KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
"Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбин өмірден өтті

Белгілі қазақстандық актер, әйгілі "Рэкетир" фильмінің жұлдызы Мұрат Бисенбиннің қызы әкесінің өмірден өткенін хабарлады. Актер біраз уақыттан бері онкологиялық дертпен күресіп келген.

Актердің қызы Instagram желісіндегі парақшасында әкесі Мұрат Бисенбиннің туған жылы мен соңғы демі үзілген уақыты, яғни, бүгінгі күн реті жазылған фотосын жариялады.

"Шексіз жақсы көремін", - делінген жарияланған суреттің сипаттамасында.

Фото: instagram.com/jemappelledali

t.me/kaznurkz
😢7❤1🕊1
Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты

Талдықорғанда кісі қолынан мерт болған Айзат Жұманованың ісі бойынша айыпталушыға сот үкімі жарияланды. Сот марқұмның күйеуіне 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (адам өлтіру) қаралды.

Сотта 2025 жылғы 22 маусымда сағат 00:00 шамасында ер адам алкогольдік масаң күйде жұбайы Айзат Жұманованы үй ауласынан қақпа сыртына шығарып, оған бірнеше рет соққы жасағаны анықталды. Алынған жарақаттардың салдарынан жәбірленуші кейіннен ауруханада қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі сараптамалар қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен және іс материалдарындағы өзге де дәлелдемелермен толық дәлелденді.

Фото: instagram.com/halyk_zhurnalist.kz

t.me/kaznurkz
😱2🕊1
Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жаңа лауазымға ие болды

Ғабидолла Әбдірахымов Samruk-Kazyna Construction АҚ басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Бұл қызметке ол 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап кіріскен.

Айта кетелік, Ғабидолла Әбдірахымов екі рет Шымкент қаласының әкімі болды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: instagram.com/gabidullaabdrakhimov

t.me/kaznurkz
👍2
ҚКБФ Жәнібек Әлімханұлының В сынамасы ашылуына байланысты мәлімдеме жасады

"Бүгін АҚШ-тың Юта штаты, Солт-Лейк-Сити қаласында қолданыстағы халықаралық антидопингтік регламенттер аясында және барлық процессуалдық талап қатаң сақтала отырып, спортшы Жәнібек Әлімханұлының В сынамасын ашу рәсімі өткізілді...

Айрықша атап өткім келеді: осы кезеңде қандай да бір қорытынды жасауға, айып тағуға немесе түсіндірме беруге құқықтық та, фактілік те негіздер жоқ. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы спортшының кінәсіздік презумпциясын және рәсімге деген құрметті дәйекті әрі принципті түрде ұстанады", - делінген Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбековтің мәлімдемесінде.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

t.me/kaznurkz
Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталды

Тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады. ҰБТ-ға қатысуға 187 мыңға жуық адам өтініш берді.

Түлектердің 75,2 пайызы қазақ тілінде, 24,6 пайызы орыс тілінде, 189 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті пәнді және таңдауы бойынша екі бейіндік пәнді тапсырады.

ҰБТ бойынша ең жоғары балл да өзгермейді және 140 балды құрайды. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут).

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤2👍1
Қайырлы күн!

СҚО-да жеке тұрғын үйде өрт шығып, бір ер адам мен бала көз жұмды, тағы бір баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

ТЖМ-ның мәліметінше, 11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққан.

Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталған.

Үй иесінің айтуынша, өрт шыққан сәтте үйде оның жұбайы мен кәмелетке толмаған екі бала болған.

Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың денесін тапқан. Екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

ТЖМ азаматтарды пешпен жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Фото: ТЖМ-ның баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
😢1
Қарағанды облысында 50 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетті

Желіде Қарағанды облысында болған жол-көлік оқиғасы түсірілген видео тарады. Кадрға автобустың жолдан шығып кеткен сәті ілінген. Облыстық полиция департаменті жол апатына қатысты түсінік берді.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қаңтарда Шахтинскіден шығар жолда автобус жүргізушісі көктайғақ және қарлы боран салдарынан рульді игере алмаған, нәтижесінде көлік жолдан шығып кеткен.

"Автобуста шамамен 50 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ", - дейді Қарағанды облысының полиция департаменті өкілі.

t.me/kaznurkz
❤1
"Пышақ іздері бар": Атырауда жоғалған отбасына қатысты іс бойынша тың дерек шықты

Атырау облыстық полиция департаменті Жангелдин ауылындағы отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуы және ерлі-зайыпты зейнеткерлердің өліміне қатысты іс бойынша тың мәліметті жариялады.

Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, оларға қатысты SIM-карталары Қазақстанның әр жерінде қосылғаны туралы ақпарат бар.

Сондай-ақ желіде ерлі-зайыптының тұншықтырылып өлтірілгені туралы ақпарат тараған.

"Алайда полиция тарабынан мәлімдейміз – олардың денесінде пышақ іздері бар, яғни шаншып-сұғу арқылы болған дене жарақаттары анықталды. Полиция денелерді сот-медициналық сараптамаға өткізді. Қазіргі таңда сарапшылардың жауабын күтіп отырмыз", - деді Мейірім Ердәулет.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Коллаж: NUR.KZ

t.me/kaznurkz
❤1
Қазақстанның әуе кеңістігінде екі шетелдік ұшақ күрделі авиациялық жағдайға тап болды

10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде, атап айтқанда Шымкент аспанында екі ұшақ арасында авиациялық оқиға тіркелді – Airbus 320 мен Boeing 737 ұшақтары бір-біріне өте жақын келген.

