KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.76K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
ФИНАЛ ЖЕКПЕ-ЖЕК АЙТЫС😍🔥

Баршаңыз тағатсыздана күткен шешуші кезеңге де жеттік. Жыр додасына қатысқан 16 ақынның ішінен суырылып шығып, үш айналымда да сүрінбеген үздіктер – Айбек Қалиев пен Еркебұлан Қайназар шешуші «Жекпе-жек айтыста» жолығады.

🚗Су жаңа темір тұлпар кімге бұйырар екен? Бірге білейік! Жексенбі, 18:45-те «Хабар» арнасын қосуды ұмытпаңыздар!

#Хабар30жыл #айтыс #домбыра #ЖекпежекАйтыс
Жәнібек Әлімханұлы беделді басылымның рейтингінен шығарылды

Беделді The Ring журналы X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

Жазбада Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты рейтинг өзгертілгені айтылған.

Бұған дейін қазақ боксшысы рейтингте бірінші орында тұрған еді. Енді ол рейтингтен шығарылғаннан кейін қалған боксшылар бір саты көтерілген.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

t.me/kaznurkz
😢3
Қайырлы таң! Күнді жағымды жаңалықтан бастасақ. 2026 жылы "Наурыз" ипотекалық бағдарламасын қаржыландыру екі есе артпақ.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған биылғы көрсеткіштердің жоғары болуы себеп.

Сонымен қатар тұрғын үй құрылысы бойынша жоспардың асыра орындалуы да түрткі болған.

"Наурыз" бағдарламасына биыл 200 млрд теңгеден астам қаражат құйылды. Отбасы банк бұл қаражатты 500 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Оның ішінде "Наурыз жұмыскер" бағдарламасы да бар", - дейді Қуандық Қажкенов.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤2
Астанада мұз астына түсіп кеткен адамды құтқарған азамат марапатталды

Астана тұрғыны Айткен Азамат Есіл өзенінде мұз астына түсіп кеткен ер адамды құтқару кезінде батылдық танытқан. Ол "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Оқиға 10 желтоқсанда Марал көпірінің маңында болды. Серуендеп жүрген Азамат Омарұлы көмек сұраған дауысты естіп, суға батып бара жатқан адамға дереу көмекке ұмтылды.

Оның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында 1963 жылы туған ер адам аман қалды.

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

t.me/kaznurkz
👍3❤1
"Балаларды қорқытып, қысым көрсетеді": Қазақстанда жаңа алаяқтық түрі белең алып жатыр

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова әлеужеліде жасөспірімдерге кесірін тигізетін жаңа алаяқтық түрі таралып жатқанын хабарлады.

"Алаяқтар түрлі бейнероликтер арқылы "ойынды бұзудың құпиясы", "тегін бонус алу жолы", "жабық функцияларға қол жеткізу" секілді жалған уәделер таратады... Кәмелетке толмағандардан "верификациядан өту", "ID арқылы кіру" немесе басқа да түсініксіз әрекеттерді орындау талап етіледі.

Осыдан кейін қаскөйлер психологиялық қысым көрсетіп, балаға "құрылғыңыз бұзылды", "жеке деректеріңіз бен хаттарыңыз біздің қолымызда" деген мазмұнда хабарламалар жібереді. Қорқынышқа тап болған жағдайда бала ақша аударуға мәжбүр болуы мүмкін", - деп ескертті Оспанова.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Milatas / Getty Images

t.me/kaznurkz
❤1
26 градус аяз: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін қар жауады

Бүгін Алматыда аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 градус болса, түнде -7 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с болмақ.

Астанада да аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы -9 градусқа дейін, түнде ал -26 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,0 м/с болады.

