Кентауда қоғамдық тамақтану орнында болған өрттен бір адам көз жұмды
Түркістан облысында қоғамдық тамақтану орны өртенді. Салдарынан бір адам көз жұмды, тағы бірнеше адам зардап шекті.
Кентаудағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, соның салдарынан өрт шыққан.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: t.me/dchsturkistan
t.me/kaznurkz

"Оқиға салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Олар толық медициналық бақылауда", - делінген хабарламада.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров оқиға орнына келіп, жауапты қызметтермен жедел кеңес өткізіп, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Фото: t.me/dchsturkistan
t.me/kaznurkz
❤1
Қайырлы таң!
Мемлекет басшысы Швейцария президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Швейцария Конфедерациясының президенті Ги Пармеланға көңіл айтты.
Қазақстан президенті жақындарынан айырылған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, жарақат алған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Сондай-ақ еліміз осы қиын-қыстау сәтте Швейцария халқын қолдайтынын жеткізді.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, 1 қаңтарға қараған түрі Швейцарияның оңтүстік-батысында орналасқан Кран-Монтана тау-шаңғы курортындағы барда өрт шыққан.
Қайғылы оқиға салдарынан шамамен 40 адам қаза тауып, шамамен 100 адам зардап шеккен. Зардап шеккендердің дені ауыр күйік жарақатын алған.
Фото: x.com/DeccanChronicle

Енді Қазақстан азаматтары көлігіне нөмірді өздері таңдай алады
5 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін өздігінен таңдауға болады.
"5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады.
Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)", - деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

❤2
"Ойын кезінде жұқа мұзға шыққан": Алматы облысында жасөспірім қаза тапты
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылындағы тоғанда жасөспірім суға батып кетті.
Төрт жасөспірім ойын кезінде жұқа мұзға шығып, байқаусызда мұз астына түсіп кеткен.
Куәгер балықшы ойланбастан көмекке асығып, үш жасөспірімді судан шығарған. Өкінішке қарай, төртіншісін құтқара алмады.
Оның денесін ТЖМ РЖҚЖ сүңгуірлері судан шығарып, полиция қызметкерлеріне табыстады.
ТЖМ тұрғындарды абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Фото: ТЖМ

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Венесуэла астанасында жарылыстар болды
Каракаста кем дегенде жеті жарылыс болды, салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды – жарылыс дыбыстары қаланың әр түрлі бөліктерінде, сондай-ақ Майкетиядағы Симон Боливар әуежайында және Ла-Гуайра портында естілді.
Алғашқы жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы сағат 1:50-де тіркелді.
Айта кетсек, Дональд Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі тасымалымен айналысатын желілерге қарсы жаңа әрекеттерге дайындалып жатқанын және жақын арада шабуылдар басталатынын бірнеше рет ескерткен болатын.

"Соққылардың бірі қатты болғаны соншалық, терезем дірілдей бастады", - дейді CNN тілшісі Осмари Эрнандес.
Айта кетсек, Дональд Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі тасымалымен айналысатын желілерге қарсы жаңа әрекеттерге дайындалып жатқанын және жақын арада шабуылдар басталатынын бірнеше рет ескерткен болатын.
t.me/kaznurkz
❤1
Трамп Мадуро мен оның әйелі тұтқынға алынып, елден эвакуацияланғанын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп бүгін Венесуэлада жасалған АҚШ шабуылдарына қатысты пікір білдірді. Жазба Truth Social -да жарияланды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Federico Parro/Getty Images

"Америка Құрама Штаттары Венесуэлаға және оның көшбасшысы, президент Николас Мадуроға қарсы кең ауқымды шабуылды сәтті жүзеге асырды, ол тұтқынға алынып, әйелімен бірге елден эвакуацияланды.
Бұл операция АҚШ құқық қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді. Толық ақпарат кейінірек жарияланады. Бүгін сағат 11:00-де Мар-а-Лагода баспасөз мәслихаты өтеді. Бұл мәселеге назар аударғандарыңызға рахмет!" - делінген хабарламада.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Federico Parro/Getty Images
t.me/kaznurkz
❤2
Жаңбыр, қар: Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с болмақ.
Астанада қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 градусқа дейін жетіп, түнде -10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 5,0 м/с болады.
Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 4 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,4 м/с деңгейінде болмақ.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: pixabay.com

