мақтанышпен хабарлаймын.
Олардың халықаралық деңгейде мойындалуы салт-дәстүріміздің тереңдігін, рухани мұрамыздың беріктігін және ұрпақтар жалғастығын растайды", - делінген жазбада.
Фото: pixabay

Екі бала жансақтау бөлімінде: Алматыда пойызда 52 адам уланып қалды
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы пойызда табиғи газдан уланып, зардап шеккендердің жағдайы туралы хабарлады.
Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы барған.
Ведомствоның мәліметінше, барлығы 52 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендердің бәрі қажетті медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың қабылдау бөліміне жеткізілді.
Тексеру қорытындысы бойынша 10 бала ауруханаға жатқызылды, оның екеуі жансақтау бөлімінде, қалғандары түрлі бөлімдерде жатыр. Қалған адамдар тексеру нәтижесінде медициналық көмек алып, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық ем алуға жіберілді.
"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деді ведомство өкілдері.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Қайырлы таң!
Енді қазақстандықтар пластикалық ота үшін де біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана алмайды
Бүгін, 12 желтоқсаннан бастап БЖЗҚ қаражатын бұл мақсатта пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылады.
"Отбасы банктің" мәліметінше, enpf-otbasy.kz платформасында стоматология мен офтальмология қызметтері бойынша БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау тоқтатылғаннан кейін, қазақстандықтар жаңа мақсатты жаппай таңдай бастаған.
Бұрын пластикалық ота үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түссе, желтоқсанның алғашқы 8 күнінде 2 093 өтініш түскен. Бұл – бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Ол – реконструктивті және қалпына келтіру (пластикалық) операциялары. Әсіресе операциядан кейінгі тыртықтарды түзету және туа біткен ақауларды коррекциялау үшін сұраныс артқан.
Бұрын пластикалық ота үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша азаматтардан орта есеппен 16 өтініш түссе, желтоқсанның алғашқы 8 күнінде 2 093 өтініш түскен. Бұл – бұрынғы айлық орташа көрсеткіштен 130 есе көп. Желтоқсан айындағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге жеткен.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
t.me/kaznurkz
❤1
Қайырлы күн! Атырауда ақ халаттылар тастанды баланы қазақтың дәстүріне сай қырқынан шығарды
Бар-жоғы бір келі болып дүниеге келген шақалақтан ата-анасы бас тартқан.
Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерінің әрқайсысы тілек айтып, тиын салынған 40 қасық суға шомылдырды. Шашын, тырнағын алды. Жаңа киім кигізді.
Тіпті бесікке салу рәсімінде дайындалатын тыштырманы сәбиге арнап арнайы пісіріп, тәттілермен қосып таратты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: "Астана" арнасы

"Бала үшін 40 күн – осы өмірге толық бейімделіп, қуаттанатын ерекше кезең. Бөлімшенің бір бөлігіне айналып үлгерген кішкене адамның алғашқы мерекесін елеусіз қалдыра алмадық", - дейді ақ халаттылар.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: "Астана" арнасы
t.me/kaznurkz
❤7👍5
Астана-Павлодар тас жолында жеті көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты
13 желтоқсанда Астана-Ерейментау-Шідерті тас жолының Павлодар бағытындағы 94-95 километрінде жеті көлік жол-көлік оқиғасына тап болды.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар, әсіресе көлік қозғалысы көп жерлерде жылдамдық шектеулерін сақтауы және көліктерінің техникалық жағдайын бақылауы керек екенін еске салды.
Фото: Telegram / myastanacity

"Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апаты салдарынан екі адам әр түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылар, әсіресе көлік қозғалысы көп жерлерде жылдамдық шектеулерін сақтауы және көліктерінің техникалық жағдайын бақылауы керек екенін еске салды.
Фото: Telegram / myastanacity
t.me/kaznurkz
❤1
Қайырлы таң!
Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айбек Смадияров еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болды.
Фото: СІМ баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Айбек Смадияров еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болды.
Фото: СІМ баспасөз қызметі
t.me/kaznurkz
❤2
"Қайрат" сапына тағы бір шетелдік ойыншы қосылды
"Қайрат" футбол клубы 25 жастағы финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді.
Футболшымен келісім 2027 жылғы желтоқсанға дейін жасалған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: "Қайрат" ФК

Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Осыдан 34 жыл бұрын тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы заң қабылданып, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде өзінің жаңа тарихына қадам басты.