Шымкентте те бүгін қар болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 1 градус, түнде -6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Қазақ киносының аңызы, актер, Қазақ КСР халық әртісі Асанәлі Әшімов 89 жасына қараған шағында дүниеден өтті
😢9🕊1
"Соңына өшпес із қалдырды": Тоқаев Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты

Президент Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Асанәлі Әшімов бүкіл саналы ғұмырын театр және кино саласына арнап, төл мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Ол көптеген образдарды шебер сомдап, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді. Cахна саңлағы әрі кәсіби киногер ретінде соңына өшпес із қалдырды. Жас өнерпаздарға бағыт-бағдар беріп, рухани сабақтастықтың сақталуына зор еңбек сіңірді. Өрелі өнердің туын биік ұстап, өнегелі ғұмыр кешкен Асанәлі Әшімовтің жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде сақталады", – деп жазылған жеделхатта.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2🕊1
Қайырлы таң!

Алматыда түнде жер сілкінісі сезілді

Дүйсенбі, 21 желтоқсаннан 22 желтоқсанға қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі сезілді.

Қазақстан ұлттық деректер орталығы порталының мәліметінше, Қытайда 22 желтоқсанда түнгі сағат 2:16-да жер сілкінді. Жер сілкінісі Алматы тұрғындарына да сезілді.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, Қазақстан мегаполисінде жер сілкінісі 2 балл болып сезілген.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

t.me/kaznurkz
1 қаңтардан бастап қазақстандықтар жеке куәлікті тегін алады

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәлікті алғаш рет алған кезде және оның жарамдылық мерзімі аяқталған соң ауыстырған жағдайда мемлекетті баж салығы алынбайды.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ұл құжаттарды алу процесін жеңілдету және азаматтарға түсетін қаржылық жүктемені азайту мақсатында қолға алынған.

Фото: eGov.kz

t.me/kaznurkz
👍3
Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды.

"Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29 желтоқсаны мен 2026 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады", - делінген хабарламада.


Фото: Getty images / Imgorthand

t.me/kaznurkz
Қайырлы таң!

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысына сәлемдеме жолдады

Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар.

Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясовпен аз-кем әңгімелескен президент Дональд Трамп Қазақстан президентіне жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өткен.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттаған.

АҚШ көшбасшысы жіберген сыйлықтарды сілтеме арқылы өтіп көре аласыз.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurk
❤1
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсімі Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтті. Театр залы актермен қоштасуға келген адамдарға лық толды. Марқұмның денесі салынған табыт сахнаға қойылды.

Қазақ өнеріндегі ірі тұлғаның қазасына байланысты көңіл айтуға мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды келді.

Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту хатын оқып берді. Ол бұл қайғы-қасірет баршаға ортақ екенін атап өтті.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

t.me/kaznurkz
😢3❤2🕊1
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беретін call-орталықты іске қосты

Енді кез келген азамат 1511 нөміріне қоңырау шалып, діни мәселелер бойынша өзіне қажетті мәліметті тікелей білікті мамандардан ала алады.

Қазіргі таңда 1511 қысқа нөмірі арқылы Kcell, Activ, Beeline және "Қазақтелеком" байланыс операторларының абоненттері тегін хабарласа алады.

Ал Tele2 және Altel желілерін пайдаланатын азаматтар үшін қосымша +7 707 233 30 30 байланыс нөмірі ұсынылады.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
👍7❤2👎1🤔1
Тоқаев бүгін үкімет пен әкімдікке Астананы дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді

Нақтырақ айтсақ, Smart City жобасын тездетіп аяқтауды, қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи жүйесін қалыптастыруды, өндірістегі қауіпсіздікті күшейту үшін нақты шаралар қабылдауды, құрылыс компанияларының жауапкершілігін күшейтуді, экосаябақтар құруды және өзге де шаруаларды тапсырды.

"Астана маңайында экосаябақтар ашатын уақыт жетті. Үкіметке аймақ әкімдерімен бірге ірі қалалар мен облыс орталықтарына жақын жерлерде экосаябақтар құруды тапсырамын.