Тоқаев отандық басылымға ауқымды сұхбат берді
Бүгін 5 қаңтарда Turkistan газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды.
Сұхбаттың толық нұсқасын KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
Бүгін 5 қаңтарда Turkistan газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауқымды сұхбаты жарияланды.
"Мен әрдайым қоғамның көңіл күйі мен азаматтардың мұң-мұқтажын біліп отыруға тырысамын. Түйткілді мәселелер мен жоба-жоспарларды ашық әрі тура айтамын. Қазақстанның әлеуетін еселей түсу үшін әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Біз бір ел болып, халықтың мүддесін қорғау жолындағы биік мақсатымыздың бәріне жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін", - деді Тоқаев сұхбатында.
Сұхбаттың толық нұсқасын KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
❤1
Тоқаев билік транзиті туралы сұраққа, парламенттік реформаға қатысты сыбысқа жауап берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында билік транзиті туралы айтуға әлі ерте екенін мәлімдеді.
Журналистің пікірінше, кейбір сарапшылар парламенттік реформа бір ғана мақсатпен – парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымды өзіне дайындап жатыр деген де сыбыс бар...
Президенттің айтуынша, бұл – бос әңгіме.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

"Бұл жөнінде сөз қозғауға әлі ерте, алдымызда табанды жұмысқа толы бірнеше жыл бар", - деді президент.
Журналистің пікірінше, кейбір сарапшылар парламенттік реформа бір ғана мақсатпен – парламент төрағасы лауазымын мемлекеттік басқару жүйесіндегі ең басты лауазымға айналдыру үшін ғана өткізіледі деп санайды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымды өзіне дайындап жатыр деген де сыбыс бар...
Президенттің айтуынша, бұл – бос әңгіме.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
t.me/kaznurkz
"Не айтылғаны маған қызық емес": Тоқаев Путин мен Назарбаевтың кездесуіне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Turkistan газетіне берген сұхбатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ басшысы Владимир Путиннің Жаңа жыл қарсаңында Кремльде кездесуіне қатысты сауалға жауап берді.
Президенттің айтуынша, тұрақты түрде өткізіліп жүрген кездесулер бейресми сипатқа ие.
Президент мұндай әңгімелер барысында не айтылғаны өзіне қызық емес екенін, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймайтынын айтты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: t.me/news_kremlin

"Мұны Ресей президентінің өзі де атап өтеді. Таяуда өткен Санкт-Петербургтегі басқосуда Владимир Путин маған Нұрсұлтан Назарбаевты оның өтініп сұрауы бойынша қабылдайтынын айтқан еді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент мұндай әңгімелер барысында не айтылғаны өзіне қызық емес екенін, бұл туралы ешқашан сұрақ қоймайтынын айтты.
"Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына келер болсақ, мен оны қазіргі қазақ мемлекеттігінің негізін қалаған тұлға деп санайтынымды бірнеше рет айттым", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: t.me/news_kremlin
t.me/kaznurkz
🤩1
Енді көлік жүргізушілері барлық құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті ме?
Ішкі істер министрлігі WhatsApp мессенджерінде "енді жүргізушілер барлық құжатты міндетті түрде өзімен бірге алып жүруі керек" деген хабарламаға қатысты мәлімдеме жасады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: polisia.kz

Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті: оқиғаға қатысты тың деректер шықты
Отбасының жұмбақ күйде жоғалып кетуіне қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов істің неліктен Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қаралып жатқанын түсіндірді.
Облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:
- 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
Соңғы рет олардың телефондары Шымкентте іске қосылғаны белгілі болды.
Фото: azh.kz