"Тәуелсіздік бәрінен қымбат!": Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
"Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Біз бабалар рухына тағзым етіп, өскелең ұрпақ алдындағы тарихи жауапкершілікті сезіне отырып, осы ұстанымға адал боламыз.
Азаматтарымыздың ырысты ынтымағының, өзара қолдауының және жасампаз еңбегінің, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің арқасында Қазақстан Тәуелсіздікті нығайту ісінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Мұндай жағдайда біз жас және озық ойлы ұлт ретінде болашаққа зор үмітпен және нық сеніммен қарап, берекелі бірлігімізді сақтауымыз керек. Еліміздің жаһандық деңгейдегі беделі мен бәсекеге қабілетін арттырып, Қазақстанды көркейген мемлекет ретінде дамыту үшін аянбай еңбек етуіміз қажет.
Баршаңызға мол бақыт, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Қастерлі Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!" - делінген президент құттықтауында.
Фото: Ақорда

❤4
Тоқаев Сиднейдегі жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сиднейдегі Ханука мейрамы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Аустралия премьер-министрі Энтони Албанизге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Сиднейдегі жағажайлардың бірінде Ханука мерекесін тойлау кезінде атыс болды.
Жергілікті басылым оқиға орнына көлікпен келген екі ер адам көпшілікке оқ жаудырғанын жазды. Полиция олардың бірінің көзі жойылғанын мәлімдеді.
Кейінірек атысты ұйымдастырған екі ер адамның әкесі мен ұлы екені белгілі болды. Полиция бастығы бұл оқиғаны террорлық акт деп атады.
Шабуылдан қаза тапқандар саны 16 адамға дейін өсті.
Фото: Saeed KHAN / AFP via Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда Сиднейдегі жағажайлардың бірінде Ханука мерекесін тойлау кезінде атыс болды.
Жергілікті басылым оқиға орнына көлікпен келген екі ер адам көпшілікке оқ жаудырғанын жазды. Полиция олардың бірінің көзі жойылғанын мәлімдеді.
Кейінірек атысты ұйымдастырған екі ер адамның әкесі мен ұлы екені белгілі болды. Полиция бастығы бұл оқиғаны террорлық акт деп атады.
Шабуылдан қаза тапқандар саны 16 адамға дейін өсті.
Фото: Saeed KHAN / AFP via Getty Images
t.me/kaznurkz
"Қайрат" футбол клубтарының әлемдік рейтингіне енді
Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясы (IFFHS) ресми сайтында әлемдегі ең үздік 500 клубтың жаңартылған рейтингін жариялады.
IFFHS рейтингіне енген жалғыз қазақстандық клуб – алматылық "Қайрат". Рейтингте "Қайрат" 90,75 ұпай жинап, 240-орында тұр.
Көш басында Францияның "Пари Сен-Жермен" клубы, екінші орында "Реал Мадрид" тұр. Ал үздік үшікті Лондонның "Челси" командасы түйіндеген.
Рейтинг командалардың 2024 жылғы 1 желтоқсаннан 2025 жылғы 30 қарашаға дейінгі көрсеткіштерін ескере отырып жасалған.
Фото: VYACHESLAV OSELEDKO/AFP via Getty Images

Қазақстанда мереке күндеріне байланысты қосымша 100 рейс ашылады
Көлік министрлігі мерекелік кезеңде жолаушылар сұранысының артуын қамтамасыз ету мақсатында келесі бағыттар бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Олар: Астана – Алматы, Алматы – Орал, Алматы – Семей, Астана – Түркістан, Астана – Ақтөбе, Алматы – Ақтау, Алматы – Ақтөбе және Астана – Шымкент.
Сондай-ақ әуекомпаниялары мен әуежайларға:
▪️үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің резервін және қосымша жерүсті техникасын қарастыру;
▪️персонал құрамын тәжірибелі мамандармен күшейтіп, рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету аясында ыстық тамақ пен сусындардың берілуін қамтамасыз ету;
▪️рейстердің кешігуі жағдайында жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайлардағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету тапсырылды.
Фото: pixabay.com

Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana ұшағында апаттық сигнал берілді
Көлік министрлігінің мәліметінше, 17 желтоқсанда сағат 07:38-де Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтып жатыр.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің салонында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған.
Алдын ала мәліметтер бойынша жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Қону сағат 07:40-та жүзеге асырылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның мән-жайын анықтып жатыр.
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
t.me/kaznurkz
❤3
Депутат Қазақстан әйелдеріне шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салуды ұсынды
Мәжіліс отырысында депутат Гүлдара Нұрым Қазақстандағы суррогат ана болу мәселесін көтеріп, бұл мәселеге қатысты елдегі заң тым "жұмсақ" екенін мәлімдеді.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда суррогат аналарға Қазақстан азаматтары да, шетел азаматтары да тапсырыс бере алады, бұл баланың азаматтығы мен ата-ана құқықтарын анықтауға қатысты сот дауына әкеп соғады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