Көлік министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 10 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 05:42-де Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының жауапты аймағында "Победа" әуе компаниясының Внуково – Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсіне және "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының Термез – Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсіне қызмет көрсету кезінде авиациялық оқиға тіркелді.

Ережелерге сәйкес, аталған авиациялық оқиға тергеуді қажет ететін күрделі авиациялық жағдай ретінде классификацияланды.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤1
Халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамзаның криптоәмияны бұғатталды

Қаржылық мониторинг агенттігі 1995 жылы 18 қыркүйекте туған Қазақстан азаматы Қайсар Қамза Бақытжанұлына неліктен халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.

Ведомство мәліметінше, ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған.

Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: instagram.com/qais_arr

t.me/kaznurkz
❤1
Шымкенттегі әскери бөлімде бір сыныпта оқыған 12 жігіт Отан алдындағы борышын бірге өтеп жатыр

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде бұрын бір сыныпта оқыған 12 сарбаз мерзімді әскери қызметін өткеріп жүр.

Олардың барлығы Алматы облысы Жамбыл ауданы Үмбетәлі Кәрібаев атындағы орта мектептің түлектері.

Бөлім басшылығының айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Себебі бір ауданнан бір әскери бөлімге түсу өз кезегінде үлкен кездейсоқтық.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
👍8👏1
Қайырлы таң!

Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты маршруттағы өзгерістер туралы ескертті

"Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылайды.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады", - делінген хабарламада.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: pixabay.com

t.me/kaznurkz
❤1
АҚШ 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатты: тізімде Қазақстан да бар

АҚШ иммиграциялық виза беруді тоқтатқан елдер тізімінде Қазақстан да бар. Тізімге 75 ел кірген.

Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, АҚШ-та тұрақты тұрғысы келетін шетелдіктерге арналған иммиграциялық виза беру ғана тоқтатылады.

Бұл шешімнің уақытша жұмысшыларға, студенттерге немесе туристерге арналған қысқа мерзімді визаларға қатысы жоқ.

Трамп әкімшілігінің шешімі осы жылдың 21 қаңтарында күшіне енеді. Мемлекеттік департаменттің мәліметі бойынша, "АҚШ жаңа иммигранттардың америкалықтардың есебінен материалдық пайда көрмеуін қамтамасыз ете алғанға дейін" бұл шешім күшінде қалады.

Айта кету керек, тізімге Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан да енді.

Фото: belterz / Getty Images

t.me/kaznurkz
Алматыда қар жауып, аяз қысады: коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Алдағы күндері Алматыда қар жауып, сынап бағанасы төмендейді. Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауысты.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Алматыда 15 қаңтардан 16 қаңтарға қараған түні қар жауа бастайды, ол 17 қаңтар кешке дейін ұласады.

16 қаңтарда түнгі және күндізгі ауа температурасы -5…-7 градус шамасында болады. Ал 17 қаңтарда түнде ауа температурасы -11…-13 градусқа дейін төмендеп, күндіз -7…-9 градус шамасында болады.

Тәулік бойы 1030 арнайы техника, сондай-ақ жеке ұйымдардан тартылатын 200 техника мен 2710 жол саласы жұмысшысы жұмылдырылады. Аула аумақтарын тазалау жұмыстарына 1790 жұмысшы мен 256 арнайы техника шығады.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
❤1
Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам зардап шекті

16 қаңтарда шамамен сағат 01:03-те KZ-11 автожолының 383-ші шақырымында Yutong маркалы жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

Салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежеде жарақат алған.

Автобуста барлығы 50 адам болған.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық ПД қажетті тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Фото: Көлік министрлігі

t.me/kaznurkz
Қазақстанның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден озды

1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылып, оның алғашқы төрағасы – бас мүфти болып Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды.

Рәтбек қажы діни басқарманы 2000 жылға дейін басқарды.

Рәтбек Нысанбайұлы өзі басқарған мерзім ішінде 30-дан астам мешіт салдыруға ықпал еткен.

Сондай-ақ Рәтбек қажы мүфти болған жылдары Қазақстан мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыра түскен.

Фото: ҚМДБ

t.me/kaznurkz
😭8🕊1
Әкесін ұрып-соққан: Түркістан облысында қоғамда резонанс тудырған іс бойынша сот үкімі шықты

Түркістан облысы Жетісай аудандық соты 41 жастағы ер адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру (ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы) және азаптау (ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы) бойынша кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғаны: сотталушы 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан.

Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі толық дәлелденген, сондай-ақ алынған жарақаттар орташа ауырлықтағы дене жарақаты ретінде сараланып, өліммен тікелей себептік байланысы жоқ екені айтылды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: Jantanee Phoolmas/Getty Images

t.me/kaznurkz
❤3
Шымкенттегі 21 жастағы қыздың өлімі: қызметтік тексеру тағайындалды

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Шымкент қаласында қызды өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу ведомство бақылауында.

Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікірлер мен уәждер бойынша қызметтік тексеру тағайындалған.

Сондай-ақ ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу-жедел тобы құрылған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Бас бапкерліктен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

Бокс федерациясының мәліметінше, Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжановтың денсаулығына байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені белгілі болған еді.

Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап бас бапкер қызметін атқарды.

Бүгін Астанада бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіп, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

Фото: ҚБФ

t.me/kaznurkz
❤4
Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.


Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: t.me/ortcom_kz

t.me/kaznurkz