"Бұл азаматтар қайтыс болды дегенді білдірмейді, бұл істі тергеп-тексеру мүмкіндіктерін кеңейту үшін ғана жасалды", - дейді ол.
Облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:
- 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
Соңғы рет олардың телефондары Шымкентте іске қосылғаны белгілі болды.
Фото: azh.kz
t.me/kaznurkz
❤5
Қазақстанда қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға тыйым салынды
Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қара шайдың кейбір маркаларын әкелуге және сатуға шектеу енгізді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, сатып алу және сараптама жүргізу барысында құрамында тағамдық бояғыштар ( E110, E102, E124) бар қара шайдың өндіріліп, сатылу фактілері анықталған, оларды шайда қолдануға рұқсат етілмейді.
Бұдан бөлек, шай қаптамаларында шайдың өндірілген және қапталған мекенжайлары дұрыс көрсетілмегені анықталған, бұл қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру құжаттарының жоқтығын көрсетеді.
Осыған байланысты, кейбір қара шай атауларының әкелінуі мен сатылуына тыйым салынған.
Ол туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

👍3
"Мұндай бизнестің қажеті бар ма": Бектенов жекеменшік мектептер мен медицина ұйымдарын субсидиялау саясатын қайта қарауды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде жекеменшік мектептер мен жекеменшік медициналық ұйымдарды субсидиялау саясатын қайта қарауға қатысты нақты ұсыныстар енгізу тапсырды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Артық қаржыландыруды тоқтату қажет. Адал бәсекелестікте жұмыс істей алмаса бізге мұндай бизнестің қажеті бар ма? Бұл салада алаяқтық кеңінен таралып кеткені бәріне мәлім.
Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне бір апта ішінде аталған мәселелерді шешуге қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын", - деді Олжас Бектенов.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков
t.me/kaznurkz
👍1
Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
❤1
Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
Асқар Мұстабеков бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды.
Фото: instagram.com/prokadrykz
t.me/kaznurkz
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Мұстабеков бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы болды.
Фото: instagram.com/prokadrykz
t.me/kaznurkz
Атырау облысында жоғалған отбасы: ерлі-зайыпты өлі табылды
Атырау облыстық полиция департаменті жоғалып кеткен бүтін бір отбасыға қатысты жаңа дерек айтты. Ерлі-зайыпты өлі күйінде табылған. Сонымен бірге күдіктінің жеке басы белгілі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Атырау облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұған дейін із-түзсіз жоғалып кеткен ерлі-зайыптының денесі Қызылқоға ауданынан табылғанын хабарлады. Отбасының қалған екі мүшесі іздестіріліп жатыр.
"Аталған дерекке қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оларды табу және ұстауға қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр", - делінген NUR.KZ сауалына берілген жауапта.

Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 4 градус, түнде -6 градус болмақ. Желдің жылдамдығы 2,5 м/с болмақ.
Астанада да күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы -8 градус суық, түнде -20 градус аяз болады. Желдің жылдамдығы – 4,9 м/с болады.
Шымкентте күн ашық. Күндіз термометр бағаны 8 градусты, түнде -3 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 2,1 м/с деңгейінде болмақ.
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды
Кеше, 6 қаңтарда Шымкент ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды.
"2026 жылы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды", - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, алдын ала диагноз — "жедел лейкоз". Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: freepik.com

😱2❤1
Алматы облысында жол апатынан Үндістаннан келген екі студент көз жұмды
Алматы облысы аумағында тас жолда көлік аударылды. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты.
Алматы облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне Алматы - Бішкек тас жолының 86-шы шақырымында болған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Кейінірек екі жолаушы медициналық мекемеде қайтыс болды, ал тағы үшеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деді полиция өкілдері.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу іс-шарасы жүргізілуде.
Үндістанның Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, жол апатына Үндістанның бес азаматы ұшыраған.
Фото: instagram.com/kris__p__almaty

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульді игере алмай, көлік аударылған.