Тағы да қайталап айтамын, ол жерлерде де тазалық болуға тиіс. Бурабайда не болып жатқанын қараңыздар. Ұят жағдай. Ұлттық қорықты бүлдіріп жатқан бөгде ғаламшарлықтар емес, өзіміздің халқымыз ғой", - дейді президент.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
Елордада жаңа әуежай мен көпқабатты тұрақтар салу мүмкіндігі қарастырылмақ

Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев елордада жаңа әуежай мен көпқабатты тұрақтар салуды тапсырды.

"Үкіметке әкімдікпен бірге осы мәселені мұқият пысықтап, нақты ұсыныс енгізуді тапсырамын. Жуырда біз елімізде толыққанды авиахабтар қалыптастыру мәселесін қарастырдық. Соның ішінде елорда әуежайына қатысты жұмыс та бар", - дейді Тоқаев.


Сондай-ақ Тоқаев көлік тұрағы мәселесіне назар аударды.

"Шешілмей жатқан тағы бір мәселе – көлік тұрақтарының жетіспеушілігі. Бұл мәселені ретке келтіретін кез келді. Шетелдің озық тәжірибесін қолдану керек. Мысалы, көпқабатты тұрақтар салуға болады", - деп қосты президент.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Алена Буткено/ NUR.KZ

t.me/kaznurkz
👍2
Тоқаев Астанада LRT-ны ұзартып Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу ұсынысын қолдады

"Жеңіл рельсті көлік жобасы да өте маңызды. Көп ұзамай оны толық іске қосу керек. Мен жеңіл рельсті көлік желісін ұзарту туралы ұсынысты қолдаймын... Үкімет, ең алдымен, жобаны қаржыландыру мәселесін шешуге тиіс.

Сондай-ақ Қабанбай батыр даңғылында екі деңгейлі жол салу туралы ұсынысқа қолдау білдіремін. Жобаның құжаттарын келесі жылы әзірлеп, 2027 жылы құрылысты бастау қажет.

Бұған қоса, үкімет әкімдікпен бірлесіп, Тәуелсіздік даңғылын ұзарту жұмысын жалғастыруы керек", - деді Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Тоқаев.


Фото: instagram.com/cts_kz

t.me/kaznurkz
👍2❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайырлы күн!

Астанада қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Мемориалдық тақтаның ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысқан.

"Біз Ұлдананың жадына басымызды иеміз. Оның әрекеті – шынайы батылдықтың, адалдықтың және жоғары біліктіліктің мысалы", - деп жазды министр желідегі парақшасында.

Сондай-ақ Ақмарал Әлназарованың айтуынша, Ұлдана туралы естелік ол оқыған медициналық колледждің қабырғасында сақталады – аудиториялардың біріне оның есімі беріледі.

t.me/kaznurkz
❤3👍1😢1
Қаңтар айының зейнетақысы жаңа жылға дейін аударылатыны рас па: министрлік жауап берді

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы қаңтардың зейнетақы төлемдері 2025 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі кезеңде, өсімді ескере отырып, мерзімінен бұрын аударылатыны туралы ақпарат таралған.

Бұл ақпарат қаншалықты рас? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді.

Толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы берілді

Бұл туралы мемлекет басшысы Жамбыл облысының жұртшылығымен кездесуде айтты.

"Кеше Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толды. Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал.

Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген.

Облыс жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері, тіпті, жастарымыз да осы мәселені көтеріп жүргенін білеміз. Тарихи әділдікті қалпына келтіруіміз керек.

Сондықтан мен мемлекет басшысы ретінде Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдадым. Тиісті жарлыққа бүгін қол қойдым, бұл құжат міндетті түрде жарияланады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президенттің айтуынша, батырдың есімі нағыз отаншылдық пен өшпес ерліктің символы ретінде әрдайым көпке үлгі-өнеге болуға тиіс.

t.me/kaznurkz
👍4❤2