KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.76K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге қандай ат жиі қойылған

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге ең жиі қойылған есімдерді атады.

Статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болған.

Аймақтарда ұлдарға ең жиі қойылған ат – Мұхаммед пен Алан.

2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген.

Аймақтарда Айлин есімі ең танымал болып шықты. 20 аймақтың 16-да осы есім бірінші орында тұр.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤2
Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

Air Astana Фукуок-Алматы рейсіне қатысты жағдайға түсініктеме берді.

Әуекомпаниясының мәліметінше, 26 желтоқсанда КС 162 Фукуок-Алматы рейсін орындаған Air Astana ұшағы барлық дәретхананың істен шығуына байланысты ұшып шығу әужайына қайтып оралған.

Қазір ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Рейстің ұшуы 27 желтоқсанға, жергілікті уақыт бойынша 04.00-ге дейін кейінге қалдырылған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Алматы тауларында үш жігіт жоғалып кетті: олардың бірі қаза болған

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, 26 желтоқсанға қараған түні 112 пультіне азаматшадан хабарлама келіп түскен.

Ол бауырының екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға кетіп, қайта оралмағанын жеткізген. Олардың ұялы телефонмен байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан.

Хабарлама түскеннен кейін іздестіру жұмыстары басталған.

Бүгін іздестіру жұмыстарының барысында ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы "Локомотив" шыңы маңынан бір адамның денесі табылған.

Марқұмның денесі 3700 метр биіктіктен төмен түсіріліп, кейін полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Қалған екі азаматтың орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Көрнекі фото: Pixabay.com

t.me/kaznurkz
Ертең «Хабар» телеарнасында Жаңа жылдық марафон басталып, көрермен сүйіп көретін жобалар шешуші кезеңге жетеді. Сол күнгі эфир таңертең-ақ қарқынды басталады: сағат 10:00-де «Шеберлер шайқасы» жобасының алғашқы маусымы финалмен аяқталып, кәсіби мамандар өз шеберлігін соңғы рет дәлелдеуге мүмкіндік алады. Осы тартыстан кейін эфир тізгіні кешкі басты оқиғаға ауысады.

Кешкі сағат 20:00-де «The Voice Қазақстан» жобасының финалы өтіп, күннің шарықтау шегіне айналады. Жаңартылған форматтағы бағдарламада сахналық қойылымдар, жұлдыздармен дуэттер мен әсерлі музыкалық нөмірлер ұсынылып, финал үлкен шоу ретінде өтеді.

Мерекелік көңіл күй мұнымен тоқтамайды. 31 желтоқсанда кешкі сағат 20:00-де «Қызық премия» эфирге шығып, жыл бойы ел назарында болған оқиғалар мен кейіпкерлерге әзілмен қорытынды жасайды. Ал одан кейін, сағат 22:00-де «Ғажайып түн» музыкалық-ойын-сауық бағдарламасы басталып, жаңа жылдық кештің сәнін келтіреді.

Жаңа жыл басталған соң да мерекелік эфир жалғасын табады. Қаңтардың 1–3 күндері «Хабар» арнасынан концерттік бағдарламалар мен жаңа жылға арналған фильмдер көрсетіледі. Ал мерекелік эфирдің толық кестесін арнаның ресми сайтынан көруге болады.
👍1
"Қазақтың Қожасы": белгілі актер Нұрлан Сегізбаев өмірден озды

Белгілі актер, кинодраматург, "Менің атым Қожа" кинокартинасында басты рөлді сомдаған Нұрлан Сегізбаев өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

"Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай", - делінген министрлік хабарламасында.


Фото: gov.kz

t.me/kaznurkz
❤5😢4💔2🕊1
225 үміткерге бұйырды: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес биыл 225 Қазақстан азаматы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды.

Олардың ішінде 152 адам магистратурада білім алуға, 16 үміткер докторантура бағдарламаларына жолдама алды. Ал 57 Қазақстан азаматы әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Fizkes/Getty Images

t.me/kaznurkz
❤2
28 градусқа дейін суық: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады

Бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 7 градус, түнде -4 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 2,7 м/с болмақ.

Астанада күн ашық. Күндіз ауа температурасы -14 градус, түнде -28 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,4 м/с болады.

Шымкентте де күн ала бұлтты. Күндіз термометр бағаны 10 градус, түнде 1 градус болмақ. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Silas Stein/picture alliance via Getty Images

t.me/kaznurkz
❤1
2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өсетіні белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері және ең жоғары мөлшері қанша теңге болатынын, 1, 2, 3, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақының, I, II, III топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы қаншалықты артатынын түсіндірді.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Астанада жүргізушісіз такси 2026 жылдан бастап іске қосылуы мүмкін

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Көлік министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Yandex Qazaqstan Астанада автономды таксиді дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Жоба кезең-кезеңмен жүзеге асады: алдымен нормативтік және технологиялық пысықтау, кейін пилоттық іске қосу жоспарланған.