"Қазақстанды "репродуктивті туризм" бойынша тартымды ететін нәрсе – салыстырмалы түрде "жұмсақ" заң. Себебі көршілес елдерде (Ресей, Қытай) және бірқатар дамыған елде (Германия, Франция) суррогат аналыққа толығымен тыйым салынған немесе қатаң шектеулер бар", - деді депутат Гүлдара Нұрым.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: pixabay.com
t.me/kaznurkz
👍4
Қазақстанда отшашуға қатысты қандай айыппұлдар қарастырылған
Қазақстанда отшашу атуға тыйым салынбаған, бірақ оларды қауіпсіздік ережесін сақтамай атқандар айыппұл төлейді. 2025 жылы айыппұл мөлшері 78 640 теңге, ал 2026 жылы 86 500 теңге болады.
Отшашуды тек белгіленген жерде ғана атуға рұқсат етіледі – мәселен тұрғын үйлерден кемінде 50 метр қашықтықтағы бос кеңістіктер. Сондай-ақ аумақ ағаштардан, электр желілерінен және отшашу тиюі мүмкін басқа да кедергілерден таза болуы керек.
Әкімшілік кодекстің 436-бабына сәйкес, бұл талапты орындамағандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады, ол 2025 жылы 78 640 теңгеге тең.
Айта кету керек, 16 жасқа толмаған балаларға отшашу атуға тыйым салынады. Ата-аналарға да бұл ережені бұзғаны үшін 78 640 теңге айыппұл салынады.
2026 жылы айлық есептік көрсеткіш өседі, онымен бірге рұқсат етілмеген жерлерде отшашу атқаны үшін айыппұл 86 500 теңгеге жетеді.

Тоқаевтың Жапонияға сапары: 3,7 миллиард доллардан асатын келісімдерге қол қойылмақ
Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
Бұл туралы президенттің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында қол қойылатын коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асады.
Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған", - деп хабарлады Руслан Желдібай.
Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
❤3
Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Делиге қонуға мәжбүр болды
18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша рейсті орындайтын ұшақ Делиге қонды, оның себебін Air Astana әуекомпаниясы өкілдері түсіндірді.
Әуекомпаниясының мәліметінше, 18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды.
Air Astana өкілдері әуе компаниясының +77027020074 WhatsApp жедел желісі бойынша хабарласуға болатынын еске салып өтті.
Фото: facebook.com/airastana

"138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01: 00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05: 51-де Делиге қонды.
Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалып жатыр.
Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компаниясы үшін сөзсіз басымдыққа ие", - делінген ресми хабарламада.
Air Astana өкілдері әуе компаниясының +77027020074 WhatsApp жедел желісі бойынша хабарласуға болатынын еске салып өтті.
Фото: facebook.com/airastana
t.me/kaznurkz
Қонаев қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды
Қонаев қаласында 11 желтоқсаннан 12 желтоқсанға қараған түні қатты желдің (желдің екпіні 25 м/сек-тен асты) салдарынан бірқатар тұрғын үй мен ғимараттың шатыры бүлініп, көше жарығының бағаналары істен шыққан.
Осыған байланысты Қонаев қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдаған.
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

"17 желтоқсаннан бастап жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай ресми түрде жарияланды.
Төтенше жағдай резервінен бөлінген қаражат есебінен зақымданған нысандарда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі
t.me/kaznurkz
Тоқаев Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды
Токиодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының университетінде дәріс оқыған мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
Токиодағы Біріккен Ұлттар Ұйымының университетінде дәріс оқыған мемлекет басшысы Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынды.
"Мен білімнің және халықаралық деңгейдегі академиялық ықпалдастықтың дамуына айрықша мән беремін. Әсіресе, әлемнің өзгеруін жеделдететін бастамаларды қолдаймын. Бұл басымдықтар БҰҰ университетінің миссиясына толық сай келеді.
Биыл Қазақстанда Орталық Азия және Ауғанстанға арналған БҰҰ орнықты даму орталығы ашылды.
Қазақстан осы алаңның негізінде Алматыда БҰҰ университетінің өңірлік филиалын құруға әзір. Оның қызметін, ең алдымен, су және климат қауіпсіздігі, қақтығыстарды реттеу, бітімгерлік, орнықты даму мен жасанды интеллектіні басқару мәселелеріне бағыттауға болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
❤1