Жүргізушісіз такси «ақылды қала» тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Халықаралық зерттеулер автономды технологиялар жол-көлік оқиғаларын азайтуға, трафикті оңтайландыруға және қозғалысы шектеулі азаматтарды қоса алғанда, көлікке қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Yandex Qazaqstan жобаны пилоттық режимнен бастап, нақты қалалық жағдайларда тестілеуді көздейді. Сервис тәулік бойы диспетчерлік қолдаумен және сапарларды сақтандырумен жұмыс істейді. Қазіргі кезеңде тараптар қауіпсіздік, жауапкершілік, нормативтік база және инфрақұрылым талаптарына басымдық беріп отыр.

t.me/kaznurkz
👍5❤4🤝2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Самұрық-Қазына»: 2025 жылы активтер 45 трлн теңгеге жетті

«Самұрық-Қазына» 2025 жылдың қорытындысын жариялады. Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың айтуынша, жыл қорытындысы бойынша активтер көлемі 45 трлн теңгеге жетіп, бұл 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға артқан. Болжам бойынша кіріс 18 трлн теңгеден асады, ал таза пайда 2 трлн теңгеден жоғары болады.
Толық ақпарат - бейнематериалда
❤1👍1
2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды

Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады.

Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу рәсіміне арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.

Спорттық киім демеушілер есебінен сатып алынған.

Айта кетейік, ХХV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

t.me/kaznurkz
❤1👍1
Бетті бүркемелейтін киім, самокаттар, антиәлеуметтік мінез-құлық: Тоқаев бірқатар заңға қол қойды

Бүгін, 30 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңға қол қойды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.

Одан бөлек мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.

Осы ретте Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталы "Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы" заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қандай өзгерістер болатынын түсіндірді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤2
"Жаңбыр және қар": 31 желтоқсанда Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 10 градус, түнде -1 градус болады. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с болмақ.

Астанада қар жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы -1 градус, түнде -8 градус болады. Желдің жылдамдығы – 6,1 м/с болады.

Шымкентте бүгін қар аралас жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Күндіз термометр бағаны 10 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,4 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤2
"Қайраттан" кеткен Александр Заруцкий ақтөбелік клубтың ойыншысы атанды

Алматылық клубтың мәліметінше, 32 жастағы қақпашы келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты "Қайраттағы" өнерін аяқтаған.

"Қайрат" сапында 24 матч өткізіп, оның 9-ында қақпасына доп кіргізбеген тәжірибелі қақпашы енді "Ақтөбе" ФК-ның намысын қорғайды.

Ақтөбелік клуб Александр Заруцкиймен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады.

Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

t.me/kaznurkz
❤2
Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атады

"Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ.

Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – басты міндетіміз. Менің бастамаммен жүзеге асырылып жатқан "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында осымен үшінші жыл қатарынан әр баланың есепшотына қаражат түседі", - деді Тоқаев.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
❤1👎1🔥1
Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтады

"Қазақ үшін қазанаттың орны қашан да бөлек. Халқымыз "Жылқы жылы жайлы болады" деп ырымдайды...

Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, амандық және табыс тілеймін!

Төрт құбыламыз түгел болсын! Әр шаңырақ жақсылыққа толсын! Көк туымыз мәңгі желбіресін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы, Қазақ Елі жасай берсін! Жаңа жыл құтты болсын!", - деді президент.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
👍7❤2👎1
Қайырлы күн!

Зейнетақы, жәрдемақы және жаңа айыппұлдар: 2026 жыл қазақстандықтардың өміріне қандай өзгеріс әкеледі

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жәрдемақы, әлеуметтік төлем, айыппұл, салық және мемлекеттік баж сомасының өсуіне әсер етеді.

Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 851 теңге болмақ.

Зейнетақы

Қазақстандықтардың зейнетақысы өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады.

Жәрдемақылар

Жәрдемақының барлық түрі өседі. Ол да 10 пайызға артады.

Жаңа айыппұлдар

Биыл бірқатар жаңа айыппұл енгізіледі.

"Күдік тудыратын" ақша аударымдары

Қазақстанда азаматтардың мобильді ақша аударымдарын кезең-кезеңімен тексеру басталады.

Жаңа Салық кодексі

Биылғы жылдың ең көп талқыланған жаңалығы, бүгін күшіне енген қосылған құн салығының (ҚҚС) жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз мөлшерінде белгіленуі.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤3